206
Екіншіден, бастауыш жəне орта сыныптарындағы оқушылар
агрессияның көріну актілеріне шағым жасайды. Мұның себебі
осы жастағы оқушылар ересектер көмегіне жиі сүйенеді, ол
сынып жетекшісі немесе мектеп психологы болуы мүмкін.
Үшіншіден, Қазақстандағы ауылдық жəне қалалық
мектептерінде балалар арасында агрессивтіліктің көріністерінде
айырмашылықтар бар: ауыл мектебіндегі балаларда агрессив-
тілік көрінісі төмен.
Төртіншіден, жасөспірімдік шақтағы агрессивтілік пен кіші
мектеп жасындағы балалардың агрессивтілігі арасында айырма-
шылық бар. Бұл тек қана биологиялық ерекшеліктермен ғана
байланысты емес, сонымен қатар, əлеуметтік, мəдени жəне
психологиялық себептерге байланысты. Жасөспірімдік шаққа
қарай дене агрессивтілігі бəсеңдейді да, вербальды агрессивтілік
орын алады.
Қорытындылай келе, оқушылардың агрессивті мінез-
құлқына жүргізілген талдау нəтижесі бойынша, оқушылардың
агрессивті мінез-құлқын түзету жəне алдын алу мақсатында
жүйелі жұмыс атқарылуы қажет, оқушылармен ғана жұмыс
жасаумен шектелмей, оның қоршаған ортасымен: отбасымен,
педагогтармен, құрдастарымен жұмыс жасау қамтылуы керек.
Оқушылардың агрессивті көріністерін түзету қоршаған ортамен
конструктивті өзара əрекеттесу тəсілін, мінез-құлықтағы өзіндік
реттеу дағдысын қалыптастыру, ызаны басқаруды жəне
бақылауды үйрету, баладағы эмпатияны дамыту бойынша
жұмыс жасау.
Сонымен қатар педагогтармен оқушылардың агрессивтік
көріністерінің алдын алу жəне түзету жұмысы жүргізілуі керек,
оның ішінде диагностика жолдарын білу, бала агрессивтілігінің
алдын алу жəне түзету амалдарын білу, агрессивті оқушылармен
қарым-қатынасқа түсу дағдысын дамыту, теріс эмоционалдық
жағдайларды өзіндік шешу техникасына үйрету қажет.
31
«Егер менің жақындары-
мның бірі қолымды кесіп
алдым не қысып алдым
десе, мен оны əдеттегідей
аяудың орнына не үшін
олай істедің? - деп сұрай-
мын»
З. Фрейд
- оларда өздерінің құрбандарына деген аяушылық сезімі
болмайды;
- олар əдетте дене тұрпаты жағынан жақсы дамыған.
Буллингтің құрбандары кімдер? Олардың ерекшеліктері
былай көрсетілген:
-
оларда қорқақтық, ұяңдық пен ұялшақтық басым;
-
олардың қобалжу деңгейі жоғары;
-
олар өздеріне сенімсіз жəне өзіндік бағалаулары төмен;
-
оларда депрессия байқалады, суицидқа бейім болады;
-
олардың құрдастарының арасында жақын достары жоқ;
-
олар дене тұрпаты жағынан əлсіз.
Мұғалімдер балаларды:
-
сыртқы түрі,
мінез-құлығы
жəне мектептегі үлгерімі
бойынша кемсітетін болса;
-
оларға жаман ескертулер жасап, рухани түрде кемсітетін
болса буллингтің дамуына өздері ықпал етіп отырады.
Мектептегі буллингтің түрлері өте көп, оған: мазақтау,
келемеждеу, ақша талап ету, түрлі дене немесе психикалық
кемсіту арқылы қорлау, «бойкот» жариялау, заттарын бүлдіру
т.б. жатады. Қазіргі уақыттағы кең тараған буллинг түрі – ақша
талап ету. Ал заттарын, киімін, оқулықтарын бүлдіру азырақ
кездеседі.
Кибербуллинг –
ұялы
телефон, Интернет арқылы қорқыту
түрі етек алып келе жатыр.
Аутоагрессия – агрессивтіліктің түрі ретінде
Аутоагрессия – өзіне зиян
келтіруге бағытталған мінез-
құлық түрі. Оның түрлері – өзін
айыптау, өзін төмендету, түрлі
дене жарақаттарын жасау, тіпті
өзін-өзі өлтіруге дейін барады.
Психоаналитикалық бағыт
бойынша аутоагрессия психоло-
гиялық
қорғанысқа
жатады,
өзіндік қорғануға ықпал етеді. Психоанализдің негізін қалаушы
З.Фрейдтің айтуынша адамның өзіне зиян келтіруі кездейсоқ
емес, оның негізінде бейсаналық агрессиялық туа біткен болмыс
бар, осылайша адам өзіне қол жұмсау арқылы өзін жазалап қана