Кафедра Педагогикалық ғылымдар



жүктеу 1,38 Mb.
Pdf просмотр
бет3/92
Дата04.01.2022
өлшемі1,38 Mb.
#31588
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
seminar zhinag zhmp.pdf

Білім  беру  жүйесі

 -  сабақтастығы  бар  білім  беру  бағдарламалары  мен  әр  түрлі  деңгей  мен 

бағыттағы  мемлекеттік  білім  беру  стандарттары  жүйесінің,  оларды  әртүрлі  ұйымдастыру  құқықтық 

формадағы,  типтегі  және  түрдегі  білім  беру  мекемелерінде  іске  асырушы  тармақтардың,  сонымен 

бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. 

Бiлiм  беру  жүйесi қоғамның  әлеуметтiк  –  экономикалық  дамуында  жетекшi роль  атқарады, 

сондай  –  ақ  оны  әрi қарай  айқындай  түседi.  Ал  бiлiмнiң  қалыптасып,  дамуының  жалпы  шарттары 

философияның  негiзгi мәселесi –  рухтың  материяға,  сананың  болмысқа  қатынасы  тұрғысынан 

зерттелетiн iлiм  таным  теориясы  деп  аталады.  Таным  теориясының  басқа  ғылыми  теориялардан 

түбiрлi айырмашылығы  –  ол  бiлiмнiң  қалыптасуы  мен  негiзделуiнiң  жалпы  ұстанымдарын, 

объективтiк қатынастарды қалыптастырады. 

Егемендік  алған  1991  жылдан  бастап,  Қазақстан  Республикасында  ең  алдымен    жоғары    білім  

беру    жүйесін  реформалау  жұмыстары  қолға алынды. Реформа  жүргізудің алғашқы кезеңі 1991-1994 

жылдары болды. Бұл кезде жоғары  білімнің   нормативтік  және  құқықтық   негізі  жасалды,   1991  

жылы. «Білім    беру   туралы»    ҚР    алғашқы    Заңы   қалбылданды,    сонымен  бірге «Жоғары білім 

туралы»  1993  жылы  ҚР  Заңы  жасалып  қабылданды.    1994  жылы  Қазақстан  Республикасы  жоғары  

білімнің  Мемлекеттік  стандарты  бекітіліп,  онда  алғаш  рет  білім  берудің  көпсатылы  құрылымы, 

бакалавр  мен  магистранттардың  академиялық  дәрежелері  белгіленді.  Реформалаудың  келесі  кезеңі 

1995-1998 жылдары болды, ол жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның  мазмұнын жаңартумен 

сипатталды. 

1995-1997 жылдар аралығында 310  жоғары кәсіптік  білім мамандықтары бойынша алғашқы рет 

қазақстандық білім беру стандарттары және   жоғары  оқу  орындарының  қызметін   реттейтін   жаңа   

нормативтік-құқықытық Ережелер қабылданды. Сонымен қатар, 342  мамандықты қамтитын ҚР жоғары 

білім мамандықтарының жаңа жіктемесі қабылданды. Осы кезде жоғары білім берудің мемлекеттік емес 

секторы дами  бастады. Аймақтарда салалас жоғары оқу орындарын біріктіру жолымен классикалық 

үлгідегі университеттер ұйымдастырылды. 

1997  жылдың  13  желтоқсандағы  Лиссабон  конвенциясын  ратификациялау  және  бекіту  туралы 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығы  Қазақстанның  жоғары  білім  жүйесінің  әлемдік 

жоғары білім жүйесіне интеграциялануына зор мүмкіндік берді. Осы жылдары Беларусь, Қырғызстан, 

Ресей  Федерациясы,  Қазақстан  Үкіметтері  арасында  білім  жөніндегі  құжаттардың,  ғылыми 

дәрежелер мен ғылыми атақтардың эквиваленттілігі және оларды өзара тану  жөніндегі келісімге қол 

қойылды. Бұл құжат 1998 жылдың 1 қазанына өз күшіне енді. 

Қалыптасқан  жағдайға  байланысты  білім  жүйесін  нарықтық  жолға  көшіру,  Қазақстан 

Республикасы  Конституциясымен  кепілденген  азаматтардың  білім  алу  құқығын  қамтамасыз    ету, 

мемлекеттік емес  білім секторларының орны мен рөлін анықтау, шетелдік халықаралық және діни білім 

ұйымдарының қызметін құқытық негіздеу туралы 30-шы бабын толық ашу үшін жаңа «Білім туралы» 

заңнамасын  құрастырудың  қажеттілігі  туындады.  Ол  1999 жылы  іске  асты.  Бұл  жылдары  жоғары  оқу 

орындарына  қабылдау  принциптері  түбегейлі  өзгерді.  Мемелекеттік  тапсырыс  негізінде  жоғары 

кәсіптік  мамандар  даярлау  жүзеге  асырылды.  1999  жылы  ҚР-да  талапкерлерді  төрт  пән    бойынша 

кешенді  тестілеуден  өткізу  арқылы  студенттер  контингентін  қалыптастырудың  жаңа  моделі  жасалып 

енгізілді.  2004  жылы  ол  кешенді  тестілеу  мектептегі    бітіру    емтихандарымен  біріктіріліп,  Ұлттық 

Бірыңғай  Тестілеу  енгізілді.  2003-2004  жылдары  халықаралық  стандарттарға  сай  үш  сатылы  жоғары 




 

және  жоғарыдан  кейінгі  кәсіптік  білім  беру  жүйесі:  бакалавр-магистр-доктор  PhD  жүйесінің 



нормативтік  негізі  қалыптасты.  Ол  «2015  жылға  дейінгі  Қазақстан  Республикасының  білім  беру 

жүйесін дамыту тұжырымдамасы»,  «2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім 

беру  жүйесін  дамыту  бағдарламасы».  Бұл  бастамалар  толықтай  2007  жылдың  27    шілдесінде 

қабылданған  «Білім  туралы»  ҚР  Заңымен  бекітілді.  2011  жылы  ақпан  айында  қабылданған  «Ғылым 

туралы» ҚР Заңы жоғары  кәсіптік білім жүйесін дамытуға өз үлесін қосты. 

1991  жылы  Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  бері    жоғары    мектеп  көптеген  өзгерістерге 

ұшырады,  ол  институционалдық,  заңдық,  қаржылық-  шаруашылық  тұрғыда.  Бұрыңғы  алдыңғы 

қатарлы  кеңестік  жоғары  оқу  орындарымен  көптеген  байланыстарын  үзуі  Қазақстанның  жоғары 

мектебінің  бүкіл  инфрақұрылымының  өзгеруіне  әкелді.  Жоғары  оқу  орындары  дамуына  еліміздегі 

күрделі  әлеуметтік-экономикалық  жағдай  едәуір  зардап  тигізді.  Оның  салдарынан  құнды  ғылыми 

кадрлар  шетел  асып,  жоғары  оқу  орындары  ғылыми-оқу  базаларын  жоғалта  бастады.  Көрсетіліп 

отырған  мемлекеттік  көмек  олардың  өмір  сүруіне  жеткіліксіз  еді  және  олардың  кірістерін  азайтты. 

Сәйкесінше, бұл жағдайда жоғары оқу орындарының алдында  «сақталып қалу» мәселесі туындады. 

Сыртқы  әлеммен  коммерциялық  қатынастарды  дамытқан    сайын,  жоғары  оқу  орындарының  ішкі 

реформаларға қажеттілігі өсе берді. 

Қазақстанның тәуелсіздік алғалы өткен уақытты шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады: 

1-кезең - 1991ж.-1994ж.  Жоғары білім  берудің нормативтік- құқықтық негізінің қалыптасуы. Бұл 

кезеңнің  негізгі  міндеттеріне  жатқызуға  болады:  жоғары  оқу  орындарының  желісін  құру; 

республиканың  кадрларды  даярлауда  жеткілікті  дербестікті  қамтамасыз  ету  және  еңбек  нарығының 

қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында  мамандықтар  тізімін  жаңарту.  Бұл  жүргізілген  шаралар 

«Жоғары  білім  беру  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңында  (1993  ж)  анықталды.  1994  жылы 

елімізде алғаш рет жоғары білім берудің көпдеңгейлі құрылымын, бакалавр және магистр академиялық 

дәрежелерін  енгізілуін  бекіткен  Қазақстан  Республикасының  жоғары  білім  берудің  мемлекеттік 

стандарты бекітілді. 

2-кезең  –  1995ж.-1998ж.  Жоғары  білім  беру  жүйесінің  модернизациясы,  оның  мазмұнының 

жаңаруы. Бұл кезең жоғары білім беру жүйесі дамуының концептуалдық негіздерінің  қалыптасуымен 

сипатталады,  ол  1995  жылдың  4  тамызында  Қазақстан  Республикасы  Президенті    жанындағы  

мемлекеттік    саясат  бойынша  Ұлттық  Кеңес  бекіткен  білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясат 

тұжырымдамасында  көрініс  тапты.  Сонымен  бірге,  бұл  кезде  жоғары  оқу  орындарының  қызметін 

реттейтін  басқа  да  нормативті-құқықтық  құжаттар  қабылданды.  Жоғары  кәсіптік  білім    берудің  

алғашқы  қазақстандық   білім беру  стандарттары қабылдана  бастады.  Білім берудің мемлекеттік  емес 

секторы белсене дами бастады. 

3-кезең  –  1999ж.-2000ж.  Білім  беруді  басқару  мен  қаржыландыруды  орталықсыздандыру,  білім 

беру  ұйымдарының  академиялық  еркіндігін  кеңейту.  Бұл  кезеңде  білім  беру  ұйымдарын  басқару 

жүйесінің  орталықсыздандыру  жүрді.  Жоғары  оқу  орындарына  қабылдаудың  қағидалары  өзгерді, 

мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  негізінде  жоғары  кәсіптік  білімі  бар  мамандарды  даярлауға  көшу 

іске  асты.  1999  жылдан  бастап  жоғары  оқу  орындарында  студенттер  контингентін    қалыптастыру 

талапкерлерге  конкурс  негізінде  мемлекеттік  білім  беру  гранттарын  және  мемлекеттік  білім  беру 

несиелерін беру арқылы жүзеге аса  бастады. 

4-кезең  –  2001  жылдан  бастап.  Жоғары  кәсіби  білім  беру  жүйесінің  стратегиялық  дамуы.  2007 

жылғы  27  шілдеде  қабылданған  «Білім  беру  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы  толықтай 

әлемдік  тәжірибеге    сай  үш  деңгейлі  жоғары  кәсіптік  білім  беру  моделіне  көшуді  жүзеге  асыруға 

мүмкіндік берді: бакалавриат – магистратура – PhD докторантурасы. 2010 жылы қабылданған Қазақстан 

Республикасының  2011-2020  жылдарға  арналған  білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік    бағдарламасы 

жоғары  білім  беру  жүйесінің  дамуына  жаңа  өзгерістер  әкелді.  Мамандарды  даярлау  жүйесінің 

ғылыммен  және  өндіріспен  байланысын  күшейту  мәселесі  басты  орынға  қойылды.  Болон 

декларациясына  сәйкес  жұмыс  берушілерді  мамандарды  даярлаудың  негізі  болып  табылатын  оқу 

жоспарларын  жасауға  белсенді  тарту  қолға  алына  бастады.  Жоғары  оқу  орындарының  жаңа  типтері 

зерттеу,  инновациялық  және  тағы  басқалар.  2012  жылдан  бастап  елімізде  жоғары  оқу  орындарын 

оптимизациялау басталды, яғни санын қысқарту арқылы білім сапасын арттыру қолға алынды. 

 


жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау