Кафедра Педагогикалық ғылымдар



жүктеу 1,38 Mb.
Pdf просмотр
бет48/92
Дата04.01.2022
өлшемі1,38 Mb.
#31588
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   92
seminar zhinag zhmp.pdf

қыту  әдiстерi 

-  оқытудың  мақсат-мiндеттерiне  сай  оның  мазмұнын  білім  алушыларға 

меңгертуде  оқытушы  мен  білім  алушылардың  қолданатын  амал-тәсiлдерi  мен  құралдарының 

жиынтығы  болып  табылады.  Оқытушы  оқыту  әдiстерiнiң  көмегiмен    білім  алушыларға  бiлiм  берiп, 

олардың  тәжiрибелiк  әрекетiн  ұйымдастыруда  өзiнiң  iс-әрекетiн  білім  алушылардың  таным  әрекетiне 

басшылық етумен  байланыстырады. 

Әдіс  (гректің  mеtоdоs)  деген  сөзінен  алынған,  табиғат  құбылысын  және  әлеуметтік  өмірдің 

жағдайын  зерттеу  немесе  таным  жолы,  құбылыстарды  оқып  білу  жолдарын,  әдіснамалық  теория 

танымы  мен  шындықты  зерттейтін  тәсіл.  Философия  әдісті  белгілі  түрде  іс-әрекетті  ретке  келтіретін, 

мақсатқа жету тәсілі ретінде қарастырады. 

Тұтастай  алғанда,  әдіс-практикалық  және  теориялық  әрекеттерді  шындығында  меңгеруге 

бағытталған нақты  міндеттерді шешудегі операциялардың, бірдей тәсілдердің жиынтығы. 

Оқыту әдісінің маңызды белгісі  –  дидактикалық  мүмкіндіктер.  Егер осы тәсілмен жоқ дегенде 

бір дидактикалық мәселені шешетін болсақ, мұның өзі  оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет әдісі  қосымша 

болатын  болса,  онда  біз  тәсілмен  жұмыс  істейміз.  Оқыту  тәсілі  -әдіс  элементі,  оның  құрама  бөлігі, 

әдістің  көлемі  бойынша  кішігірім,  құрылымы  бойынша  жай  болатын  болса,  онда  әдісті  және’  әдіс 

модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып табылады. Әдіс пен  тәсіл арасында өзара 

ауыспалық  байқалады.  Беріліп  отырған  пәннің  мазмұнына  қарай  әдіс  тәсілге,  тәсіл  әдіске  айналуы 

мүмкін.  Сөйтіп,  барлық  графикалық  бейнелер  пәндері  үшін  -  тәсіл  болып  табылады  (қосымша 

әрекеттер). 

Әдіс 

пен 


тәсілдің байланысын  кітаппен 

жұмыс  кезінде байқауға болады. 

Оқытушы  оқытудың  нәтижесiн  арттыруда  оқыту  әдiстерiне  қатысты  амал-тәсiлдерiмен  қатар 

оның құралдарын да пайдаланады. 

Оқу құралдарына оқу кiтаптары, көрнекi және техникалық құралдар жатады. 

1.

 



Оқу кiтаптары - оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кiтаптар, анықтамалар, сөздiктер, есептер жинағы т.б. 

2.

 



Көрнекi 

құралдар 

кестелер, 



сызбалар, 

чертеждар, 

суреттер, 

фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық-географиялық карталар т.б. 

3.

 

Техникалық құралдар - үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б. 



Қазіргі  дидактиканың  ең  бір  көкейтесті  проблемасы  –  оқыту  әдісін  классификациялау  болып 

отыр. Әдіс классификациясы - нақты бір белгілер бойынша ретке  келтірілген жүйе. Көптеген авторлар 

оқыту  әдістемесінің  негізіне  түрлі  белгілерді  келтіргендіктен,  классификацияның  алуан  түрлері  бар. 

Дәл  қазіргі  кезеңде  бұл  сұрақ  төңірегінде  нақты  тоқтам  жоқ.  Дидактика  тарихы  ең  алғашқы 

классификацияны 1920 ж. оқыту  әдісінің  екі категориясын бөліп көрсеткен Б.В.Всехсвятский атымен 

байланыстырады.  Ол  бірінші  категория  дайын  білімді  беру,  екіншісі  –  зерттеу  әдісі  екендігін  ашып 




39 

 

көрсетті.  Зерттеу  әдісінің  атқарар  жүгі  алғашқы  категорияға  қарағанда  ауырлау  болды.  Оқытудың 



зерттеу  әдісі  білімді  шығармашылық  тұрғыдан  қабылдауды  және  оны  қолдануға  педагогикалық 

классификацияның жоғарғы деңгейін талап етеді. Бүгінде оқыту процесі көптеген классификациялармен 

толықтырылды, оқыту  әдісі –  уақыт өткен  сайын  өзгеріп  отыратын  және негізгі үш  белгісімен  (оқыту 

мақсатын  білдіреді,  меңгеру  тәсілі,  оқыту  субъектісінің  өзара  байланысы)  сипатталатын  тарихи 

категория  екендігін  дәлелдеді.  Қазіргі  кезде  мына  ғалымдардың  классификациялары  кеңінен 

қолданылуда:  Бабанский  Ю.К.,  Верзилин  Н.М.,  Перовский  Е.И.,  Голант  Е.Я.,  Лордкипанидзе  Д.О., 

Махмутов М.И., Лернер И.Я., Скаткин М.Н.  т.б 

Оқыту  әдісінің  классификациясына  айтылған  әр  түрлі  көзқарастар  «әдістер  теориясының 

дағдарысын» білдірмейді, керісінше олардың әдісті обьективті, айқын көптүрлілігін, ол туралы білімінің 

интеграциясы мен дифференциясын табиғи процессін білдіреді. 

Сонымен  қатар  оқыту  әдісі  классификацияларының  басымдылығымен  қатар  кемшілігі  де  бар 

және бір әдіс белсенді, бір әдіс белсенді  емес деген тұжырым қате болар еді. Оқыту әдісінің өздігінен 

аса  бейтарап  екендігін  түсіну  қажет.  Ол  барлығы  мұғалімнің  мектептегі  оқу  -  танымдық  іс-әрекетке 

қаншалықты  дайын  екендігіне  байланысты  болады.  Көбінесе  әдістер  саласында  педагогтардың  жеке 

басының шеберлігі үлкен рөл  атқарады. Сондықтан да оқыту әдісі педагогикалық өнердің  биік шыңы 

болып келді және ары қарай да солай болып қала бермек. Мектептің оқу-танымдық іс- әрекетінде оқыту 

әдісі түрлі когнитивті функция рөлін атқарады, олар: оқу материалын меңгеру, оны бекіту, білім-білік 

дағдыларын жетілдіру, олардың тұлғалық қасиетін дамыту, әлеуметтік-кәсіби іс-әрекетке дайындау. 

Интербелсенді 

(интерактивті) 

оқу/оқыту 

бірінші 


мезетте 

білім 


игеру 

процесіне 

қатысушылардың  тиімді  қарым-қатынасына негізделеді.  Ағылшын тілінен келген 

«интерактив» 

сөзі 


де  осы  ұғымды  білдіреді: 

«inter» 

дегеніміз 



«өзара» 

мағынасында,  ал 



«act» 



«әрекет  жасау» 

дегенді 

білдіреді. 

Басқаша  айтқанда,  «интербелсенді»  дегеніміз  біреумен  қоян-қолтық  қарым-қатынаста  болу, 

онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. 

«Интербелсенді»  дегеніміз  диалог  арқылы  үйрену/үйрету,  яғни  «үйретуші  -  үйренуші», 

«үйренуші  –  үйренуші»,  «үйренуші  -  өзімен  өзі»  форматтарында  жасаған  қарым-қатынас  («әңгіме», 

«сұхбат», «бірлескен  әрекеттер»). 

Сонымен интербелсенді оқу/оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір 

үйренуші  танымның  (оқу,  үйренудің)  ортақ  мағынасына  және  аяққы  нәтижесіне  өз  үлесін    қосып, 

басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге (білімге) қандай 

бірлескен үйрену/оқу әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды. 

Мұндай  қарым-қатынастағы  бірлескен  әрекеттер  бірін-бірі  жақтыру,  өзара  сыйласымдық  пен 

қолдау  атмосферасында  өтіп, тек қана жаңа  білім игеруге жағдай  жасап  қана қоймай,  сонымен  бірге 

таным процесін өзара ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым-қатынас пен оның 

негізгі нысаны диалогты танымның басты құндылығына айналдырады. 

Интербелсенді  оқу/оқыту  диалогтық  қатынасқа  негізделеді,  ал  диалог  өз  кезегінде  өзара 

түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер  мен проблемаларды бірлесе 

шешуге  алып  келеді.  Үйренушілердің  пікірлері  мен  қойған  сұрақтары    ұстаз    тарапынан  ескеріліп, 

келесі сабақ соларға жауап берумен басталуы  керек. 

Кері  байланыс  ұстаз  бен  шәкірттердің    арасында  сенімге  негізделген  қарым-қатынас  орнатуға 

бағытталады.Сонымен қатар ол өткен сабақты бағалау мен талдаудың, келесі сабақты жоспарлаудың 

тиімді түрі болып табылады. 




жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау