Казахстанско российский медицинский



жүктеу 233,72 Kb.
Pdf просмотр
Дата06.02.2022
өлшемі233,72 Kb.
#37356
түріРеферат
Омарова Алина 216-А Анатом ас-қорыту ж. СРО 2



МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО 

РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ 

УНИВЕРСИТЕТІ 

КАЗАХСТАНСКО 

РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ 

УНИВЕРСИТЕТ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

БӨЖ №2 

Реферат 

Құрт тәрізді өсіндінің құрылысы, орналасу варианттары 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Омарова Алина 

Курс:2 курс 

Мамандығы: Жалпы медицина 

Тобы: 216-А 

Қабылдаған: Калыбаева Т.С 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2021 


МЕББМ 

РЕСЕЙ 

ҚАЗАҚСТАН-НУО 

МЕДИЦИНАЛЫҚ 

КАЗАХСТАНСКО 

РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ 

УНИВЕРСИТЕТ 

УНИВЕРСИТЕТІ 

 



 

 

 

ЖОСПАР: 

I.

 

Кіріспе  

II.

 

Негізгі бөлім  

1.Соқыр ішек  

2.Оның құрлысы  

3.Оның орналасуы 

III.

 

Қорытынды 

IV.

 

Пайдаланылған әдебиеттер 


МЕББМ 

РЕСЕЙ 

ҚАЗАҚСТАН-НУО 

МЕДИЦИНАЛЫҚ 

КАЗАХСТАНСКО 

РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ 

УНИВЕРСИТЕТ 

УНИВЕРСИТЕТІ 



 



 

Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісі (processus vermicularis немесе appendix) 

аталған ішектің дистальді жағынан (күмбезінен) басталып, одан төмен, 

жамбас куысына қарай бағыттала орналасады. Қалыпты жағдайда құрт 

тәрізді өсінді іш қуысының төменгі қабатының (гипогастрий) оң жақ 

бөлімінен (оң жақ мықьш шұңқыршасынан) орын алады. Оның іш 

қуысының алдыңғы қабырғасындағы проекцияланатын орны Мак-Бур- ней 

немесе Ланц нүктелеріне сәйкес келеді (1-ші сурет). 

 

Осымен қатар, айта кету керек, өсінді іш қуысының басқа 

аймақтарында, яғни қалыптан тыс жерлерде орналасуы да 

хирургиялық тәжірибеде сирек кездеспейді. Бұндай жағдайлар хирург- 

дәрігерлердің күнделікті жұмысындағы маңызы өте зор екенін атап өту 

қажет деп ойлаймыз. 

 

Өйткені, өсіндінің қалыпты жерден тыс орналасуы сырқаттың әдеттегі 

клиникалық көрінісін өзгертеді де, соның себебінен аурудың 

диагнозын дұрыс анықтау күрделенеді. 

 

Арнайы әдебиет көздеріңде құрт тәрізді өсіндінің қалыптан тыс 

жерлерде орналасуьшың мына төмендегідей варианттары көрсетіледі (2 — 

сурет): 

 

1.

 

Тік ішекке жақын (жамбас қуысында) немесе төмен 

орналасуы (positio descendens). 

2.

 

Бүйірге қарай, яғни латеральді орналасуы(positsio lateralis). 

3.

 

Орта сызыққа (кіндік аймағына) қарай, солжақты немесе медиальді 

орналасуы (positio sinistro, medialis). 

4.

 

Соқыр ішектің артында, яғни ретроцекальді 

орналасуы (positsio retrocoecalis) немесе ішастардан тыс, немесе 

ретроперитонеальді орналасуы (positio retroperitonealis). 

5.

 

Жоғары бағытта немесе вентральді орналасуы (positio ascendens). 

Өсіндінің жоғары орналасу түрінде ол өте жоғары, тіпті бауыр 

астында орналасуы да мүмкін. 


МЕББМ 

РЕСЕЙ 

ҚАЗАҚСТАН-НУО 

МЕДИЦИНАЛЫҚ 

КАЗАХСТАНСКО 

РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ 

УНИВЕРСИТЕТ 

УНИВЕРСИТЕТІ 



 



 

Қайталап айтайық, құрт тәрізді өсіндінің іш қуысында орналасуының 

жоғарыда көрсетілген топографиялық ерекшеліктері жедел ап- пендицит 

ауруын анықтау барысында белгілі қиындықтар туғызуы 

ықтимал және туғызады да. Сондықтан аппендициит сырқатын 

анықтау барысында өсіндінің орналасу варианттарының әртүрлі 

болуын хирург-дәрігерлер тұрақты түрде естерінде ұстағандары 

дұрыс. 

 

Жалпы ақпарат ретінде айта кету керек, әдебиет көздерінде бір адамда екі, 

үш,  тіпті  төрт  өсіндінің  болу  мүмкіншілігі  жарияланған  (Карлснко П.Н., 

1956, Кһаnnа А. К., 1983, Бохан К.Л., 2001). Бұндай жағдай, 

әрине, өте сирек кездесетін аномалиялар қатарына жатады. 

 

Біз өзіміздің қырық жылдан асқан тәжірибемізде бұндай жағдайларды 

кездестірген жоқпыз. 

 

Құрт тәрізді өсіндінің анатомиясына көңіл аударсақ, оның ұзындығы мен 

диаметрі ауру адамдардың жасына, жынысына, дене құрылысына 

(конституция) байланысты әр пациентте әртүрлі болып келеді. 

Жалпылап алғанда оның ұзындығы, орта есеппен, 6-8 см-ден 13-23 см- ге, ал 

диаметрі 0,5 — 0,7 см-ге тең болады. Өсіндінің жеке өзіндік 

шажырқайы бар, онда өсіндіні көректендіретін артериялық қан тамыры (a. 

appendicularis), қан жинайтын көктамырлар -(веналар) мен лимфалық 

тамырлар (лимфа тамырлары) және нерв талшықтары орналасады. Құрт 

тәрізді өсіндінің қабырғалары, басқа да қуысты 

ағзалардың қабырға құрылыстары тәрізді, бірнеше қабаттардан тұрады. 

Егер оларды өсіндінің іш жағынан сыртқа қарай қарастырса 

өсінді қабаттары мына ретпен орналасады: а) шырышты, б) шырышты 

асты, 

 

в) бұлшық ет және г) сероза қабаттары. Өсіндінің шырышты және 

шырышты асты қабаттарында көптеген (1500-ге дейін) лимфатикалық 

фолликулалар мен лимфа тамырлары бар. Осы себептен кейбір авторлар 

өсіндіні ішек бадамшасы (tonsilla intestinalis) деп атайды (Колесов В.И., 

1972). 


МЕББМ 

РЕСЕЙ 

ҚАЗАҚСТАН-НУО 

МЕДИЦИНАЛЫҚ 

КАЗАХСТАНСКО 

РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ 

УНИВЕРСИТЕТ 

УНИВЕРСИТЕТІ 



 



 

Қан айналымы және иннервациясы. Құрт тәрізді өсіндіге 

артериялдық қан, жоғарыда көрсетілгендей, аппендикулярлық 

артериямен (а. appendicularis) жеткізіледі, ал ол, өз кезегінде, мықын- жиек 

артериясынан (a. ileo—colica) басталады. Веноздық қан аталған 

артериялармен аттас көктамырлар (веналар) 

арқылы (v. appendicularis, v. ileo — colica) кері қарай ағады. 

 

Лимфа сұйығы өсіндінің шажырқайындағы қан тамырларымен қатар 

орналасатын лимфатикалық тамырлар мен түйіндер арқылы ағады. 

Жедел аппендицитте аталған қан, лимфа тамырлары арқылы өсіндіде 

пайда болған қабыну ошағындағы инфекцияның басқа аймақтарға таральш, 

пилефлебит, бауыр және өкпе абсцестері, сепсис т. с. сияқты қауіпті 

асқынулардың туу себептері болуы ықтимал. 

 

Құрт  тәрізді  өсінді  жоғарғы  шажырқай  өрімдері  (plexus  mesentericus 

superior) талшықтарымен иннервацияланады. Жедел аппендицит 

сырқатының бастапқы (алғашқы) кезеңінде ауру сезшінің, көбінесе, іштің 

жоғарғы  қабатында,  яғни  эпигастрийде,  білінуі,  негізінде,  осы себептен 

болады. 

 

Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің адам организміндегі атқаратын 

қызметі (функциясы) бүгінгі күнге дейін толық зерттеліп, 

анықталмаған проблема. Ол туралы арнайы әдебиет беттерінде әрқилы 

көзқарастар жарияланған. Кейбір ғалымдардың (Дробни Ш., 1983, т.б.) 

деректерінде құрт тәрізді өсінді жетілмей қалған, яғни қалдықты 

(рудиментарлік) ағза, оның организмге қажеті аз және ол адам 

тіршілігіне қажетті қызметтерге еш әсері жоқ деп сипатталса, енді бір 

ғалымдар тобы (Маслов П.Н., 1964, Колесов В.И., 1972 т.б.) өсіндінің 

шырышты және шырьшты асты қабаттарында лимфоидтық тіндердің 

орналасуына көңіл аудара отыра, ол тіндер, лимфоцит түзеу арқылы, адам 

организмінің иммундық және қорғаныш жүйелерінің 

қызметтеріне әсер ететіндей елеулі маңызы бар деген тұжырымға келеді. 

Біз өсіндінің морфологиялық құрылысы мен физиологиясы туралы арнайы 

әдебиеттерде жарияланған көптеген зерттеу 

нәтижелеріне сүйене отыра және өзіміздің меншікті тәжірибемізді 

сараптай келе, айтылған пікірлердің соңғысы шындыққа жақын деген 

ойдамыз.


МЕББМ 

РЕСЕЙ 

ҚАЗАҚСТАН-НУО 

МЕДИЦИНАЛЫҚ 

КАЗАХСТАНСКО 

РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ 

УНИВЕРСИТЕТ 

УНИВЕРСИТЕТІ 



 



 

 

 

Қолданылған 

әдебиеттер:  

С.А.Ажаев  «Ас  қорыту  мүшелері»  Хирургические  болезни.  М.И.  Кузин 

2005  Хирургические  болезни.  В.С.Савельева.,  А.И.Кирненко  2006 

Г.Е.Островерхов.,  Ю.Бомаш.,  Д.Н.Лубоцкий.  Оперативная  хирургия  и 

топографическая анатомия 1998 Хирургия. А.Нұрмақов. Алматы 

жүктеу 233,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау