лауазымдарды қоса атқарғаны үшін (қызмет көрсету аймағының кеңейгені) үшін қосымша ақы:
- интернат меңгерушісінің лауазымы көзделмеген жағдайда оқу орны жанындағы интернатқа меңгерушілік еткені үшін– 25%;
- оқыту кабинеттерін (зертханаларды, шеберханаларды, оқу-консультациялық пункттерді) меңгергені үшін: мектептерде және мектеп-интернаттарында, балалар үйлерінде – 20%; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында – 25%; аралас шеберханалар болған кезде– 30%;
- директор лауазымы көзделмеген жағдайда мектепке (оның ішінде музыкалық, көркемөнер, өнер мектебіне және т.б.) басшылық жасағаны үшін – 20%;
- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымы көзделмеген жеті жылдық музыка мектептерінде, өнер мектептерінде және көркемөнер мектептерінде оқу жұмысына жетекшілік еткені үшін – 20%;
- оқулықтардың кітапханалық қорымен жұмыс істегені үшін– 30%.
2) ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы:
- оқу-тәрбие мекемелерінің басшыларына құрамында кемінде екі арнайы тобы (сыныбы) бар жалпы мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндіктері шектеулі, ұзақ уақыт емдеуді және айрықша тәрбие жағдайын қажет ететін балалармен, тәрбиеленушілермен жұмыс істегені үшін – 30%;
- сынып жетекшілігі (топ жетекшілігі) үшін: 1-4 сыныптар – 25%; 5-11 (12) сыныптар – 30%; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары – 25%;
- егер оқу жоспарында көзделген жағдайда, дәптерлерді және жазбаша жұмыстарды тексергені үшін: 1-4 сынып мұғалімдеріне– 20%; оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі (сыныптардағы) қазақ тілі мен басқа да ұлттық тілдердің және оқу ұлттық тілдерде жүретін мектептердегі (сыныптардағы) орыс тілінің осы пәндерді 1-4 сыныпта жүргізетін мұғалімдеріне – 25%; жазбаша жұмыстарды тексергені үшін 5-11 (12) сынып мұғалімдеріне, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына:қазақ, орыс тілдері, басқа ұлттық тілдер мен әдебиет бойынша– 25%; математика, химия, физика, биология, шет тілі, стенография, сызу, құрастыру, техникалық механика бойынша– 20%;
- мына балалармен: дене бітімінің даму мүмкіндіктері шектеулі балалармен – 40%; білім беру ұйымдарында оқуға тиіс ақыл-ойының даму мүмкіндіктері шектеулі балалармен – 40%; психоневрологиялық паталогиясы бар (білім беру ұйымдарында оқуға тиіс емес) балалармен жұмыс істегені үшін– 50%;
- кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары мен тәрбие колонияларындағы, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жанындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, мектептердегі, кешкі (ауысымдық) жалпы орта білім беру мектептеріндегі және оқу-консультациялық пункттердегі және басқа да мінез-құлқы девиантты балаларға арналған мекемелердегі балалармен жұмыс істегені үшін– 30%;
- жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлерінде, балалар интернат үйлерінде, отбасылық үлгідегі балалар үйлерінде, жетімханаларда, мектеп интернаттарда және мүмкіндіктері шектеулі балалар контингентінің интернат-үйлерінде, сәбилер үйлерінде (сыныптарда, топтарда) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істегені үшін – 30%.
Егер аталған балалар дене бітімінің немесе ақыл-ойының дамуында кемістігі болып, ұзақ уақыт емделуді қажет етсе, психикалық дамуы артта қалған болса, қосымша ақылар екі негіздеме бойынша белгіленеді (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істегені үшін және даму, оқу мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін):
- мүгедектерге арналған арнайы білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне мүгедек балалармен жұмыс істегені үшін – 30%;
- психикалық және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдармен жұмыс істегені үшін – 50%;
- мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиешілердің көмекшілеріне залалсыздандырғыш заттармен жұмыс істегені үшін - 30%;
3) бейіндік бағыттағы жекелеген пәндерді тереңдете оқытқаны үшін қосымша ақы:
- мамандандырылған мектептер мен дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда, мектеп-интернат-колледждерінде бейіндік бағыттағы пәндер бойынша оқытушыларға- 40%;
- жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын оқу орындарының (сыныптардың, топтардың) бейіндік бағыттағы пәндер бойынша педагог қызметкерлеріне;жаңашылдық, эксперименттік режимде жұмыс істейтін (лицейлердің, гимназиялардың, техникалық лицейлердің, мектепке дейінгі және жалпы білім беру бағытындағы оқу тәрбие кешендерінің), сондай-ақ балаларды тәрбиелеу шет тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлерге- 20%;
4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Еңбек жағдайлары зиянды өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі (тізбесі) негізінде ауыр (ерекше ауыр) қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге төленетін қосымша ақы:
- педагог және оларға теңестірілген қызметкерлерге туберкулез (туберкулезге қарсы) мекемелерінде, диспансерлерінде, санаторийлерінде, санаторий-профилакторийлерінде, орталық аудандық ауруханалар бөлімшелерінде және басқа да денсаулық сақтау ұйымдары мен санаторий үлгісіндегі мектеп интернаттарда, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істегені үшін- 60%;
5) біліктілік деңгейі үшін қосымша ақы:
- деңгейлі біліктілікті арттырудан өткен және тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша сертификат алған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының:
бірінші (ілгері) деңгейдегі мұғалімдеріне - ЛА-дан 100%;
екінші (негізгі) деңгейдегі мұғалімдеріне - ЛА-дан 70%;
үшінші (базалық) деңгейдегі мұғалімдеріне - ЛА-дан 30 %.
Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Аталған қосымша ақы лауазымдық айлықақыға нақты жүктемені ескере отырып, бірақ заңнамада белгіленген нормативтік оқу жүктемесінен асырылмай белгіленеді. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі біліктілік емтиханын тапсырған мұғалімдерге сертификаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін төленеді.
6) өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін қосымша ақы:
- өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін -100%.
Мектептер мен мектеп-интернаттардағы (даму және оқу мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзету ұйымдарынан басқа) оқушы (тәрбиеленуші) саны 15-тен кем сыныптарда сынып жетекшілігі және дәптерлер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін лауазымдық жалақыларына (мөлшерлемелеріне) қосымша ақы төлеу көрсетілген қосымша ақылардың белгіленген мөлшерінен 50 пайыз мөлшерінде жүргізіледі. Бұл тәртіп сондай-ақ сыныптарды кіші топтарға бөлгенде де қолданылады.
Оқушылардың күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникулдары кезеңінде педагог қызметкерлерге еңбекақы төлеу каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде белгіленген жалақы есебімен жүргізіледі.
Осы қосымшада белгіленген қосымша ақылар балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің мамандандырылған бөлімшелерінің бейіндік мақсаттағы пәндер бойынша педагог қызметкерлеріне, олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің, мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорттық техникалық мектептерінің, спорт колледждерінің, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, жоғары спорттық шеберлік мектептерінің басшы және бейіндік мақсаттағы пәндер бойынша педагог қызметкерлеріне, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, мәдениет мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының педагог қызметкерлеріне, ішкі істер органдары, арнайы мемлекеттік органдар жүйесінің және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының әскери және арнайы атақтары жоқ педагог қызметкерлеріне қолданылады.
Азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін бірыңғай қосымша ақылар мен үстемеақылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына 18-Қосымшада төмендегідей мөлшерде көзделген:
- жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша ауылдық жердегі жұмысы үшін арттыру; сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық елді мекендерде орналасқан мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге- ЛЖ-дан (тарифтік мөлшерлемеден) – 25%-дан кем емес;
- түнгі уақыттағы (кешкі сағат 22-ден таңғы сағат 6-ға дейін әр сағаты үшін), мереке және демалыс күндеріндегі жұмысы үшін, мерзімнен тыс жұмыс істегені үшін қосымша ақы – сағаттық мөлшерлемеден 50%;
- негізгі лауазымы (мамандығы) бойынша жұмыс уақытының шегінде қосымша жұмыс орындайтын қызметкерлерге лауазымдарды қоса атқарғаны (қызметтер көрсету аймағының кеңейгені) үшін қосымша ақы – қызметкердің өзінің ЛЖ-нан 50%;
- уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақы – нақты көлеміне қарай;
- ҚР Еңбек кодексіне және «Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес, экологиялық апат аймақтарында тұратын және еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерге экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін қосымша ақы, соның ішінде: экологиялық апатқа - ЛЖ-дан 50%; экологиялық дағдарысқа - ЛЖ-дан 30%; экологиялық дағдарыс алдындағы жағдайға - ЛЖ-дан 20%;
- ҚР Еңбек кодексіне және «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтарыдң салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңына сәйкес, радиациялық қатер аймақтарында тұратын және еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерге радиациялық қатер аумағында жұмыс істегені үшін қосымша ақы, соның ішінде: ең көп радиациялық қатерге – 2 АЕК; жоғары радиациялық қатерге – 1,5 АЕК; ең аз радиациялық қатерге – 1,25 АЕК; жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне – 1 АЕК;
- ҚР Еңбек кодексіне және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер және қызметтер өндірістерінің, цехтарының тізіміне (тізбесіне) сәйкес, ауыр (ерекше ауыр) қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зинды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша ақы:
- қызметшілер мен жұмысшыларға - ЛЖ-дан 30%;
- дезинфекциялық құралдарды пайдаланатын өндірістік және қызметтік үй-жайларды тазалаушыларға - ЛЖ-дан 20%; дезинфекциялық құралдарды пайдаланып дәретханаларды жинаған кезде - ЛЖ-дан 30%;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» ҚР 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына сәйкес, құрметті атағы үшін үстеме ақы: бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының «Халық» деген құрметті атағы бар және республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге - ЛЖ-дан 50%; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының «Еңбек сіңірген» құрметті атағы бар және республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге - ЛЖ-дан 30%;
- ғылым кандидаттарына, философия докторларына (PhD) – 1ЕТЖМ; бейіні бойынша докторларға, ғылым докторларына – 2 ЕТЖМ ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақы.
Көрсетілген қосымша ақы біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды аттестаттау жөніндегі уәкілетті орган берген тиісті дипломы болған кезде белгіленеді және негізгі жұмыс орны бойынша төленеді:
- персоналдың жұмысын ұйымдастырғаны үшін «Аға» мәртебесі үшін қосымша ақы –БЛЖ-дан 25%;
- ұйымның негізгі персоналына бөлімшені (кабинет) меңгергені үшін қосымша ақы - БЛЖ-дан 50%;
- ерекше еңбек жағдайлары үшін үстеме ақы – ЛЖ-дан 10%.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 105-бабына сәйкес, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу еңбек жағдайлары қалыпты жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеумен салыстырғанда жоғарылатылған мөлшерде, жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар (мөлшерлемелер) немесе еңбек жағдайларын салалық келісімде айқындалатын зияндылық пен қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптайтын салалық коэффициенттерді ескере отырып, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде мөлшері айқындалатын қосымша ақылар белгілеу арқылы белгіленетінін ескерген жөн.
Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ оларды беру ережелері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен анықталады.
Аталған тізім ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен бекітілді.
Жоғарыда көрсетілген Тізімге енгізілмеген лауазымды атқаратын немесе жұмыс түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар зиянды жағдайлардағы жұмысы үшін қосымша ақы ала алмайды.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес, жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек шартында көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.
Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
Жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек шартында белгіленген мерзімдерде төлемеген кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Жұмыс беруші төлем кідіртілген кезең үшін жұмыскерге берешек пен өсімпұл төлейді. Өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті келесі күннен бастап мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есепке жазылады және төлем жасалған күнмен аяқталады.
Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Жалақыны есептеу үлгісі:
Аталған лауазымда 7 жыл стажы бар мектеп директоры, білімі жоғары, педагогикалық стажы 15 жыл, жоғары деңгейдегі біліктілік санаты.
Негізгі жұмыс орны үшін (мектеп директоры):
Звеносы: А1, саты: 3.
Есептеу коэффициенті: 5,20.
ЛЖ (тарифтік ставка): 17697 теңге * 5,20 = 92024,4 теңге.
Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы: 92024,4 теңге * 10 % = 9202,44 теңге.
Айына барлық есептелгені: 92024,4 теңге + 9202,44 теңге = 101226,84 теңге.
Ауыл мектебінің физика мұғалімі, білімі жоғары, педагогикалық стажы 14 жыл, бірінші деңгейдегі біліктілік санаты, оқу жүктемесі 20 сағат, физика кабинетінің меңгерушісі.
Звеносы: В2, саты: 2.
Есептеу коэффициенті: 4,09.
ЛЖ (тарифтік ставка): 17697 теңге * 4,09 = 72380,73 теңге.
Айлық жалақы: 72380,73 теңге * 20 сағат : 18 сағат = 80423,03 теңге.
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларының 9-т.сәйкес, педагогикалық қызметкерлердің айлық жалақысы тарифтік ставканы ҚР «Білім туралы» Заңының 52-бабы 7-тармағымен белгіленген олардың апталық нақты жүктемесіне көбейту және шыққан нәтижені белгіленген нормативтік апталық оқу жүктемесіне бөлу жолымен белгіленеді. Заңның аталған тармағында былай делінген: мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі:
1) 18 сағат - орта білім беру ұйымдары және техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшiн;білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін; мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдары үшін;
2) 24 сағат - мектепке дейінгі ұйымдар және мектепке дейінгі тәрбие берудің мектепалды топтары және білім беру ұйымдарының мектеп алды сыныптары үшін; балалар мен жасөспірімдердің спорттық білім беру ұйымдары үшін;
3) 30 сағат - интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерінің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жатақханаларының тәрбиешілері үшін;
4) 25 сағат - арнайы білім беру ұйымдары және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілері үшін белгіленеді.
Нормативтік оқу жүктемесі белгіленбеген білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Ауылдық жердегі жұмысы үшін көтерме: 80423,03 теңге * 25% = 20105,75 теңге.
Барлығы негізгі жалақы: 80423,03 теңге + 20105,75 теңге = 100528,78 теңге.
Оқу кабинетін меңгергені үшін қосымша ақы: 17697 теңге * 20% = 3539,40 теңге.
Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы: 100528,78 теңге * 10 % = 10052,87 теңге.
Айына барлық есептелгені: 100528,78 теңге + 3539,40 теңге + 10052,87 теңге = 114121,05 теңге.
Балабақшаның 4 разрядты аспазы.
Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмысшыларының жалақысын есептеу кезінде мамандығы бойынша білімі мен жұмыс стажына мән берілмейді. Жұмысшылардың лауазымдық айлықтары, базалық лауазымдық айлыққа еңбек ақының разрядына байланысты анықталатын коэффициентті көбейту жолымен есептеледі. Жұмысшылардың лауазымдық жалақыларын есептеуге арналған коэффициенттер ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына 3-Қосымшада көрсетілген.
Біліктілік разряды: 4.
Есептеу коэффициенті: 1,96.
ЛЖ (тарифтік мөлшерлеме): 1,96 * 17697 теңге = 34686,12 теңге.
Зиянды жағдайлардағы жұмысы үшін қосымша ақы: 17697 теңге * 30% = 5309,1 теңге.
Айына барлық есептелгені: 34686,12 теңге + 5309,1 теңге = 39995,22 теңге.
Жоғары біліктілік деңгейі, мамандығы бойынша– 10 жыл жұмыс стажы бар кітапханашы.
Звеносы: С2.
Есептеу коэффициенті: 3,45.
ЛЖ (тарифтік мөлшерлеме): 17697 теңге * 3,45 = 61054,65 теңге.
Оқулықтардың кітапханалық қорымен жұмыс жасағаны үшін қосымша ақы: 17967 теңге * 30% = 5309,1 теңге
Айына барлық есептелгені: 61054,65 + 5309,1 = 66363,75 теңге.
Жалақыны төлеу кезінде есептелген сомадан міндетті ұсталымдар жүзеге асырылады:
- БЖЗҚ-на жарна (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) * 10%;
- «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен тиісті жылға белгіленген ең төменгі еңбекақы мөлшерін есепке ала отырып, жеке табыс салығы;
- қызметкердің жазбаша арызы негізінде ұсталатын кәсіподақ жарнасы * 1%.
Егер педагог қызметкерлерге бірнеше негіздемелер бойынша қосымша ақылар мен үстеме ақылар көзделмеген болса, онда әрқайсысының мөлшері жеке есептеледі.
Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбек мәртебесін көтеріп, халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтер сапасын арттырады, қызметкерлердің мансаптық және кәсіптік өсуін ынталандырып, білім жүйесіндегі жалақының орташа 29%-ға дейін көбеюін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |