Кендердің байытылуын зерттеу, шикізаттарды неғұрлым комплексті пайдалану, тиімді және экономды байыту схемаларын таңдау, фабрикаларда процесті басқару және тағы сол сияқтылар көптеген белгісіздері бар күрделі мәселелер



жүктеу 37,33 Kb.
Дата01.12.2017
өлшемі37,33 Kb.
#2580

1-Дәріс. Кіріспе.

  • Қазіргі кездегі техниканың дfмуы өндеуге түсетін пайдалы қазындылардың массаларының өсуімен, қазынды шикізаттардың жаңа түрлерін игерумен, пайдалы қазындылардың қасиеттерінің күрделенуіне сай күрделі байыту схемаларын қолдану қажеттігімен, жаңа технологиялық процестерді игерумен тығыз байланысты. Осыларға сәйкес бір-бірімен тығыз байланысты процеске әсер ететін факторлар саныда көбейе түсуде.
  • Кендердің байытылуын зерттеу, шикізаттарды неғұрлым комплексті пайдалану, тиімді және экономды байыту схемаларын таңдау, фабрикаларда процесті басқару және тағы сол сияқтылар көптеген белгісіздері бар күрделі мәселелер. Мысалы, флотация процесіне әсер ететін бір фактор басқада бір-бірімен әрекеттесіп жатқан факторлармен тығыз байланысты. Мысалы, сульфидті кенді флотациялауда онда тотықты минералдар (пайдалы компоненттердің) үлесі артсаоларды активтендіру үшін күкіртті натрий шығынын арттыру қажет. Ал ол тек активтендіргіш ролін ғана атқармай сонымен қатар сульфидті минералдардың басқышы екені, пульпаның рН-ы жоғарлайтынын, ауыр түсті металдардың иондарының төгілдіргіші екенін пульпада оттек концентрациясын төмендететінін (күшті тотықсыздандырғыш болғандықтан) белгілі. Осындай әрекеттер негізінде пайда болатын факторлар процеске әсерлерін тигізіп жатады. Мысалы, пульпа рН-ы артқан сайын ОН- ионының ксантогенат ионымен бәсекелесуі ұлғая түседі, минерал бетінің потенциалы өзгереді, күкірт ионының тотығу процесі артады және т.с.с.
  • Осындай жағдайда барлық факторлардың процеске тигізетін әсерлерін толық талдау мүмкін емес. Бізге негізінде тек жекелеп алынған факторлардың әсерлері белгілі, тек солардың сапалы сипаттамаларын ғана түсінігіміз бар. Ал олардың өзара байланыстарынан туатын әрекеттердің процеске әсерлерін толық білу тіпті қиын. Міне флотация теориясының практикадан кейін жүруі. Байыту режимдерін жартылай эмпирикалық жолмен іздеуіміздің негізгі себептері осы. Сондықтан біз өз тәжірибемізге сүйене отырып белгілі бір нәтижелерге жетуімізді тек ықтималды түрде ғана болжаймыз.
  • Процеске әсер ететін факторлардың кездейсоқтың сипаттамасы және жоғары массалығы минералдардың бөлінуін бағалауға ықтималды сипаттауды пайдалануға мәжбүр етеді. Сондықтан, бөліну процестерінің барлық технологиялық көрсеткіштері интегральды не орташаланумен сипатталады. Байыту процестерін детерминдеумен сипаттау мүмкін емес. Барлық бөлу процестердің ішінде кен байыту процесі математикалық сипаттау тұрғысынан қарағанда ең күрделісі деуге болады. оның басты себептері бар. Біріншіден, байыту процестерінде бастапқы кенде және байытылған өнімдерде бағалы компоненттердің пайыздық үлестері кең шекте өзгеріп отырады.

Екіншіден минералдардың қауышпалы түрде болуының нәтижесінде бағалы компоненттермен бос жыныс минералдарының екі аралық қасиетті түйіршіктері пайда болады. соған байланысты статистикалық теңдеуге тұрақтылар орнына өзгермелі бөлінділер енгізуге тура келеді.

  • Екіншіден минералдардың қауышпалы түрде болуының нәтижесінде бағалы компоненттермен бос жыныс минералдарының екі аралық қасиетті түйіршіктері пайда болады. соған байланысты статистикалық теңдеуге тұрақтылар орнына өзгермелі бөлінділер енгізуге тура келеді.
  • Үшіншіден, байыту процестеріне түсетін кенде әртүрлі қасиеттері бар және әртүрлі құрамды минералдар саны айтарлықтай көп болады. кеннен тек бірғана пайдалы минерал емес бірнеше бағалы минералдарды бос жыныс минералдарынан ғана емес, оларды өзара бөліп, жеке концентраттар алу мақсаты көзделеді.
  • Ғылыми зерттеуде жоғарғы оқу орнындағы негізгі ғылыми ядроны құрайтын профессор-оқытушылар шақырылады. Ғылыми зерттеулерде әрбір оқытушының жеке жоспары болады және мемлекеттік бюджеттен көмек бөлінеді.
  • Жоғарғы оқу орнындағы ғылыми зерттеуде ең жоғарғы әсер етуші, ғылыми бағытта өсу үшін ғылыми (бөлімшілер) ұйымдар ашылады. Олар - ғылыми зерттеу лабораториялары және ғылыми зерттеу институттары. Зерттеулерді шешілуі - зерттелуі қиындаған жағдайда арнайы ғалымдар және ғылыми техникалық мамандар жүргізеді. Ғылыми зерттеу институттары және күрделі лаборатория кафедраларында негізінде фундаменталды және ізденіс темалары зерттеледі.
  • Қосымша зерттеулермен профессорлар мен оқытушылар жұмыстан тыс уақытта айналысады. Және ол өндіріс мекемесімен, өндірістік бақылау министрліктерімен арнайы төлем шарттарына отырып, келісім бойынша жүргізіледі.
  • Осындай келісім шарттарды зерттеу жұмыстарына кафедра қосымша көмек үшін аспиранттар мен студенттерді жұмысқа алуға мүмкіндіктері бар.
  • Әр түрлі бағыттағы мамандар мен ғалымдардан құралған коллективте зерттеу жүмысшының жақсы эффект беруі және комплексті зерттеуде ыңғайлы жағдай туғызады.
  • Кафедрада ғылыми зерттеу концентрациясы жоғарғы оқу орнындағы жоғарғы квалификациялы мамандары мен аспиранттардың бір мезгілдік дайындығына байланысты.
  • Жоғарғы оқу орнынан білікті түлектер (мамандар) шығуына жол ашады.

Ғылыми-техникалық революцияның қарқынды өркендеуінің, ғылыми және ғылыми-техникалық ақпараттың өсуінің қазіргі жағдайында, өндірістік процеске жаңа және прогрессивті нәтижелерді енгізуге, дербес шығармашылық жұмысқа қабілетті, сәйкес жалпы ғылыми және кәсіптік дайындығы бар, жоғары білікті мамандар дайындау ерекше маңызы бар мәселе. Металлургия саласындада осындай. Күрделі көп профильді мәселелерді шешу, жаңа технологияларды әзірлеуге және іске асыруға ғылыми көзқарас негізі бойынша түсінігі және дайындығы бар маман-металлургтардың қатысуынсыз мүмкін емес.

  • Ғылыми-техникалық революцияның қарқынды өркендеуінің, ғылыми және ғылыми-техникалық ақпараттың өсуінің қазіргі жағдайында, өндірістік процеске жаңа және прогрессивті нәтижелерді енгізуге, дербес шығармашылық жұмысқа қабілетті, сәйкес жалпы ғылыми және кәсіптік дайындығы бар, жоғары білікті мамандар дайындау ерекше маңызы бар мәселе. Металлургия саласындада осындай. Күрделі көп профильді мәселелерді шешу, жаңа технологияларды әзірлеуге және іске асыруға ғылыми көзқарас негізі бойынша түсінігі және дайындығы бар маман-металлургтардың қатысуынсыз мүмкін емес.
  • Ғылым - бұл табиғат, коғам және ой туралы жаңа білім алуға бағытталған зерттеу қызметінің саласы. Біздің уақытымызда ғылымның өркендеуі ғылыми еңбекті бөлісумен. Ғылыми мекемелер құрумен эксперименттік және лабораториялық жабдықтармен байланысты. Ғылым ой енбегінін дене еңбегінен 9 бөлінуінен соң пайда болады, Ғылыми-техникалық революция дәуірінде ғылым техниканың өркендеуіне ілесіп қоймайды, ал басқару және білім саласында, экономика мен саясатта материалдық өндірістің жетекші күші бола отырып, оны басып озады. Ғылым адам қызметінің кез-келген саласына қарағанда тез қарқында өркендеуге мәжбүр. Қазіргі күндері ғылым қоғамның кең аукымдағы өндірістік күші болып отыр, сонымен қатар ғылым практикалық тұрғыда өндіріспен қосылып кетеді, ол енді өз бетінше бола алмайды. Ой және дене еңбегінің барлық пішіні (формасы), өзінде ғылыми-техникалық прогрестің терең өзгеру әрекетін бастан еткізеді.
  • Ғылымдар сыныптамасы - бұл айқын принциптер негізінде олардың өзара байланыстарының ашылуы және осы байланыстардың логикалық негізделген орналасу немесе қатар түрінде тұлғалануы. Ғылымды келесідей түрлерге бөледі: табиғи; техникалық; қоғамдық, философиялық.
  • Техникалық ғылым - табиғи денелерді және процестерді техникалық объектілерге мақсатты бағыттау туралы, құрылымды-техникалық қызметтер әдістері туралы, жәнеде коғамдық өндіріс жүйесінде техникалық объектілердің жұмыс істеу тәсілдері туралы айрықша жүйе.

Металлургия саласындағы ғылымның дамуының негізгі бағыттары: экология талаптарына жауап беретін, шикізатты кешенді қолдануды қамтамасыз ететін, металлургия өндірісінде еркіншілікті шикізаттар мен қалдықтарды, сонымен қатар кедей және қиын байытылатын шикізаттарды өндеуге мүмкіндік беретін жаңа технологияларды жасау;

  • Металлургия саласындағы ғылымның дамуының негізгі бағыттары: экология талаптарына жауап беретін, шикізатты кешенді қолдануды қамтамасыз ететін, металлургия өндірісінде еркіншілікті шикізаттар мен қалдықтарды, сонымен қатар кедей және қиын байытылатын шикізаттарды өндеуге мүмкіндік беретін жаңа технологияларды жасау;
  • - шикізаттар мен аралық өнімдерді өндеудің, экстракция, сорбция және мембранды технология сияқты, гидрометаллургиялық әдістерін дамыту;
  • - эксперименттер санын қысқарту және зерттелетін процестің үйлесімді өтуін болжау мақсатында термодинамика мен кинетика тұрғысынан, металлургиялық процестерді тереңдете зерттеу;
  • Табиғи полиметалдық, сульфидтік және тотыққан шикізаттарды байыту және өндеу бойынша жаң а технологиялар мен әдістердің кешенін жасау;
  • - ұнтакты металлургия процестерін зерттеу;
  • Қазіргі этаптағы металлургия саласындағы ғылымның даму ерекшеліктері:
  • - өндіріспен тығыз байланысу қажеттілігі;
  • - жоғары білікті ғылыми кадрлардың болуы;
  • - физика-химиялық талдау мен зерттеудің қазіргі жабдықтармен, сонымен катар оргтехникамен дербес компьютермен, көшіруші жабдықтармен) қамтамасыздандыру қажеттілігі;
  • - Қазақстанның өнеркәсіптік өндірісінің аралас салаларымен ғылымның байланысы;
  • - казіргі ғылыми бағыттардың тұрақты маркетингті және ақпаратпен қамтамасыздануды, қазіргі
  • ақпаратты технологиялардың болуын қажетсінуі;
  • - адамзаттың ең жоғарғы ғылыми түйсігінің жетістігін зерттеулерге қолдану мақсатында, ғылымның ақпараттанумен, химиямен, математикамен, биологиямен т. б. байланысы

Жоғарғы оқу орындарында студенттердің зерттеу жұмыстары

  • Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін студенттер лабораториядан орын, приборлар мен қосымша материалдар алады. Оларға лабораторияның күн тәртібі және еңбек ету құқы туралы ескертіледі .
  • Жұмыс тақырыбы мен тапсырыс көлемін олар өздері таңдайды.
  • Оқыту- зерттеу жұмыстар жоспарын енгізген кафедра, зерттеуді алдын-ала дайындап, оны ғылыми жетекшілермен, оқытушы мамандармен келісіп арнайы оқулықтар мен методикалық документтерді дайындайды.
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарының жетекшілері - ғалымдар, инженерлер, аспиранттар және ғылыми жұмыстармен белсене айналысатын мамандар.
  • Ғылыми зерттеу жұмысын студенттер, арнайы комиссия алдында есеп берумен аяқтайды.
  • Ең басты бағыт жоғарғы оқу орындарында оқыту – зерттеу лабораториясын ашып, онда студенттерге зерттеу жұмысымен айналысуға мүмкіндіктер ашуда.
  • Қайсы бір жоғарғы оқу орнында оқыту зерттеу жұмыстарына арнайы курстар ашылған және оны жүргізу методикасы бар лабораториялық жұмыстарды оқытуда оқу процесін жоғарғы деңгейде игеру студенттер үшін ең басты форма. Студенттер мұндай жұмыстарды өздері зерттеу жұмыстарын жоспарлап, зерттеп, эксперименттерінің нәтижесін анализ жасап, математикалық тексеру жүргізіп, арнайы қажет аппаратпен жұмыс жүргізіп, ғылыми есеп жасайды.

Жоғарғы оқу орнында көптеген кафедраларында оқыту-ғылым семинарлары ұйымдастырылған.

  • Жоғарғы оқу орнында көптеген кафедраларында оқыту-ғылым семинарлары ұйымдастырылған.
  • Бұл семинарларда әрбір студент, осы семестрде өзінің жасаған зерттеулерінің доклад жазып, есеп береді.
  • Төменгі курс студенттері ғылыми зерттеу жұмыстарын оқу процесінде реферат жазып өткізеді.
  • Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын өндірістік практикада берілген ғылыми зерттеу жұмыстарының арнайы темасымен, кафедраның бақылауымен немесе осындай тәжірибемен айналысатын өндірісте курстық және дипломдық проектілеу үшін арнайы технологиялармен жұмыс жүргізіледі.
  • Студенттерге жетекшілік етуші жоғарғы оқу орнындағы оқытушылары мен базалық мекеменің мамандары.
  • Практикада жасаған ғылыми жұмыстарына есеп жасап, оны кафедрада қорғайды.
  • Студенттердің курстық және дипломдық ғылыми зерттеу жұмыстары әдетте ғылыми ізденістермен байланысты және өндіріс, ұйымдастыру мекеме жұмыстарымен де байланысты.
  • Мұндай жұмыстар көптеген нәтижеге қол жеткізіп жатады.
  • Бітіруші студенттердің қатысуымен комплексті дипломдық жұмысты әр саладан немесе әр түрлі жоғарғы оқу орнындағы бірігіп жүргізу кеңінен тарауда жетекшілік ету басты кафедрадан бөлінеді. Әрбір кафедрадан тек сол кафедра саласынан жеке-жеке жетекшілер бөлінеді.
  • Комплексті дипломдық жұмысты қорғауда жоғарғы оқу орнында мен тапсырыс берушілерден құралған комиссия қабылдайды.

Комиссияның міндеті дипломдық жұмысқа, оның әрбір темасына баға беру, және оны тапсырыс берген өндірісте пайдалану шешімін қабылдау.

  • Комиссияның міндеті дипломдық жұмысқа, оның әрбір темасына баға беру, және оны тапсырыс берген өндірісте пайдалану шешімін қабылдау.
  • Көптеген жоғарғы оқу орнын мен өндірістік мекеме бірігіп студентерге курстық және диплом жұмыстарын жасайтын арнайы өндіріс орнын береді. Мұндай мүмкіншіліктер студенттердің ғылыми жұмыстарды тамаша атқарып шығуына міндеттейді.
  • ҒЗЖ ұйымдастыру. Қазақстан Республикасында жоғары ғылыми мекеме болып, барлық ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарындағы қоғамдық. жаратылыс және техникалық ғылымдар саласындағы іргелі ғылыми әзірлемелерді үйлестіруші Білім және ғылым министрлігі (ҚР БГМ) табылады.
  • Жоғары оқу орнының (ЖОО) ғылыми потенциалын қолдану мақсатында көкейтесті ғылыми және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін, ғылыми зерттеулерді орындауға ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы тартылады. Ғылыми зерттеулерді орындау әрбір оқытушының жеке жоспарына енгізіледі.
  • Ғылым мен техниканың бағытты өркендеуі үшін манызды ғылыми зерттеулердің жоғары тиімділігін қамтамасыздандыратын ЖОО - дарында, проблемалық ғылыми-зерттеу лабораториялары, қоғамдар, бірқатар жағдайларда - ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ) ұйымдастырылады.
  • Кафедраларда, проблемалық лабораторияларда, қоғамдарда және ҒЗИ - тарында негізінен түбегейлі және ізденісті тақырыптар игеріледі. Қолданбалы зерттеулер шаруашылық келісімдері негізінде орындалады. Шаруашылықты келісімді зерттеулерді орындау үшін қосымша штат жұмыскерлері, аспиранттар және студенттер тартыла алады. Объективті қиыншылықтарға байланысты функциялардың мұндай бөлінуі оншалықты айқын еместігін айта келе керек ғылыми кадрлерді дайындау ҚР БҒМ жоспарлары негізінде жүреді: магистратура. аспирантура, докторантура, қазіргі уақытта оқудың және ғылыми кадрларды дайындаудың жалпы қабылданған бағдарламаларының батыстық тип бойынша оқу ережелері енгізілуде. Бұлардың күндізгі (35 жасқа дейінгі) және сырттай оқу (45 жасқа дейін) бөлімдері бар, оған түсу және кандидаттық емтихандар тапсырылады. Ізденгіштерге міндетті түрде ғылыми жетекші және тақырып тағайындалады. Зерттеу жұмыстары мен диссертацияны жазу жұмысы аяқталғаннан соң алдын-ала қорғау және енбекті қорғау процедуралары Қазақстан Республикасының қадағалау және білім бойынша комитеті талаптарына сәйкес жүреді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ). ЖОО-рында ҒЗЖ өркендеуі студенттерді ғылыми зерттеулерге кеңінен тартуға жағдай жасады. Сонғы жылдары барлык болашақ мамандардын оқу процесінде ғылыми-техникалық шығармашылык мектебін көбейтуінің объективті кажеттілігі пайда болды, өйткені еңбек сипаты творчестволық болып және оған сәйкес дайындықты талап етті. Сондықтан қазіргі маман түбегейлі және арнайы білімді ғана ңгеріп қоймай, сонымен қатар практикалык мәселелерді творчестволық шешудің белгілі бір дағдыларын, өз жұмысында ғылым мен пратикада пайда болып жатқан барлык жаңалыктарды қолдануды білуі керек, Бұл касиеттердін барлығы студенттердің ҒЗЖ белсенді қатысуымен ғана тәрбиеленеді. СҒЗЖ -ның казіргі ұгымы 2 өзара байланысты элементті камтиды: студенттерді зерттеу жұмысынын элементтеріне оқыту, оларды осыған сәйкес дағдылануға үйрету; профессорлык-оқытушылык құрам ( ПОҚ) жетекшілігімен студенттер жүргізген ғылыми зертгеулер.

  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ). ЖОО-рында ҒЗЖ өркендеуі студенттерді ғылыми зерттеулерге кеңінен тартуға жағдай жасады. Сонғы жылдары барлык болашақ мамандардын оқу процесінде ғылыми-техникалық шығармашылык мектебін көбейтуінің объективті кажеттілігі пайда болды, өйткені еңбек сипаты творчестволық болып және оған сәйкес дайындықты талап етті. Сондықтан қазіргі маман түбегейлі және арнайы білімді ғана ңгеріп қоймай, сонымен қатар практикалык мәселелерді творчестволық шешудің белгілі бір дағдыларын, өз жұмысында ғылым мен пратикада пайда болып жатқан барлык жаңалыктарды қолдануды білуі керек, Бұл касиеттердін барлығы студенттердің ҒЗЖ белсенді қатысуымен ғана тәрбиеленеді. СҒЗЖ -ның казіргі ұгымы 2 өзара байланысты элементті камтиды: студенттерді зерттеу жұмысынын элементтеріне оқыту, оларды осыған сәйкес дағдылануға үйрету; профессорлык-оқытушылык құрам ( ПОҚ) жетекшілігімен студенттер жүргізген ғылыми зертгеулер.
  • СҒЗЖ пішіндері: 1 Оқу - зерттеу жұмыстары (ОЗЖ). Сабақ кестесінде жіберілген оку уакытында орындалады, ол біркатар факторларға байланысты 40 - 200 сағатты кұрайды. Жұмыс окытушы - ғылымми жетекшінің жетекшілігімен міндетті түрде әрбір студентпен арнайы тапсырма бойынша жүргізіледі. ОЗЖ - ның негізгі мақсаты - дербес теориялык және экспериментік жұмыстарға дағдылануды уйрету, лабораториядағы накты енбек жағдайларымен таныстыру болып табылады- Жұмыс тақырыбы мен тапсырма көлемі жеке анықталады. ОЗЖ есеп беруді рәсімдеумен (немесе курстық жұмысты) аякталады, онда студенттің ғылыми қызметінің нәтижелері баяндалады және арнайы комиссия алдында қорғау үшін есеп беру жазуы (курстык жұмыс) ұсынылады. Арнайы комиссия кұрамы кафедра окытушылары-нан тұрады, дегенмен кейде комиссия кұрамына ҒЗИ - нан шакырылған ғалымдарда кіреді

2. Шығармашылык элементі бар оқу лаборяториялык жұмыстар. Мүндай жұмыстарды орындау кезінде студентгер зерттеу жоспарын дербес қу.растырады, кажетгі аппаратураны тандайды, эксперимент нэтижелерінің математикалық өндеуін жүргізеді, ғылыми есептемені рзсімдейді.

  • 2. Шығармашылык элементі бар оқу лаборяториялык жұмыстар. Мүндай жұмыстарды орындау кезінде студентгер зерттеу жоспарын дербес қу.растырады, кажетгі аппаратураны тандайды, эксперимент нэтижелерінің математикалық өндеуін жүргізеді, ғылыми есептемені рзсімдейді.
  • 3. Оку - ғылыми семинарлар. Мұндай семииарларда студентгер орындалған зерттеу қорытындысы туралы баяндамалар немесе кұлактандырулар жасайды. Жэнеде мұндай семинарлар мен оларды колданудың өсуі олардың қазірп оргтехникамен жұмыс істеу беталыеында байкалады.
  • 4. Өндірістік практика кезеңіндегі СҒЗЖ. Жұмыстың бұл пішіні көбінесе кафедрамен , ҒЗИ немесе өндірістің "тар" жерін талдаумен орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстары такырыбы бойынша өндірісте накты тапсырманың орындалуымен байланысты. Ол техникалық процестерді, жабдықтарды жетілдіру мәселені орындаумен, нақты материалдарды жинау жэне оны курстық, дипломдык жобалау кезінде қолдану мақсатында біріншілікті өңдеуден өткізумен де байланысты, Ғылыми жегекшілікті ЖОО -ның оқытушысымен бірге базалық кәсіпорын мамандарыда немесе ГЗИ - ның мамандарыда жүргізе алады. Жұмыс нәтижелері бойынша есептеме рэсімделіп, арнайы комиссия алдында қорғалады.
  • 5. Курстык жане дипломдык жобалар мен жүмыстар шеңберіндегі СЗЖ . СЗЖ ғылыми ізденіс элемемттері бар арнайы бөлімдерін пысықгаумен банланысты, кебінесе накты жү-мыстарды орындау кезінде кафедраның гылыми такырыбы бойымша жүргізіледі, оның шешімінде кәсіпорындар жане мекемеяер катысады. Студентгердін зертгеу жұмыстарындағы қолданбалы зерттеулермен катар кинетикалық және термодинамикалык зертгеулердің, процестің математикалық моделін тұрғызу және оның оптималдау бағдарламасымеи үйлесімділігі де байқалады.
  • 6. Студенттік ғылыми ұйірмелер. Бұл ұйірмелер белгілі бір ғылыми мәселенің шешімімен бірлескен, шағын коллективтерден тұрады. Әрбір студент ғылыми жетекшісі берген дербес тапсырманы өз бетінше орындайды. Студенттердің ғылыми үйірмелерін кұру СҒЗЖ ең тиімді түрі болып табылады. өйткені оларда өздік жұмыстар элементтері басым.
  • 7. Окудан тыс уақыттағы ғылыми зерттеулер. Бұл зерттеулер кафедраның немесе ЖОО - ның ғылыми мекемесінің мемлекеттік бюджетті немесе шаруашылықты келісім тақырыбы бойынша орындалады. Студенттерге орындалатын такырыптан шығатын нақты ғылыми-техникалык мәселені әзірлеу тапсырылады.

жүктеу 37,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау