Студенттердің өз бетімен жұмысы және оны ұйымдастыру.
Студенттерде кәсіби
бағыттылықты қалыптастыру жолдарының бірі – білім беру үрдісінде олардың өзіндік жұмыстарын
күшейту. Студенттердің өзбетімен жұмысын ұйымдастыру арқылы олардың кәсіби бағыттылығын
қалыптастыруға жағдай туады. Студенттің өз бетімен жұмысы – жоғары оқу орнының оқыту үрдісінде
студенттердің өзіндік әрекетін ұйымдастыру мен басқарудың ерекше бір құралы. Олай болса кредиттік
оқыту жүйесінің жоғары мектепте ендірілуі және студенттердің өз бетімен жұмысының үлесінің артуы
оны белсендіруге баса көңіл аудартады. Кредиттің оқыту технологиясының ендірілуіне сәйкес жоғары
оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқыту технологиясын және оның әдістемелік
жағынан қамтамасыз етілуін өзгерту қажеттілігі туындады. Студенттің өз бетімен жұмысы логикалық
ойлауды дамытуды, шығармашылық белсенділікті, оқу материалы негізінде зерттеушілік ықпалды
қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты. Студенттің өз бетімен
жұмысы аудиторлық жұмыспен бірге, оқыту үрдісінің негізгі бөлігі болып табылатын студенттердің
өз бетімен жұмысының жүйелі түрде орындалуы оқытушының жоспарлау және бақылау қызметі
нәтижесінде қалыптасады.
Оқытушы басқаруымен студенттердің өз бетімен жұмысы – оқытушының тікелей қатысуымен
және әдістемелік басқаруымен өтетін студенттің дербес жоспарланған жұмысы. Студенттің өз бетімен
жұмыстарын ұйымдастырудағы қызметі: өз әрекетін өзі ұйымдастырушы; өз бетімен ізденіп,
шығармашылық әрекет жасаушы; өз тағдырын өзі басқарушы. Өз бетімен жұмысты орындауда студент
психологиялық тұрғыда қызмет атқарады. Ол әрбір жағдаятты түсіну, қабылдау, сырттан әсер ететін
ақпараттарды іріктеу, өңдеу, керегіне қарай жүйелеп пайдалану. Мұндай жағдайда оған қабылдау, еске
түсіру, назар аудару, ойлану сияқты психологиялық үрдістер қатысады. Бұл жағдайда студентке оның
жігері мен шешімділігі көмектеседі. Өзін-өзі реттеп, өзін-өзі басқарып, ой елегінен өткізу әрекеті басым
болады.
Жоғары оқу орындарында жеке өзіндік жұмыстың түрлері көп, олар: дәрістерге дайындық,
семинар, зертханалық жұмыстарға, сынақтарға, емтихандарға дайындық, реферат, курстық
жұмыстарды дайындау; дипломдық жобаны орындау.
Аудиториялық студенттердің өз бетімен жұмысы оқу жоспары мен оқу пәнінің бағдарламасы
арқылы анықталып, оқу кестесімен реттеледі, оқытушының тікелей жетекшілігімен дәрісте, семинарда,
зертханалық жұмыстарда, коллоквиумдарда және т.б. жүргізіледі. Аудиториядан тыс орындалуы
міндетті өзіндік жұмыс түрлері: дәріс материалын қарау, конспектілеу, әдебиеттерді рефераттау,
рефератты оппоненттеу, баяндама әзірлеу, кітаптар мен мақалаларға аңдатпа жазу, глоссарий
құрастыру, ізденіс-зерттеу сипатындағы тапсырмаларды орындау, ғылыми-әдістемелік әдебиетті
терең талдау, тәжірибе жүргізу, коллоквиумға, практикалық және семинар сабақтарына дайындалу,
ғылыми немесе проблемалық хабарламалар мен шолулар, жоба әдісі, телекоммуникациялық жоба,
оқыту бағдарламалары (жеке бөлімді/тақырыпты игерудің кезеңмен орындалатын оқу жоспары),
шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды, диплом, курс жұмыстарын орындау.
Өз бетімен жұмысты ұйымдастыру мен оны нәтижелі орындату оқытушы мен студент
арасындағы қарым-қатынасқа, яғни оқытушының студентке дұрыс бағыт беретін, сабақтың өне бойына
оны өнімді іске жұмылдыратын, керекті жағдаятты кәсіби тұрғыдан шешуге талпындыратын
басшылығы мен кеңесіне тікелей байланысты. Қазіргі таңда бүкіл пәнге бөлінетін уақыттың үштен бір
бөлігі өзіндік жұмысқа арналған болса, студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысының да
көпшілігі олардың ізденушілігін күшейту мақсатына бағытталады. Жалпы кредиттік жүйе бойынша
білім беруге көшудің мақсаты – студенттердің өздігінен білім іздеуіне, білімді молайтуына, оны
37
тереңдетуіне негіз болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |