Күлтегін жазуы —ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жерге, Орхон өзенібойындағы Эрдени Цзу монастырының (8 ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 м., ені 1,34, қалыңдығы 0,41 м. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер 19 ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Екі құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді. Ғалымдар арасында тастағы белгісіз жазуларды көне кельт, гот, грек, славян, Скандинавия, финн, тіпті моңғол немесе қалмақ жазулары деген тұжырымдар болды.
«Күлтегін» жырының кіші жазуындағы екінші топтаманың алғашқы үш жолы Білге қағанның түркі халқына айтқан үндеу сөзі, одан кейінгі төрт жол өлеңде Түрік қағандығы жерінің ұланғайыр кең екендігі, одан кейінгі екі жол осы топтаманың түйіні – түркі елінің жері мол, ал халқы көп екендігін баяндауға арналған. «Күлтегін» жырының үлкен жазуы көлемі жағынан 428 өлең жолынан тұрады (құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде 53 қатар). Бұл жыр дербес алты хикаядан, яғни алты оқиғадан құралған. Бірінші хикая – түркі халқының ұлы ата-бабалары туралы; екінші хикая – түркілерді табғаштардың бағындырып алғаны жөнінде; үшінші хикая – Елтеріс қағанды сипаттауға арналған; төртінші хикая – Қапаған қаған туралы; бесінші хикая – Білге қаған жайлы; алтыншы хикая – Күлтегін туралы.
Тоныкөк (646-738) — көне түркі қағанатының бас қолбасшысы, қағанабызы (кеңесші). Көк түркілердің ақ сүйектер әулетінен. Жастай Қытай императорлар мектебінде дәріс алған. Одан соң алты—жеті жылдай мемлекет қызметін атқарады. 679 жылғы көтерілісте түркілерді қолдағаныүшін түрмеге отырғызылады. Қандастары арасында зор беделге ие болады. Соны өз мақсаттарына пайдаланбақ болған қытай билеушілерінің арам айласы іске аспай, арнайы тапсырмамен жіберілген Т. келген бетте-ақ көтерілісшілер қатарына қосылады. Әйгілі әскербасы көне дүниенің кемеңгер көсемдерінің бірі болған, Оның терең ойлы сөздерінде зор отансүйгіштік пен көрегендік рух бар.
Достарыңызбен бөлісу: |