Кіруді бақылау жүйесінің жабдығына қызмет көрсету бойынша техникалық тапсырма Объект – «ҚазАгроҚаржы»



Дата19.11.2018
өлшемі54 Kb.
#20716

Кіруді бақылау жүйесінің жабдығына қызмет көрсету бойынша

техникалық тапсырма
Объект – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Астана қ., Кенессары көшесі 51, кқ-4

Техникалық қызмет көрсетуге жататын құрастырылған жабдықтардың тізбесі:




1

Резервтік қуат беру көзі блогы, 12В, 3 А, режимдерді жарық арқылы индикациялау, 7 А\с аккумулятор орнату мүмкіндігі, асыра қуаттаудан сақтау. Құлып қақпағы. Импульстік

дана

9

2

Аккумулятор қымталанған қышқылды, гельді 12 В 7 А\с

дана

9

3

Турникет трипод еден үстілік, моно. Ұзынша корпус, екі тіреу, екі индикатор, үш тосқауыл тақтайша. Минутына ПС 30 өтім. ОМО 26.461_1

дана

2

4

Рroxy-карталарға арналған түйіспесіз оқығыш. Жұмысты жарықдиодты түрде және дыбыс арқылы индикациялау. DC 8-18V/35mA, max оқу арақашықтығы 8 см. MATRIX II

дана

12

5

Екі оқығышқа арналған қолжеткізу бақылаушысы (жады 4000 пайдаланушы) С 2000-2

дана

10

6

Электромагниттік құлып, күші 300 кг, қуат беру мониторингі 12 В 0,5А TS 68

дана

8

7

Шығу батырмасы, ойма, пластика, іште орнатылатын. АВК 802

дана

8

8

Хабарлағыш магнитті-түйіспелі ИО 102-16/2

дана

12

9

АРМ "НСО"

дана

1

10

ПО "Орион"-20

дана

1


1. Техникалық тапсырма қамтиды:

1.1. Тасырыс берушінің объектісінде атқарылатын жұмыс арқылы жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды тестілеу және диагностикалау.

1.2. Тасырыс берушінің объектісінде жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

1.3. Жөндеуге мүмкін болмаған жағдайда, жабдықтың бұзылған блоктары мен бөлшектерін оларды сондай блоктармен және бөлшектермен ауыстыру. Жөндеу немесе ауыстыру қызмет көрсету құнына кіреді.

1.4. Мердігер төмендегі байланыс құралдары бойынша беретін жабдық жөніндегі кеңестер:

1.4.1. телефон;

1.4.2. электрондық почта;

1.5. Тапсырыс берушіні жабдықтық құрамындағы және жұмыс істеуіндегі өзгерістер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.

1.6. Жабдықтағы жаңылыстарды алдын ала ескерту мақсатында көрсетілетін қызметтер.

1.7. Жабдықты ауыстыру кезінде схемаларды жүргізу.

1.8. Жабдыққа қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар бойынша нұсқаулықтармен қамтамасыз ету.

1.9. Объектідегі апат жағдайларын және жабдықтың блоктары мен бөлшектерінің ақаулықтарын жою.

1.10. Оқығыш қондырғыларының жұмыс істеу жағдайын тексеру.

1.11. Электромагнитті құлыптардың жұмысқа жарамдылығын тексеру.

1.12. Жарық индикациясының жарамдылығын, тоқ аударғыштардың функционалдылығын тексеру.

1.13. Өрт дабылы жүйесінен сигнал келіп түскен кезде бекіткіш қондырғылардың бұғаттан шығарылуын тексеру.

1.14. Бағдарламалық жасақтаманың жұмысқа жарамдылығын тексеру және оның жұмысындағы қателіктерді жою.

1.15. Қабылдау-бақылау аспаптарының жұмысын тестілеу.

1.16. Жабдықтың электр бөлігінің жұмысын талдау.

1.17. Қызметкерлердің кіруі мен шығуы бойынша есептерді тексеру және жөндеу.

1.18. Жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың техникалық жағдайы туралы актіні ұсына отырып, алғашқы техникалық байқауды жүргізу.


2. Қызмет көрсету процедурасы мен шарттары.
2.1. Мердігердің техникалық мамандары Қызмет көрсеткен кезде Тапсырыс берушінің өкілі бірге жүреді, объектіге кіруді бақылайды және қамтамасыз етеді.

2.2. Мердігер Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде Қызмет көрсетуді жүзеге асыру кезінде Объектіде өзінің техникалық мамандарының физикалық жағдайы (ішімдік ішкен, есірткі қабылдаған және т.б.) үшін толық моральдық және физикалық жауапкершілікті көтереді.

2.3. Қызмет көрсету кезінде Мердігердің техникалық мамандары Объектіде Қызмет көрсетуге қажетті барлық техникалық құралдармен жасақталуға міндетті.

2.4. Объектіде Қызмет көрсету кезінде Мердігердің техникалық мамандарының өздерімен бірге Мердігердің жұмыскерінің біліктілік жөніндегі куәліктері болуға міндетті, онда техникалық қауіпсіздік ережелері, техникалық пайдалану ережелері, өрт қауіпсіздігі ережелері, еңбекті қорғау бойынша емтихандарды тапсырғандығы тексерілгені, электрқауіпсіздігі бойынша кіру рұқсатының тобы көрсетіледі.



2.5. Қызмет көрсетілгеннен кейін, Мердігердің техникалық мамандары Қазақстан Республикасының санитарлық-техникалық нормаларына сәйкес, Тапсырыс берушінің нұсқауы бойынша, әрі қарай пайдалану үшін Жабдықтың жұмысқа жарамдылығын тексеру және Объектіні жинау процесін жүзеге асырады.

2.6. Жабдық істен шыққан жағдайда, Мердігер апат жағдайларын жоюға қажетті барлық шараларды қолдануға міндетті.

2.7. Жабдық схемасына өзгертулер енгізілген жағдайда, Мердігер енгізілген өзгертулерімен бірге Жабдықтың схемасын ұсынуға міндетті.

2.8. Қызмет көрсету бойынша жұмыстардың орындалуы Мекеменің тұтас өндірістік процесінің тоқтап қалуына немесе кідіруіне апарып соқпауға тиісті. Жұмыс барынша ұқыпты орындалуға тиісті. Қандай да болсын бір материалдық зиян келтірілген жағдайда (құрылманың зақымдалуы, жабдықтың істен шығуы және т.б.), Орындаушы өзінің меншікті қаражаты есебінен жөндеу құнын өтейді.





Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау