Қазақ әдебиеті : Күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. (Роман, Роман, Novel)
Ұлы жазушы: «Еңлік-Кебек» пьесасының авторы, ұлы жазушы? (М.Әуезов)
Қызықты деректер: Алғашқы рет қазіргі Қазақстанның аумағында қолға үйретілген түлік? (Жылқы, Лошадь, Horse)
Кейіпкер келбеті: Барлық ертегілерде қу, ақылды, айлакер келбеті? (Түлкі, Лиса, Fox)
Сандар әлемі: Биыл Әл-Фарабидің туғанына неше жыл? (1150)
Құпия қорапша: Өзi тұрғанымен мелшиiп,Жап-жалтыр жүзiне, Кетедi ел сиып. (Айна.Зеркало.Mirror)
Ең,ең,ең:Әлемдегі ең тығыз планета? (Жер, Земля, Earth)
Әлем:Ол біздің көзімізге сары болып көрінгенімен, шын негізінде оның түсі – ақ.(Күн. Солнце. Sun)
4.Не? Қайда? Қашан?
Эвендер бұлаңды «амикан» деп атайды. Алтайлықтар ормандағы жүруі қиын жолдарды «кепчет», яғни ол жерден осы аңның да өте алмайтындығын білдіреді. Бұл қандай аң? Аю
Испанияның Кадис қаласында әйел құқығын шектейтін ерекше заң бар. Бұл затты пайдалан үшін олар әкімшіліктен рұқсат сұрап, полицияға тіркелуі керек. Осындай ереже әйел қолымен жасалған ірі банкты тонаудан кейін енгізілді.
Бұл не? Парик (жасандышаш)
АҚШ – тың орталық аудандары мен Канаданың оңтүстігінде кішкентай сары шұнақ мекен дейді. Оны ғалымдар ерекше туысқа жатқызады. Осы сарышұнақтың аты мен АҚШ – тың мемлекеттік рәміздерінің тарихына ортақ сын есімді ата? Он үш жолақты
Егер сізге батпақ су мен бұлақсуын ішуге таңдау жасау керек болса, әрине, сіз бұлақсуын таңдар едіңіз. XVI ғасырда кімдер таза батпақсуын ішу үшін қолданды? Неге? Теңізшілер. Батпақ суының құрамында табиғи антисептиктер болғандықтан ол ұзақ сақталады.
Тауық адамға пайдалы ет, жұмыртқа және қауырсын береді. Ал жапондықтар тауықты тарихтағы ұлы жаңалықтарды ашуға көмектесті деп санайды. Ол қандай жаңалықты ашуға көмектесті? Иероглифтер. Жапон аңызы бойынша тауықтың іздеріи ероглифтердің бастауы болған.
1800 жылы Жапон теңіздеріне теңдессіз қымбат император фарфорлары тиелген кеме суға кеткен. 100 жылдан соң қымбат құмыралар балықшылардың көмегімен тұтас және сол қалпында табылған. Балықшылар осы еңбектері үшін көп ақшаға кенелген, ал олардың көмекшілеріне ақы төленбеген. Балықшылардың көмекшілерін атаңдар? Сегізаяқтар
Ерте кездерде ОНЫ бақытсыздық әкеледі деп санаған. Римдіктердің жек көргені сондай, күндізгі уақытта қаладан ұстап алса, өртеп, күлін суға шашқан. Қазіргі кезде ОҒАН деген көзқарас басқаша қалыптасқан. ОНЫҢ туысын біз тележұлдыз ретінде көреміз. ОНЫ ата? Жапалақ
Аңыз бойынша бұл өсімдікті эфиоптық бақташы Кадди байқаған. XV ғасырда ОЛ арабтарға, XVI ғасырда – Түркияға жеткен. Түріктер оны «ақыл мектебі» деп атаған. Европалықтар бұл өсімдіктен алынатын сусын мен XIII ғасырда танысқан. Ресей емшісі ОНЫ «тұмау мен бас ауруына» қарсы дәрі деп бағалаған. Осы сусынды ата? Кофе
Жауын – шашынның салдарынан Ніл өзені арнасынан тасып, флагеллат микроорганизімімен араласқан топырақты шаяды. Өзен суының ластануы балықтардың қырылуына және ОЛАРДЫҢ өзенді тастап кетуіне себеп болады. Осы жағдай египеттіктер үшін қолайсыздықтар туғызады. ОЛАРДЫ ата? Бақалар
Бұл өнім дәріханаларда алдымен бөтелкелеп сатылды. 1922 жылы Берлинде өнімді тарату үшін қол насосы арқылы жұмыс істейтін орталық ашылды. Бұл не? Бензин
Олардың өкпесінің сыйымдылығы 100 - 200 мл. Дыбыс күші 110 децибелге дейін жетіп, симфониялық оркестрдің музыкасын басып кетеді. Олар бұл дыбысты тоқтамастан бірнеше сағатқа дейін шығара алады. Нәресте
18 тырнағы бар бұл жануарлар 13 - 20 жылға дейін өмір сүреді. Олар айналасын сұр түспен әртүрлі реңде көреді, ультра дыбыстарды естиді және 7 дауыссыз дыбыстарды в, г, м, к, о, ф, к шығара алады. Жануарды ата? Мысық
Канадалық ғалымдар тұт жібек көбелегіне басқа ағзаның генін енгізуді ойластырған. Бұдан кейін жұлдызқұрттың жібегі берігірек, серпімдірек болады. Бұл жібек бронкеудешесін (бронежилет) тігетін кевларсинтетикалық материалынан да сапалы болады. Ғалымдар тұт жібек көбелегіне қандай ағзаның генін енгізуді ойластырған? Өрмекші
Европалықтар алғаш рет бұл жануарды Гаитиға апарғанда, жергілікті тұрғындар оны «басында тісі бар шошқа» деп атаған. Жануарды ата. Сиыр
Олар ерекше органикалық заттар. Адам олардың аз мөлшерін ғана пайдаланады. Олар ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Осы органикалық затты ата? Дәрумендер
Бұл азық – түлік түрі Батыс Еуропада алғаш рет танымал әйелдерге арналған ерін бояитын далап ретінде 200 жылға жуық қолданылды. XV ғасырда жарық шамдары үшін пайдаланылды. Соңғы 1500 жылда ғана тағам ретінде пайдаланылып келеді. Бұл тағамды ата? Сарымай
Коми тілінде: «сил» — көз; «лыс» — қылқан деген мағынаны білдіреді. «Синлыс» сөзінің мағынасын тап. Кірпік
Николай Пирогов Кавказда әскерде жүрген кезде сынған мүшелерді емдеу кезінде ағаш тақтайлардан бас тартып, Онымен дайындалған таңу материалдарын пайдаланған. Николай Пирогов гипсті кейінірек қолданған. Н. Пироговтың бірінші және екінші суреті сіздерге жауап беруге көмек бола алады. Ал үшінші суреті – жоқ. Оны ата? Крахмал
Мемлекеттердің бөлінуіне әртүрлі себептер болады. АҚШ – ағылшындықтардың шай салығын ұлғайтқаны, ал Египет – түрік сұлтанының жалақыны аз төлегендіктен бөлінген мемлекеттер. Қай мемлекет ұзақ және қатты тропиктік цикл онның нәтижесінде пайда болды? Бангладеш. Ол – Пәкстан мемлекетінің құрамында болған. Тропиктік циклоннан және су тасқынынан зардап шеккендерге Пәкстан үкіметі көмек беруден бас тартқан. Революция нәтижесінде Бангладеш дара мемлекет болыпқалыптасты.
Австралияда Рождество және Жаңа Жыл мерекелері жаз мезгіліне келеді. Соған сай Санта – Клауста жеңіл киінеді. Бірақ Санта – Клаустың міндетті түрде киюі керек қыс киімін ата? Пима
Мадридтегі балауыз бейнелер мұражайында тек төрт футболист қана: Самора, Пеле, Телмо Сарра және Рауль Гонсалес мүсіндері болды. Бұл мұражайға орналасқан бесіншіфут болисті ата. Зидан
Италияның сауда флотының туында кітап ұстаған арыстан бейнеленген. Мемлекеттің әскери – теңіз флотының туында арыстанның оң жағында кітап, ал сол жағында не бейнеленген? Қылыш
Кактус шөлді жерге бейімделуіне байланысты тікенекті болады. Алайда тікенектерін елемей қоректенетін жануарлар да кездеседі. Олар бөкендер мен бизондар. Олар қалай коректенеді? Олар аузын кактус тікенегі жырмас үшін, басқа бір өсімдіктің қалың жапырағын тістеп алып, кактустың тікенегі аздау жерін байқап отырып, жұлып жейді.
Бұл өсімдік көгілдір аспандай, аппақ қардай, күннің алтын сәулесіндей түске еніп құлпырады. Бұл елдің ақындары өздерінің ең нәзік өлеңдерін соған арнайды, ал суретшілері оның шілтерлі гүлінен ою – өрнек жасайды. Осы өрнектер мен қолшатырды, жел қағарды, матаны және шымылдық перделерді жиі әшекейлейді. Туристер әрқашан осы өсімдіктің гүлдеуін асыға күтеді. Бұл қандай өсімдік? Сакура – жапон – шиесі
Профессор П. И. Мариковский бүйі уының ағзаға қаншалықты әсер ететінін зерттеген. Ол алғашқы тәжірибесінде 6 бүйінің жинақталған уығана 1 тышқанды өлтіруге жетеді. Ал біраз уақыттан соң 2 бүйінің уы тышқанды өлтіруге жететіндігін анықтады. Профессор тәжірибесінде неге екі түрлі жағдай анықталды. Бүйінің адамға қауіптілігін ол қалай дәлелдеді? Жыл мезгілдеріне байланысты, аяғының ортаңғы башпайын бүйіге шаққызған
Достарыңызбен бөлісу: |