Кәсіпорын серверіне арналған «blackberry» бағдарламалық Қамтамасыз етуді пайдалануға лицензиялық келісім осы қҰжатты орнатқАНҒа дейін мұҚият оқЫҢЫЗ



жүктеу 1,18 Mb.
бет2/2
Дата05.03.2018
өлшемі1,18 Mb.
#11467
1   2
БІРҚАТАР ЕЛДЕРДЕ ТҰТЫНУШЫЛАРМЕН ЖАСАЛҒАН КЕЛІСІМ-ШАРТТАРДА ЖАНАМА НЕМЕСЕ ТІКЕЛЕЙ ЕМЕС ШЫҒЫНДАРДЫ ШЕКТЕУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫДА КӨРСЕТІЛГЕН ШЕКТЕУЛЕР НЕ АЛЫНЫП ТАСТАУЛАР СІЗГЕ ҚОЛДАНЫЛМАУЫ МҮМКІН.

(e) Осы Баптың ешбір ережесі «RIM»-нің Сіздің алдыңызда мынадай жағдайларда жауапкершілігіңізді шектемейді: (i) «RIM»-нің немқұрайлылығы немесе оның қызметкерлерінің не агенттерінің немқұрайлылығы нәтижесінде тікелей туындаған өлім немесе жарақат алу; немесе (іі) «RIM»-нің алаяқтық актісі немесе әрекетсіздігі не оның қызметкерлері мен агенттерінің алаяқтығы немесе әрекетсіздігі.

(f) ӘРБІР ТАРАП БАСҚА ТАРАП АЛДЫНДА ОСЫ КЕЛІСІМДЕ ТІКЕЛЕЙ КӨЗДЕЛГЕН ШЕКТЕ ЖАУАП БЕРЕДІ, БІРАҚ ОНЫҢ КЕЛІСІМ-ШАРТ БОЙЫНША, ДЕЛИКТ НЕМЕСЕ ӨЗГЕЛЕЙ НӘТИЖЕСІНДЕ ТУЫНДАҒАНДЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН ҚАНДАЙ ДА БІР БАСҚА МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ, МІНДЕТТЕРІ НЕМЕСЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ ЖОҚ. ОСЫ КЕЛІСІМДЕ КӨРСЕТІЛГЕН ШЕКТЕУЛЕР НЕМЕСЕ АЛЫНЫП ТАСТАУЛАР МЕН БАС ТАРТУЛАР: (і) ТАЛАП НЕГІЗІНІҢ СИПАТЫНА, ҚҰҚЫҒЫН БЕРУГЕ НЕМЕСЕ СІЗДІҢ ТАРАПЫҢЫЗДАН БОЛҒАН ӘРЕКЕТТЕРГЕ, ЖОҒАРЫДА КӨРСЕТІЛГЕНДЕРМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ КЕЛІСІМ-ШАРТТЫ БҰЗУДЫ, НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚТЫ, ДЕЛИКТІНІ, ОБЪЕКТИВТІ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕОРИЯНЫ ҚОСА АЛҒАНДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ; (іі) ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ МАҚСАТТАРЫН НЕМЕСЕ ОСЫ КЕЛІСІМДЕ КӨРСЕТІЛГЕН СОТТА ҚОРҒАНУ ҚҰРАЛЫ ФУНДАМЕНТАЛЬДІ БҰЗЫЛҒАННАН НЕМЕСЕ БҰЗЫЛҒАННАН НЕ ШЫҒАРЫЛҒАННАН КЕЙІН ҚОЛДАНЫСТА БОЛАДЫ; (ііі) ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ КЕПІЛДІГІНЕ НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ТАРАПТЫҢ БАСҚА ТАРАПТЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ЗАҢСЫЗ ИЕЛЕНУІНЕ НЕМЕСЕ БҰЗУЫНА НЕ 2,4,5,6,11,13,15 ЖӘНЕ 16-БАПТАРДЫ БҰЗУЫНА ҚАТЫСТЫ ОСЫ КЕЛІСІМДЕ КӨРСЕТІЛГЕН МІНДЕТТЕРГЕ ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ.

(g) «RIM»-НІҢ КЕЗ КЕЛГЕН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАСЫ, ДИРЕКТОРЫ, ҚЫЗМЕТКЕРІ, АГЕНТІ, ДИСТРИБЬЮТЕРІ, ЖЕТКІЗУШІСІ, ТӘУЕЛСІЗ МЕРДІГЕРІ, МҰРАГЕРІ НЕМЕСЕ ЦЕССИОНАРИЙІ НЕМЕСЕ «RIM»-НІҢ КЕЗ КЕЛГЕН АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАСЫ ОСЫ КЕЛІСІМГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАЙТЫН ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ КӨТЕРМЕЙДІ.

(h) ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ЕШБІР ЕРЕЖЕСІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕН ӨЗГЕШЕ «BLACKBERRY» ШЕШІМІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ҮШІН «RIM» ЖАЗБАША ТҮРДЕ ҰСЫНҒАН КЕЛІСІМДЕР МЕН КЕПІЛДІКТЕРДІ ТІКЕЛЕЙ ӨЗІНЕ АУЫСТЫРУҒА АРНАЛМАҒАН.

22. Ақпаратты Жинауға Келісім Беру. Сіз «BlackBerry» Шешімін және/немесе оның Қызметтерін пайдалану процесінде аттарығ, электронды почта адрестері және телефон номерлері сияқты қызметкерлер және/немесе клиенттер туралы жеке ақпарат кіре алатын, жеке ақпаратты «RIM»-ге ұсына отырып, Сіз мұндай жеке ақпаратты «RIM»-ге ашу үшін немесе «RIM» мұндай ақпаратты жинау, пайдалану, өңдеу, беру және/немесе иелік етіп басқару үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті барлық келісулерді алғандығыңызға кепілдік бересіз, әр мұндай ақпаратқа ол Сіздің Эфир Қызметін Жеткізушіңіздің қызметкеріне және/немесе клиентіне және/немесе «RIM» Компаниялар Тобының шеңберінде елде немесе Еуропалық экономикалық аймақтың ішінде немесе одан тысқары жерлерде (а) «RIM» Компаниялар Тобының ішкі пайдалануы; (b) Сіздің «BlackBerry» Шешімін ұсынуға және/немесе пайдалануға қатысты және/немесе оған қатысы бар өнімнің және/немесе қызметтің (Қызметтерді қоса алғанда) кез келген мақсатында; (с) Сізге Бағдарламалық Қамтамасыз етудің және/немесе оған қатысы бар өнімнің және/немесе қызметтің (Қызметтерді қоса алғанда) апгрейдтерін немесе жаңартуларын ұсыну мақсатында; (d) қолданыстағы кез келген заңнамаға сәйкес рұқсат етілген немесе қажетті кез келген қызмет және/немесе; (е) жеке өмірге қол сұқпауға қатысты «RIM»-нің саясатында көрсетілген кез келген мақсатта орналастырылған мұндай ақпаратты пайдалану, өңдеу, беру және/немесе ашу кіруі мүмкін, әрі онымен http://www.blackberry.com/uk/legal/index.shtml веб-сайтында танысуға болады. Сіздің жеке ақпаратыңызды жоғарыда көрсетілген мақсаттарда жинау, пайдалану, өңдеу, беру және/немесе ашу жеке өмірге қол сұқпауға қатысты «RIM»-нің саясатына, деректерді қорғау саласында қолданылатын заңнамаға және тіркеу файлдары туралы хабарлама саласында «RIM»-нің «Деректерді қорғау туралы» 1998 жылғы Қаулысына сәйкес қатаң түрде жүргізіледі. «RIM» жеке өзінің қарауы бойынша жеке өмірге қол сұқпауға қатысты өзінің саясатын кезең-кезеңмен түрлендіру құқығын өзінде қалдырады, ал Сіз жеке өмірге қол сұқпауға қатысты «RIM» саясатындағы кез келген жаңартылған ақпаратты тұрақты зерделеуге келісесіз.Егер Сіздің жеке ақпаратыңыз Эфир Қызметін Жеткізушінің қызметкеріне және/немесе клиентіне ашылатын болса, жеке өмірге қол сұқпауға қатысты Эфир Қызметін Жеткізушінің саясаты қолданылады. Сіз солар туралы жеке ақпаратты «RIM»-ге ұсынатын барлық жеке тұлғаларды олар қолданыстағы заңнамағы және нормативтік актілерге сәйкес өздерінің жеке ақпаратын пайдалануға және түзетуге құқылы екендігі туралы хабардар етуге келісесіз.

23. Басқаға Беру және Табыстау. «RIM» осы Келісімді басқаға беруге құқылы, ондайда мұндай басқаға беру осы Келісімде көрсетілген шарттардай Сіз үшін де жағымды болған жағдайда жүзеге асырылады. Сіз осы Келісімді тұтастай немесе ішінара «RIM» -нің алдын ала жазбаша келісімінсіз басқаға бере алмайсыз (мұндай келісім беруден бас тарту мүмкін немесе ол «RIM»-нің қарауына қарау негізделеді), ал «RIM»-нің алдын ала берген жазбаша келісімінсіз басқаға берудің күші жоқ немесе ол жарамсыз болады. «RIM» осы Келісімге сәйкес тікелей орындалуы тиіс барлық міндеттемелерді орындауға құқылы немесе бұл міндеттемелерді оның мердігерлері және/немесе қосалқы мердігерлері, Эфир қызметі жағдайында Эфир Қызметінің Жеткізушісі немесе оның еншілес компаниялары не аффилиирленген тұлғалары толықтай немесе ішінара орындауына құқылы.

24. Хабарламалар. Осы Келісімде өзгелей көзделмеген болса, осы келісімге сәйкес барлық хабарламалар немесе басқа да хат-хабарлар, егер олар жазбаша түрде жасалып, қолма-қол, курьер арқылы немесе төленген алымымен почта арқылы, тапсырыс-хатпен немесе алынғандығы туралы түбіртекпен бірге оның баламасымен жіберілген, Сіз «RIM»-ге шоттарды жіберуге арналған мекен-жай бойынша Сізге жолданған және көрсетілген мекен-жай бойынша «RIM»-нің Өнім жөніндегі Менеджері үшін көшірмесімен бірге (хабарлама болып табылмайтын) 36 Station Road, Egham, Surrey, UK, TW20 9LF мекен-жайы бойынша «Research In Motion UK Limited-ке» жолданған болса, тиісті түрде тапсырылған болып саналады. Жоғарыда аталғанға қосымша ретінде «RIM» өз таңдауы бойынша осы Келісімге сай кез келген хабарламаны Сізге электронды түрде жіберуге құқылы. Электронды түрдегі хабарлама, егер ол сіз «RIM»-ге берген электронды почта адресіне электронды почта арқылы берілген болса ол тиісті түрде жөнелтілген деп саналады.

25. Форс-Мажор. Осы Келісімнің қандай да бір ережесіне қарамастан Тараптардың ешқайсысы өз міндеттемелерін орындау қабілетсіздігіне байланысты, оларды орындау мерзімі басталған кезде, оның негізделген бақылауынан тыс себептер (Эфир Қызметі Сізге «RIM» арқылы Эфир Қызметін Жеткізуші ұсынған, және мұндай Эфир Қызметін Жеткізуші «RIM» үшін Эфир Қызметін көрсетуді тоқтатқан, немесе коммерциялық негізделген шарттардың негізінде «RIM» үшін Эфир Қызметін көрсетуді тоқтатқан жағдайларды қосқанда) бойынша осы Келісімді бұзған болып саналмайды. Бұл ереже осы Келісімге сәйкес басқа Тарапқа төлем жасауға қатысты кез келген Тараптың кез келген міндеттемені орындаудан босататын ереже ретінде түсіндірілмейді.

26. Жалпы Ережелер.

(а) Бөгде Бенефициарлар. «RIM» Бенефициарлары Осы Келісімнің 21(g)-бабын осы Бапқа және келісім-шарттар (үшінші тараптардың құқықтары) туралы 1999 жылғы Заңның ережелеріне сәйкес егер олар немесе ол осы Келісімнің Тарабы болған жағдайда «RIM»-нің кез келген Бенефициары мәжбүрлеп орындай алатын ойластырылған бөгде бенефициарлар болып табылады. Егер осы Келісімде өзгеше тікелей көрсетілмесе, осы Келісімнің Тарабы болып табылмайтын кез келген тұлға жоғарыда көрсетілген Заңға сай құқықтарға ие болмайды.

(b) Міндеттемелерді Орындамаудан Бас Тарту. Кез келген Тараптың басқа Тараптың міндеттемелерін орындамаудан бас тартуы міндеттемені мұндай орындамаудан ұзақ уақыт бойы бас тарту немесе басқа кез келген міндеттемелерді орындамаудан бас тарту болып саналмайды.

(с) Жарамдылығы. Тараптардың біріне немесе екеуіне қатысты осы Келісім орындалғаннан кейін жарамдылығын сақтау үшін арналған өзінің мәні мен мазмұны бойынша осы Келісімнің мерзімі, шарттары және кепілдіктері осы Келісімнің қолданылуы аяқталғаннан, күші жойылғаннан немесе қолданылуы тоқтағаннан кейін жарамдылығын сақтайды. Жоғарыда көрсетілгеннің қолданылуын шектеместен, 8, 9, 10, 11, 13, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 26-баптардың шарттары мен ережелері өзінің жарамдылығын сақтайды.



(d) Қолданылатын Құқық және Дауларды Шешу. Осы Келісім Англияның заңдарына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Тараптар БҰҰ-ның тауарлардың халықаралық сауда-саттығы шарттары туралы конвенцияны қолдану осы арқылы осы Келісімге қатысты толық алып тасталатындығымен келіседі.

(е) Арбитраж. Осы Келісімге немесе Тараптар келіссөздерден кейін шеше алмайтын бұзуларға байланысты туындайтын кез келген келіспеушіліктер немесе даулар алдымен Тараптардың жоғарғы басшылығына жіберіледі. Тараптар өздерінің жоғарғы басшылығының өкілдері деңгейінде оларға туындаған дауды ұсынғаннан кейін 30 (отыз) күн ішінде кездеседі және егер Тараптар мұндай келіспеушілікті немесе дауды кездесуден кейін 30 (отыз) күн ішінде шеше алмайтын болса, мұндай келіспеушілікті немесе дауды арбитраж соты шешеді, оның шешімі түпкілікті және міндетті орындалуы тиіс және ол Халықаралық сауда палатасының төрелік талқылау регламентіне («Регламент») сәйкес Англияда Лондон қаласында өткізіледі және арбитр тағайындалғаннан кейін 30 (отыз) күн ішінде жоғарыда аталған Регламентке сәйкес тағайындаған және Тараптар өзара келіскен бір арбитр қарайды, олай болмаған жағдайда арбитрді кез келген Тараптың өтініші бойынша Британ компьютерлік қоғамының Президенті (немесе Президенттің атынан іс-қимыл жасауға құқылы тиісті түрде Президент тағайындаған тұлға) тағайындайды. Егер жоғарыда аталған ережелер Сіздің юрисдикцияңыздың заңнамасымен тыйым салынған болса, арбитраждық талқылау: (і) Қазақстанның Алматы қаласында өткізіледі; (іі) Халықаралық арбитраждық соттың төрелік талқылау Регламентіне («ХАС» Регламенті) сәйкес реттеледі; (ііі) ХАС Регламентіне сәйкес тағайындалған және Тараптар өзара келіскен бір арбитр тағайындалғаннан кейін 30 (отыз) күн ішінде қарайды; олай болмаған жағдайда арбитрді бейтарап үшінші тарап тағайындайды. Тараптардың әрқайсысы арбитраждық талқылаумен байланысты шығыстардың жартысын төлейді. Тараптардың арасындағы немесе Сізден басқа кез келген тұлғаның қатысуымен болған бірде-бір дау «RIM»-нің алдын ала жазбаша келісімінсіз біріктірілуі немесе топтастырылуы мүмкін емес. Арбитр шығарған арбитраждық шешімнің негізіндегі соттың шешімі тиісті юрисдикцияның кез келген Сотында шығарылуы мүмкін. Жоғарыда аталғанға қарамастан «RIM» талаптар мен дауларға қатысты жалпы юрисдикция сотындағы сот арқылы тыйым салу мақсатында процессуалдық іс-қимылдарды қоса алғанда мыналарға қатысты процессуалдық іс-қимылдарды немесе әділдік құқығы бойынша іс-қимылдарды тағайындау құқығына ие: (1) Сіздің «BlackBerry» Шешімін немесе оның кез келген элементтерін сатып алуыңызға байланысты «RIM»-ге қарыз болған сомалар; және (2) осы Келісімнің 7, 11, 13, 15 және 16-баптарының бұзылу қаупі немесе оларды Сіздің бұзуыңыз. Сіз істі қараудың қолайсыз аумағы мен орналасқан жері негізінде кез келген қарсылыққа немесе осыған ұқсас кез келген негіздемелерден шақырусыз тәртіппен бас тартасыз және шақырусыз тәртіппен процессуалдық хабарламалардың почта арқылы немесе қолданыстағыи заңнамамен рұқсат етілген кез келген басқа тәсілмен жөнелтуге келісесіз, сондай-ақ Сіз шақырусыз тәртіппен осы Келісімге байланысты туындайтын кез келген мұндай талаптарға қатысты, жағдайларға байланысты Англияда орналасқан соттардың юрисдикциясымен келісесіз әрі оларды мойындайсыз. Тараптар осы Келісім шеңберінде даулар туындаған жағдайда, олар жалпы юрисдикциялы сотта қаралатындығына және мұндай дауларды алқабилер соты шешпейтіндігіне тікелей келіседі.

(f) Ережелердің Бөлінуі. Егер осы Келісімнің ережесі жарамсыз болатын немесе мәжбүрлі түрде жүзеге асырылмайтын болса, онда мұндай жарамсыздық немесе мәжбүрлі жүзеге асыру мүмкінсіздігі Келісімді толықтай жарамсыз немесе мәжбүрлі жүзеге асырылмайтын ете алмады (егер олар Келісімнің негізін жоққа шығармаса), бірақ Келісім толығымен нақты жарамсыздығы жоқ немесе мәжбүрлі жүзеге асырылмаған ережесі не ережелері жоқ деп түсіндіріледі, ал Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері тиісінше түсіндіріліп, мәжбүрлі жүзеге асырылады.

(g) Тілі. Егер осы Келісім ағылшын тілінен басқа тілге аударылатын болса, ағылшын тіліндегі және басқа кез келген тілдегі аудармасындағы нұсқалары арасында кез келген қайшылық немесе сәйкессіздік туындаған жағдайда Келісімнің ағылшын тіліндегі нұсқасына басымдық беріледі. Сіздің юрисдикциясыңыздың заңнамасы тыйым салса, осы Келісімге қатысты кез келген хат-хабарларды, ұсынымдарды, жазбаларды, өтінішберді, ауызша өтініштерді, тараптардың түсініктемелерін, тараптардың ауызша түсініктемелерін, анықтамаларды немесе келіссөздерді қосқанда, бірақ шектемей барлық келіспеушіліктер, даулар, реттеулер, төрелік талқылаулар немесе соттық даулар ағылшын тілінде жүргізіледі.

27. Сәйкессіздік. Осы Келісім мен кез келген бағдарламалық қамтамасыз етуге лицензия немесе «BlackBerry» Шешімінің кез келген элементін жинақтау кезінде көзделген ақырғы пайдаланушымен жасалатын келісім арасында қандай да бір сәйкессіздік болса, кез келген сәйкессіздікке қатысты осы Келісімнің ережелері қолданылады. Егер осы Келісім мен кез келген бағдарламалық қамтамасыз етуге лицензия немесе Бағдарламалық Қамтамасыз Етудің кез келген апгрейдтері немесе жаңаруымен байланысты ұсынылған ақырғы пайдаланушымен келісім арасында кез келген сәйкессіздік болса, кез келген сәйкессіздікке қатысты осындай басқа лицензияның немесе ақырғы пайдаланушымен жасалған келісімдердің ережелері пайдаланылады. «BlackBerry» Шешімінің кез келген элементін жинақтау кезінде, және «RIM» өніміне немесе Бағдарламалық Қамтамасыз Етуге қатысты www.blackberry.com веб-сайтында табуға болатын қондыру жөніндегі басшылықты ұсыну кезіндегі кез келген құжаттама арасында сәйкессіздік болған жағдайда кез келген сәйкессіздікке қатысты www.blackberry.com веб-сайтында табуға болатын қондыру жөніндегі басшылықтың ережелері пайдаланылады

28. Келісімнің Бүтіндігі. Осы Келісім осы Келісімнің тараптары арасында осы Келісімнің мәніне қатысты толық келісім болып табылады және осы Келісімнің Тараптары арасында осы Келісімнің мәніне қатысты жасалған бұрынғы кез келген келіссөздер мен келісімдерді ауыстырады. Жоғарыда көрсетілгендерге қарамастан Тараптар арасындағы басқа келісімдерді «BlackBerry» Шешімінің басқа элементтерін пайдалану арқылы реттеуге болады. Осы Келісімде көрсетілгендерді қоспағанда Тараптар арасында қандай да бір басқа ережелер, ұсынымдар, қабылданған міндеттемелер, келісімдер немесе қосымша келісімдер жоқ. Бұдан басқа Сіз осы Келісімге отыруға келісе отырып, Сіз «RIM»-нің немесе «RIM»-нің атынан жасалған қандай да бір өтініштерге немесе ұсынымдарға мойынсұнбадыңыз.

29. Заңнаманың Талаптарын Орындау. Сіз, өзіңіздің есебіңізден осы Келісімді немесе онымен байланысты кез келген лицензиялық келісімдерді орындау және пайдалану үшін мемлекеттік органдармен немесе Сіздің юрисдикцияңыздың қолданылатын заңнамасымен талап етілетін барлық лицензияларды, тіркеулерді және мақұлдауларды аласыз әрі оларды қолданыста қолдап тұрасыз. Атап айтқанда және күмән келтірмес үшін, Сіз кез келген қолданыстағы заңнаманың және нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын орындауға тиістісіз және коммерциялық шифрлеуі емесе тиісті заңмен талап етілетін өзге де қорғау құралдары бар кез келген Бағдарламалық қамтамасыз етуді импорттауға және пайдалануға құзырлы мемлекеттік органдардың барлық қажетті лицензияларын, тіркеулерін және бекітулерін алуға тиістісіз. Сіз «RIM»-ге Сіздің осы міндеттемені орындауыңызды кезең-кезеңмен тексере алатындығы туралы кепілдіктер мен ресми құжаттарды беруге тиістісіз.



1 Secure Multipurpose Internet Mail Extension – желіаралық электрондық почтаның қауіпсіз көпсалалық кеңейтулер (Аудармашының ескертуі).

2 Open Pretty Good Privacy – ашық «сенімді құпиялылық» (Аудармашының ескертуі).

3 Request for Comments – түсініктемелер мен ұсыныстарға сұрату (Аудармашының ескертуі).

4 Wireless Local Area Network – сымсыз жергілікті желі (Аудармашының ескертуі).

5 Random Access Memory/Read-Only Memory – жедел есте сақтау құрылғысы/тұрақты есте сақтау құрылғысы.

BES SLA (Kazakhstan) 072706 (Kazakh) (UK International Version 072706)


жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау