Редакциялау күні
24.05.2017
Сақтау күні
25.12.2017
Дата редакции
24.05.2017
Дата скачивания
25.12.2017
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
ҚР НҚА ЭББ-гі нақты
құжатқа сілтеу QR-
коды
«РҚАО» РМК лауазымды тұлғаның ЭЦҚ мәліметі бар QR-код
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің м.а. 2017
жылғы 24 мамырдағы № 242
бұйрығы. Қазақстан
Республикасының Әділет
министрлігінде 2017 жылғы 28
маусымда № 15275 болып тіркелді
Министерство образования и науки Республики
Казахстан
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды аяқтамаған
адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін
бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес
:
БҰЙЫРАМЫН
1. Қоса беріліп отырған «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Д.Ж. Ахмед-Заки) заңнамада
белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін
ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне
орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
«Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Редакциялау күні
24.05.2017
Сақтау күні
25.12.2017
Дата редакции
24.05.2017
Дата скачивания
25.12.2017
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық
департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-
шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін
атқарушы
Б.
Асылова
Редакциялау күні
24.05.2017
Сақтау күні
25.12.2017
Дата редакции
24.05.2017
Дата скачивания
25.12.2017
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 24 мамырдағы
№ 242 бұйрығымен бекітілген
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды аяқтамаған
адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 114 бұйрығымен (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15080 болып тіркелген)
бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды аяқтамаған
адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі
- Стандарт) негізінде жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті
беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі: Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып
тіркелген) бекітілген нысан бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама (бұдан әрі - Анықтама) беру.
2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес
құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) толық ұсынуы
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз
болып табылады.
Редакциялау күні
24.05.2017
Сақтау күні
25.12.2017
Дата редакции
24.05.2017
Дата скачивания
25.12.2017
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-
қимылдар):
1) жоғары оқу орнының кеңсесі (бұдан әрі – ЖОО кеңсесі) көрсетілетін
қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын 1 (бір) жұмыс күні ішінде
қабылдайды және тіркейді, қарастыру үшін жоғары оқу орнының оқу бөліміне
(бұдан әрі - ЖОО-ның оқу бөлімі) тапсырады;
2) ЖОО-ның оқу бөлімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті
алушының деректері бойынша берілетін анықтаманы дайындайды, деректердің
дұрыстығын тексереді және оны қарау үшін жоғары оқу орнының басшылығына
(бұдан әрі - ЖОО-ның басшылығы) тапсырады;
3) ЖОО-ның басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын
қарайды және ЖОО-ның оқу бөліміне тапсырады;
4) Анықтаманың бланкісі болмаған жағдайда ЖОО-ның оқу бөлімі 1 (бір)
жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне
(бұдан әрі – ҚР БҒМ) бланкіні алуға өтінім жолдайды;
5) ЖОО-ның оқу бөлімі күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде көрсетілетін қызметті
алушыға беру үшін Анықтама дайындайды;
6) Анықтама дайын болған жағдайда ЖОО-ның оқу бөлімі көрсетілетін
қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде еркін нысанда хабарлама жолдайды;
7) ЖОО-ның оқу бөлімі көрсетілетін қызметті алушыға Анықтаманы 1 (бір)
жұмыс күні ішінде береді.
6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік
қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері:
1) ЖОО кеңсесінің құжаттар топтамасын қабылдауы және тіркеуі және
ЖОО-ның оқу бөліміне тапсыруы;
2) ЖОО-ның оқу бөлімінің көрсетілетін қызметті алушының деректері
бойынша анықтама дайындауы, деректердің дұрыстығын тексеруі және оны қарау
үшін ЖОО-ның басшылығына тапсыруы;
3) ЖОО басшылығының құжаттар топтамасын қарауы және ЖОО-ның оқу
бөліміне тапсыруы;
Редакциялау күні
24.05.2017
Сақтау күні
25.12.2017
Дата редакции
24.05.2017
Дата скачивания
25.12.2017
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
4) ҚР БҒМ-ге Анықтама бланкісін алуға өтінім беруі (ЖОО-да бланк
болмаған жағдайда);
5) ЖОО-ның оқу бөлімінің көрсетілетін қызметті алушыға Анықтама
дайындауы;
6) ЖОО-ның оқу бөлімінің көрсетілетін қызметті алушыға Анықтаманың
дайындығы туралы хабарлама жолдауы;
7) ЖОО-ның оқу бөлімінің көрсетілетін қызметті алушыға Анықтаманы
беруі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл
жүргізу тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай бөлімшелер қатысады:
1) ЖОО-ның кеңсесі;
2) ЖОО-ның оқу бөлімі;
3) ЖОО-ның басшылығы;
4) ҚР БҒМ;
5) Ұлттық тестілеу орталығының Алматыдағы филиалы;
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер
арасындағы мынадай рәсімдерден (іс-қимылдар) тұрады:
1) ЖОО-ның кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар
топтамасын 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдайды және тіркейді, қарастыру үшін
ЖОО-ның оқу бөліміне тапсырады;
2) ЖОО-ның оқу бөлімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті
алушының деректері бойынша анықтама дайындайды, деректердің дұрыстығын
тексереді және оны қарау үшін ЖОО-ның басшылығына тапсырады;
3) ЖОО-ның басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын
қарайды және ЖОО-ның оқу бөліміне тапсырады;
4) Анықтама бланкісі болмаған жағдайда, ЖОО-ның оқу бөлімі 1 (бір)
жұмыс күні ішінде ҚР БҒМ-ге бланк алуға өтінім жолдайды;
Редакциялау күні
24.05.2017
Сақтау күні
25.12.2017
Дата редакции
24.05.2017
Дата скачивания
25.12.2017
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
5) ЖОО-ның оқу бөлімі күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде көрсетілетін қызметті
алушыға беру үшін Анықтама дайындайды;
6) ЖОО-ның оқу бөлімі Анықтама дайын болған жағдайда, көрсетілетін
қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде еркін нысанда жазбаша хабарлама
жолдайды;
7) ЖОО-ның оқу бөлімі көрсетілетін қызметті алушыға Анықтаманы 1 (бір)
жұмыс күні ішінде береді.
Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен)
өтудің блок-схемасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға
анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшада
келтірілген.
Редакциялау күні
24.05.2017
Сақтау күні
25.12.2017
Дата редакции
24.05.2017
Дата скачивания
25.12.2017
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
«Жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім алуды аяқтамаған
адамдарға анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша
Блок-схема прохождения каждого действия (процедуры) с указанием
длительности каждой процедуры и описание последовательности процедур
(действий)
Достарыңызбен бөлісу: |