ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ҮЛГІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
______________________________________________________________
KBShT 2202 - Кәсіби бағытталған шетел тілі
5B091000 - «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша
Көлемі: (2) кредит
Шымкент, 2016
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде
2 РЕЦЕНЗЕНТТЕР
Парымбекова З.С. - Облыстық Отырар кітапханасының директоры
Мусаева С.Т. - педагогика ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 20_ жылғы «___» __________ №___ бұйрығымен
4 Үлгі оқу бағдарламасының дайындық бағыты 5B091000 - «Кітапхана ісі» мамандығының үлгілік оқу жоспарына сәйкес әзірленген
5 ҚАРАЛҒАН М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің білім, өнер және қызмет көрсету мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секция отырысында
20_ жылғы «___» __________ №___ хаттама
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз
|
2
|
Мазмұны
|
3
|
Түсіндірме жазба
|
4
|
Пәннің мазмұны
|
5
|
Кіріспе
|
5
|
1 бөлім. Шет тілінде кәсіби-бағдарланған қарым-қатынасқа
оқытудың теориялық-методологиялық негіздері
|
5
|
1 Кітапхана қызметі аясындағы кәсіби бағдарланған шет тіл
|
5
|
2 Шет тіліндегі мамандық бойынша пәндік сала мазмұнына
сипаттама
|
6
|
3 Шет тілді кәсіби бағдарланған тілді қалыптастыру
технологиясы
|
6
|
2 бөлім. Шет кәсіби бағдарланған тілді қалыптастыруды
мазмұнды және ұйымдастыру - әдістемелік қамтамасыз ету
|
6
|
4 Шет тілін оқытуға қазіргі бағдарланған тұрғыдан келу
|
6
|
5 Кәсіби-бағдарланған тұрғыда шет тілдерге оқыту әдістемесі
|
7
|
6 Шетел тілдерін кәсіби бағдарланған оықту ерекшелігі
|
7
|
Ұсынылатын семинар сабақтарының тақырыптарының тізімі
|
8
|
Оқытушылардың студенттермен өзіндік жұмыс үлгі тақырыптары
|
8
|
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
|
8
|
Авторлар
|
9
|
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Кәсіби-бағдарланған шет тілі» курсы 5B091000 - «Кітапхана ісі» мамандығына аса маңызды пән болып табылады және оның көлемі, өзге мамандықтар сияқты емес, кредит көлемін үлкейту керек екендігін талап етеді. Оның бірден-бір себебі – кітапхана кадрларын өзге шет тілін тереңдетіле оқытылуы уақыт талабы деген жөн. Ол әлемдік ақпараттық кеңістігінің ашық және түрлі тілдегі қпараттық ресурстарының қолжетімділігімен байланысты.
Қазіргі таңда отандық ақпарат пайдаланушыларының шет тілін меңгеру деңгейі орташа, олар ақпарат іздеуде үлкен қиындықтарға тап болады. Соның салдарынан олар шетел ғылымының, тәжірибесінің, мәдени мұрасының жаңалықтары мен жетістіктерімен таныса алмайды, сондай-ақ өздік ғылыми-зерттеу және шығармашылық іс-әрекеттерінің нәтижесімен әлемдік ақпараттық, мәдени және білім кеңістігі арқылы шетел мамандарына ұсына алмайды.
Мұндай жағдайда келешек кітапханашы шет тілін жалпы мәдени және кәсіби тақырыпта қарым-қатынас жасау кәсіби құзыреттілігі деңгейінде меңгерумен шектелуі жеткіліксіз. Сонымен қатар ол шет тіліндегі ақпараттық ресурстармен жұмыс жасай білу қабілетін жоғарылату тиіс.
Бүгінде құжаттардың тұр-түрімен, Интернет-ресурстарымен жұмыс жасау кітапхана маманының кәсіби әрекетінің негізін қалайды.
Кітапханашының ағылшын тілді құзыреттілігі қазіргі мазмұны қамтиды:
дайын болуын:
- шетел кітапханаларының қашықтық форматта каталогтар мен қорымен, Интернет-ресурстарымен ізденістік және талдамалық жұмыс жасауға;
- шетел тіліндегі құжаттар топтамаларын ұйымдастыруға және басқаруға, сонымен бірге оларды өз мәліметтер қорына орналастыруға;
- шетел азаматтарына қашықтықтан кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуге, олардың сұранысына электрондық анықтама ұсынуға;
- шетелдік мәліметтер қоры мен банкілерімен жұмыс жасауға және оның негізінде өз қорын құруға;
- шетел кітапханалырының қорымен өз оқырмандарының жасауға үйретуге және кеңес беріп отыруға;
- қәзіргі кәсіби коммуникациялар арқылы шетел әріптестерімен қарым-қатынас жасауға.
Жаңа құзыреттілік бағдарлар кітапхана саласы бойынша студенттердің ағылшынтілдік кәсіби дайындығын қайта қарастыруын өзекті мәселеге айналдырады, бірінші кезекте – ЖОО-да оқытудың әдістер мазмұнын, формаларын және құралдарын.
Ең алдымен лексикалық-грамматикалық білім беру жүйесін қарастыру барысында оқытушы кітапханалық бағыттағы тілдік тәжірибенің әртүрлісін модельдеу керек. Гуманитарлық мамандықтарының оқулықтарында авторлардың ұсынғын үйреншікті оқыту жүйесі жеткілікті бола алмайды.
Екіншіден, оқыту барысында Интернетте ізденіс жасауға, ағылшын тілдегі ақпараттық ресурстарын іздеп және таңдап алуына, оны аталған тілде тұжырымдауға ерекше назар аударылады. Ол оқытушыдан жаңашыл әдістерді кеңірек қолдануды қажет етеді.
Үшіншіден, келешек мамандардың өзгетілді аудиториямен кәсіби тұрғыдан қарым-қатынас жасай алу қабілетін қалыптастыру керек, яғни келешекте маман қашықтықтан ұйымдастырылатын халықаралық конференциялар мен семинарлар, видеоконференциялар жұмыстарына белсенді қатыса алатын болуы тиіс.
Кәсіти терминологияға ерекше көңіл аударылады, оның негізіне қазақша-ағылшын, ағылшын-қазақша және кітапхана мамандарына арналған орыс-ағылшын, ағылшын-орыс сөздіктері алынады. нақ осы мамандыққа арналған сөздіктер, кітапхана ісі бойынша ұсынылатын мемлекеттік, мемлекетаралық сөздік тәрізді оқу құжаттары, кәсіби пәндерден алынған мәтінде аса құнды болып табылады.
Кәсіби бағдарланған (ағылшын) шет тілі жалпыкәсіптік пәндер циклінің базалық компонентінде оқытылатын шет тілінің жалғасымды компоненті болып табылады. Сондықтан осы компонентте оқытылған лексикалық және грамматикалық материалдың көлемі кәсіби бағдарланған шет тілінде айтарлықтай көп орын алмау керек.
Пән мақсаты -
ПӘН МАЗМҰНЫ
Кіріспе
«Кәсіби бағдарланған шет тілі» оқу курсының мақсаттары мен міндеттері, құрылымы мен мазмұны. Оқу пәнінің өзіндігі мен ерекшеліктері. Тілдік құрал, тіл қызметінің түрлері, басқа пәндерге қарағанда әркелкілігі мен пәнсіздігі. Тіл қызметі бастапқы тілдік құбылыс базасы ретінде, шет тіліне оқытудың негізгі нысаны. Тілдің жекелеген элементтерін білу: жекелеген сөздер, жекелеген сөйлемдер, жекелеген дыбыстар.
Тіл айнала қоршаған орта туралы айту, сездіру және қалыптастыру құралы ретінде. Кәсіби лингводидактика ерекшелігі. Кәсіби лингводидактиканың мазмұны.
1 бөлім. Шет тілінде кәсіби-бағдарланған қарым-қатынасқа оқытудың теориялық-методологиялық негіздері
1 тақырып. Кітапхана қызметі аясындағы кәсіби бағдарланған шет
тіл
Кәсіби-бағдарланған шет тілі 5B091000 - «Кітапхана ісі» мамандығы айрықшылығын ескере отырып адамзаттық қызметтің белгілі аясына қызмет көрсететін пәндік феномен ретінде.
Оқу материалдары мазмұнының кәсіби бағытталуы, кәсіби шеберлікті қалыптастыратын тәсілдер мен операциялар. Қызметтің кәсіби бағытталуы: «Кәсіби бағдарланған шет тілінің» басқа кәсіптендіру пәндерімен пәндік бірігуі; болашақ маманды қажетті кәсіби шеберлік пен дағдыларға қалыптастыруға қамтамасыз етуге бейімді оқытудың формалары мен әдістерін пайдалану.
Оқушылардың жалпы, әлеуметтік, мәдени ой-өрісін кеңейту, олардың танымдылық және интелектуальды қызығушылығын көтермелеу үшін шет тіліне оқыту мазмұнындағы әлеуметтік мәдени компонент.
2 тақырып. Шет тіліндегі мамандық бойынша пәндік сала
мазмұнына сипаттама
Кәсіби-бағдарланған шет тілінде 5B091000«Кітапхана ісі» мамандығының пәндік саласына кіріспе.
Оқу пәні мазмұнын іріктеу тұрғысы: адамзат қызметі аясындағы соңғы жетістіктерге бағдарлану, оқушылардың кәсіби қызығушылығына тікелей қатысты саладағы ғылыми жетістіктерді өз уақытында көрсету, кәсіби өсу үшін мүмкіндік беру.
Оқушылардың жалпы, әлеуметтік мәдени ой-өрісін кеңейту, олардың танымдылық және интелектуалдық қызығушылығын көтермелеу үшін шет тіліне оқыту мазмұнындағы әлеуметтік мәдени компонент.
3 тақырып. Шет тілді кәсіби бағдарланған тілді қалыптастыру
технологиясы
Кітапхана ісі мамандығы студенттердің кәсіби ақпараттық алаңының белсенділігін арттыру және кеңейту жолдары арқылы кәсіби бағдарланған шет тілін анықтау. Кезеңділігі, жүйелілігі, себеп-салдары, талдануы, түсінікті жаңа коммуникативті жағдайға ауыстыру.
Кітапхана ісі мамандығы студенттердің мәтіндер, тапсырмалар түпнұсқалығынан шет кәсіби-бағдарланған тілді қалыптастыру тәуелділігі.
Шет кәсіби-бағдарланған тіл ерекшелігі: жүйелілігі, көп деңгейлілігі, сан қырлылығы, полифункциональдық әрі иерархиялық ұйымдастыру.
Студенттердің шет кәсіби дағдыланған тезаурусын қалыптастыру әдістемесі, зерттеуге пайдаланылған межелер мен оның қалыптастыру көрсеткіштерінің жемістілігі мен әмбебаптылығы.
Студенттердің шеттілді кәсіби бағдарланған тезаурсын қалыптастыру үшін дидактикалық материалдар кешенін құру бойынша ұсыныстар.
2 бөлім. ШЕТ КӘСІБИ БАҒДАРЛАНҒАН ТІЛДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ МАЗМҰНДЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ -ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
4 тақырып. Шет тілін оқытуға қазіргі бағдарланған тұрғыдан келу
Кәсіби-бағдарланған оықту түсінігі. Болашақ кәсібімен мамандық ерекшеліктеріне лайықталған студенттердің шет тілін оқытудағы тұтынымдарын ескеру. «Кәсіби-бағдарланған оқыту» терминінің белгіленуі. Мамандық бойынша әдебиеттерді оқуға бағдаланған тілді оқытпайтын жоғары оқы орында шет тілді оқыту процесі, кәсіби қызмет аясында қарым-қатынасқа кәсіби лексика мен терминологияны оқу.
Нақты кәсіби, іскерлік, кәсіби ойлау ерекшеліктерін ескере отырып ғылыми орта мен жағдайдарда, себеп-салдар тұрғызушы және бағдарланған – зерттеу қызметінде шет тілінде қарым-қатынас бейімділігін қалыптастыру. Әртүрлі сала мен жаңдайларда шет тілінде кәсіби байланысты іске асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік шеберлікті қалыптастыру.
5 тақырып. Кәсіби-бағдарланған тұрғыда шет тілдерге оқыту
әдістемесі
Кәсіби даму мәселелерін зерттеу. Кәсіби-бағдарланған оқыту тұрғысында шет тілдерге оқыту әдістемесі саласында негізгі ғылыми-әдістемелік түсініктерге шолу.
Пәндік-тілдік материалды игеруді қалыптастыру негіздері. Шет тілде айтылуда базалық-түсіндіру аппараты.
Кәсіби шетелдік терминология. Арнайы кәсіби-бағдарланған материал және оны берілген кәсіби жағдайларда пайдалану.
Мамандық бойынша шет тілінде пәндік сала мазмұнына сипаттама.
Кәсіби құзырлық: шет тіліндегі мәтіндерге бағдарлану, кәсіби мазмұнды мәтіндер құрастыру т.б.кәсіби-бағдарланған шет тілінің мамандық пәндермен байланысты.
6 тақырып. Шетел тілдерін кәсіби бағдарланған оықту ерекшелігі
Коммукникативтік қарым-қатынас жағдайын құру тәсілдері. Коммуникативтік құзырлықты қалыптастыру. Шет тілі сабақтары бойынша студенттерді кәсіби-тұлғалық жетілдіру.
Оқыту мәселелерін оңтайластыру мәселелері. Топтық оқу процесін қалыптастыру. Интерактивті ұмтылыс штел тіліне оқытудың тұлғалық-қызмет тұрғысы түрлерінің бірі ретінде жылдамдатылған және дәстүрлі оқыту тәсілдерінің үйлесу мәселелері.
Заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы шетел тіліне оқыту сапасын арттыру: жоба (мұражай жұмысында жобалау технологияларын белсенді қолдану, пәнаралық жобаларды өңдеу); тұлғалы-бағдарды келу, дифференциалды оқыту технологиясы, зерттеу және қашықтық технологиясы.
Қызметтік міндеттерді атқару үшін ағылшын дыбыстарын дұрыс артикуляциялау мен дұрыс айтуды орнықтыру (келіс сөздер жүргізу, телефонмен сөйлесу, презентация, мамандық бойынша әріптестермен бейресми қарым-қатынас және т.б.)
Ағылшын тілі граматикасын іскерлік ағылшын тілі арнайы лексикасын игеру, аудио дағдыларын жетілдіру (мәтінді тыңдай білу) іскерлік хатты оқу.
Коммуникативті құзырлықты қалыптастыру, кәсіби бағдарланған мәдени аралық қарым-қатынаста барабар жағдайларда шет тілде сөйлеу әрекетіне дайындық пен бейімділік.
Тілдік білімдер мен дағдылар жиынтығы, кәсіби мұражай лексикасы негізінде шет тілдік қызмет түрлері бойынша коммуникативтік шеберлік, мәдениетаралық қызметтестік жағдайында кәсіби қызметті тиімді іске асыру үшін қажет оқылатын тілдің әлеуметтік мәдени және әлеуметтік лингвистикалық ерекшелі білімі.
Аудентикалық аудио және бейне материалдарды, отандық және шетелдік әдістемелік кешендер, компьютерге оқушылар мен текстік бағдарлама
Ұсынылатын семинар сабақтарының тақырыптарының тізімі
1 Студенттерді шет тілінде кәсіби-бағдарланған қарым-қатынасқа оқытудағы іскерлік ойын
2 Шет тілінде кәсіби-бағдарланған қарым-қатынасқа оқытудың теориялық-методологиялық негіздері
3 Шет тілінде кәсіби-бағдарланған қарым-қатынасқа оқытудың негізгі принциптері
4 ЖОО-да оқытудың белсенді әдістеріне сипаттама
5 Ойын әдістері, шет тілінде қарым-қатынасқа оқытудағы олардың ролі мен орны
6 Кәсіби білім беруде қарым-қатынасқа оқытуда іскерлік ойын белсенді әдіс ретінде
7 Іскерлік ойының құрылымы мен ерекшіліктері
Оқытушылардың студенттермен өзіндік жұмыс
үлгі тақырыптары
1 Шет тілінде сөз қызметін игеруге мотивация ықпалы
2 Іскерлік ойындарды даярлау мен өткізу технологиясы
3 Шет тілінде кәсіби-бағдарланған қарым-қатынасқа оқытуда іскерлік ойындарды өткізу технологиясы
4 Эксперименталді жолмен алынған кәсіби бағдарланған қарым-қатынас процесінің негізгі көрсеткітерін талдау
6 Оқушылар және оқу ұжымы жұмылу мотивациясы деңгейіне іскерлік ойының ықпалы
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1 Абрамова И.Г. Деловые игры как средство повышения творческой активности обучающихся//Активные методы обучения в системе подготовки специалистов и руководителей. - 1989.- С. 17-22.
2 Авдеев Л.М., Радимова Н.В. Опыт использования организационно-деятельностных игр в подготовке руководящих кадров//XYIII Международный семинар «Игровые методы в образовании и научных исследованиях»: Тез.докл. - Киев: КИСИ, 1991. - С. 4-6.
3 Авхачева И.А. Формирование «внутренних» мотивов учебной деятельности в процессе самостоятельной работы студентов// Мотивационные аспекты профессионально-ориентированного обучения иностранным языкам в вузе. - Пермь, 1989. - С.91-96.
4 Активные методы обучения. Метод. указания/Науч. ред. Федотов А.В. – Л., 1988. - 50 с.
5 Активные методы обучения в преподавании иностранного языка: Пособие для преподавателей иностранных языков вузов/Под ред. Н.П. Бельтюковой. - Томск: Изд-во Томского ун-та, 1990. - 158 с.
6 Алхазишвили А.А. Основы овладения устной иностранной речью. - М.: Просвещение, 1988.- 124 с.
7 Дудорова Е. Английский язык для студентов гуманитарных факультетов (разговорные навыки). - М., 2008.
8 Числова А.С. Английский язык для гуманитарных факультетов (история). - М., 2008.
9 Құдайбергенова Г.Б., Ашимова Т.С., Мустафаева Г.Ж. Ағылшын тілі: Гуманитарлық-педагогикалық мамандықтар бойынша 1курс студенттеріне арналған оқулық. - Шымкент, 2003.
10 Сборник текстов на английском языке для самостоятельной работы студентов для гуманитарных специальностей/Ельчиева С.Н., Кан В.И., Абишева А.М., Кудайбергенова Г.Б., Ашимова Т.Ш., Тулегенова Б.А.- Шымкент, 2003.
11 Шевелева С.А. Английский для гуманитариев. - М., 2008.
12 Yanushkova T.P., Bronovitsky B.I., Yanushkov Y.N. «Tnglish for institutes of culture» in two parts. - Минск: Высш. шк., 1988.
Қосымша әдебиеттер:
1 Арутюнова Ж.М., Бобова С.В. Лингвострановедческий аспект преподавания иностранных языков (на материале французского языка)// Вопросы литературы и страноведения в преподавании иностранных языков. – М.: МГИМО, 1991. - С. 46-51.
2 Афинская З.Н. Речевое общение: теоретические и дидактические проблемы//Диалог: Лингвистические и методические аспекты. - М.: Изд-во МГУ, 1992. - С. 37-45.
3 Бабинская П.К. Пути реализации проблемного подхода в обучении иноязычной речи//Методика обучения иностранным языкам в системе непрерывного образования. - Минск: Высш. шк., 1991.- С. 5-10.
4 Бабич Н.Н. Повышение уровня мотивации при использовании учебных ситуаций в обучении иностранному языку//Мотивы учебной и общественно полезной деятельности школьников и студентов. - М., 1980.- С. 118-126.
5 Кан В.И., Абишева А.М. Сборник текстов на английском языке для самостоятельной работы студентов: Электронная книга. - Шымкент, 2003.
6 Сборник текстов на английском языке для самостоятельной работы студентов: Учеб. пособие/ Елчиева С.Н., Кан В.И., Абишева А.М. и др.- Шымкент, 2003.
7 Трехязычный англо-русско-казахский, немецко-русско-казахский отраслевой терминологический словарь для студентов гуманитарных специальностей/ Елчиева С.Н. и др. - Шымкент, 2008.
8 Сборник кейсов для ПЗ по английскому языку: Учеб.-метод. пособие/ Елчиева С.Н. и др. - Шымкент, 2008.
9 Шетел тілін оқытуда активті және интерактивті әдістерді қолдану арқылы ОБСӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау/Елчиева С.Н. және т.б.- Шымкент, 2009.
Авторлар:
Отарбаева Г.К. – т.ғ.к., доцент, «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының меңгерушісі, М.Әуезов атындағы ОҚМУ
Койшигулова Г.К. – «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының аға оқытушысы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ
Достарыңызбен бөлісу: |