Ш-Шығыс,
Б-Батыс
деген
белгілер
аббревиатуралар деп аталады.
Шартты белгілер, рәміздер тҥрінде бейнелеген тарихи
қҧбылыстар оқушының ойлау қызметіне тірек болады. Белгілер
ойда қалыптасқан бейнелерге назар аудартады. Мысалы оны
мына 1-қосымшадан кӛруге болады. Онда белгілі нақты заттың
не қҧбылыстың шартты бейнелері кӛрсетілген.
Жақсы ойластырылған кескіндемелік сҧлбалар кҥрделі
мәселені бірнеше ҧсақ бӛліктерге бӛліп, шартты тҥрде бейнелеуге
мҥмкіндік береді. Бҧл жағдай оқушылардың зейінін нақты
тақырыпқа аударып, ондағы жекелеген кезеңдерді тҧтастықта
қабылдауына кӛмектеседі. Оқушылардың базалық білімді
игеруіне кӛру арқылы қабылданған тірек ҧғымдар едәуір ықпал
жасайды. Мҧндай тірек конспектілер оқу материалын қисындық
мазмҧндауға, басты деректерді есте сақтауға жҧмылдырылған
109
шартты-кескіндемелік белгілердің жҥйесін қҧрайды. Мҧнда
редукция принципі негіздеуші болып табылады. Сондықтан тірек
схемалар бірнеше блоктарға бӛлінеді, олардың әрқайсысы
жекелей мәндік мазмҧнға ие болады. Графикалық символдар
унифицитивті және бірмағыналы болады, ондағы детерминаттар,
логатипттер, пиктограммалар схеманы ретімен оқуға ешқандай
ықпал етпейді, ол кез келген белгіден де, кез келген бағытта да
оқыла береді. Оның артықшылығы да осыда. Себебі оқушы
тарихи кеңістікті тҧтастай кӛз алдында кӛре алады. Тірек
схемалар бойынша тарихты оқу ӛрлеудің альпинистік
алгоритміне ҧқсайды.
Тірек – динамикалық схемалар әдістемесі бірнеше курстан
тҧрады.
Тірек-динамикалық схемалардың базалық лагері ролін
танысу курсы орындайды. Оның мақсаты оқушыда оқып отырған
пәндегі байланысты және логикалық қайшылықсыз тҥсінікті
қалыптастыру. Пән туралы жалпы ҧғыммен қатар танысу курсы
оқушының тілдік біліктілігін дамытуға да ықпал етеді.
Нәтижесінде оқушы схема бойынша кеңейтілген тҥрдегі жауапты
бере алады.
Тірек-динамикалық схемалар қолданылатын сабақтарды
лимиттелген сабақтар деп атайды. Классикалық дәстҥрлі сабақтар
материалды фрагменттерге бӛліп, оны «қайталау-тҥсіндіру-
бекіту» тҥріндегі триадалық принциппен оқытса, тірек-
динамикалық схемаларды қолдануда тақырыптан тақырыпқа жай
ғана кӛше отырып, білімді қалыптастыру жҥзеге асады. Мҧнда
сабақты сҧраудың ролі мен тҥрі, баяндау әдісі, оқылатын
материал кӛлемі ҥлкен мақсат қоюшылықпен және оны тиімді
жҥзеге асыру талабымен анықталады.
Сондықтан тірек-динамикалық схемалардың мәні мҧғалім
мен оқушының толық шығармашылық еркіндігінен кӛрінеді.
Мҧндай
формада
ҧйымдастырылған
сабақта
сҧраудың
интенсивтілігі артады. Сондай-ақ мҧндай сабақ оқушыларды
жалықтырмайды,
оқушылардың
бір-бірінен
тапсырманы
кӛшіруіне мҥмкіндік бермейді, сыныпта педагогикалық террор
атмосферасын туғызбайды.
Тірек-динамикалық схемалардың негізгі курсы сабақтастыққа
негізделген. Оның мазмҧны әрбір келесі жаңа схеманың ӛзінің
алдындағы схеманың бір бӛлігін ӛзіне енгізуге есептеледі. Негізгі
110
курс оқушылардың қабілеті мен тілегін есепке ала отырып
дифференцитивтік тҥрде жҥзеге асырылады. Мҧнда ең алдымен
оқулық текстімен жҧмыс жасау, деректер мен қҧжаттарға талдау
жасау алдыңғы орынға шығады да, схемалар оқу жҧмысының
қҧралдары ретінде периферияға қалдырылады және қажеттілігі
мен тілегіне қарай қолданылады.
Жалпы мектепте әртҥрлі деңгейдегі балалар оқиды. Осыған
сай тірек нҥктелер нашар оқитын, аурушаң балалардың
материалды берік игеруі ҥшін ӛте қолайлы. Хаббардтың атақты
«Диалектикасы» «оқытудағы кез келген сәтсіздік жалғыз ғана
тҥсініксіз терминнен басталады. Басынан тҥсініксіз болған нәрсе
ешуақытта да тҥсінікті болмайды» дегеніндей оқу материалын
бірден оқушыға тҥсінікті жолмен беру ӛте-мӛте маңызды. Оқу
материалының редукциясы оны кез келген оқушыға оның
қабілетіне қарамастан тҥсінікті етеді, ал жҥйелі тҥрде қҧрылған
схемалар алынған білімді нақтырақ бекітуге мҥмкіндік береді.
Сондықтан бҧл технология тиімді пайдалану ҥшін ол нақты
жоспарлануы, мақсаты айқындалуы керек.
Тірек-динамикалық схемаларды жеке мҧғалімдердің ӛздері ӛз
оқушыларына арнап қҧрады. Тірек-динамикалық схемалардың
ӛзі бірнеше компоненттерден тҧрады. Олар:
1.Символдар:
2.Схемалар:
3.иконикалық модельдер мен пиктограммалар;
4.Кестелер
Жалпы тарихты оқыту процесінде кеңінен қолданылатын –
шартты-графикалық белгілер деп те аталады. Оған жататындар:
схемалар, диаграммалар, аппликациялар, схемалық суреттер,
таблицалар (кестелер). Олар шектеулі тҥсініктерді тҥсініктерді
қалыптастыру
ҥшін,
тарихи
оқиғалардың
мәні
мен
байланыстарын, олардың динамикасының қалыптасуы ҥшін
қолданылады.
Бҧлар оқушылардың ойлау іс-әрекетіне негіз ретінде қызмет
етеді. Оқытуда қолданылатын белгілер ойлау образын
нақтылайды.
Тірек-динамикалық
схемаларды
қолданудың
нәтижесі туралы зерттеу негіздеріне сҥйенетін болсақ, затты,
қҧбылысты бақылау оқушылардың есінде қабылданғанның 90%
қалдырады. Сондықтан мҧғалім сабаққа тірек схемаларды
қолданарда оны мҧқият та жан-жақты әзірлеуі керек.
111
Тірек-динамикалық схемалар тобына жекелей тоқталатын
болсақ:
А) символдар. Символдар- сыртқы белгі, яғни белгілі бір
ҧғым туралы ой туғызатын бейнелі образдық белгі. Символдарды
екі топқа бӛлуге болады:
1.ақпараттық, оған жеке тарихи қҧбылыстарды бейнелейтін
шартты белгілер жатады:
2. жанама, оған жалпы тарихи тҥсініктерді білдіретін
символдар жатады. Мҧндай символдар тҥрін 1-қосымшадан
кӛруге болады.
Әрине тірек-динамикалық схеманы барлық тақырыпқа
қолдану мҥмкін емес. Дегенмен тірек-динамикалық конспектіні
қолданудың тиімділігі ӛте жоғары деп атауға болады. Ӛйткені ол.
1-ден,
оқушыларға тарихи процестер, оқиғалар мен
қҧбылыстар туралы неғҧрлым айқын тҥсінік алуға кӛмектеседі;
2-ден, оқушылардың зейінін шоғырландыруға ықпал етеді, ең
қиын қозғалғыш баланың ӛзін материалды тыңдауына мәжбҥр
етеді;
3-ден,
конспект-схемамен жҧмыс логикалық ойлауды
дамытады, себеп-салдарлық байланысты тҥсінуді жеңілдетеді;
4-ден, тірек конспект нәтижесі білімді тексеру мен
бақылауды жеңілдетеді.
Тірек-динамикалық схемаларды қолданудың оқыту процесіне
кері әсер ететін жағы да бар. Оны ҥнемі қолдану тарихты
схематикалық тҧрғыдан тҥсінуге әкелуі мҥмкін. Сондықтан
тарихты схематикалық тҧрғыдан тҥсіну қалыптаспас ҥшін ҥнемі
оқушыларға тарихи оқиғаларға адамдар қатынасатынын, олардың
ойлары, кӛзқарастары болатынын айтып отыру керек.
Б) Тірек-динамикалық схемалар тобына жататындардың бірі
–схемалар. Схемалардың мынадай тҥрлері бар:
1.сӛздік-логикалық схемалар
2. графиктер
3. диаграммалар
Сӛздік-логикалық схемалар – мәндік мағыналар жҥйесін
береді. Олар логика заңдары бойынша қҧрылады және терминдер
мен ҧғымдардан, персоналдардан, даталардан, логикалық
байланыстардан тҧрады. Оларға қойылатын талаптар:
1. қабылдау ҥшін қарапайым болуы керек;
2. солдан оңға және жоғарыдан тӛмен қарай оқылуы керек;
112
3. бір беттен артық болмауы керек.
Ең алдымен оқушылар есте сақтауға, айтуға және сӛздік-
логикалық схеманы тҥсінуге тиіс, содан кейін олар ӛз бетімен
мҧғалімнің ақпараты немесе оқулық материалы бойынша
дәптерлеріне толтыруға әрекет жасайды. Ал жоғарғы сыныптарда
олар ӛздерінің жеке сӛздік-логикалық схемасын қҧрады,
синтездің, анализдің, салыстыру мен жинақтаудың логикалық
операцияларын оңай қолданады.
Сӛздік-логикалық схемалармен жҧмыс жасау оқушылардың
сӛздік-логикалық ойлауын дамытып, олардың ҧғымдармен,
пікірлермен, тҧжырымдармен жҧмыс жасауын жетілдіреді.
Тірек-динамикалық схемалармен қатар сабақ тиімділігін
арттыруды қолданылатын әдістің бірі – шартты-графикалық
бейнелер мен таблицалар. Шартты-графикалық бейнелерге
жататындар:
логикалық
схемалар,
графиктер,
диаграммалар,
аппликациялар, схемалық суреттер мен иконикалық модельдер
мен пиктограммалар.
Иконикалық модельдер мен пиктограммалар дегеніміз – жаңа
материалды оқыту кезінде мҧғалім әңгімесіне кӛмекші болатын
қарапайым суреттер. Мҧндай суреттерді қолдану әсіресе ортаңғы
сыныптарда тиімді жҥреді.
Тарихты пиктограммалық оқыту әдісі кӛру арқылы сезінуге,
образдық тҥсінікті қалыптастыруға негізделген. Бҧл әдіс оқу
материалындағы негізгіні, мәндіні есте сақтауға, тиістіні суретке
айналдыра отырып бӛліп алуға негізделген.
Схемалық суреттер заттың неғҧрлым мәнді белгісін бере
отырып, ҧғымның қалыптасуына әсер етеді. Тақтаға бормен
салынатын сурет оқу материалын ауызша баяндау барысында
қолданылады және кӛру тірегі ретінде қызмет етеді. Бҧлар
негізінен қарапайым, материалдық заттардың, адамдардың,
әскери шайқастардың, шаруашылық іс-әрекеттік бейнені
білдіретін суреттер. Схемалық бейнелеу кӛмегімен мҧғалім
қҧбылысты логикалық реттілікпен ашып береді.
Оқушыларда шынайы тарихи образды қалыптастыру ҥшін
иллюстрациялармен және фотографиялармен бірге схемалық
бейнелерді салыстырудың да маңызы зор. Мысалы Ежелгі
Египеттің монументальдық ескерткіштерін әңгімелей отырып
мҧғалім әуелі пирамиданың фотографиясын кӛрсетеді, сосын
113
бормен пирамиданың кесіндісін сызып, оның ішкі қҧрылымын
бейнелейді.
Суретпен бірге аппликацияларды да қолдануға болады.
Латын тілінен алғанда «аппликация» «қосымша», «біріктіруші»
деген мағынаны білдіреді. Аппликация қағаздан немесе
картоннан қиып жасалған оқылып отырған кезеңге тән
заттардың, адамдардың, еңбек қҧралдары мен қарулардың,
жануарлардың бейнелері, суреттері, силуэттері, символдары.
Мысалы, жауынгердің фигурасы -әскерді білдіреді. Мҧндай
бейне-символдар оқылып отырған оқиғалар мен қҧбылыстар
туралы неғҧрлым айқын бейнелердің қалыптасуына кӛмектеседі.
Аппликациялар тақтаға ілініп, баяндау барысында оқиғалар
мен фактілердің мәнді жақтарын ашуға кӛмектесе отырып бірін-
бірі
ауыстырады.
Әрбір
жаңа
аппликацияның
ілінуі
оқушылардың зейінін нақты әрекетке аударып, образды кӛзге
елестете алуды қалыптастырады. Егер мҧғалім аппликацияларды
метал тақталарға бекіте отырып оларды модельге айналдырса
оқушыға әсер ету, есте қалдыру тиімділігі артады.
Аппликациялар кӛбінесе орта буын оқушыларын оқытуда
жиі қолданылады. Тӛменгі сыныптарда қолдан жасалған
аппликацияларды, сондай-ақ әртҥрлі белгілерді қолдануға
болады.
Ал жоғарғы сыныптарда кӛбінесе схемалық бейнелер
қолданылады, яғни тҥсіндіру кезінде мҧғалім тақтаға стрелкалар,
бағыттауыштар, тӛртбҧрыштар, дӛңгелектерді сызып отырады.
Бҧлар шартты-графикалық кӛрнекіліктің элементтері болып
табылады. Бҧған жататындар: таблицалар, диаграммалар,
графиктер,
логикалық
схемалар.
Схемалар
тарихи
қҧбылыстардың арақатынасын, белгілері мен байланыстарын
бейнелейтін чертеж. Схеманы біртіндеп сызу баяндауды тҥсінуді
жеңілдетеді. Схемалар кӛмегімен мҧғалім ӛз пікірінің тізбегін
кӛрсетеді.
Тірек конспектілер – оқу материалындағы ақпаратты игеру
ҥшін қажеттілікті бейнелейтін шартты белгілер жҥйесі деп атап
кӛрсеттік. Білімді нақтылаудың осы жҥйесі, яғни тірек
нҥктелермен жҧмыс жҥргізу ісі ХХ ғасырдың 60-жылдарында
шетелдік мектептерде пайда болып, мектеп оқулықтарында орын
алған. Одан кейін мҧндай тірек схемалар тарих пәніне арналған
114
методикалық қҧралдарда орын алған. Осы тірек конспектілерді
қалай даярлауға болады?
Тірек-динамикалық схемалар әдісін қолдану ҥшін оның
мазмҧнын ашатын басты терминдерді анықтау қажет. Олар
мыналар:
1. тірек –бір нәрсеге сҥйену немесе кӛмек алу;
2. конспект – бір нәрсені қысқаша баяндау не қысқаша жазу;
3. сигнал – кез келген әрекетті бастауға серпін беруші;
4. пиктограмма – кез келген әрекетті, оқиғаны, затты
бейнелейтін шартты сурет;
5. белгі – бір нәрсені белгілеуге қызмет етуші таңба;
6. символ – белгілі бір ҧғым, идеяны шартты тҥрде
бейнелеуге қызмет етуші зат, әрекет.
Оқу процесінде кӛру есін жоғарғы дәрежеде қолдану
мақсатында және тарихты оқытуға қызығушылықты дамыту ҥшін
шартты белгілерді енгізуге болады. Сондай-ақ жалпыға ортақ
стандартта белгіленген белгілер мен қысқартулар да бар.
Мысалы, ҚР, ҒТР, т.б
Осыларды қажетті тәртіпке біріктіріп, іріктесе ақпаратты
игеруге қажетті сигналдар, шартты белгілердің жҥйесін
бейнелейтін тірек конспектілер шығады.
Тірек конспектілерді жасамастан бҧрын тірек сигналдарды
жасау қажет. Бҧл жҧмыс оқушылардың ӛздерін қатыстыру
арқылы да жҥргізіледі. Тірек сигналдар толық даяр болғаннан
кейін барып мҧғалім тірек конспектілерді жасайды.
Жалпы тірек конспекті қҧру жҧмысы тӛмендегі тәртіптерді
қатаң ҧстаған жағдайда ӛте сәтті болады.
1. мҧғалім оқу материалының, мектеп оқулығының мазмҧнын
жақсы білуі керек; Ол ҥшін ең алдымен
а) оқулықты тҧтастай, бӛліктерге бӛліп және жеке
тақырыптар бойынша оқиды;
б) тақырыпты оқи отырып мҧғалім текстке қҧрылымдық-
функционалдық
талдау
жасайды,
әрі
оқулықтың
қай
параграфтарын бір сабақта оқуға біріктіруге болатынын
анықтауы керек;
2. Оқып, талдап болғасын мҧғалім тірек сигналдар парағын
жасайды. Ол ҥшін А4 форматқа материал бойынша шартты
белгілерді тҥсіреді. Оқу материалының кҥрделілігіне қарай
мҧғалім бір бетке 1-ден 4-ке дейін блокты, тақырыпшаны
115
қҧрастыра алады. Мысалы, оқулықта 60 параграф болса, тірек
конспектіде одан аз болады. Осы параққа ҥй тапсырмасын –
сигналдарды шешуді де кӛрсетуге болады.
3. Шартты белгілер оқушыларға тҥсінікті де есте қалатындай
болуы керек.
Теориялық оқу материалын оқу ҥшін кестелер (таблицалар)
мен схемалар да қҧрылады.
Мектеп мҧғалімі сабаққа тірек сигналдарды қолдану ҥшін
оны жан-жақты жақсы ҧйымдастыруы керек. Дҧрыс та нақты
қҧрылған тірек конспекті кҥрделі мәселені бірнеше детальды
пункттерге бӛлуге, оны шартты формада бейнелеуге, сонымен
бірге тыңдаушылар назарын мәселенің мәніне аударуға, барлық
бӛлінген кезеңдер мен мәселелерді біртҧтас жҥйеге біріктіруге
мҥмкіндік береді.
Тірек конспектілермен жҧмыс жасау әдістемесі 5 негізгі
кезеңнен тҧрады:
1-кезең. Тірек конспект компьютер мониторының экранына
шығарылады немесе ватман қағазға салынып тақтаға ілінеді.
Мҧғалім әңгіме тәсілімен тірек сигналдардың мазмҧнын ашып
тҥсіндіреді.
2-кезең. Жеке оқушылар ӛз тілектерімен немесе тақтаға
шақыру арқылы кезектесіп шығып бейнелік суреттер кӛмегімен
оны ашып талдап, ақпаратты баяндайды.
3- кезең. Мҧғалім сабақтың кез келген кезеңінде оқушыларға
тірек сигналдар бойынша кӛмек бере алады.
4-кезең. Конспектінің негізгі мазмҧнына оқушылардың
тҥсінгеніне кӛзі жеткесін мҧғалім тақырыпты неғҧрлым кеңірек
тҥсіндеруге кӛшеді.
5-кезең. Оқушылардың тірек конспектілердің мазмҧны
бойынша ӛз конспектілерімен не еске тҥсіру арқылы қысқаша
жауап беруі. Бҧл кезеңде сынып ауызша жауаптың дҧрыстығын
бақылайды, тҥзетеді.
Тірек конспектілерді тарих сабағында пайдаланудың
мҧндай әдістемесі не береді?
Біріншіден,
барлық
оқушылар
іспен
шҧғылданады.
Сабақтағы жҧмыс қызықты да, жан-жақты болып, оқушылардың
ынтасын арттырады;
116
Екіншіден, оқушылар сабақтан тҧрақты, берік біліммен
кетеді. ӛйткені олар кӛреді, тыңдайды және бірнеше рет
қайталайды.
Тірек конспектілермен жҧмыс жасау тек сабақпен
шектелмейді. Оқушылар оны ӛз бетімен даярлау арқылы
толықтыруға, оқулықты оқу кезінде мҧғалім берген тірек
нҥктелерді толықтыруға да тапсырма алады. Бҧл оқушылардың
алған білімдерін тереңдетуге мҥмкіндік береді.
Ал пиктограммалар мен иконикалық модельдермен жҧмыс
жҥргізуде мҧғалім-әдіскерлер А.Литвинов иконикалық модельдер
бойынша, ал В.А.Мыскин пиктограммаларды қолдану бойынша
ӛз әдістемелерін ҧсынған. Олардың ҧсынған әдістемесін негізге
алғанда пиктограммалар мен иконикалық модельдермен жҧмыс
мынадай кезеңдерден тҧрады:
2. Мҧғалім
тақтаға
салынған
пиктограммалар
мен
иконикалық модельдерді жауып қойып оқу материалын
тҥсіндіреді:
3. пиктограммалар мен иконикалық модельдерді ашып, солар
бойынша материалды қысқаша тҥсіндіреді;(5-қосымша)
4. пиктограммалар мен иконикалық модельдер бойынша
ӛткен сабақтың материалы ауызша сҧралады;
5. пиктограммалар мен иконикалық модельдерді оқушылар
ӛз дәптерлеріне тҥсіреді;
6. оқу материалын бекіту ҥшін оқушылар пиктограммалық
блоктармен, иконикалық модельдермен жҧмыс жҥргізеді. Ол
ҥшін оқушылар пиктограммалар мен иконикалық модельдердің
мазмҧнын ашады, оны оқулық текстімен сәйкестендіреді,
қарапайым суреттер бойынша оқушылар тақтаға шығып жауап
береді;
7. тҥрлі оқу-танымдық ойындар ӛткізіледі.
Сабақтағы тірек конспектілермен жҧмыс жҥргізуден басқа
тірек конспектілерді оқушылардың ӛз бетімен қолдану әдістемесі
де бар. Тірек конспектімен жҧмыстың бҧл тҥріне мҧғалім
қатыспайды. Бҧл жҧмыс 4 кезеңнен тҧрады:
1. тірек конспектінің тірек сигналдарымен танысу:
2. деректі оқу барысында конспектінің тірек сигналдарын
ашу;
3. оқулықтың тиісті параграфын қайта оқу және сабақ
конспектісіне қосымша ақпарат енгізу;
117
4. тірек конспект мазмҧнын дауыс шығарып айту.
Тірек конспектімен жҥргізілген жҧмыстың нәтижесі
тексеріліп, оқушылар бағаланады. Дәптерге тҥсірілген тірек
конспектіні бағалау әр тақырып бойынша сыныпқа ортақ
белгілерді тексеру ведомствосына қойылады. Егер оқушылар
нашар баға алса, оны келесі сабақтарда тҥзетуге қҧқысы бар.
Сабақтарда схемаларды қолданудың әдістемесі де әртҥрлі
болып келеді.жаңа материалды оқу кезінде олар бірнеше рет
қолданылады.
Алғашында мҧғалім әңгіме арқылы материалды тҥсіндіреді,
онда заттық кӛрнекіліктерді, техникалық қҧралдарды қолданады.
Оған 15 минуттай уақыт кетеді.Бҧл кезде алдын ала тақтаға
сызылып қойған схема оқушылардан жасырылып қойылады.
Кейін тақтадан не кодоскоп арқылы схема бойынша материал
оқушыларға қысқаша тҥрде қайта тҥсіндіріледі. Оған 5 минут
уақыт кетеді. Содан соң оқушылар символдарды дәптерлеріне
тҥсіреді. Одан соң оқушылардың ӛздері сҧрақтарға ауызша
символдар арқылы жауап беріп, схеманың негізгі бӛліктерін
тҥсіндіреді, схеманың жеке элементтерін оқулық текстімен
салыстырады. Содан соң барып олар тірек схемаларды ҥйге
тапсырма етіп алады. Тірек схемалармен жҧмыс жасаған кезде
оқушылар сиволдарды есте сақтауы және жазбаша жазып,
ауызша айтып бере алуы керек. Сонымен қатар оқушыларға
шартты тҥстерге схеманың жеке бӛліктерін бояу ҧсынылады.
Мысалы, қҧбылыс, шаруашылықтың даму процесін-жасылмен,
қоғамдық ӛмір қҧбылысын –кӛк, әлеуметтік кҥрестің пайда
болуын –алқызылмен т.б. Келесі сабақта оқушылар еске тҥсіру
арқылы тірек сигналдар бойынша жауап береді.
Мҧндай тірек конспектілер тарих пәнінің 2-3 параграфының
мазмҧнын қоса отырып қысқаша, нақты тҥрде оқуға мҥмкіндік
береді.
Сабақтарда әдістердің осы тірек-динамикалық схемалар тҥрін
жҥйелі тҥрде ҥнемі барлық сабақтарда ыңғайына қарай
қолданылып отырса ӛте тиімді нәтиже береді.
Қазіргі
кезеңде
мектеп
мҧғалімдері
сабақта
тірек
сигналдармен жҧмысты тҥрліше жҥргізеді. Әр мҧғалім ӛзінің
сыныбының ерекшелігіне, білім деңгейіне сәйкес тірек
конспетілерді
қҧра
отырып
сабақ
ӛткізеді.
Мҧғалім
И.П.Мирошниченконың тәжірибесі бойынша сабақ барысында
118
мҧғалім тақырыпты таныстырады, ҥйрену ҥшін оның маңызын
атап кӛрсетеді және оқушыларды тақтада жазылған сабақ
жоспарымен таныстырады. Жоспардағы 3-4 сҧрақтың әрбіреуіне
тірек сконспектіде символдармен блок сай келеді. Одан кейін
мҧғалім келесі сабақта қандай сҧраққа жауап беру керек, тірек
конспектінің қандай блоктарын пайдалану керек, оқулықтың
қандай парақтарына кӛңіл аудару керектігін негізге алып ҥй
тапсырмасын береді. Сосын жаңа материалды тҥсіндіруге
кіріседі. Ӛз әңгімесін мҧғалім тақтадағы символдармен,
графикалық бейнелермен толықтырады.
Оқытуға жаңашылдық енгізу негізінде оқушылардың
тҧлғалығына қҧрмет кӛрсету, мҧғалім мен оқушының одағына
тірек жасау белсенді оқушылардың сабақта да, одан кейін де
кӛмектесуіне мҥмкіндік береді.
Оны мҧғалім С.Д.Шевченко тәжірибесі дәлелдейді. Ӛйткені
С.Д.Шевченко сабақтары кӛбіне сынып оқушыларының ӛзіндік
басқаруына негізделген. Онда бір оқушы сабақ ӛткізеді, басқасы
оның дублері болады, ҥшіншісі талдаушы, екі оқушы дәптер
тексеруші,
кейбірі
ҥздіктер
экранын
шығаруға,
сабақ
қҧралдарына жауап беруші болады. Нәтижесінде әрбір оқушы
мҧғалім роліне ене отырып сыныптастарының материалды
игеруіне ықпал етеді.
Жалпы тірек конспектіні даярлап, оны қолданудағы ең басты
шарт -мектеп мҧғалімінің мектеп оқулығының мазмҧнын жақсы
білуі. Ол ҥшін мҧғалім әуелі кітапты тҥгел оқып, әр тақырып
бойынша
текстің
қҧрылымдық-функционалдық
қызметін
анализдеп, қандай параграфтарды бір сабаққа біріктіруге
болатынын қарастырады. Содан соң конспект ҥшін қажет тірек
сигналдарды жасайды. Тақырыпты ашу ҥшін 1 бетке 4
тақырыпша (блокты) алуға болады. Олардың саны материалдың
кҥрделілігіне байланысты. Егер кітапта 60 параграф болса,
конспект қҧру кезінде тақырыптарды біріктіру нәтижесінде оның
саны азаяды. Тірек сигналдар сабақ тақырыбының мазмҧнына
сәйкес болуы керек.
Кӛрнекті әдіскер В.Ф.Шаталов тірек-сигналдарды қолдана
отырып, конспект-парақ даярлаудың мынадай жаднамасын
ҧсынған:
119
1. Оқулықтың тарауын немесе бӛлімін мҧқият оқып шығып,
ӛзара байланысы мен ӛзара тәуелділігіне қарай мәтінді
мағыналық бӛліктерге бӛл;
2. Мәтіндегі баяндалу тәртібі мен негізгі ойды қысқаша
мазмҧнда;
3. Қысқартылған жазбаны алдын-ала қағазға тҥсір;
4. Ол жазбаларды кескіндемелік, әріптік, рәміздік белгілерге
айналдыр;
5. Сигналдарды блоктарға біріктір;
6. Блоктарды кескінмен (контур) бӛлекте және олардың ӛзара
байланысын кескіндемелік белгілермен белгіле;
7. Маңызды бӛліктерді бояу, тҥспен бӛліп кӛрсет.
Тірек
конспектілерді
жасау
кезінде
рәміздік-сӛздік
символдарды(әріптер,буындар, қосу,алу белгілері, сандар),
шартты
суреттерді(пиктограммаларды),
шартты-графикалық
белгілерді (аймақтың жоспарының фрагментін, карта, сҧлба),
суреттік (пиктограммалар)т.б. қолдануға болады. Мысалы, 5-
қосымша. Тірек сигналдар (блок-схема) бейнеленген парақтарды
жасай отырып, Ресей мемлекетінің мҧғалімдері Е.И.Пометун мен
Г.А.Фрейман ӛз тәжірибелерінде белгілі бір символдар мен
белгілер арқылы тарихи процестердің және қҧбылыстардың
мазмҧнын ашты. Мысалы, сауда – бҧл жҥзіп бара жатқан кеме,
монархия – бҧл тәж бейнесі.
- Мҧндай символдардың
жиынтығы блок-схеманы қҧрайды.
Мҧғалімдер ӛзінің оқыту жҥйесінде тірек сигналды
конспектілерді әртҥрлі етіп қҧрастырып, пайдаланады. Мысалы,
кӛпшілік мҧғалімдер конспектіні ҥй тапсырмасын орындауда,
сабақ айту кезінде тірек ретінде пайдаланады.
Тәжірибе таратушы жаңашыл мҧғалімдер ретінде Ресей
мҧғалімдері
Е.И.Пометун
мен
Г.А.Фрейманның
жҧмыс
тәжірибелеріне тоқталуға болады. Олар тарих курсына арналған
жанама және ақпаратты символдардың жасалуын тірек
конспектімен жҧмыс жасаудың басы деп есептеген. Осыдан кейін
нақты сабаққа қолданатын блок-схемаларды жасау басталады. Ол
басты тҥсінікті, сабақтың маңызын бейнелеуі керек және анық,
еске оңай сақталатын болуы қажет. Мысалы, «Б.з.д. ХІ-ІХғғ.
Ежелгі гректердің шаруашылығы мен ӛмірі» деген тақырып
бойынша шаруашылықтың жанама символы етіп «арбаны» алған,
«Гомердің поэмалары Одиссея мен Иллиада» деген тақырыпта
120
мәдениеттің сиволы етіп «ашылған кітапты» алған; ал «Ежелгі
гректердің діні» деген тақырыптағы шартты белгі ретінде
«крестті» алған. Осылайша тірек сигналдар парағын кӛбейте
берген.
Одан әрі жоспарға сай сабақ мазмҧны мағыналық бӛліктерге
бӛлінген. Олардың әрқайсысы жанама символдармен белгіленген,
оны ақпараттық символ толықтырады. Бағыттаушылардың
(стрелка) кӛмегімен және символдарды орналастыру тәртібіне
сҥйене отырып тарихи қҧбылыстардың қарым-қатынасы
ашылады. «Б.з.д. ХІ-ІХғғ. Ежелгі гректердің шаруашылығы мен
ӛмірі» деген тақырып мазмҧнында ҥш мағыналық бӛлім ашылып,
оның әрқайсысын оқушылар меңгеруге тиіс. Содан кейін кілт
сӛздер белгіленіп, ақпаратты символдармен бірге схеманың
мағыналық бӛлігі қҧрастырылады.
Ендігі мақсат –мағыналық бӛлімдердің қарым-қатынасын
кӛрсетіп, сабақтың басты идеясын ашу. Схемаға сонымен қатар
тапсырмалар мен сҧрақтар, оқушылардың символдар мазмҧны
негізінде беретін жауаптары кірістіріледі.
Мысалы «Ежелгі гректердің шаруашылығы мен ӛмірі»
тақырыбы бойынша оқушыларға мынадай тапсырмалар беруге
болады:
1.Гомердің «Одиссея» поэмасындағы Ахилдің қалқанының
суреттемесіне сҥйене отырып, сол кезеңдегі гректердегі
теңсіздіктің болғанын дәлелде,
2. Еңбек қҧралдарының жетілуі мен шаруашылықтың дамуы
гректердің қоғамдық ӛмірінде қандай ӛзгеріске әкелгенін
тҥсіндір;
3. Б.з.д. ІХғ. Грецияның алғашқы қауымдық қҧрылыстан
қҧлиеленушілік қҧрылысқа кӛшкенін дәлелде.
Ол ҥшін оқушылар Гомер поэмалар «Илиада» мен
«Одиссея» тақырыбы бойынша мынадай тапсырмаларды да
орындауы керек:
1)циклоптар, сирендер терминдеріне анықтама беру;
2)Одиссейдің Итакадағы билікті қалай қайтарып алғандығын
тҥсіндіру;
3)грек әскерінің ҧйымдасуына мҥліктік теңсіздік қалай әсер
еткеніне қорытынды жасау;
4)Терсей мен Одиссей арасындағы келіспеушіліктің себебін
тҥсіндіру;
121
5) Гомер поэмалары – маңызды тарихи дерек екенін дәлелде.
Тірек-сигнал конспектілермен жҧмыс істеуде оқушылардың
жас ерекшеліктері ескеріледі. Мысалы, ол 10-11 сыныптарда 3-4
параграфты біріктіруі мҥмкін. Алғашқы сабақты жеңілдетілген
тірек-сигнал тҥрінде 30 минуттық дәріс етіп ӛткізеді. Кейіннен
оқулықпен жҧмыс істеген кезде конспектіге жетпейтін сигнал-
рәміздерді оқушылар ӛздері тауып қосады. Олар дәріске
дайындалу барысында қажетті тақырыптарды оқулықтан ҥйде
оқып келеді. Дәрістен соң оқушылар тҥсінбеген сҧрақтарын
мҧғалімге жазып береді. Осы жазбалар негізінде мҧғалім кеңес-
сабақ ӛткізеді. Оқушылардың сҧрақтарына кезекші топ немесе
мҧғалім кӛрнекілік қолдана отырып жауап береді. Ҥшінші,
тӛртінші сабақтар топтардың ӛзара оқуы және білімді тексеруіне
арналады.
Әдіскер-мҧғалім Н.П.Мирошниченко тірек сигналдармен
толтырылған оқушылардың бағалау беттерін ойлап тапқан. Онда
қате ретінде әріптің, сӛздің тҥсіп қалуы, белгілердің
ауыстырылуы саналған. Бір қате ҥшін «4», 2 қате ҥшін «3»
қойылды. Ал қателер екіден кӛп болса жҧмыс есептелмейді
немесе қайта жазылады.
Белгілі әдіскер тірек сигналдармен жҧмыс жасау әдісін
енгізуші В.Ф.Шаталов тірек сигналды қолданудың мынадай
жҥйесін ҧсынды: ол тірек конспектімен жҧмысты негізгі және
толықтырушы кезеңдерге бӛліп, жҧмысты сабақта және ҥйде
жҥргізуді ҧсынды.
Жҧмысты жҥргізуді бірнеше кезеңдерге топтады.:
- мҧғалім жаңа тақырыпты кеңінен тҥсіндіреді;
- тақырыпты тірек сигналдармен, символдармен қайта
тҥсіндіреді;
- әр оқушы ҥлестірмелік материал бойынша және тақтадағы
тірек сигналдарды дәптерлеріне тҥсіруі керек;
- Оқушының оқулықпен тірек сигналдармен жасаған ҥй
тапсырмасын мгнитофонға жазып алу;
- Еске тҥсіру арқылы тірек сигналдармен дәптерге жазбаша
жҧмыс жҥргізу;
- Жҧмысты магнитофонмен тыңдап, мҧғалімнің кӛмекшілері
немесе жоғарғы сынып оқушылары 2-ші рет бағалап, ең жақсы
жауапты тҥгел сынып болып талқылайды;
122
- Бірнеше оқушы тақтаға тірек конспектінің 1-2 блогын жасап
шығады;
- 5-6 сабақ сайын оқушылар қысқаша конспект-тапсырма
алады, оның соңында 10 сҧрақ болады. Ол сҧраққа оқушы
жазбаша жауап береді.
- Курс соңында екі рет бақылау жҥргізіледі. Оған
дайындыққа аз уақыт беріледі және оның бағасы жоғары болады.
Осындай ҧсыныстар мен тәжірибеде қолданылған тірек-
динамикалық схемаларды пайдалану қазіргі таңда Қазақстан
мектептерінің барлығында дерлік кеңінен жҥзеге асырылуда.
Оның
жетістігі
мектеп
оқушыларының
сабаққа
деген
қызығушылығы мен ынтасын оятуы, оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін кӛтеруі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |