Құмарлық (страсть) та ұзақ мерзімді және тұрақты эмоциялық жағдай болып табылады. Бірақ көңіл-күйдең айырмашылығы құмарлық күшті эмоциялық жағдай. Мысалы, адамдарда байқалатын білімге, жаңалық ашуға, музыкаға,еңбекке құмарлықты айтуға болады. Бұл жағымды құмарлықтың үлгілері. Жағымды құмарлықтар адамды үлкен, жасампаздық іс-әрекетке итермелейтін күш болып табылады.
Жоғары сезімдер
Сезімдер атап көрсетілгендей, адамның қажеттіліктерімен және оны қанағаттандыру мүмкіндіктерімен байланысты. Қажеттіліктердің сипатына байланысты жай және жоғары сезімдер деп бөлінеді.
Жай сезімдерге белгілі бір физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмаумен байланысты сезімдерді жатқызамыз. Мысалы, аштық, шөлдеу, тою, жүрегі айну сияқты эмоциялық жағдайлармен байланысты сезімдер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |