Кафедра Педагогикалық ғылымдар



жүктеу 1,38 Mb.
Pdf просмотр
бет20/92
Дата04.01.2022
өлшемі1,38 Mb.
#31588
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92
seminar zhinag zhmp.pdf

Білім  беру  жүйесі

  -  сабақтастығы  бар  білім  беру  бағдарламалары  мен  әр  түрлі  деңгей  мен 

бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық 

формадағы,  типтегі  және  түрдегі  білім  беру  мекемелерінде  іске  асырушы  тармақтардың,  сонымен 

бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. 

Қазіргі  өскелең  өмір  талаптарына  сай,  жастарға  білім  және  тәрбие  беру,  оларды  жан-жақты 

дамыту  —  қоғам  алдында  тұрған  басты  міндеттердің  бірі.  Білім  беру  -  қоғам  мүшелерінің 

адамгершілік,  интеллектуалдық  мәдени  дамуының  жоғары  деңгейін  және  кәсіби  біліктілігін 

қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. 

Қазақстан  Республикасында  жастарға  білім  беру  үрдісі  халқымыздың  ұлттық  салт-дәстүріне, 

мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. 

Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері: 

• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір 

салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау; 

• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның 

қүқықтары  мен  міндеттерін  ұғынуды,  сондай-ақ  республиканың  мәдени,  қоғамдық,  экономикалық 

және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу; 

• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау; 

• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту; 

• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау. 

Кәсіптік оқыту принциптерінің ерекшеліктері 

Оқытудың  жалпыпедагогикалық  принциптеріне  қоса  кәсіптік  мектептердегі  оқу  үрдісінің 

тиімділігі  мен  табысқа  жетуі  инженер-педагог  қызметкерлердің  кәсіби  оқыту  принцитерін  сақтай 

білуі мен тек оларға тән мына ерекшеліктер де бар. Ол мына принциптер: 

1.  Жалпы  білім  беретін  және  жалпы  техникалық  пәндерді  кәсіптік  бағыттау  принципі.  Бұл 

принцип бойынша кәсіп саласына бағытталған жалпы техникалық және арнайы пәндер циклы өзара 

байланыста  оқытылады,  олардың  мақсаты  білім  алушылармен  бірлесіп  жүзеге  асырылуы  тиіс. 



18 

 

Сондықтан  оқытушылардың  жасайтын  кәсіптік  оқыту  бағдарламаларының  мазмұны  бір  мақсатты 



көздейді. 

2.  Оқу  материалдарын  игеруде  технологиялық  бірізділік  принципі.  Бұл  «Өндірістік  оқыту» 

және  «Арнайы  технология»  пәндеріне  ғана  тән.  Ол  оқушыларға  өндірістік  операцияларды 

бірізділікпен үйрете отырып, ол үлгілерді өндірісте қолдана білуге машықтандыруы тиіс. 

3.  Оқу  үрдісі  кезінде  кәсіптік  қызметті  модельдеу  принципі. Кәсіптік  қызметті  оқу  үрдісінде 

модельдеу деп белгілі бір кәсіби іс-әрекетті қалыптастыру үшін тиісті оқыту әдістері мен түрлерін 

таңдап алу арқылы оқытуды айтады. 

Жұмысшы қызметінің эталондық моделін қалыптастыруға мына талаптар кіреді: 

- жұмыс орнындағы атқаратын қызметін жетік білу; 

- жұмысшының өзі шешуі тиіс міндеттерін білу; 

-  тиісті  міндеттерді  орындау  үшін  жалпы  кәсіптік,  жалпы  технологиялық  және  арнайы  білім, 

білік, дағдыларын жете меңгеру. 

4  Кәсіби  жұмылдыру  принципі.  Бұл  принцип  білім  алушылардың  кәсіпті,  жаңа  техникалық 

құралды,  технологиялық  процесті,  жаңа  мамандықты  игеруде,  біліктілігін  көтеруде  білім  мазмұны 

мен  оқу  үрдісін  оқушылардың  өздігінен  үйренуіне  жұмылдыру.  Өндірістің  даму  болашағын  түсіну, 

бағытын  білу,  практикалық  мәселелерді  пайымдап  шеше  білу,  ой-өрісінің  кеңдігі  шығармашылық 

қабілетін  сол  іске  жұмылдыра  білуіне  байланысты.  Принцип  мақсаты  тек  кәсіби  дағдыларды  игеру 

емес,  оны  инновациялық  түрде  дамытып,  техника,  технологияның  ұйымдастыру  тәсілдерінің  тиімді 

жетілдіруінде болып отыр. 

5  Кәсіби  оқытудың  модульдік  принципі.  Модульдік  оқытудың  мәні,  оқушылардың  жеке  оқу 

бағдарламасына сай тапсырманы, не ақпаратты өзінше өңдеп, әдістемелік нұсқауларды басшылыққа 

ала отырып, көздеген мақсатына жету. Бағдарлама вариативті (таңдаулы) түрде беріліп, әлеуметтік 

сұранысқа  орай  модуль  мазмұны  жаңартылып  отырады.  Модуль  деп  оның  принципін  іске  асыру 

оқушының  барлық  іс-қимыл  әрекетін  біртұтас  етіп,  кәсіби  деңгейін  дамыта  оқытатын  дәрежеге 

бағыттап,  жеткізуді  қамтамасыз  етеді.  Осы  аталған  оқыту  принциптерін  жүйелі  түрде  сақтап,  іске 

асырған инженер-педагог өз қызметінде шәкірттеріне дидактикалық, тәрбиелік және дамыта оқыту 

арқылы кәсіптік білім бере алады. 

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін 

орта,  оның  жүрегі  -  мұғалім.  Ізденімпаз  мұғалімнің  шығармашылығындағы  ерекше  тұс  -  оның 

сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, 

арындай  таза  ұстау  -  әр  мұғалімнің  борышы.  Ол  өз  кәсібін,  өз  пәнін,  барлық  шәкіртін,  мектебін 

шексіз  сүйетін  адам.  Өзгермелі  қоғамдағы  жаңа  формация  мұғалімі  –  педагогикалық  құралдардың 

барлығын  меңгерген,  тұрақты  өзін-өзі  жетілдіруге  талпынған,  рухани  дамыған,  толысқан 

шығармашыл  тұлға  құзыреті.  Жаңа  формация  мұғалімі  табысы,  біліктері  арқылы  қалыптасады, 

дамиды.  Нарық  жағдайындағы  мұғалімге  қойылатын  талаптар:  бәсекеге  қабілеттілігі,  білім  беру 

сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. 

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі 

жүзеге  асыруға  талпынған  әдіснамалық,  зерттеушілік,  дидактикалық  -  әдістемелік,  әлеуметтік 

тұлғалы,коммуникативтілік,  ақпараттық  және  тағы  басқа  құдыреттіліктердің  жоғары  деңгейімен 

сипатталатын  рухани-  адамгершілікті,  азаматтық  жауапты,  белсенді,  сауатты,  шығармашыл  тұлға. 

Жаңа формациядағы мұғалім: 

Біріншіден – жаңа формациядағы педагог ретінде өз мүмкіндігін объективті түрде бағалайтын, 

яғни өзінің күшті де әлсіз жақтарын білуі қажет; 

Екіншіден – интеллектуалдық іс-әрекеттің жалпы мәдениеттік педагогикалық этикасін меңгеру; 

Үшіншіден  –  әлемдік  білім  беру  кеңістігінің  даму  тенденциясында  жүріп  жатқан 

интеграциялық процестерге бейімделу керек. 

Білім беру жүйесі өзгергендіктен, білім беру процесіндегі негізгі жылжымалы күш – педагог та 

өзгеруі тиіс. Білім беру шеңберіндегі «Педагог – оқушы – ата-ана» бір бағытта жұмыс істегенде білім 

беру  процесіндегі  салаларға  максималды  нәтижеге  қол  жеткіземіз.  Ертеңгі  жаңа формация  мұғалімі 

қысқа және ұзақ мерзімді әдістемелік мәселелерді әзірлеп, оларды шешу деңгейін бағалауға, өз-өзіне 

талдау  жасауға  көп  уақыт  бөліп,  өз-өзін  оқытып,  үйретуге  ұмтылады.  Ал  кездескен  қиындықтар 

белсенділікті көтеріп, кәсіби дамуды басқарып, одан нәтижеге жетеді. 

Нәтижеге  бағытталған  білім  моделі  мен  басқарудың  жаңа  парадигмасы  аясында  жекелеген 

ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың 

кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. 

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, 

соның  нәтижесінде  өзіндік  іс-  әрекетке  енуге  және  жеке  өміріндегі  тәжірибені  жетілдіру 



19 

 

мақсаттарына  байланысты  қалыптасады.  Осы  заманғы  мұғалім  оқуға  үлкен  потенциалдық 



мүмкіндіктермен келеді. 

Сондықтан  олардың  функционалдық  сауаттылықтарын  кәсіби  шеберлікпен  ұштастыру  үшін 

нәтижеге  бағытталған  білім  беру  үлгісінде  мақсатты  түрде  білім  беретін,  қалыптастыратын, 

дамытатын  андрогогикалық  процесс  қажет.  Басқаша  айтқанда  ересектерге  арналған,  жалпы  және 

кәсіби  білімнің  қажеттілігін  дамыту,  ғылым,  білім  мен  мәдениет  жетістіктері  арқылы  адамдардың 

жалпы  мәдениеті  мен  әлеуметтік  белсенділікті  дамытуға  бағытталған  танымдық  іс-әрекетке 

ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен 

«мәдениет  адамына»  бағытталған  білімге  көшуді  көздейді.  Бұл  білім  беру  жаңаша  ұйымдастыру- 

оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек 

қайта қарауды қажет етеді. 

Сондықтан  бүгінгі  күні  еліміздің  білім  жүйесінде  оқыту  үдерісін  тың  идеяларға  негізделген 

жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. 

Ең  бірінші  кезекте  мұғалімнің  « өзіндік  жаңалығы»  болуы  қажет.  Ғылым  жаңалығын 

түрлендіруде  өз  үлесін  қосу  арқылы  жасаған  нәтижелі  жұмысы  өзгелердің  тәжірибесін  толық 

көшірмей,  жаңа  ортаға  икемдеп,  өзіндік  іс-  әрекет  жиынтығы  арқылы  айтарлықтай  нәтижеге  қол 

жеткізу  керек.Қазіргі  кәсіптік-  педагогикалық  қызмет  қандай  мұғалімді  талап  етеді.  Мұғалім  – 

оқушылардың  жеке  тұлғасын  дамытуға  басымдық  беретін,  күрделі  әлеуметтік-мәдени  жағдайларда 

еркін  бағдарлай  алатын,  шығармашылық  процестерді  басқара  алатын,  адам  туралы  ғылымның 

жетістіктерін,  оның  даму  заңдылықтарын,  компьютерлік  оқыту  өнерін  терең  меңгерген  жан-  жақты 

дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді. 

Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік 

білетін,  оқушының  шығармашылығы  мен  дарындылығының  дамуына  жағдай  жасай  алатын, 

тұлғалық-  ізгілілік  бағыттылығы  жоғары,  педагогикалық  шеберлік  пен  өзінің  іс-  қимылын 

жүйелілікпен  атқаруға  қабілетті,  оқытудың  жаңа  технологияларын  толық  меңгерген  және  білімдік 

мониторинг негізінде  ақпараттарды  тауып,  оларды  таңдап  сараптай алатын,  отандық  және  шетелдік 

тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз. 

Қоғамдағы  білім-беру  саласындағы  инновациялық  үдерістер  мен  реформалар  оқытушының 

ісіне еңбек жолына – «инновациялық білімді», «ақпараттық даярлықты», «ақпараттық технологияны» 

және  тағы  басқа  технологияны  алып  келді.  Осы  аталған  жаңа  инновациялық  ілімдер  нарықтық 

экономикалық заманда құзыретті бәсекеге сай маман әзірлеуді  жүктеп отыр. 

Қай заманда болсын өзінің атқаратын қызметіне қарай, жеке қасиеттерінің көптүрлілігіне орай, 

өзіне  міндеттелген  талаптарға  сай,  оқытушы  мамандығы  басқа  мамандықтарға  қарағанда  ең  қиын 

және  ең  ізгілікті  мамандық  болып  саналады.  Себебі,  мұғалімнің  негізгі  міндеті  жер  жүзіндегі  ең 

құнды дүние- адамды кемелдендіру болып табылады. 

 


жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау