29
Жалпы ӛндірістік байланыс түрі бойынша ғылыми зерттеулер мына
жұмыстарға бӛлінеді: жаңа технологиялық үрдістерді құру бағыттары,
машиналар, конструкциялар, ӛндірістің тиімділігін арттыру, еңбек жағдайын
жақсарту, жеке тұлғаны дамыту және т.б.
Мақсаты бойынша ғылыми зерттеу үш түрге бӛлінеді: фундаменттік,
негізгі және игеру.
Фундаменттік зерттеу- зерттеудің жаңа принциптерін құруға табиғатты
және жаңа құбылысты ашу және оқуға бағытталады. Олардың мақсаты болып-
адамзат тәжірибелік әрекетін қолдану мүмкіндігін және қоғамның ғылыми
білімін кеңейту болып табылады.
Әдебиет:Грушко И. М., Сиденко В. М. Основы научных исследований.
Харьков, 1983; Пальчевский Б. А. Научное исследование: объект, направление,
метод. Львов, 1979.
Негізгі зерттеу- адамзат әрекетінің тәсілдері және жаңа байырғы заттарды
құру үшін табиғат заңдарын қолдану тәсілдерін табуға бағытталады.
Мақсат-
адамзат тәжірибелік әрекетіндегі, фундаменттік зерттеу
қорытындысында алынған, ғылыми білімді қолдануды қалыптастыру. Негізгі
зерттеу негізінде ғылыми түсініктен техникалық түсінік пайда болады. Негізгі
зерттеу ӛз кезегінде: іздеу, ғылыми зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық
жұмыстар болып бӛлінеді.
Іздеу
зерттеу жұмысы- фундаменттік зерттеу қорытындысында
ұсынылған, жаңа техника және технология негізінің тәсілдерін құру жолдрын
іздеуге, объектке әсер етуші факторларды құруға бағыттталады. Ғылыми-
зерттеу жұмыстар қорытындысында жаңа технологиялар, тәжірибелі
қондырғылар, құралдар және т.б. құрылады. Тәжірибелі-конструкторлық
жұмыстар мақсаты- конструкцияның логикалық негізін анықтайтын
конструктивті сипаттамаларды таңдау болып табылады. Фундаменттік және
негізгі зерттеу қорытындыларынан жаңа ғылыми және ғылыми-техникалық
ақпараттар туындайды. Мұндай ақпараттарды ӛндірісті игеру үшін қажеттті
формаға айналдыру үрдісін әдетте, игеру деп атайды. Ол жаңа техника,
материал, технологияны құруға бағытталады. Игерудің соңғы мақсаты- зерттеу
материалдарын дайындап, оларды қолдану болып табылады.
Ғылыми зерттеудің ауылшаруашыляығы үшін маңыздылық дәрежесі
бойынша: мемлекеттік жоспар бойынша министрлер кеңесі; жалпығылыми-
техникалық бағдарламалар; Республика жоспары; ғылым және техника
бойынша Қазақстан мемлекеттік комитеті.
- ӛндіріс министрі және ведоство жоспары бойынша орындалатын жұмыстар;
- ғылыми-зерттеу мекемелер жоспары және инициативі бойынша орындалатын
жұмыстар.
Ғылыми зерттеу жұмысы қаржылыандыру кӛзі бойынша: мемлекеттік,
келісімшарт және
қаржыландырусыз болып бӛлінеді.
Мемлекеттік ғылыми
зерттеуді мемлекет тарапынан қаржыландырады.
Келісімшартты ғылыми
зерттеулер белгілі бір мекеме арқылы келісім бойынша қаржыланады. Мұндай
мекемелерге
ӛндірістік
және
ғылыми-зерттеу
мекемелері
жатады.
30
Қаржыландырусыз зерттеулер белгілі бір бірлестікпен келісім бойынша
жүзеге асады.
Әр ғылыми зерттеу жұмыстарын белгілі бір бағытта жүргізуге болады.
Ғылыми бағыт деп- зерттеу облысында жүретін ғылыми комплекс немесе
ғылымның ӛзін айтады. Осыған байланысты оларды: техникалық, биологиялық,
социольдық, физико-техникалық, тарихи және т.б. бағытта бӛледі. Техникалық
бағытқа- техникалық термодинамика облысындағы зерттеуді жатқызуға
болады; биологиялық бағытқа- биохимия немесе гендік инженерия және т.б.
облысындағы зерттеуді жатқызады.
Сол сияқты, арнайы ғылым немесе арнайы ғылым заттары ғылым
бағытының негізі болып табылады. Сонымен қатар зерттеудің арнайы тәсілдері
және техникалық құрылыстар (мысалы: газтұрбалық құрылыс және т.б.) да
жатады.
Ғылыми бағыттың құрылымды бірлігі болып комплесті мәселелер,
мәселелер, тақырыптар және ғылыми сұрақтар табылады. Комплексті
мәселелер- бірдей мақсатта бірлескен мәселелер бірлігін айтады. Мәселелер-
қоғамдағы пайда болған теориялық және тәжірибелік есептер шешімдерін
айтады. Социальды-психологиялық мәселелер позициясы- бұл білімге
қоғамдық қажеттілік пен оны белгілі жолдармен алудағы қарама-қарсы
байланыс және білім мен білімсіздің ӛзара байланысы. Мәселе адамзат
тәжірибесі қиындықтарға кездескен жағдайда немесе мақсатқа жетуде «мүмкін
емеске» тірелген кезде туады. Мәселелер: күрделі, ұлттық, региональдық,
ӛндірістік, ӛндірісаралық болып келеді. Мысалы, қоршаған ортаны қорғау
күрделі болып саналады, себебі оны шешу жалпыадамзат қажеттілігін
қанағаттандыруға бағытталады. Аталғандардан басқа мәселелерді жалпы және
арнайы болып бӛлінеді. Жалпы мәселеге жалпығылыми, жалпыхалықтық және
т.б. жатады. Жалпыхалықтық мәселеге: машина жүйесі және энерго- және
материалжинаушы технологиялық процестерді кіргізу; жоғарысапалы жалпы
еңбекті кӛтеру және профессиональды шеберлік; елдің ауылшаруашылық
комплексінің динамикалық және пропорциональды бірдей дамуын қамтамасыз
ету және оның барлық звеноларының және т.б. тиімді ӛзараәсерлесуі.
Арнайы мәселелер белгілі бір ӛндіріс немесе мекемелер үшін сипатталады.
Мысалы: кӛлік ӛндірісі үшін жағар майды үнемдеу және жанармайдың жаңа
түрлерін табу болып табылады.
Ғылыми зерттеу тақырыптары- мәселелердің белгілі бір бӛлігі болып
табылады. Зерттеу қорытындысында тақырып бойынша ғылыми сұрақтардың
белгілі бір шеңберіне жауаптар алынады. Жауаптар қорытындыларды
жалпылау жүйесі ғылыми мәселелердің шешімдерін береді.
Ғылыми сұрақтар деп- әдетте ғылыми зерттеу тақырыбына қатысты ұсақ
ғылыми есептерді айтады.
6.1. Тақырыптың экономикалық тиімділігін бағалау
Ғылыми зерттеу мекемелері үшін алдыңғы критерийлерді жан-жақты
бағалап және оларды құрайды. Бірақ тақырыпты жоспарлау, оның перспективті
және экономикалық жағынан тиімділігіне қарайды. Сондықтан тақырыпты