§ 4 Ықтималдықты есептеудің мысалдары.
1-мысал. Хабарласушы адам телефон нөмірінің соңғы екі цифрын ұмытып қалды, бірақ олардың әртүрлі цифрлар екендігі ойына түсіп кездейсоқ екі цифрды ала салды. Осы алынған цифрлар керекті цифрлар екендігінің ықтималдығын тап? (мысалы 2 мен 3-ті яғни 23-ті немесе 3 пен 2-ні яғни 32-ні ала салуы мүмкін, т.с.с.)
Шешуі. Есепті шешу үшін, әртүрлі цифрлардан жасалған екі орынды сандарды (23,32,43,34,....) яғни орналастыруларды табу керек екендігін байқауға болады. Телефонның цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 болғандықтан, барлық екі орынды цифрлар саны 10 цифрдан екіден жасалған орналастырумен есептеледі, яғни
Осы 90 түрлі екі орынды санның тек біреуі ғана ұмытылған сан, олай болса, бізге керекті оқиғалар саны біреу-ақ, яғни ал барлық мүмкін оқиғалар саны 90, яғни . Енді В-деп «керекті екі цифр алынды» – оқиғасын белгілейік. Осыларды (1) – формулаға (§ 2 ) қойсақ:
Достарыңызбен бөлісу: |