§9. Психика, мінез-құлық, іс-әрекет
Психология - адамның психикасын зерттейтін ғылым. Психика деп әркім өз тәжірибесінен жақсы білетін сезім, елестету, ой, талап, тілек сияқтыларды айтады. Сол сияқты адамның бірдеңеге қызығуы мен қабілеттері, темпераменті мен мінезі де психикаға жатады.
Адамның барлық қызметі мен қылықтарына із қалдырып, әсер ететін адамның жетекші психикалық қасиеттер жиынтығын «мінез» деген сөзбен айтады, өмірдің сан алуан жағдайларында адамның қандай жүріс-тұрыста болатыны да ең алдымен осы қасиеттердің ауысуына қарай болады.
Адам психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру жолында өзпсихикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Адам іс-әрекеті -күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар менқозғалыстардың, әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс-әрекет ұғымынан әрекет ұғымын ажырату қажет. Өйткені мұның біріншісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағын. Әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі, бірлігі. Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады. Адам іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіпотырады.
Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік рөлі зор, іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алдағы тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару - оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана-сезімі өскен сайын, оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адамі психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымызқажет. Сөйтіп, сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекеті үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Онын негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортаққасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.
Жануарлардың өмірін бақылау көрсеткендей, тек туа біткен қылықтарының түрлері- инстинктеріне негізделе отырып, олар өзгерген ортаға бейімделе алмайды. Жануарлар қылықтарының туа біткен түрлері өмірге жаңа келгеннен кейін қалыптасқан дағдылармен толықтырылады.
Дағдылар деп көптеген қайталаудың және бекітудің нәтижесінде жануарлардың жеке тәжірибесінде қалыптасатын іс-әрекетті атайды. Адамдар үй жануарларын қолға үйретіп, көптеген дағдыларды қалыптастырады. Адамдардың жануарларға дағдыны қалыптастыру дрессировка немесе қолға үйрету деп аталады.
И нтеллектуалдық мінез-құлық бұл жануарлардың мінез-құлқының жоғары түрі. Ол көбіне маймылдар мен дельфиндерде аңғарылады. Жоғары сатыда дамыған жануарларды (мәселен: май мылдарды, дельфиндерді, иттерді) бақылай отырып, біз кей жағдайда олардың «ойлағыштық», «тапқырлық» сияқты касиеттерін байқаймыз. Жануарлардың өте күрделі ортаға бейімделуі олардың қарапайым жүйке жүйесі мен арнайы сезім мүшелерінің даралануына, жіктелуіне алып келеді. Осының негізінде қарапайым сенсорлық психика ортаның жекелеген қасиеттерін бейнелеу қабілеттілігі пайда болады. Жануарлардың жерде өмір сүруге көшуіне және бас ми қыртысының дамуына байланысты тұтас құбылыстарды психикалық бейнелеу-перцептивтік психика пайда болды. Тіптен басқа түрде ерекше белгілерімен сипатталатын психика дамуының жоғары сатысы - адам санасы болыптабылады.
Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық -еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі - адамның санасы пайда болады.
Сана - психика дамуының жоғары түрі, еңбек іс-әрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдық-тарихи жағдайының нәтижесі. Сана - тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынасында қоғамдық еңбек іс-әрекеті үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі. Бір уақытта еңбектегі қажеттілікті дамыту және өзара ұжымдық еңбектің қарым-қатынасында тіл пайда болады. Тіл - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы. Тіл мен сөйлеу адамдардың ұжымдық еңбек үрдісіндежәне бірлескен өмірінде бір-біріне қатынасы еңбек іс-әрекетінде бір-бірімен ой бөлісу, сезімін білдіру қажеттілігінен пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |