132
көмегімен әйгілі кинорежиссер, сценарист, продюсер Тимур
Бексамбетовті айта кеткен дұрыс болады. Тимур Бексамбетовтың
фильмдерінде көптеген компьютерлік әсерлеуші әрекеттер
қолданылып, біздің отанымызда да біршама жас мамандар
тәжірбие жинап жатқанына қуаныштымыз.
Қорыта айтқанда, ойындағы бейнені, кенеп бетіне немесе
компьютер мониторына түсіру – бұл, кез келген адамға пайдалы
әрі оңтайлы қасиет. Сурет салудың ежелерін барлығымыз
білгеніміз дұрыс. Міндетті түрде атақты суретшілер сияқты,
таңғаларлық туындылар шығару парыз емес. Арнайы курстарға
бару да міндетті емес. Кәзіргі танда ғаламторда көптеген
өздігінен үйреткіш сайтар мен видео дәрістер толып жатыр.Сурет
сала білу – зейінді жинақтай білу, шыдамдылықды бағындыра
білу, қиялдай білу дегеніміз.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1. http://www.picpen.org. Интерактивные дисплей-планшеты.
2. http://www.freeadvice.ru. Компьютер &интернет. Артем
Аленин.
3.
Библиографическое
описание:
Турлюн
Л.
Н.
Компьютерная графика – искусство постмодернизма // Молодой
ученый. — 2010. — №12. Т.2. — С. 186-189.
АКВАРЕЛЬ ЖƏНЕ СИЯ (ТУШЬ) БОЯУЛАРЫМЕН
ƏРЛЕП БОЯУ(ОТМЫВКА) ТƏСІЛДЕРІ
Кожиков Ж.А., аға оқытушы
Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Жукина Н.Б., Диз-31 тобының студенті
Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университтеті
Қазіргі уақытта халықтың өнерге деген ынта-ықыласы
анағұрлым артты. Осы орайда дизайнерді кəсіби даярлау
жүйесіне сəйкес кескіндеме пəнінде акварель бояуымен жұмыс
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
133
жасау тəсілі мен əдістерін жетілдіру қажет. Сол себепті
кескіндеменің акварельдік бояу түрі туралы айтпас бұрын оның
бейнелеу өнеріндегі алатын орны мен мақсаты жайлы айта кеткен
жөн. Кескіндеме,кескіндеу өнері - бейнелеу өнерініңбір саласы,
белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы
салынатын көркем шығармалар атауы.
Кескіндеме заттың сыр-сипатын, нəрсе мен кеңістіктің
қарым-қатынасын, сəуле мен көлеңкенің үндестігін бейнелейтін
көркемдік жəне танымдық қуатымен ерекшеленетін өнер түрі. Ол
көрерменнің сезіміне, ойына əсер ету арқылы эстетикалық лəззат
береді. Кескіндеме дəуірдің рухани мазмұны мен əлеуметтік
дамуын бейнелеп қана қоймай, көрерменнің сезіміне, ойына əсер
ету арқылы бейнеленген шындықтан тəлім алып, өзінше
қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да
кескіндеменің қоғамдық-тəрбиелік мəні зор.
Кескіндеме қолданылатын орнына, орындалу түрлеріне
қарай кескіндеме монументтік, сəндік, қондырғылы, декорация,
миниатюра болып бөлінеді. Орындалу техникасына, əдіс –
тəсілдеріне байланысты майлы бояу, акварель, фреска, құрғақ
темпера, желім, балауыз жəне шыңылтыр (эмаль) кескіндемесі
болып бірнеше топқа бөлінеді.
Акварель – кескіндеменің ең күрделі техникаларының бірі.
Суретшімайлы бояумен жұмыс жасағанда бірнеше мəрте
түзетулер мен өзгерістер енгізе отырып, жұмысын қайта сала
алады,ал акварельмен жұмыс шеберлікті талап етеді жəне оны
түзету көп жағдайда мүмкін емес. Дегенмен, акварельдік
техниканың əрлеп бояу тəсілі соған ұқсас нəтижеге жетуге
мүмкіндік береді жəне мұндай тəсіл майлы кескіндеменің аналогы
болып табылады.
Кескінделген нысандардың, сол сияқты ғимараттардың
жекелеген
элементтерін,
интерьердегі
қабырғаларды,
сызбалардың жарық көлеңкелерін беру үшін қолданылатын
графикалық тəсілді – əрлеп бояу деп атайды. Əрлеп бояу акварель
техникасының қарапайым түрі болғанымен ол ұзақ уақытты,
ұқыптылықты, шыдамдылықты талап етеді. Əйтсе де, бұл
суретшінің, сəулетшінің, дизайнердің негізгі əрімаңызды
тəсілдерінің бірі. Себебі, əрлеп бояуарқылызат немесе ғимарат
жоспары, пішіні мен түсі кез келген көрерменге түсінікті болып
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
134
көрінеді. Бұл сəулетшіге де өзіндік пайдасы бар. Ол түстерді
қолдану арқылы материалдардың үздік үйлесімін байқайды,
заттың мəнерлі сұлбасын жəне көлемді шешімдерін табады.
Сызбалардағы əрлеп бояуды қылқалам арқылы акварель
жəне сия бояулармен орындайды. Əрлеп бояуда екі жұмсақ
қылқалам қолданылады. Біріншісі – үлкен N 16-18 жəне екіншісі
N 10-12 (1,а-сурет). Жақсы қылқалам суға батырып алып, сілкіп
қалғанда, ұшы үшкірленеді, ал басы ыдырап кетсе,ондай
қылқаламды əрлеп бояуға қолданбайды(1,ə-сурет).
1-сурет
Əрлеп бояуда қолданылатын қағаздар қатты тығыз болады.
Егер əрлеп бояйтын жер онша үлкен болмаса, онда қағазды
тақтайшаға немесе сызба үстеліне бекітіп бояуға болады.
Тақтайшаның көлбеулігі 20º- 30° шамасында болу керек (2-сурет).
2-сурет
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
135
Əрлеп бояуда құрғақ сия бояу немесе акварель
қолданылады. «Акварель» атауы латынның «aqua» - су сөзінен
қалыптасып, бояуды ерітуші ретінде қолданылады. Акварель –
асқан мөлдірлік, тазалық жəне түс қанықтылығымен ерекшелетін
жалғыз бояу түрі. Оның мөлдірлігі ақ қағазға тəуелді. Жарық бояу
арқылы
қағаз
бетіне
өтіп,
акварельдің
ерекше
жарқылынқалыптастырады. Акварельдің əсемділігі жұмсақтық,
бір түстің екіншіге өту табиғилығы, нəзік бояулар алуандығында
жатыр. Оған қолданылатын материалдар тазалығыкөмегімен ғана
емес, сонымен қатар ұнтақтарды араластыру арқылы алынатын
пигменттер дисперстілігі көмегімен қол жеткізіледі.
Бояудың біріктіруші құрамы ретінде суда жеңіл еритін
табиғи мөлдір желімдер – гуммиарабик жəне декстрин алынады.
Илемділік үшін глицерин мен инвентрленген шекер түріндегі
пластификатор қосылады. Глицирин ылғалды сақтай отырып,
бояудың кебуі мен əлсізденуіне жол бермейді. Акварельді
бояуларға өгіз өті де қосылады, оның көмегімен бояу қағазға оңай
салынып, ұсақ көпіршіктерге айналмайды. Бояуларды зең
(көгермеу) баспау үшін оларға антисептик – фенол қосылады.
Акварель бояулардың негізгі түстері: сары, көк жəне қызыл.
Хроматтық бояуларды бір-бірімен араластырғанда, аралық
бояулар шығады. Хроматтық бояулар жылы жəне суық түстерге
бөлінеді. Жылы түстерге – қызыл, қызғылт, сары, сарғыш түстер,
ал суық түстерге – қаракөк, көк, көгілдір түстер жатады.
Сызбаларды графикалық эскиздеуде бояудың бірнеше түрін
қолданады. Оларды мөлдір жəне бұлыңғыр деп бөледі. Мөлдір
бояуларға - акварель жəне сия ертіндісі жатады. Мұндай
бояуларды бірнеше қайталап жаққанда мөлдірлігін сақтайды,
сондықтан əрлеп бояу үшін осындай бояуларды қолданған жөн.
Бұлынғыр бояуарға – гуашь, темпера жəне желім қосылған
бояулар жатады. Бұл бояуларды қайталап жаққанда, астыңғы
жағылған қабат жабылып кетеді. Сондықтан бұл бояуларды əрлеп
бояуда қолданбайды.
«Тушь» сөзі французша «Tuscheencre de Chine» - сұйық,
жұғымды қара бояу деген мағынаны береді. Басқа бояуларға
қарағанда көпке дейін өңін өзгертпейді, су қосу арқылы сұр рең
алуға болады. Сия сызуға, сурет салу, көркем жазуға өте қолайлы.
Сиямен сурет салуда қаламұш, қылқалам қолданылады. Бояудың
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
136
бұл түрі Ежелгі Қытай кескіндемесінде, кейіннен Кореямен
Жапония, Орта Азия, XV – XVII ғасырдаЕуропабейнелеу
өнерінде кең етек алды. Сия түрлі тұнбалардан (газдан
немесеағаш,
мұнай
өртеңінен)
өндіріледі.
Тас
көмір
бояғыштарынан түрлі-түсті сия да алынады.
Əрлеп бояудың бірнеше түрі бар. Олар ахроматтық,
монохроматтық, полихроматтық.
Ахроматтық (түссіз) түстік реңкі жоқ, тек қана
мөлдірлігімен ерекшеленетін қара, ақ жəне сұр түстер.
Монохромды (бір түсті) – бір хроматтық түстің негізінде
құралған түстік гаммалар. Сəулеттік графикада белгілі
материалды (кірпіш, металл, ағаш т.с.с) көрсету үшін жиі
пайдаланылады.
Полихромдық (көп түсті) - көптеген түстердің үйлесімі, бір
емес бірнеше түстердің түстік гаммасын құрайды.
Сызбаларды əрлеп бояу үшін, жұмыс орнын дайындап
алған дұрыс. Акварель немесе сия бояуларды сумен араластырып,
қылқаламмен алдын - ала дымқылданған қағазға біркелкі жұқа
солғын қабаттармен жағады. Бояумен жұмыс жасағанда екі ыдыс
қажет.Біріншісіне - қылқаламды жуу үшін таза су, ал екінші
ыдысқа бояу ерітіледі. Қағаз бекітілген тақтайшаны көлбеу
орналастырады, егер көлбеулік тым көп болса, қағазға жағылған
бояу ағып кетуі мүмкін, ал егер жатқызып бояса, жағылған бояу
бір жерге жиналып дақ қалдырады. Дайын сызбаны əрлеп бояу
алдында сызба сызылған жерді, майлылығын алу үшін сумен
дымқылдап өту керек. Əйтпесе жағылған бояу біркелкі түспейді.
Жағылған бояу біркелкі түсу үшін, езілген сия немесе акварель
бояуларды 2-3 минут тұндырып, қосымша дайыдалған қағазға
жағып көреді. Жағатын бояу солғын түсте болады. Өңін кіргізу,
яғни бояу қанық болуы үшін бояуды бірнеше рет жағады, əр
жаққан сайын, жағылған қабатты кептіріп отырады. Бояуды
жаққанда жоғарыдан төмен, бір бағытта бастайды. Ең соңында
төменгі жағына жиналған бояуды қылқалам ұшымен сорғызып
алады.
Кейде қанық түстен солғын түске немесе солғын түстен,
қанық түске біртіндеп өткізу керек болады. Ол үшін біртіндеп
бояған сайын, бояуға аздап су қосып отыру керек, сонда бояудың
түсі солғындалып, біртіндеп өңеді.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
137
Суреттегі нысанның ең жарық жерін (блик) боямайды.
Еңкөлеңкелі жерін шығару үшін төрт рет бояу керек. Дөңес
беттердің пішіндерін шығаруда блик - ең жарық жері,жартылай
көлеңке, өздік көлеңке, жерге түскен көлеңке жəнерефлекс
қолданылады.
Бір денеден жерге түскен көлеңкенің түсі болмайды.
Өйткені жерге түскен көлеңке алыстаған сайын көмескілене
береді. Бірақ жерге түскен көлеңкенің сыртқы жиегі өздік
көлеңкеге қарағанда анық көрінеді.
Құрылыс сызбаларында əрлеп бояуды орындағанда
ғимараттарды (қасбеттері мен перспективалары), қоршаған
өсімдіктерді ашық сары түспен, аспанды (бұлттардан басқасын)
сұр көк түспен, ал жерді қоңыржасыл түспен бояйды.
Ғимараттың бейнесін негізгі бояуларды қолдана отырып
айқындайды.Өздік жəне жерге түскен көлеңкені көксұр түспен,
бірақ жерге түскен көлеңке өздік көлеңкеге қарағанда қанық
болады.
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:
1. Альмухамбетов Б.А., Балкенов Ж.Ш. Сурет салу жəне
бояумен жұмыс жасаудың тиімді əдістері.- Алматы,1982.
2. Карипбаев Ж.Б., Акварель бояумен жұмыс жасау: Оқу
құралы.- Қарағанды: ЖШС «Арко» баспасы, 2013-142б.
3. Кириллов А.Ф., Черчение и рисование.-М.; Высшая школа,
1987.
4. http://asf.vlsu.ru/files/files/arh/met_OGK.pdf
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Достарыңызбен бөлісу: |