«Кедергісіз келешек» «Будущее без барьеров» партиялық жобасының тұжырымдамасы Жобаның мазмұны.



жүктеу 306,88 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі306,88 Kb.
#17050

«Нұр Отан» партиясының Төрағасы Бірінші орынбасарының 2016 жылғы «___» __________ № ___ бұйрығына

№ 5 қосымша



«Кедергісіз келешек» - «Будущее без барьеров»

партиялық жобасының тұжырымдамасы


  1. Жобаның мазмұны.

«Нұр Отан» партиясының доктринасына сәйкес жоғары өмір сүру стандарты бойынша барлық азаматтарға әлеуметтік қызметтер тең қолжетімді болу қажет. Бұл мемлекеттің, азаматтардың және жұмыс берушілердің тілеулес жауапкершілігі арқылы қамтамасыз етілуі керек.

2015 жылғы 20 ақпанда Мемлекет басшысы «Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау» туралы Заңына қол қойғаннан соң, мемлекет пен қоғам алдында мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметік-экономикалық құқықтарын дамытуға және қорғауға бағытталған қосымша кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер тұр.

Осы мақсатта Үкімет Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру бойынша 2012 - 2018 іс-шаралар жоспарын қабылдап, кезең- кезеңмен жүзеге асыруда. Нәтижесінде Қазақстанда халықтың еңбекке жарамсыз болып қалу тәуекелдерін алдын алуға, өмірдің қиыншылығына тап болғандар мен мүгедектіктің басталу кезі мен мүгедектікті оңалтуға - арнайы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған бірқатар заңдар қабылданды.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы - 2050» Жолдауында берген тапсырмасын орындау үшін «Нұр Отан» партиясы мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың өмір сапасын арттыру жұмысын басқарып, олар үшін кедергісіз орта жасауға аса назар аударады.

Мәселен, «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасындағы бастаманың бірі халықтың ең мұқтаж топтарына қолдау көрсету болып табылады.

Партияның «Кедергісіз келешек» - «Будущее без барьеров» жобасын іске асыру Елбасының, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жоғарыда көрсетілген тапсырмаларының тиімділігін арттырады және мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арттыруда мемлекеттік уәкілетті органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың күштерін біріктіруге мүмкіндік береді.

Партиялық жобаның өзектілігі келесі проблемалық мәселелердің болуына байланысты:


  • еңбекке жарамды жастағы мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы

жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы. Қазақстанда ағымдағы уақытта

(ҚР ДСДМ-нің 2016 жылғы, 1 шілдедегі деректері бойыша) 644,2 мың мүгедектер тұрады, оның ішінде 406,4 мың адам еңбекке жарамды жаста (63,2%), олардың ішінен 121,1мың адам (29,8%) жұмыс жасайды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін жұмыс орындарының 3% квотасын қамтамасыз ету бойынша «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтамау байқалады;

- мүгедектер үшін инфрақұрылымның қолжетімсіз болуы. 2014 жылы паспорттаумен қамтылған 24,4 мың объектілердің жағдайын бағалау нәтижелері бойынша тек 22,5% немесе 5,5 мың объекті мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін лайықталған;

- мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін жалпы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып отырған шаралардың жетіспеушілігі. Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына жағдай жасалған мектептердің үлесі 2014 жылдың қорытындылары бойынша 25% құрайды;

- мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтендірудің төмен деңгейі.
Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүру сапасын көтеруге көмек көрсету.
Міндеттері:


  1. Профильді мемлекеттік және салалық бағдарламалардың тиімді орындалуына қоғамдық - партиялық бақылауды ұйымдастыру.

  2. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың проблемаларын шешу үшін мемлекеттік органдарды, азаматтық қоғамды, бизнесті жұмылдыру.

  3. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың әлеуметтік бейімделуіне жұртшылықты тарту.

  4. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қамқорлық көрсету қажеттілігі туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру, оларды белсенді әлеуметтік және экономикалық өмірге тарту.

Мақсатты аудитория: мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың барлық топтары мен санаттары – 644, 2 мың адам.
Іске асыру бағыттары:

  1. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға көмек көрсету (өңірлік деңгейде). Мүгедектерді жұмыспен қамту қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс еңбек нарығы мен адам капиталын дамытудың қосымша қайнар көзінің маңызды резерві болып табылапды.

Қазақстанда ағымдағы уақытта (ҚР ДСДМ-нің 2016 жылғы, 1 шілдедегі деректері бойынша) 644,2 мың мүгедек тұрады, оның ішінен 406,9 мың адам еңбекке жарамды жаста (63,2%), олардың ішінен 121,1 мың адам (29,8%) жұмыс жасайды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін жұмыс орындарының 3% квотасын қамтамасыз ету бойынша «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтамау байқалады.

Бұған дәлел, жалпы мүгедектер арасындағы еңбекке жарамды жастағы мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың үлесі - 64,5%, олардың ішінен 120 мың мүгедек жыл сайынғы жұмыспен қамтылған.



ҚР ДСӘМ ұсынатын МОМБ-нің 01.07.2016 жылғы деректері





Мүгедек-тердің жалпы саны

Олардың ішінде еңбекке жарамды жастағы мүгедек-тер


2013-2015 ж.ж. жұмысқа орналасқан мүгедектер саны


Жұмысқа орналасқан мүгедектер саны

( 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша)



Барлы-ғы

оның ішінде ЖҚЖК-2020 аясын-да

оның ішінде аймақты дамыту бағдарлама-сы аясында

оның ішінде тұрақты жұмыс-қа орналасқандар

Оның ішінде квота аясында

Ақмола облысы

28 380

17 985

1 590

524

152

372

278

145

Ақтөбе облысы

23 392

15 108

1 555

405

78

327

102

132

Алматы облысы

68 858

45 432

2 442

740

172

568

258

339

Атырау облысы

19 828

12 620

979

425

74

351

83

100

Шығыс Қазақстан

57 088

36 024

1 777

947

263

684

347

116

Жамбыл облысы

42 021

26 934

1 427

449

141

308

200

55

Батыс Қазақстан

24 129

14 616

1 150

388

45

343

95

72

Қарағанды облысы

63 903

41 862

2 843

970

213

757

445

139

Қостанай облысы

27 341

18 192

1 094

397

228

169

185

185

Қызылорда облысы

28 712

18 464

1 341

535

189

346

236

217

Маңғыстау облысы

21 407

12 813

395

367

118

249

82

131

Павлодар облысы

28 165

17 268

1 405

564

96

468

134

130

Солтүстік Қазақстан

28 332

17 582

1 586

378

143

235

217

155

Оңтүстік Қазақстан

115 015

75 234

5 485

1934

1704

230

1 107

523

Астана қаласы

20 945

12 193

357

507

138

369

149

517

Алматы қаласы

46 664

24 542

1 020

501

163

338

143

160

Барлығы:

644 180

406 869

26 446

10 031

3 917

6 114

4 061

3 116

Соңғы 10 жылда жұмыспен қамту органдарына жүгінген мүмкіндігі шектеулі тұлғалар саны 8 еседен аса өсті: 2005 жылы 1676 адам, 2015 жылы шамамен 14 мың адамға жетті.

2015 жылы жұмысқа тұрғызуға 14 мыңға жуық мүгедекке көмек көрсетілді, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген 6,7 мың адам. 2016 жылдғы 8 ай ішінде 8 мыңға жуық мүгедектерге көмек көрсетілді.

Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың еңбек құқығын қорғауды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 98- бабында 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектер үшін белгіленген жұмыс орны квоталарын орындамағандар үшін 10 АЕК айыппұл, қайталанған жағдайда 20 АЕК жауапкершілігі белгіленген үшін.

Мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында республикалық бюджеттің есебінен жұмыс жасайтындар мен білім алушы мүгедектерге «Инватакси» қызметі қолданысқа ие және көру, есту қабілетінен толық айырылғандар мен тірек қимыл жүйесі бұзылғандарға арнайы жұмыс орындарын қаржыландыруды жүйелендіруге мүмкіндік беретін Стандарттар бекітілген.

Осы бағыт шеңберінде партияның аймақтық филиалдары облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен, «Атамекен» кәсіпкерлер Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыруға ықпал ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады. Партияның аймақтық филиалдары жүйелі түрде жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, осы бағыттың аясында партия филиалдарының мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың жұмыспен қамтылуын мониторингтеу, мүгедектерді негізсіз жұмыстан шығару фактілеріне жол бермеу және еңбек ұжымдарының арасында мүгедектердің құқықтары және мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды әлеуметтік ортаға тартудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

2. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін «кедергісіз аймақтар» жасауға көмектесу (өңірлік деңгейде). Бүгінгі күні партиялық жобаның басым бағыты мүгедектерді әлеуметтік қауымның барлық салаларына тарту үшін әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін жасауға ықпал ету болып табылады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша 26 мың объект паспортталған, олардың ішінен 18 мыңы бейімделу қажет, 6,8 мың объект мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін бейімделген. 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 7,8 мың объект бейімделген.




Аймақтар

Әлеуметтік-көліктік инфрақұрылым-дағы объектілердің жалпы саны


Барлығы 2012 жылғы 1 қаңтар -2016 жылғы 1 қазан айына дейін (өсіммен)

Паспорттау

Бейімдеу

тиісті

(топ. 2 + топ. 14)



Оның ішінде жүргізілгендер

(топ 3 + топ 15)



тиістілер

топ 4 + топ 16)



Оның ішінде жүргізілгендері

(топ 5 + топ 17)



Ақмола облысы

1 672

1 672

1 672

1 514

1 497

Актөбе облысы

1 147

1 094

1 094

702

272

Алматы облысы

2 117

2 117

2 117

400

360

Атырау облысы

3 141

3 141

2 712

1 389

408

Шығыс Қазақстан

3 907

1 954

1 772

775

582

Жамбыл облысы

3 036

904

904

904

549

Батыс Қазақстан

1 518

1 518

1 215

799

314

Қарағанды облысы

1 771

1 031

882

662

196

Қостанай облысы

1 568

1 568

1 568

1 166

591

Қызылорда облысы

2 326

2 326

2 326

1 185

700

Маңғыстау облысы

1 590

408

390

347

78

Павлодар облысы

1 558

1 225

1 240

599

589

Солтүстік Қазақстан

2 660

2 300

2 300

1 735

718

Оңтүстік Қазақстан

4 083

4 083

4 083

3 316

2 192

Астана қаласы

1 106

401

401

309

132

Алматы қаласы

3 000

2 427

2 282

1 425

562

Барлығы:

36 200

28 169

26 958

17 227

9 740

Партиялық құрылымдар жол белгілерін және мүгедектерге қызмет көрсететін ұйымдардың орналасқан орындарындағы белгілерді орнату, жаяу жүргіншілер жолдарын, дыбыстық құралдарын орнату бойынша атқарушы органдарға жан-жақты көмек көрсетеді.

2020 жылға қарай мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін 100% кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл ретте, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін кедергісіз орта жасалған, халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың үлесі 2018 жылы 70%-ға дейін өсуі қажет.

Бүгінгі күні паспорттауды жүргізу және аймақтарда объектілерді икемдеу ісі партиялық бақылауға алынды. Объектілерді қоғамдық бақылау бойынша аймақтық топтар құрылды, олардың құрамына мәслихат депутаттары, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері және ҮЕҰ кіреді.

Партияның филиалдары мемлекеттік органдарды тарта отырып, дайын және салынып жатқан объектілер, ғимараттар, тұрғын үйлер және көліктік инфроқұрылымды паспорттау және бейімдеу жұмыстарын жүргізу барысында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тіршіліктің салаларына басқа азаматтармен тең дәрежеде интеграциялануына жағдай жасауына бақылау мен талдау жүргізуі тиіс. Паспорттаудың қорытындысы бойынша мүгедектерге барлық тіршілік ортасына кедергісіз қолжетімділік жасау үшін шыққан шығын мен жұмыс көлемі анықталады.

3. Инклюзивтік білімді дамытуға ықпал ету (орталық және өңірлік деңгейлерде). Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны және Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияны ратификациялауды есепке ала отырып, ҚР «Білім туралы» Заңына инклюзивті білім беру ұғымын енгізген Қазақстан Орталық Азия елдері ішіндегі жалғыз ел болып табылады.

Әрбір азаматтың зияткерлік дамуының, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, толық теңдік негізінде барлық азаматтар үшін сапалы білімнің қолжетімділігі қазақстандық білім берудің барлық деңгейлерінде іске асырылады.

Инклюзивті білім беру - балалардың физикалық, психикалық, зияткерлік, мәдени-этникалық, тілі және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жалпы білім беру ортасында сапалы білім алу үшін барлық кедергілерді жойып, әлеуметтік бейімдеу болып табылады.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес көрсетілген Заңға «Дамуындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар (балалар)» деген ұғымның орнына ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғалар (балалар) деген жаңа ұғым енгізілген.



Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді дамытуға Концептуалды тәсілдемеге сәйкес, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы №348 бұйрығымен инклюзивті білім берудің тиімділігін бағалаудың 4 индикаторы белгіленген: «Ортаның сапасы», «Қамту сапасы», «Енгізу деңгейі», «Жайлылық деңгейі».

«Нұр Отан» партиясы қызметінің ерекшелігін ескере отырып, аталған партиялық жобаның «инклюзивті білім беруді дамытуға ықпал ету» бағыты бойынша қол жеткізуді «Ортаның сапасы» индикаторымен бағалау жоспарланып отыр, бұл олардың жалпы санының ішінде инклюзивті білім алуға жағдай жасап отырған әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарының үлесін өлшеуді болжайды.

2016 жылдың басында дамуындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық саны 141281 баланы құрайды, олардың ішінен 94172 мектеп жасында, ал 44649 мектепке дейінгі жастағы балалар.

Инклюзивті білім беруді іске асыратын білім беру ұйымдары жүйесін дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.



Мектепке дейінгі білім беру бойынша. 2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 8834 мектепке дейінгі ұйымдар қызметін атқаруда, бұл ретте ерекше білім алу қажеттілігі бар мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге жағдай жасалғаны 9,1% ғана.

Ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі балалар (3 жасқа дейін) 3 615 баланы немесе 52,9% құрайды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі – 26 604 бала немесе 70,3 % қамтыды.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі: 2016 жылы 10 %, 2017 жылы - 15%, 2018 жылы - 20%, 2019 жылы-30% құрайтын болады.
Жалпы орта білім беру бойынша. Барлығы 7511 мектеп білім беру қызметін атқарады, оның ішінде инклюзивті білім беруге тек мектептердің 30,7%-да ғана жағдай жасалған. Мұндай мүмкіндікке тек ерекше білім қажеттілігі бар балалардың 27% ғана ие болды.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын аясында ерекше білім алу қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі: 2016 жылы 44 %, 2017 жылы- 55%, 2018 жылы-60%, 2019 жылы-70% пайызды құрайтын болады.



Техникалық және кәсіптік білім бойынша. 2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 807 колледж жұмыс жасайды, бұл ретте инклюзивті білім алуға тек 121 колледжде жағдай жасалған. (2464 ерекше білім алу қажеттіліктерімен).

Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту жән ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ерекше білім алу қажеттілігі бар студенттерге тең және кедергісіз мүмкіндік жасаған ТжКББ ұйымдарының үлесі: 2016 жылы - 20 %, 2017 жылы- 25%, 2018 жылы-30%, 2019 жылы-40% құрайтын болады.



Жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алу бойынша Қазақстанның жоғарғы мектебін 125 ЖОО құрайды, бұл ретте тек Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы, Астана қалаларындағы ЖОО-да ғана кедергісіз орта жасалған.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ерекше білім алу қажеттілігі бар студенттерге тең және кедергісіз мүмкіндік жасаған ЖОО-ның үлесі: 2016 жылы - 15 %, 2017 жылы - 25%, 2018 жылы - 50%, 2019 жылы - 100% пайызды құрайтын болады.

Аймақтық партия филиалдары мүмкіндіктері шектеулі балалар және жасөспірімдердің барлық деңгейдегі білім нысандарының қолжетімділігіне мониторинг жұмыстарын жүргізетін болады.

Сондай-ақ, инклюзияны дамыту шеңберінде партия автомектептерде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың оқуын қамтамасыз ету мәселесін ілгерілетін болады.



4. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтарын тиімді іске асыру үшін заңнаманы жетілдіруге ықпал ету (орталық және аймақтық деңгейде). Конвенцияны бекіткеннен кейін 2015 жылдың 3 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды, онымен 3 Кодекске және 21 Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ұсынылып отырған өзгерістер мүгедектердің өмірі үшін кедергісіз ортаны дамыту бөлігіндегі құқықтық ақаулықтарды жоюға, денсаулық сақтау, білім беру, көлік жүйелеріндегі қызметтердің, ақпарат алудың қолжетімділігін, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған.

Заңмен қатар ҚР заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

- көші-қон және халықты еңбекпен қамту мәселелері бойынша арнайы жұмыс орындарын жасайтын жұмыс берушілердің шығындарын субсидтеу, кәсіпорынның штат санына байланысты мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша квоталау механизмін жетілдіру жөніндегі нормаларды енгізу бөлігінде;

- әлеуметтік-еңбек саласында талап етілетін құжаттарды және мүгедек тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту бөлігіндегі мемлекеттік қызмет көрсетулерді оңтайландыру және автоматтандыру.

2015 жылдың ішінде моноқалаларды дамыту, инклюзивтік білім, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу, туристік қызметтер, мүгедектерді автомобильмен, теміржол, ауа көлігімен тасу қызметін көрсету мәселелерін қозғайтын 18 заңға тәуелді актісіне қол жетімді ортаны дамыту бойынша ұсыныстар енгізілген.

Ақаулықтарды шешу және заңнаманы жетілдіру үшін партия, бірінші кезекте, фракциялардың депутаттары, мемлекеттік органдармен, бизнес және қоғаммен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қорғау мәселелері бойынша заңдарды талқылау және өзгерістерді енгізу жұмысын жалғастыратын болады.

Бұл үшін партия кураторларының «Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарын қолдау», «Денсаулық сақтау», «Білім беру», «Индустриалдық даму», «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыттары бойынша республикалық және аймақтық комиссияларының және партия жанындағы басқа да сұхбат алаңдары іске қосылады.



Мақсатты индикаторлар:

  1. «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыруға ықпал ету» бағыты бойынша:

  • Жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірген жұмысқа орналастырылған мүгедектердің үлесі (әрбір өңірде):

  • 2017 жылы - 80% дан кем емес.

  • 2018 жылы - 100% дан кем емес.

Ескертпе:

  1. оның ішінде: квоталау аясында, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша, аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша;

  2. аймақтық филиалдарға ақпарат жартыжылдықтың, жылдың қорытындысы бойынша өсіммен беріледі;

  3. ақпарат ресми ақпаратпен орталық мемлекеттік уәкілетті органдардан алынып, салыстырылады.




  1. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін «кедергісіз аймақтар» жасау бағыты бойынша:

  • Кедергісіз ортаны қамтамасыз ету бойынша (әр аймақта) шыққан жұмыс комиссиясының қорытындысы бойынша бейімделген және паспортталған объектілердің үлесі:

  • 2017 жылы - 50% дан кем емес.

  • 2018 жылы - 70% дан кем емес.

Ескертпе:

  1. паспорттау және бейімдеу объектілері негізгі әлеуметтік-мәдени объектілер- мемлекеттік органдар, медициналық мекемелер, білім беру мекемелері, мәдениет, спорттық құрылымдар болып табылады;

  2. партияның аймақтық филалдары ақпаратты өсім бойынша жарты жылдықтың, жылдың қорытындылары бойынша береді;

  3. ақпарат орталық мемлекеттік уәкілетті органдардан алынатын ресми ақпаратпен салыстырылатын болады.




  1. «Инклюзивті білім беруді дамытуға ықпал ету» бағыты бойынша:

  • Ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеуге жағдай жасаған (әр аймақта) мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі:

  • 2017 жылы - 15%.

  • 2018 жылы - 20%.

  • Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған (әр аймақта) мектептердің үлесі:

  • 2017 жылы - 55%.

  • 2018 жылы - 60%.

  • Ерекше қажеттілігі бар студенттер үшін қолжетімді және тең жағдай жасаған ТжКБ ұйымдардың үлесі: (әр аймақта)

  • 2017 жылы - 25%.

  • 2018 жылы - 30%.

  • Ерекше білім алу қажеттілігі бар студенттер үшін кедергісіз және тең жағдай жасаған ЖОО үлесі:

  • 2017 жылы - 25%.

  • 2018 жылы - 50%.

Ескертпе:

1) нысаналы индикаторлар Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тиімділігінің көрсеткіштерімен салыстырмалы (бұдан әрі- БҒДМБ);

2) мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, ТжКББ ұйымдары, ЖОО саны БҒДМБ жүзеге асыруды есепке ала отырып өзгеріп отырады. Осыған сәйкес мақсатты индикаторларға қол жеткізудің тиімділігіне баға беру кезінде барлық деңгейдегі білім беру объектілерінің қазіргі уақыттағы саны ескерілетін болады;

3) партияның аймақтық филиалдары ақпаратты өсім бойынша жарты жылдықтың, жылдың қорытындылары бойынша береді;

  1. ақпарат ресми ақпаратпен орталық мемлекеттік уәкілетті органдардан алынатын, салыстырылатын болады.



  1. «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтарын тиімді іске асыру үшін заңнаманы жетілдіруге ықпал ету» бағыты бойынша:

Уәкілетті мемлекеттік органдар партияның Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша өңірлік партиялық кураторлар комиссияларының отырыстарында, түрлі диалогтық алаңдарда (әрбір өңірде) пысықталған ұсынымдарды (оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын іске асыру саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар) іске асыру үшін қабылдағандарының үлесі:

  • 2017 жылы – 60 % кем емес;

  • 2018 жылы – 70 % кем еместі құрайтын болады.

Ескертпе:

1) ақпаратты партияның өңірлік филиалдары жарты жыл, жыл қорытындылары бойынша ұсынатын болады;

2) партия жобасының бағыты бойынша заңнаманы жетілдіру бөлігіндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды пысықтау жөніндегі ақпарат Партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша республикалық және өңірлік комиссиялардың қызметтерін үйлестіруге, сондай-ақ түрлі диалогтық алаңдар қызметін үйлестіруге жауапты Партияның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен алынатын ақпаратпен салыстырылады.

Жобаны іске асыруды үйлестіруші орган ретінде Саяси жұмыс департаменті нысаналы индикаторға қол жеткізу жөніндегі ақпараттан бөлек, осы партия жобасының бағыттарына қатысты ақпараттарды Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелері мен өңірлік филиалдарынан қосымша сұратуға құқылы.


Жобааралық байланыстар:

«Бақытты балалық» жобасы – балалар үйлеріндегі мүмкіндіктері шектеулі балалардың өмір сапасын жақсарту және қолдау бөлігіндегі бірлескен жұмыс.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы - мүгедектер қатарынан ардагерлер мен тыл еңбеккерлері бөлігінде.


  1. Жұмысты ұйымдастыру.

Жетекшісі: «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Ф.Ш.Қуанғанов.

Үйлестіруші: Саяси жұмыс департаменті.

Серіктестер және қатысушылар: «Нұр Отан» партиясы, ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдар, облыстар және аудандар әкімдіктері, бастауыш партия ұйымдары, жастар және кәсіподақ ұйымдары, партияның мүшелері мен жақтастары, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері.

Бұл ретте, партиялық құрылымдар, мемлекеттік органдар мен серіктес ұйымдардың функционалды жүктемесі келесідей бөлінеді:



Партияның орталық аппараты – партияның аймақтық және аумақтық филиалдарына әдістемелік көмекті ұйымдастыру, республикалық деңгейде іс-шаралар өткізу, орталық деңгейде мемлекеттік органдармен және серіктес ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, іске асыру тиімділігіне талдау жүргізу, жобаның іске асырылуын жалпы үйлестіру.
Партияның аймақтық филиалдары – жобаны іске асыру бойынша іс-шараларды жоспарлау, өңірлік деңгейде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, өңірлік деңгейде мемлекеттік органдармен және серіктес ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, Орталық аппараттың Баспасөз қызметімен бірлесе БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жобаны ілгерілету, партияның аумақтық филиалдарының және бастауыш партия ұйымдарының қызметін үйлестіру, жобаны іске асыруға қатысты мәселелер бойынша мәслихат фракцияларының өзара іс-қимыл етуі, жобаның мақсатты топтарына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бақылау.

Партияның аймақтық филиалдары партиялық жобалардың бағыттары бойынша лоттардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қосылуын жергілікті атқарушы органдармен пысықтайды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру филиалмен үйлестіріліп, партия серіктестерімен қамтамасыз етіледі.



Партияның аумақтық филиалдары және бастауыш партия ұйымдары – халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жергілікті жерлерде жоба шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыру, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінен серіктестерді іздеу, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың деректер қорын қалыптастыруға қатысу.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі – жобаның мақсатты топ өкілдерін жұмысқа орналастыру, әлеуметтік көмек және қажетті әлеуметтік қызметтерді көрсету мәселелерін шешу бағытында партиямен өзара әрекет ету; түсіндіру мен тәжірибелік бағытындағы іс-шараларды бірлесе ұйымдастыру және өткізу.

ҚР Білім беру және ғылым министрлігі – білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу мәселелерін шешу бағытында партиямен өзара әрекет ету, түсіндіру мен тәжірибелік бағытындағы іс-шараларды бірлесе ұйымдастыру және өткізу.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі - мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін шешу бағытында партиямен өзара әрекет ету, түсіндіру мен тәжірибелік бағытындағы іс-шараларды бірлесе ұйымдастыру.

Жергілікті атқарушы органдар – түсіндіру және практикалық сипаттағы іс-шараларды бірлесе ұйымдастыру.

Профильді үкіметтік емес ұйымдар – жобаның мақсатты топтарының проблемалы мәселелерін анықтауға партияның ықпал етуі, шешу жолдарын іздеу, мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізу, әртүрлі диалог алаңдарында мақсатты топтардың мүдделеріне өкілдік ету.

Бизнес-қоғамдастықтардың, қайырымдылық қорлардың өкілдері – жобаның мақсатты топтарына нақты көмек көрсетуге бағытталған бірлескен іс-шаралар мен акцияларды өткізу.

ҚР Парламентінің, барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары – халықпен кездесу барысында түсіндіру жұмыстары, заңнамалық бастамаларды дайындау.

Жобаны іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл етуді қамтамасыз ету мақсатында орталық және өңірлік деңгейде мемлекеттік органдармен меморандумдар жасасу, сондай-ақ жобаның іске асырылу барысын талқылау мақсатында ай сайын кездесулер өткізу және қажетті шешімдер дайындау жоспарланып отыр.



Байланысты партиялық консультативтік - кеңес органдары: партия тәлімгерлерінің республикалық және аймақтық комиссиялары «Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарын қолдау», «Денсаулық сақтау», «Білім беру», «Индустриалдық даму», «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыттары.

Іске асыру кезеңі: орта мерзімді (2016-2018 жылдар).

Кері байланыс:

  • «Нұр Отан» партиясы Саяси және стратегиялық зерттеу орталығының социологиялық сауалнамасы, «Халық арасында партиялық жоба танымалдығының деңгейі».

  • Баспа және электрондық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде шыққан материалдарды мониторингтеу.

Іске асыру кезеңдері:

1. Дайындық кезеңі (2015 жыл):

- жобаны іске асырудың аймақтық жобаларын дайындау және бекіту;



2. Іске асыру кезеңі (2016-2018 жылдар):

- мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне, паспорттауды жүргізуге және аймақтардағы объектілерді бейімдеуге қоғамдық-партиялық бақылау жүргізу;

- мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ету;

- мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу;

- мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізуге ықпал ету;

- мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін жұмыспен қамту картасын іске асыруға ықпал ету;

- жобада аралық нәтижелерге мониторинг жүргізу.

3. Аяқталу кезеңі (2018 жыл):

- жобаның нәтижелерін мониторингтеу, қорытынды есеп дайындау;



- БАҚ арқылы жоба нәтижесі туралы ақпараттандыру, баспасөз басылымдары, интернет ресурстары.

Іске асыру кезеңі: мақсатты индикаторларға қол жеткізгенде немесе жобаны іске асыру мерзімдері аяқталғанда.


жүктеу 306,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау