Кафедра Педагогикалық ғылымдар



жүктеу 1,38 Mb.
Pdf просмотр
бет81/92
Дата04.01.2022
өлшемі1,38 Mb.
#31588
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   92
seminar zhinag zhmp.pdf

d) Ұйымдастыру құжаттары:

 

- Ұйым Жарғысы; 



- Ұйымдастырушылық құрылым; 

- Бөлімшелер (филиалдар) туралы ережелер; 

- Қызметтік нұсқаулар. 

e) Өкім беруші және ақпараттық құжаттары:

 

Бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар; 

- Шұғыл жоспарлар мен бағдарламалар; 



f) Өнім құжаттары:

 

Сызбалар; 

Техникалық шарттар; 



Технологиялық регламенттер; 



-

 Бақылау карталары. 



g) Жазбалар (есеп беру құжаттары).

 

Ұйымның  әрбір  құрылымдық  бөлімшесінде  бөлімшенің  СМЖ  қызметі  сипатын  анықтайтын 



және  осы  қызметтің  нәтижелерін  бақылауды  қамтамасыз  ететін  құжаттар  жиынтығы  болып, 

жұмысшы күйде ұсталуы тиіс. Жиынтық құрамында төмендегідей құжаттар болуы тиіс: 

- бөлімшенің сапа саласындағы мақсаттары мен міндеттерін анықтау; 

- бөлімше орындайтын СМЖ анықтау процедуралары; 

- бөлімше қызметкерлері дайындығын көрсетуші құжаттар; 

- бөлімше қызметі нәтижелері туралы дәлелдейтін құжаттар. 




60 

 

Құжаттама  кез  келген  нысанда  және  кез  келген  тасымалдаушыда  болуы  мүмкін  –  қағаз, 



электрондық, магниттік, материалдық үлгі түрінде және т.б. 

Сапа менеджменті жүйесі құжаттамасына қойылатын талаптар 

Сапа  саласындағы  Саясат  және  Мақсаттар.  СМЖ  құжаттарын  жасау  ұйымның  сапа 

саласындағы Саясатын тұжырымдаудан басталады. Сапа саласындағы саясат – бұл ұйымның жоғары 

басшылықпен  ресми  түрде  тұжырымдалған  сапа  саласындағы  жалпы  мақсаттары  мен  қызмет 

бағыттары. 

Сапа  саласындағы  саясат  ұйымның  жалпы  даму  стратегиясының  бөлінбес  бөлігі  бола  тұра, 

мүдделі жақтардың сенімін ұйым басшылығының өнім сапасына қатысты көзқарастары жүйесін кең 

түрде көрсету жолымен нығайтуға мүмкіндік береді. 

Саясат  сапа  саласындағы  мақсаттарды  қою  үшін  негізбен  қамтамасыз  етеді.  Бұл  мақсаттары 

қол жеткізу болашақта Саясаттың қабылданған стратегияға сәйкестік критерийі мен жалпы ұйымның 

менеджмент  жүйесінің  және  негізінен  сапа  менджменті  жүйесінің  қалыпты  қызмет  етуінің  дәлелі 

бола алады. Ұйым басшылығының сапа менеджменті принциптеріне (МС ИСО 9000:2005) қатынасы 

сапа саласындағы Саясатты жасаудың негізі бола алады. Саясат ұйымның өнім сапасын қамтамасыз 

ету,  басқару  мен  жоғарылату  саласындағы  қызметтің  негізгі  бағыттарын  көрсетуі  тиіс,  оның  ішінде 

басшылықтың  тұтынушылардың  талаптарын  анықтау  мен  орындауы,  СМЖ  тиімділігін  үздіксіз 

жақсарту бойынша міндеттері болуы тиіс 

Саясат – ашық құжат, кәсіпорынның потенциалын жүзеге асырады және жалпы сипаттайды, 

сондықтан оны дұрыс тұжырымдауға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. 

Кәсіпорынның  сапа  саласындағы  саясаты  –  ұйымның  негізгі  бағыттары,  мақсаттары  мен 

заңдары.  Саясат  кәсіпорын  басшылығымен анықталады.  Жоғары  басшылық  СМЖ  жасау  мен  енгізу 

бойынша өзінің міндеттерінің дәлелдерін қамтамасыз етіп, оның тиімділігін үздіксіз жақсартуы тиіс. 

Бұған мыналар арқылы қол жеткізіледі: 

а)  ұйым  назарына  тұтынушылар  талаптарын  орындау,  сонымен  қатар  заңдық  және  міндетті 

талаптардың маңыздылығымен жеткізу; 

б) сапа саласындағы саясатты жасау; 

в) сапа саласындағы мақсаттарды анықтауды қамтамасыз ету; 

г) басшылық тарапынан талдау жүргізу; 

д) қажетті ресурстармен қамтамасыз ету. 

Сапа саласындағы саясатты тұжырымдау үшін жоғары басшылық келесілерді ескеруі тиіс: 

1)  ұйымның  сәттілікпен  жұмыс  жасауы  үшін  қажетті  болашақтағы  жақсартулардың  деңгейі 

мен түрі; 

Мысалы: 

1)  өнімнің  белгілі  бір  түрі  техникалық  деңгейі  тарапынан  әлемде  лидерлік  орынға ие  болуы 

немесе  ұзақ  мерзімді  мақсат  –  мысалы,  ...  жылға  қарай  өнімнің  техникалық  деңгейі  мен  сапасын 

арттыру арқылы өнім сатылымы көлемін .. есе арттыру. 

2) тұтынушылардың қанағаттануының күтілетін және қаланатын деңгейі; 

3) ұйым қызметкерлерінің кәсіби дамуы; 

4) өзге мүдделі жақтардың қажеттіліктері мен үміттері; 

5) ISO 9001 талаптары шегінен шығуға қажетті ресурстар; 

6) Жеткізушілер мен серіктестердің ықтимал салымдары. 

Сапа саласындағы саясат жақсарту үшін пайдаланылады, егер ол: 

1  –  ұйым  болашағы  бойынша  жоғары  басшылықтың  жорамалдары  мен  стратегиясымен 

келсілсе; 

2 – барлық ұйым бойынша сапа саласындағы мақсаттарды түсініп, өткізуге мүмкіндік берсе; 

3  –  жоғары  басшылықтың  сапа  мен  мақсатқа  қол  жеткізу  ресурстарымен  қамтамасыз  етуге 

берілгендігін дәлелдесе; 

4  –  жоғары  басшылықтың нақты  лидерлігімен  барлық  ұйымдағы  сапаға  қатысты  міндеттерді 

түсіндіруге көмектеседі; 

5  –тұтынушылар  мен  өзге  де  мүдделі  жақтардың  қажеттіліктері  мен  үміттерін 

қанағаттандыруға байланысты үздіксіз жақсартулар кіреді; 

6 – барлық персоналға тиімді тұжырымдалған және еппен жеткізілген. 

Сонымен,  мысалдан  көріп  отырғанымыздай,  сапа  саласындағы  саясатты  тұжырымдаудың 

төмендегідей негізгі бағыттары ұсынылады: 

- өнім сапасын жақсарту арқылы кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсарту; 

- өнім сапасын арттыру арқылы өткізім рыногын кеңейту және жаулау; 




61 

 

-  алдыңғы  қатардағы  кәсіпорындар  мен  фирмалардың  деңгейін  жоғарылататын  өнімнің 



техникалық деңгейіне қол жеткізу; 

-  белгілі  сала  немесе  белгілі  аймақтардағы  тұтынушылар  талаптарын  қанағаттандыруға 

бейімделу; 

- қызметтік мүмкіндіктері жаңа принциптерде жүзеге асырылатын бұйымдарды меңгеру; 

- өнім сапасының маңызды көрсеткіштерін жақсарту; 

- өндірілетін өнімнің ақаулық деңгейін төмендету; 

- өнімге берілетін кепілдіктер мерзімін арттыру; 

- сервисті дамыту. 

Саясат  барлық  ұйымның  деңгейлерінде  түсінікті  болуы  тиіс.  Саясат  арнайы  құжатта,  «Сапа 

жөніндегі нұсқаулықта», немесе жалпы фирмалық «Өнім сапасын басқару. Негізгі ұғымдар» немесе 

өзге  де  нысанда  берілуі  мүмкін.  Сапа  саласындағы  саясат  ғылыми-техникалық  немесе  жоспарлық 

сипатта өзге де құжаттарда берілген сапа бойынша тапсырмалар арқылы орындалады. 

Саясатты  жасау  кезінде  нақты  іс-әрекеттермен  (  нақты  сандық  мақсаттар)  дәлелдеу  мүмкін 

емес бос ұрандардан аулақ болған жөн. Саясатты жоғары басшылық тұжырымдайды. Саясатты жасау 

кезінде  ұйым  басшылығынан  басқа  ешкім  оның  алдағы  уақытта  дамуының  барлық  ықтимал 

варианттары  мен  альтернативтерін  ескере  алмайды.  Жұмыс  тобы  Саясат  шыққанға  дейін  оның 

жобасын  ұйым  бөлімшелерінде  талқылау  ұйымдастырғаны  жөн.  Талқылау  қорытындылары 

жасалғаннан  кейін  Саясатты  ұйымның  жоғары  басшылығы  дайындап,  қол  қояды.  Г  қосымшасында 

нақты кәсіпорындағы сапа саласындағы саясатты қалыптастыру мысалы келтірілген. 

Жұмыс тобы персоналды Саясаипен таныстырып, оны түсіндіреді. Саясатпен таныстыру және 

оны  түсіндіру  міндетті  талап  екенін  ескере  отырып,  ұйымның  әрбір  қызметкері  Саясатпен 

танысқандығын  дәлелдеуі  тиіс  (  жазбаша  түрде  болған  жөн).  Саясат  бекітлігеннен  кейін  ұйымның 

сапа  саласындағы  Мақсаттармен  тұжырымдаған  жөн  –  сапа  саласында  қол  жеткізілетін  немесе 

тырысатын  мақсаттар.  Сапа  саласындағы  мақсаттар  ұйымның  сапа  саласындағы  Саясатына 

негізделеді. Мақсаттар ұйымның әрбір қызметтері бойынша және әрбір деңгейлері бойынша жасалуы 

тиіс,  яғни  «мақсаттар  ағашы»  әзірленуі  тиіс:  ұйымның  міндетінен  бастап,  жалпы  ұйымдық, 

спецификалық  және  бөлімшелердің  нақты  міндеттеріне  дейін.  Барлық  Мақсаттардың  өлшенетіндей 

болуына тырысу қажет. 

 Сапа бойынша нұсқаулық. Ұйым сапа жөніндегі Басшылық жасауы тиіс, оған мыналар кіреді: 

-  СМЖ  пайдалану  облысы,  оған  ескертулер  деректерін  негіздей  отырып  МС  ИСО  9001:2005 

талартарының кез келген ескертулері туралы ақпарат кіреді; 

-  процестерді  жүзеге  асыру  әдістерін  суреттеу  немесе  процестерді  жүзеге  асыру  әдістері 

суреттелетін ішкі нормативтік құжаттарға сілтемелер; 

- СМЖ процестерінің өзара әрекеттерін суреттеу. 

Сапа жөніндегі Басшылық дегеніміз ұйымның сапа менеджменті жүйесін анықтайтын құжат. 

Сапа  жөніндегі  Басшылықтар  ұйымның  көлемі  мен  күрделілігіне  сәйкестігіне  байланысты  нысаны 

мен мазмұндау сипатына қарай ерекшеленеді. Сапа жөніндегі Басшылықтың форматы мен құрылымы 

әрбір  ұйымның  қалауына  байланысты  және  оның өлшемі,  мәдениеті  мен  күрделілігіне  байланысты. 

Сапа  жөніндегі  Басшылық  пен  СМЖ  процедураларын  жасау  кезінде  ИСО/ТО  10013:2001 

пайдаланған мақсатқа сай болмақ. 

Сапа жөніндегі Басшылықтың төмендегідей құрылымы ұсынылады: 

-  Атауы  мен  пайдаланылу  аймағы  (Ұйымның  жалпы  суреттемесі,  СМЖ  пайдаланылатын 

стандарт, құрылу мерзімі, ведомстволық бағынушылық, меншік түрі, қызметтер түрлері және т.б.); 

- мазмұны; 

- талдау, бекіту, қайта қарау туралы деректер; 

- сапа саласындағы Саясат пен Мақсаттар; 

-  ұйымның  құрылымы,  жоғары  басшылық  арасында  жауапкершілік  пен  өкілеттіліктерді 

үлестіру; 

- Нормативтік сілтемелер; 

-  СМЖ  суреттеу  (процестер  мен  олардың  өзара  әрекетестігін  суреттеу,  құжатталған 

процедуралар немесе оларға сілтемелер, сапа саласындағы Мақсаттарға қол жеткізу әдістері); 

- қосымшалар. 

Шағын ұйымдар үшін Сапа жөніндегі Басшылыққа сапа менеджментінің барлық құжатталған 

жүйесін енгізген жөн, оның ішінде 7-кестеде көрсетілген барлық міндетті құжатталған процедуралар 

бар.  Ірі  ұйымдарға  бірнеше  Басшылық  және  күрделі  иерархиялық  құжаттама  жасау  қажет  болуы 

ықтимал.  Жүзеге  асырылуы  Сапа  жөніндегі  Басшылық  шегінде  көрсетіле  алмайтын  процестер  мен 




62 

 

әдістер  қажетті  ішкі  нормативтік  құжаттарға  (стандарттар  немесе  нұсқаулықтар)  сілтемелер  беру 



жолымен суреттеледі, олардың тізімі Сапа жөніндегі Басшылыққа қосымша түрінде енгізіледі. 

Сапа  жөніндегі  Басшылық  құрамына  қосымшалар  түрінде  мыналыр  кіре  алады:  басқарудың 

ұйымдастырушылық  құрылымының  сұлбасы,  жауапкершілікті  үлестіру  матрицасы,  процестер 

сұлбасы және т.б. Ұйым Сапа жөніндегі  Басшылықты жарнама-презентациялық мақсатта пайдалана 

алады. 

Сонымен  қатар,  Сапа  жөніндегі  Басшылықтарды  ұйым  мынадай  мақсаттармен  жасап, 

пайдалана алады: 

1) ұйымның сапа саласындағы саясатын, процедуралары мен талаптарын мазмұндау; 

2) сапаның тиімді жүйесін суреттеу мен енгізу; 

3)  процедураларды  басқаруды  жақсартуды  қамтамасыз  ету  және  сапаны  қамтамасыз  ету 

бойынша қызметті жеңілдету; 

4) сапа жүйесін тексеруді өткізу үшін құжатталған базамен қамтамасыз ету; 

5)  сапа  жүйесінің  қызмет  ету  үздіксіздігін  және  оларды  жүзеге  асыру  әдістерін  қамтамасыз 

ету; 


6)  сапа  жүйесіндегі  талаптар  саласындағы персоналды  дайындау  және  оларды  жүзеге  асыру 

әдістері; 

7)  сыртқы  мақсаттар  үшін  өзіндік  сапа  жүйесін  презентациялау,  мысалы,  ИСО  9001 

талаптарына сәйкестігін; 

8)  сапа  жүйесінің  келісім-шарттық  жағдайларда  сапаға  қойылатын  талаптарға  сәйкестігін 

көрсету. 

Қарастырып  отырған  материалды  (басшылық  мазмұны)  барабар  белгілеу  және  табуды 

қамтамасыз  ету  әдістерінің  бірі  сапа  жөніндегі  басшылық  бөлімдерінің  шартты  белгілерін  сапа 

жүйесінің  басшылық  стандартының  қажетті  сәйкес  элементтеріне  қатысты  пайдалану  болып 

табылады. 

ИСО  10013  стандартымен  сәйкес  сапа  жөніндегі  басшылыққа  мынадай  бөлімдер  енгізілген: 

жасалым үшін жауапкершілік, сілтемелерді пайдалану, дәлдік және толықтық. 

Жазу бойынша прктикалық жұмыс құзыретті органмен немесе мақсатқа сай болған жағдайда, 

әр  түрлі  дербес  қызмет  ету  бөлімшелерімен  жүзеге  асырып,  басқарылуы  тиіс.  бар  құжаттар  мен 

сілтемелерді  пайдалану  сапа жөніндегі  басшылықты  жасау  уақытын  едәуір  қысқартып,  сапа  жүйесі 

талаптарына  ықтимал  сәйкессіздіктерге  назар  аударуға  қажетті  учаскілерді  сәйкестендіруге  көмек 

көрсетуге және түзетулер енгізуге көмектесе алады. 

Бұл  мақсатқа  сай  жерде,  және  құжаттардың  артық  көлемін  болдыртпау  үшін  қолданыстағы 

мойындалған  стандарттарға  немесе  сапа  жөніндегі  басшылық  қолданыстағы  құжаттарға  сілтемелер 

пайдаланған жөн. 

Өкілетті  құзіретті  орган  сапа  жөніндегі  басшылық  жобасының  дәлдігі  мен  толықтығын,  осы 

құжаттың тұтастығы мазмұнын қамтамасыз ету үшін жауапты болуы тиіс. 

Сапа  жөніндегі  басшылықты  бекіту,  шығару  және  басқару  кезінде  мыналарға  назар  аудару 

қажет: 


а) ақырғы талдау мен бекіту. Басшылықты шығармас бұрын дәлділік, нақтылық, жарамдылық 

пен  қажетті  құрылымды  қамтамасыз  ету  үшін  жауапты  тұлғаларға  талдау  қажет.  Ұсынылған 

пайдаланушылар баға беріп, осы құжатты пайдалану бойынша ескертулер айта алуы тиіс. 

б)  талдауды  үлестіру.  Мақұлданған  басшылықты  үлестіру  әдісі,  толығымен  немесе  бөлімдер 

бойынша  болсын,  барлық  пайдаланушылар  үшін  қолайлықты  қамтамасыз  етуге  кепілдік  беруі  тиіс. 

Дұрыс  үлестіру  мен  басқаруға,  мысалы,  алушылар  үшін  даналарға  нөмірлік  серияны  қою  септігін 

тигізе алады. 

в)  өзгерістер  енгізу.  Басшылыққа  өзгерістерді  бастау,  жасау,  талдау,  басқару  мен  енгізу 

әдістерін қамтамасыз еткен жөн. 

г)  өзгерістерді  шығару  және  басқару.  Құжатты  шығару  мен  өзгерістерді  басқару  басшылық 

мазмұны белгіленген тәртіппен мақұлданғанына сенімділік беру үшін маңызды. Мақұлданған мазмұн 

жылдам  танылуы  тиіс.  Басшылықтың  әрбір  данасының  өзектілігін  қамтамасыз  ету  үшін  барлық 

өзгерістерді  басшылықтың  әрбір  ұстаушысынан  алынғандығын  және  осы  құжаттың  әрбір  данасына 

енгізілгеніне сендіретін әдіс қажет. 

д)  ескерілмеген  даналар.  Ұсыныстар  жасау  үшін,  тұтынушылар  кәсіпорыннан   тыс 

пайдалануы  үшін  және  басқа  да  мақсаттарды  үлестірілген  сапа  жөніндегі  барлық  басшылықтарды 

өзгерістерді басқару көзделмеген жағдайда ескерілмеген даналар ретінде нақты сәйкестендіру қажет. 



63 

 

Басшылық  құрылымы  стандарттарда,  сонымен  қатар,  кәсіпорынның  өзі  көрсеткен 



талаптарымен  сәйкес  болуы  тиіс.  Кәсіпорын  көрсететін  қызмет  түрлеріне  байланысты,  берілген 

жағдайда кәсіпорын бөлімшесі, басшылық құрылымы төмендегідей болады: 

- жалпы ережелер; 

- арналуы мен пайдаланылу аймағы; 

- сілтемелер; 

- Басшылық мазмұны; 

- сапа саласындағы саясат және ұйым мақсаттары; 

- НТД бюро басшылығының элементтері. 

«Түзету  әсерлері  мен  өзгерістерді  енгізу»  бөлімінде  төмендегілерді  қамтамасыз  ететін 

процедураларды кім жасап, құжат түрінде әзірлеп және жұмыс күйінде ұстап тұратыны түсіндірілуі 

тиіс: 

-  қызметтегі  сәйкессіздік  себептері  мен  қателердің  қайталануының  алдын-алатын  түзету 



әрекеттерінің себептерін анықтау; 

-  қызметтің  сәйкеспеуінің  ықтимал  себептерін  анықтау  және  жою  мақсатымен  барлық 

процестерді,  жұмыс  операцияларын,  келісім-шарттан  шегінулерді,  сапа  бойынша  тіркелген 

мәліметтерді, ұсынылған қызметтерді пайдалану және наразылықтар туралы есептер; 

-  нақты  қатерге  сәйкес  келетін  деңгейдегі  мәселелерді  шешу  үшін  сақтандыру  іс-шараларын 

өткізу; 


- түзету іс-шаралары өткізілетініне және тиімді екеніне көз жеткізу үшін бақылау өткізу; 

-түзету іс-әрекеттерінен туындаған процедуралардағы өзгерістерді пайдалану және тіркеу. 

Түзету іс-әрекеттері шараларының орындалуын бақылап, олардың тиімділігін қажет. 

«Сапа  туралы  мәліметтерді  тіркеу»  бөлімі.  Бөлімше  сәйкестендіру,  жинау,  индекстеу, 

толтыру, сақтау, жүргізу және тіркелген сапа туралы мәліметтерді тәркілеу процедураларын орнатып 

және жұмыс күйінде ұстауы қажет. 

Сапа туралы мәліметтерді тіркеу. Сапа туралы мәліметтерді тіркеу мыналар үшін қажет: 

-  уақыттың  белгілі  сәтіндегі  және  динамикадағы  бөлімше  ұсынатын  қызметтер  сапасымен 

бірге нақты жағдайды бағалау; 

-  көрсетілетін  қызметтердің  сәйкессіздік  себептеріне  талдау  жасау,  әр  түрлі  факторларды 

салғастыру және олардың өзара байланысы мен сапаға әсерін анықтау; 

-  көрсетілетін  қызметтер  сапасын  жақсарту  бойынша  жүзеге  асырылатын  іс-шаралардың 

тиімділігін бағалау. 

Мәліметтерге  наразылықтар,  техникалық  бақылау  және  сынау  нәтижелері,  жабдықтарды 

тексеру  туралы  мәліметтер,  персонал  білімдерін  тексеру  туралы  мәліметтер  және  т.б.  жатқызыла 

алады. 


«Сапаның ішкі тексерісі» бөлімі. Мұнда сапа саласындағы қызметті жоспарланған іс-шаралар 

бойынша  тексеру  және  сапасының  тиімділігін  анықтау  мақсатымен  жоспарлық  және  құжатталған 

сапаның  ішкі  тексерістерінің  ауқымды  бағдарламасын  өткізу  қажет.  Тексерістер  мен  кейінгі  іс-

шаралар құжат түрінде дайындалған процедуралармен сәйкес өткізілуі тиіс. 

Тексерістер  нәтижелері  құжат  түрінде  әзірленіп,  өткізілген  жұмыс  учаскесі  үшін  жауапты 

персоналға  жеткізілуі  тиіс.  Осы  жұмыс  учаскесіне  жауапты  басшылық  уақытында  түзету  іс-

шараларын өткізіп, тексеріс процесінде анықталған кемшіліктерді жоюы тиіс. 

Сапаны  тексеру  келесі  талдау,  сапа  жүйесін  бағалау  мен  қажетті  түзету  іс-шараларын 

қабылдау үшін негіз жасайды. 

«Кадрларды  дайындау  және  олардың  бліктілігін  арттыру»  бөлімінде  сапаға  әсер  ететін 

жұмыстарды  орындайтын  барлық  персоналдың  дайындығын  қамтамасыз  ету  үшін  қажеттіліктерді 

анықтау процедуралары жасалып, жұмыс күйінде ұсталуы тиіс. Белгілі тапсырмалардың орындалуы 

үшін  жауапты  персонал  қажетті  білім,  дайындық  немесе  тәжірибе  негізінде  біліктілік  алуы  тиіс. 

Дайындық туралы барлық мәліметтер үнемі тіркеліп отыруы тиіс. 

Дайындау бөлімше ғана емес, кәсіпорын шегіндегі персоналдың барлық деңгейлерін қамтуы 

тиіс  екенін  айта  кету  маңызды.  Басқа  жақтан  тартылған  және  жаңа  қызметке  тағайындалған 

мамандарды іріктеу мен дайындауға ерекше назар аудару қажет. 

Жетекші персоналды дайындау жұмысын басшылықтың сапа жүйелері принциптерін жетекші 

персоналға  қажетті  және  олардың  жүйе  қызметіне  қатысуын  қамтамасыз  ететін  техникалық 

құралдармен  және  әдістемелермен  бірге  түсінетіндей  етіп  өткізу  қажет.  Сонымен  қатар, 

басшылықтан  жүйенің  тиімділігін  бағалауға  мүмкіндік  беретін  қолданыстағы  критерийлерді  түсінуі 

талап етіледі. 




64 

 

Персоналды  дайындау  да  оның  сапа  жүйесіне  тиімді  қатысуына  әсер  етуі  тиіс.  Дайындық 



сапаны қамтамасыз ету бойынша орындайтын міндеттер жиынтығымен шектелмеуі тиіс. 

Кадрларды  орналастыру  және  оларды  дайындау  кезінде  кәсіби  іріктеу  өткізген  дұрыс,  яғни 

жұмысшының  физикалық,  психикалық,  психофизиологиялық,  антопометрикалық  және  өзге  де 

қабілеттерін  және  мүмкіндіктерін  зерттеп,  негізінен  жүйелі  болып  келетін  осы  зерттеулерді  ескере 

отырып,  оған  мамандық  ұсыну. Кәсіби  іріктеу  көп  шығынды  қажет  етпейді,  бірақ  кадрларды  дұрыс 

орналастыруға байланысты маңызды тиімділік береді. 

Кадрлармен  жұмыс  кезінде  ұжымдар  мен  жекелеген  жұмысшыларды  қажетті  сапаға  қол 

жеткізудің барлық деңгейлерінде моральдық және материалдық ынталандырудың әр түрлі нысандары 

мен  әдістерін  қарастыру  қажет.  Ынталандыруға  сапаға  қол  жеткізу  бойынша  ұжым  мен  әрбір 

жұмысшы  алдында  тұрған  міндеттердің  маңыздылығын  түсінуден  басталуы  тиіс.  Барлық 

жұмысшыларға  жақсы  жұмыстың  артықшылықтары  мен  нашар  жұмыстың  салдары  туралы  ақпарат 

берілуі  тиіс.  Жұмысшылар  мен  тексерушілер  жекелеген  ұжымдар  мен  жұмысшылардың  жұмысын 

бағалай  алатын  сапа  деңгейінің  нақты  және  жалпы  мойындалған  критерийлері  мен  градацияларын 

анықтау  мақсатқа  сай  болмақ.  Барлық  деңгейдегі  жұмысшылардың  кәсіпорынның  экономикалық 

жағдайының көрсетілетін қызметтер сапасына тәуелді екенін түсінуі өте маңызды. Басшылық жоғары 

деңгейге  (талап  етілетін)  сәйкес  келетін  жұмыстың  мойындалып,  сыйлық  берілуін  қамтамасыз  етуі 

тиіс. 

«Техникалық және ақпараттық қызмет көрсету» бөлімі. Техникалық және ақпараттық қызмет 



көрсету  ережелермен  қаралғандықтан,  жауапты  тұлға  техникалық  және  ақпараттық  қызмет  көрсету 

және  оның  белгіленген  талаптарға  сәйкестігін  тексеруді  өткізу  бойынша  процедураларды  жасап, 

оларды жұмыс күйінде ұстауы тиіс. 

Бірақ 


Басшылықтың 

басты 


ерекшелігі 

нақты 


құрылым 

тұтынушының 

нақты 

қажеттіліктерімен анықталуы тиіс. 



 Құжатталған  процедуралар.   Процедура  –  қызмет  немесе  процесті  жүзеге  асырудың 

белгіленген тәсілі. Ұйым, қажет болған жағдайда, көрсетілген міндетті құжатталған процедуралардан 

басқа, қосымша құжатталған процедуралар жасау қажеттілігі келесі жағдайларда туындауы мүмкін: 

- персонал біліктілігінің түрлі деңгейі; 

- персонал ағымдығы; 

-  персоналдың  түрлі  профильді  жұмыстармен  аса  жүктелуі  (мысалы,  бір  қызметкер 

сұрақтардың кең көлеміне жауап береді); 

- жұмыс күрделілігі; 

- жұмыстың аса маңыздылығы, мәнділігі (жауапкершілік). 

Құжатталған  процедуралардың  кіріс  және  шығыс  мәліметтері,  ереже  бойынша,  MS  Word 

немесе  MS  Exsel-де  орындалған  кесте  түрінде  болады  (11-кестені  қараңыз).  Көрсетілген  файлдар 

АСУД-тың қажетті папкасына енгізілген. Процедура жетекшісі қажет деп таныған жағдайда 11-кесте 

түрін өзгертуге құқылы. 

Дербес  мәнді  және  процедураның  кіріс  мәліметтері  болып  табылатын  құжаттар  кестеге 

қосымша түрінде беріледі. Қосымшада процедураны орындау кезінде пайдаланылатын құжаттардың 

мәтіндері беріледі – актілер, хаттамалар, есептер, жоспарлар және т.б. 

Дербес  мәнді  және  процедураны  орындау  барысында  жасалған  және  процедураның  шығыс 

мәліметтері  болып  табылатын  құжаттар  кестеге  қосымша  ретінде  беріледі  немесе  олардың  ҚАБЖ-

дағы  мекен-жайы  көрсетіледі.  Қосымшада  процедураларды  орындау  кезінде  жасалған  құжаттар 

мәтіндері ұсынылады – актілер, хаттамалар, есептер, жоспарлар, тіркеуші жазбалар және т.с.с. 

Сандық  және  мәтіндік  ақпарат,  сонымен  қатар  мәліметтерге  өзгерістер  жауапты  тұлғаның 

өкімі  бойынша  енгізіледі.  Бұл  ретте  кестенің  қажетті  бағасында  оның  аты-жөні  жазылады. 

Құжатталған  процедураның  мәліметтеріне  жіберілген  өзге  персонал  осы  мәліметтерді  оқуға  ғана 

құқылы. 


Егер  процедураның  мәліметтері  хаттамалар,  актілер  немесе  есептер  болса,  онда  бұл 

құжаттарда қажетті қолдар қойылған баспа оригиналы болады және іс-қағаздармен сақталады. 

Егер  процедураның  мәліметтері  технологиялық  процесс  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін 

маңызды  мәнге  ие  болса  немесе  заңдық  мәртебесі  болуы  ықтимал  болса,  онда  олардың  қызметтік 

тұлғалар қол қойған баспа оригиналы болуы тиіс. 

Процедура  басшысының  шешімі  бойынша  құжатталған  процедура  мәліметтерінің  баспа 

көшірмесі болуы ықтимал және бөлімшенің мұрағатында сақталады. 

Процедураны  суреттеу  кезінде  процестер  блок-сұлбаларын  пайдалану  ұсынылады  (flow-

charts).  Блок-сұлба  процестерді  орныдау  кезіндегі  іс-әрекеттердің  тәртібін  көрнекі  түрде  көрсетуге 

мүмкіндік береді. Процедураны блок-сұлба арқылы суреттеу мысалы 17-суретте берілген. 




65 

 

МС  ИСО  9001:2005  0.2  п.  сәйкес  барлық  процестерге  «Plan-Do-Check-Act»  (PDCA)  циклі 



ретінде  белгілі  әдіснаманы  пайдалану  ұсынылады.  17-суретте  берілген  «Құжаттарды  жасау» 

процесінің блок-сұлбасы түзету іс-әрекеттері мен тексеріс нәтижелері бойынша жақсартудың түзету 

объектісі  бола  алады.  Процесс  пен  оның  нәтижелерін  тексеру  (Check)  белгіленген  талаптар  мен 

мақсаттық  көрсеткіштерге  сәйкестік  бойынша  жүзеге  асырылады.  Жақсарту  бойынша  (Act)  іс-

әрекеттердің  мәні  өзгерістер  енгізу  (егер  сәйкессіздіктер  анықталған  болса),  түзету  іс-әрекеттері 

(сәйкессіздіктің  қайталануын  болдыртпау  үшін),  және  процесс  өнімінің  көрсеткіштерін  жақсартуға 

бағытталған іс-әрекеттер. 

Ұйым  стандарттары  (ҰС)  құжатталған  процедаралармен  тығыз  байланысты  және 

процедуралар операцияларын орындау тәсілдері мен ережелерін нақтылайды, толықтырады. 

Ұйым стандарты мыналарға сәйкес келуі тиіс: 

- ҚР СТ 1.14-2004. Қазақстан Республикасы Мемлкеттік стандарттау жүйесі. Жасалым түрлері 

мен тәртібі. 

-  ҚР  СТ  1.5-20047.  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  техникалық  реттеу  жүйесі. 

Стандарттарды құру, мазмұндау, әзірлеу мен мазмұнына қойылатын жалпы талаптар. 

ҰС келесі бөлімдерден тұруы тиіс: 

1.Қолданылу аймағы: 

Қандай өнім түрі және оны жасаудың қандай процестері үшін екені көрсетіледі. 

2.Нормативтік сілтемелер. 

Берілген  ҰС  ҚР  қандай  Заңдарын,  Мемлекеттік  стандарттарына,  ҚН  және  Е,  әдістемелеріне 

және өзге де құжаттарға негізделетіні немесе сілтелетіні көрсетіледі. 

3.Терминдер мен анықтамалар. 

ИСО  9000:2005  халықаралық  стандартына  сәйкес  келуі  тиіс  (ҚР  ИСО  9000:2001  СТ  Сапа 

менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік). 

4. Стандарттың жалпы ережелері. 

Негізін  қалаушы  ережелер  баяндалады,  олар  барлық  операциялар  мен  стандартты  орындау 

кезеідері үшін жалпы болып келеді. 

5. Стандарт операцияларының мазмұны мен уақыт бойынша тәртібінің суреттемесі. 

6. Стандартты орындау кезінде құжаттарды басқарудың автоматтандырылған жүйесіне енгізу 

үшін өнім мен процестер туралы кіріс және шығыс мәліметтердің нысаны мен мазмұны. 

Процестер өнімдерінің өндірістің барлық кезеңдерінде бақыланып, өлшенуін қамтамасыз ету 

мақсатымен  ҰС-да  АСУД-қа  енгізу  үшін  өнім  мен  оны  жасау  процестері  туралы  кіріс  және  шығыс 

мәліметтердің нысаны мен мазмұны көрсетіледі. Егер ҚС-да мәліметтерді беру нысаны көрсетілмесе, 

онда оны процедура басшысы анықтайды немесе  пайдаланылады. Мәліметтер өнім мен процестердің 

сандық  немесе  сапалық  сипаттамалары  бар  кестелер  түрінде  ұсыныла  алады.  Олар  мыналардың 

пайдаланылуымен алынады: 

- ҰС Өнім мен түйінді процестерді сараптық бағалау әдістемесі; 

- ҰС Жобаланып отырған объектілердің сенімділік көрсеткіштерін анықтау; 

- ҰС программалық өнімдер мен оларды өндіру процестерінің сапасын бағалау әдістемесі. 

Кестелер  сапа  менеджменті  жүйесінің  қажетті  ҚАБЖ  папкаларына  енгізіледі.  Олардың 

мәліметтері  сапа  менеджменті  жүйелерін  және  өнімді  өндіру  процестерін  басқару  бойынша 

шешімдерді талдау мен қабылдау үшін пайдаланылады. 

7. Кім  және  не  үшін  жауап  береді,  кім  орындайды,  кім  стандарт  операцияларын  бақылайды. 

Мәліметтер  құжатталған  процедура  файылына  жазбалар  түрінде  енгізілуі  тиіс  және  оны  орындау 

кезінде берілген ҚС пайдаланылады. 

8. Стандартты орындауға арналған ресурстар. 

Стандартты орындау үшін қажетті ресурстарды көрсету. 

Жазбалар.  СМЖ  құжаттарының  ерекше  түрі  –  жазба.  Жазба  –  қол  жеткізілген  нәтижелер 

немесе жүзеге асырылған қызметтің дәлелдері бар құжат. 

Мысалы, жазбаларға жатады: 

- мәліметтерді тіркеу бойынша журналдар; 

- персоналды аттестациялау бойынша есептер; 

- сапаны тексеру туралы есептер; 

- СМЖ талдау бойынша есептер. 

Жазбалар верификацияны, алдын-алу іс-әрекеттері мен түзету іс-әрекеттерін өткізуді бақылау 

мен дәлелдерін құжаттау үшін пайдаланыла алады. Әдетте жазбаларды қайта қарау басқаруды қажет 

етпейді.  Сондықтан  нысандар  мен  жазбалар  арасындағы  айырмашылықтарды  түсінген  жөн. 

Алғашқылар  мәліметтердің  көлемі  мен  мазмұнына  талаптар  қоятын  құжаттарға  жатады,  сондықтан 



66 

 

нысандар қажет болған жағдайда өзгере алады. Жазбалар-өзгермейтін құжат, нақты уақыттағы нақты 



процесс  туралы  мәліметтер  мен  деректерді  сақтаушы.  Нысан  толтырылғаннан  кейін  жазбаға 

айналады.  8-кестеде  көрсетілген  СМЖ  міндетті  жазбаларынан  басқа  ұйымда  жазбалардың  басқа  да 

көптеген  түрлері  пайдаланыла  алады.  Жазбалардың  әрбір  түрі  үшін  арнайы  нысан  жасауы  қажет. 

СМЖ  жазбаларын  басқару  –  бұл  ұйымды  өнім  сапасы,  процестер  нәтижелігі  мен  СМЖ  қызметі 

бойынша  барлық  қажетті  мәліметтермен  жүйелі  түрде  және  үнемі  қамтамасыз  ету  бойынша 

жұмыстар  кешені.  Ұйымжазбалардың  пайдаланылатын  түрлерін,  оларды  сәйкестендіру  тәсілін, 

сақтау  мен  қалпына  келтіру  тәртібін  стипаттайтын  жазбаларды  басқарудың  құжатталған 

процедураларын жасауы тиіс. 




жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау