78
VII
VIII
159
алдында тұрған ойыншы артына қарауы қажет. Ойыншы
карточкадағы сөзді алдыңғы ойыншыға қимылмен түсіндіреді.
Ол ойыншы осылайша алдында тұрған ойыншыға осы сөзды
қимылмен түсіндіреді, басқа қимылдарды қолданса болады.
Қатардың ең алдында тұрған ойыншыға кезек жеткен кезде ол
көрсетілген қимылды дауыстап айтады. Ойын барысында
дауыстап ешнəрсе айтуға болмайды. Əр айтылған сөзге –
10 секунд айып салынады, жаман сөз айтылса – 20 секунд айып
салынады. Иықтан түртпей тұрып қарауға болмайды, ондай
жағдайда да айып салынады. Егер де ең алдында тұрған
ойыншы карточкада жазылмаған, спорттың басқа түрін
айтса онда артындағы ойыншылардың қайсысынан қателік
кеткенін біртіндеп анықтаймыз. Қателескен əр ойыншыға
10 секунд айып салынады».
Жүргізуші топтың сұрақтарына жауап береді, ойыншылар
бір-бірлерінің арттарынан қатарласып тұрады, жаттығу
басталады. Карточкада мынандай сөздер болуы мүмкін:
«баскетбол», «жүзу», «волейбол».
4-кезең. «Лабиринт»
Топ кабинеттен шығады, жетекші 5 орындықты бір
сызықтың бойымен шахмат тақтасы секілді орналастырады. Топ
кіреді. Жетекші капитан тобын таңдауды ұсынады.
Жүргізуші. «Қазір мен капитанның көзін байлаймын. Ол
ирек сызық жасап орындықтардың арасынан өтуі қажет
(қалай жасалатынын көрсетеді). Кез келген орындыққа немесе
басқа ойыншыға тиіп кетсе онда 10 секунд айып салынады. Топ
қалай жүру керек екенін айтып капитанына көмектесуі керек».
Жүргізуші ойыншыларға бөлменің ішін есептеп алуға жəне
капитанға кезекпен айтып отырғанның дұрыс екенін айтпайды.
Капитанның көзін байлап, жетекші «Басталды!» деген бұйрық
береді.
5-кезең. «Қысқа жіп»
Топ ойынға шыққанда, жүргізуші орындықты үстел үстіне
қойып, оған жіп байлайды, жіп орта бойлы ойыншының кеуде
тұсының биіктігіндей болуы керек. Жіптің екінші шетін
жүргізуші өз қолында ұстайды. Бөлме жіппен бөлінген болып
шығады.
158
қосымша уақыт беріледі. Жол парағында кезеңдер атауымен,
уақыты жазылып отырады, ол жерде «идеалды уақыт» жəне
кезең атауы көрсетілген. Ойыншылар қол ұстасып кабинеттен
бірге шығады. Жүргізушінің бұйрығы бойынша олар қайтадан
кіреді.
1-кезең. «Сауық кеші»
Жүргізуші. Алыс жолға шығар алдын кішкене уақыт
отыра тұру салты бар. Міне қазір сіздер де отыруларыңыз
керек, бірақ бұл жерде сіздер əрқайсыңыз біреудің тізесіне
отыруларыңыз керек жəне сіздің тізеңізде біреу отыру қажет.
Басқа еш нəрсе түсіндірмей жетекші «Басталды!» деген
бұйрық беріп секундомерді қосады.
Ойыншылар шеңбер болып бір-бірлерінің алдына отыруды
түсініп, солай отырған кезде ғана секундомер тоқтайды.
2-кезең. «Нөмірлер»
Жетекші ойыншыларға арқаларына жапсыруға болатын
(қатысушылар саны бойынша), қағаздан дайындалған нөмірлер
көрсетеді. Барлығына шеңбер болып тұру ұсынылады.
Жүргізуші: «Қазір мен əрқайсыңызға нөмір жапсырамын
бірақ олар рет-ретімен емес. Сіздің міндетіңіз: бірінші нөмір-
ден ең соңғысына дейін қатарласып тұра қалу жəне ойынның
маңызды шартын сақтау керек — ешнəрсені дауыстап айтуға
болмайды. Өз нөміріңізді шешіп алып қарауға болмайды,
саусақтармен көрсетуге жəне басқа əдістермен де көрсетуге
болмайды. Бұл ережелерді бұзғанға – 10 секунд айып салынады,
жаман сөздер айтқанға – 20 секунд. Басталды!»
3-кезең. «Бұзылған телефон»
Жетекші бұл кезеңнің де алдындағылардай сөйлемей
өтетіндігін түсіндіруі қажет. Барлығына бір сызықтың бойымен
тұру ұсынылады.
Жүргізуші. «Қазір барлықтарыңыз бір-бірлеріңіздің арт-
тарыңыздан тұруларыңыз қажет. Ең соңғы ойыншыға
спорттың бір түрі жазылған карточка көрсетемін. Мысалы,
«футбол». Ойыншы карточкадағы сөзді оқып басын изегеннен
кейін мен секундомерді қосамын. Осыдан кейін ойыншы алдында
тұрған ойыншының иығынан ұстау керек, сол кезде ғана
79
IX
80
4. А.М. Прихожанның мектеп қобалжуын диагносткалау
əдістемесі
Мектеп қобалжуын диагностикалауға арналған проективті
əдістемені А.М. Прихожан өңдеді.
Тест 18 х 13 см көлемдегі 12 суреттен тұратын
2 жиынтықтан тұрады. А жиынтығы қыз балаларға арналған,
Б жиынтығы – ұлдарға. Суреттердің реттік нөмірі артқы
жағында жазылады.
Нұсқау: «Қазір сен суретке қарап əңгіме құрастырасың.
Менің суреттерім біршама ерекше болып келеді. Барлығына
қара, үлкендерде де, балаларда да беттері жоқ. (№1-ші сурет
көрсетіледі). Бұл ойлануға қызық болу үшін арнайы жасалған.
Мен саған суреттерді көрсетемін, олардың барлығы 12, ал
сен ұл баланың (қыздың) суретте қандай көңіл-күйде екенін
айтуың керек. Сен өзің білесің, біздің көңіл-күйіміз біздің
бетімізде бейнеленеді. Бізде жақсы көңіл-күй болса, біздің
бетіміз көңілді, бақытты, ал жаман көңіл-күй болса – көңілсіз,
жабырқау. Мен саған суретті көрсетемін, ал сен маған баланың
(қыздың) беті көңілді ме, əлде көңілсіз бе, əлде қандай екенін
түсіндіресің».
№ 1-ші сурет бойынша тапсырманы орындау жаттығу
тапсырмасы болып есептеледі. Бірінші тапсырма барысында
бала түсінуі үшін нұсқауды бірнеше рет қайталау керек. Содан
соң № 2-шіден № 12-ші тапсырмаға дейін көрсетіледі.
Əр суретті көрсетпес бұрын сұрақтар қайталанады:
«Қыздың (ұлдың) беті қандай? Оның түрі неге ондай?»
№ 2, 3, 5, 6, 10-шы суреттерді көрсетпес бұрын балаға бір
персонажды алып, ол туралы əңгімелеп беруін сұрайсыз.
Балалардың барлық жауаптары тіркелуі керек.
Нəтижелерді талдау.
№ 2-11 суреттер бойынша жауаптар бағаланады. Ал № 1-ші
сурет жаттығу суреті болып келеді, оның негізінде баланың
нұсқауды түсінген немесе түсінбегендігі тексеріледі. № 12-ші
сурет бала тапсырманы жағымды көңіл-күйде аяқтауына
арналған. «Сəтсіз» жауаптар саны есептеледі (максималды сан –
10-ға тең).
157
2-жаттығу. «Мені шақыр...»
Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Жетекші балаларға
топта өздерін қалай атағанын қалайтындары бойынша қандай да
бір ат, лақап ат таңдап алуды ұсынады. Əрбір қатысушы ортаға
шығып қолмен қимыл жасай отырып аттарын айтады. Балалар
алға бір қадам шығып, ишара белгісін қосып аттарды қайталап
айтады. Барлық топ өздерінің жаңа аттарын айтып шыққаннан
кейін ортаға жетекші шығып өзін таныстырады.
3-жаттығу. «Сенімді – арсыз – ұялшақ»
Жүргізуші ойыншыларға кезекпен шығып үш карточканың
біреуін алуды ұсынады. Карточкада былай деп жазылған:
біреуінде – «сенімді», ал екіншісінде – «арсыз», үшіншісінде –
«ұялшақ». Қатысушының қандай карточканы алғанын топ
білмейді. Қатысушының міндеті – көрсетілген адамның мінез-
құлқын бейнелеу. Ойыншының қандай мінез-құлықты көрсетіп
жатқанын топ табуы қажет.
Талқылау: қандай мінез-құлық оңай табылды? Не үшін?
Өзіне сенімді мінез-құлықтан арсыздықты ажырату оңай ма?
Айырмашылығы неде?
2-САБАҚ
Тақырыбы: «Сенімнің соқпағы»
Мақсаты: топ ішілік өзара сенімді қарым-қатынасты
орнату.
Сабақтың басталу салты. Үй тапсырмасын тексеру. Тыйым
салатын белгілерді қабылдау. Жүргізуші сенімнің кез келген
компанияның өмірінде, топта, ұжымда маңызды фактор екенін
айтады. Бүгінгі сабақта «Сенімнің соқпағы» деп аталатын
ойынды ойнауды ұсынады.
Ойын ережесі:
Барлық əрекеттер уақытпен орындалады.
Ойынға қатысушылар бір-бірімен емес «Идеалды уақыт-
пен» санасады, ал ол уақыт əр жаттығу үшін əр бөлек. Барлық
тапсырмалар топтық, түгелдей барлық ойыншымен орындалады.
Кезеңдер арасында барлығы ойын жүріп жатқан кабинеттен
бірге шығады. Кабинеттен кіріп-шыққанда олар қол ұстасып
шығуы керек. Егер де тізбек үзілсе, бұл үшін айып ретінде
Достарыңызбен бөлісу: |