301
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 № 393-
IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн
өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
132-1-бап. Кəмелетке толмаған баланы жезөкшелiк-
пен айналысуға тарту
1. Кəмелетке толмаған баланы жезөкшелiкпен айналысуға тар-
ту - үш жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
2. Күш қолдану немесе күш қолданбақшы болып қорқыту,
тəуелдi жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкiн жою неме-
се бүлдiру не алдау жолымен кəмелетке толмаған баланы
жезөкшелiкпен айналысуға тарту - бес жылдан жетi жылға
дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мыналар:
а) ұйымдасқан топ;
б) жезөкшелiкпен айналысуға тартқаны не притондар
ұйымдастырғаны немесе ұстағаны немесе жеңгетайлық
жасағаны үшiн бұрын сотталған адам;
в) оны тəрбиелеу жөнiндегi мiндеттер заңмен жүктелген ата-
ана, педагог не өзге де адам жасаған нақ сол əрекет, - жетi жыл-
дан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жа-
заланады.
Ескерту. Кодекс 132-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.23 N
354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он
күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
133-бап. Кəмелетке толмағандарды саудаға салу
1. Кəмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған
қатысты өзге де мəмiлелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану
не азғырып-көндiру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану
мақсатында өзге де əрекеттер жасау - мүлкiн тəркiлеп немесе он-
сыз бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
2. Нақ сол əрекеттер:
а) алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен;
б) бiрнеше рет;
в) өмiр мен денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе оны
қолданамын деп қорқыту арқылы;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды
302
қолданып;
д) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
е) ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшiн
жəбiрленушiнiң органдарын немесе тiнiн алу мақсатында;
ж) алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен;
з) адам өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланып;
и) кəмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға немесе
қоғамға қарсы өзге де iс-əрекеттер жасауға тарту мақсатында;
к) жəбiрленушiнiң материалдық немесе өзге тəуелдiлiгiн пай-
даланып жасалғанда, - мүлкiн тəркiлеп немесе онсыз жетi жыл-
дан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жа-
заланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген,
кəмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегiнен
тыс жерлерге əкету, Қазақстан Республикасына əкелу немесе бiр
шет мемлекеттен екiншiсiне Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы тасу мақсатында жасалған əрекеттер, сол сияқты осын-
дай əрекеттердi жасау мақсатында кəмелетке толмаған адам-
ды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге əкету,
Қазақстан Республикасына əкелу немесе бiр шет мемлекеттен
екiншi мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
тасу - мүлкiн тəркiлеп немесе онсыз он жылдан он екi жылға
дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде
көзделген əрекеттер, егер:
а) ұйымдасқан топпен жасалса;
б) абайсызда жəбiрленушiнiң өлiмiне немесе өзге де ауыр
зардаптарға əкеп соқса, - мүлкiн тəркiлеп он екi жылдан он бес
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 133-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
2006.03.02. N 131 Заңымен.
134-бап. Баланы ауыстыру
1. Баланы қасақана ауыстыру - екi жүзден бес жүз айлық
есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның
екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де та-
бысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге
түзеу жұмыстарына, не дəл сол мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
2. Пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық ниетпен жасалған
303
дəл сол əрекет - үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 134-бапқа
өзгерiс
енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2000.05.05. N 47 Заңымен.
135-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету
Бала асырап алушының еркiне қайшы қызметтiк те немесе
кəсiптiк құпия ретiнде бала асырап алу фактiсiн сақтауға мiндеттi
адамның не өзге адамның пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық
ниетпен жасаған бала асырап алу құпиясын жария етуi - айлық
есептiк көрсеткiштiң бiр жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде
немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi
жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл
салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдар-
ды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан
айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу
жұмыстарына жазаланады.
Ескерту. 135-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 № 393-
IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн
өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
136-бап. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын
асырауға арналған қаражатты төлеуден əдейi жалтару
1. Ата-ананың сот шешiмi бойынша кəмелетке толмаған ба-
лаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке жарамсыз
балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан
астам əдейi жалтаруы - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден
бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде немесе сотталған адамның
жалақысының немесе екi айдан бес айға дейiнгi кезеңде тапқан
өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма-
дан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға
тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға
дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Кəмелетке толған еңбекке жарамды адамның сот шешiмi
бойынша өзiнiң еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған
қаражатты төлеуден үш айдан астам əдейi жалтаруы - айлық
есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде
немесе сотталған адамның жалақысының немесе екi айдан бес
айға дейiнгi кезеңде тапқан өзге де табысының мөлшерiнде
Достарыңызбен бөлісу: |