Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет12/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   100

37
Орталыққа  алкогольдік  немесе  есірткілік  мас  болу 
күйіндегі,  ВИЧ  инфекциясына,  мерез  ауруына  шалдыққан, 
қылмыстық жауапкершілікке тартылған кəмелетке толмағандар 
қабылданбайды. 
Орталық 
мамандары 
тəрбиеленушілердің 
жалпы 
психологиялық  дамуына,  отбасы  қатынастарының  эмоциялық 
аясының танымдық үрдістеріне баға береді.
Қызметкерлер кəмелетке толмағандардың тіршілік қарекетін 
қамтамасыз  етеді,  балалар  мен  жасөспірімдерді  əлеуметтік 
оңалту мен бейімдеуге ықпал ететін үй ішіндегі ахуалға жақын 
жағдай туғызады.
Орталыққа орналастырылған балалар: 
- заңнамаға сəйкес білім алады;
-  қажетіне  қарай  жəне  заңнамамен  белгіленген  тəртіппен 
медициналық көмек алады;
-  əр  бала  үшін  жеке  əзірленген  іс-шаралар  кешеніне  немесе 
жоспарына  сəйкес  отбасыға  қолдау  көрсету  бойынша  кеңестер 
мен қызметтер алады.
Кəмелетке толмағандар Орталықта үш айға дейінгі мерзімге 
орналастырылады.  Кəмелетке  толмағандардың  Орталықта 
болуының  мерзімін  ұзартуға  Орталық  əкімшілігінің  ұсынысы 
бойынша  жергілікті  қамқоршылық  жəне  қорғаншылық 
органының қаулысы негіз болады.
Орталық өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға уақытша 
көмек  көрсетіп,  олардың  қайтадан  қалыпты  түрде  өз  ортасына 
оралуы үшін жағдай жасайды. 
Көп жағдайда Орталыққа отбасының қажетті қамқорлығы мен 
қорғауына ие болмаған балалар орналасады. Балалардың өз отба-
сыларынан ажыратылуы оның психикасына жəне мінез-құлқына 
кері  əсер  етіп,  кей  кездері  депрессияға  да  ұшыратып  жатады. 
Сондықтан Орталықтың негізгі мақсатының бірі – өз отбасынан 
ажырап  қалған  балалардың  қалыпты  түрде  өз  отбасындағыдай 
дамып-жетіліп, еш қиналмастан білім алуына жəне тəрбиеленуіне 
жағдай жасау болып табылады.
Орталықтың əлеуметтік-психологиялық жəне педагогикалық 
жұмысының ерекшеліктері мынада:
- тəрбиеленушілерді күндіз-түні бақылауда ұстау;
-  жасөспірімдердің  уақытын  оқу-тəрбие  жəне  мадени  іс-
шаралар арқылы тиімді өткізу;


38
-  Орталықта  өзара  сыйластық,  əділеттілік  жəне  кемсітуге, 
келеке  етуге,  физикалық  жəне  психикалық  тұрғыдан  зорлық-
зомбылық жасауға жол бермеу ережелері мен тəртібін сақтау;
- жасөспірімдермен жұмыс жасау жоспарын құру.
Қамқорлықсыз қалған кəмелетке толмаған балаларға қатысты 
Орталық  қызметкерлері  олардың  жетімдер  үйіне  жəне  ата-
анасының  немесе  оларды  алмастыратын  өзге  де  адамдардың 
қамқорлығынсыз қалған балалар үйіне орналасуы үшін қажетті 
құжаттарды жинап, қамқоршылық жəне қорғаншылық органына 
табыстайды. Өз кезегінде қамқоршылық жəне қорғаншылық ор-
гандары баланы орналастыру туралы шешім шығарады. 
 
3.3. Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары
Өмірде қиын жағдайға тап болған жайсыз отбасылар мен бала-
ларды анықтау, оларға қажетті көмек көрсету бойынша маңызды 
профилактикалық  жұмысты  қамқоршылық  жəне  қорғаншылық 
органдары атқарады.
Білім беру органдарының аудандық жəне қалалық бөлімдерінде 
қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарының қызметкерлері 
жұмыс  істейді  жəне  олардың  саны  жыл  сайын  артып  келеді. 
2007-2011  жылдары  «Қазақстан  балалары»  бағдарламасының 
жүзеге асырылуы барысында қамқоршылық жəне қорғаншылық 
органдары қосымша 167 қызметкерімен толықты. 
«Неке жəне отбасы туралы» Заңына сəйкес жетім балалар мен 
ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  құқықтары 
мен заңды мүдделерін қорғау қамқоршылық жəне қорғаншылық 
органдарына  жүктеледі.  Қамқоршылық  жəне  қорғаншылық  ор-
гандары ата-аналарынан айырылған немесе панасыз қалған ба-
лаларды анықтап, оларды тіркейді, олардың ата-аналарынан ай-
ырылу себептерін анықтап, одан əрі білім алуы мен тəрбиеленуі 
үшін барлық жағдайды қарастырады. 
Жетім  балалар  немесе  ата-анасының  қамқорлығынан 
айырылған  балалар  туралы  хабар  алған  ұйымның  (мектепке 
дейінгі білім беру, жалпы білім беру, емдеу жəне т.б.) лауазым-
ды  тұлғалары  жəне  өзге  де  азаматтар  ол  жөнінде  балалардың 
тұрғылықты  жері  бойынша  қамқоршылық  жəне  қорғаншылық 
органдарына хабарлауға міндетті.


39
Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары:
- ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтап, 
балалар үйіне немесе интернат ұйымдарына орналастырады;
-  мемлекеттің  қамқорлығына  мұқтаж,  ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  анықтап,  оларды  тіркеу 
жұмыстарын жүргізеді (білім беру əкімшілігі, медициналық ме-
кемелер, ішкі істер органдары, өзге де органдар мен жекелеген 
адамдар арқылы);
- ата-анасының қамқорлығынан айырылған жəне мемлекеттің 
қорғауына  мұқтаж  балалардың  тұрғын  үй-тұрмыс  жағдайын 
жəне тəрбиеленуі жағдайын тексереді;
-  ата-анасыз  қалған  көп  балалалы  отбасыларға  əлеуметтік 
қолдау көрсетеді;
- жетімдер үйіндегі балалар мен ата-анасыз қалған балалардың 
мемлекеттік көмекпен қамтамасыз етілуіне ықпал етеді;
-  əлеуметтік  жетімдік  пен  балаларға  қатыгездік  көрсету 
жағдайларына қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізеді;
-  мемлекеттік  орындарда  тəрбиеленіп  жатқан  балалардың 
жағдайымен танысады;
-  ата-анасыз  қалып,  жетімдікке  ұшыраған  балалардың  бала 
асырап алушылардың қолына өтуіне жағдай жасайды;
 - бала асырап алушылардың қолындағы осындай балалардың 
жағдайын бақылап отырады.
Қамқоршылық 
жəне 
қорғаншылық 
органдарының 
қызметкерлері  психологтармен,  əлеуметтік  педагогтармен, 
қоғамдық  ұйымдармен  бірлесе  семинарлар  өткізеді;  асырап 
алушы  отбасындағы,  балалар  үйінегі  балалардың  жағдайына 
бақылау  жасайды.  Отбасыларға  қажетті  əдістемелік  жəне 
кеңесшілік көмек көрсетіп отырады.
Қамқоршылық  жəне  қорғаншылық  органдары  балаларды 
тəрбиелеумен  жəне  олардың  мүліктік  жəне  жеке  мүліктік  емес 
құқықтарымен,  заңмен  қорғалатын  мүдделерімен  байланыс-
ты сот істеріне қатысады. Балалардың мүдделері үшін ата-ана-
ларды  ата-ана  құқықтарынан  айыру  немесе  шектеу,  сондай-ақ 
ата-ана  құқықтарын  қалпына  келтіру  істері  бойынша  сотта 
талап  білдіреді.  Ата-аналар  мен  балалардың  мүдделері  ара-
сында  қайшылық  анықталған  жағдайда  кəмелетке  толмаған 
балалардың  мүдделерін  қорғайды  немесе  баланың  құқықтары 
мен  заңды  мүдделерін  қорғау  үшін  өкілді  тұлғаны  тағайындау 
туралы ұсыныс енгізеді.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау