Жоба «Функционалдық диагностика» кәсіби стандарты



жүктеу 465,72 Kb.
Pdf просмотр
бет1/13
Дата29.01.2020
өлшемі465,72 Kb.
#27768
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


 

ЖОБА 



 

 

 

«Функционалдық диагностика» кәсіби стандарты 

 

1. 


Жалпы ережелер 

 

1. 


«

Функционалдық диагностика» кәсіби стандарты: 

-  өзінің  кәсіптік  қызметін  таңдауды  жүзеге  асыратын  медициналық 

институттардың талапкерлеріне; 

-  одан  әрі  кәсіптік  даму  бағдары  ретінде  «Функционалдық 

диагностика» 

мамандығы 

бойынша 


денсаулық 

сақтау 


жүйесінің 

қызметкерлеріне; 

-  білім  беру  бағдарламаларын  жетілдіруге  арналған  бағдар  ретінде 

медициналық білім  беру саласының қызметкерлеріне; 

- денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлық қызметтеріне; 

-  функционалдық  диагностиканың,  денсаулық  сақтау  ұйымдарының 

және  ҚР  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму  министрлігінің  адам 

ресурстарды басқаруын жетілдіруге; 

-  жекелеген  ұйымдардағы  сияқты  жалпы  салада  ұтымды  кадрлық 

саясатты  жүзеге  асыруға  және  адами  ресурстарды  дамытуды  жоспарлауға 

арналған. 

-  біліктілік  –  қызметкердің  нақты  еңбек  функцияларын  сапалы 

орындауға дайындық дәрежесі; 

-  біліктілік  деңгейі  –  қиындық  параметрлері,  еңбек  іс-қимылының 

стандартты  еместігімен,  жауапкершілікпен  және  дербестікпен  сараланатын 

қызметкердің  даярлығы  мен  құзырет  деңгейіне  қойылатын  талаптар 

жиынтығы; 

ұлттық  біліктілік  шеңбері  (ҰБШ)  –  еңбек  нарығында  танылған 

біліктілік  деңгейлерінің  құрылымдық сипаты; 

ұлттық  біліктілік  жүйесі  (ҰБЖ)  –  еңбек  нарығы  тарапынан 

мамандықтар  біліктілігіне  қойылатын  сұраныстар  мен  ұсыныстарды 

құқықтық және институционалдық реттеу тетіктерінің  жиынтығы; 

салалық  біліктілік  шеңбері  (СБШ)  –  салада  танылған  біліктілік 

деңгейлерінің  құрылымдық сипаты; 

кәсіптік топ – жалпы ықпалдастырылған негізі бар (ұқсас немесе жақын 

мақсаттар,  объектілер,  технологиялар,  оның  ішінде  еңбек  құралы)  және 

оларды  орындауға  арналған  еңбек  функциялары  мен  құзыретінің  ұқсас 

жиынтығын болжайтын кәсіптік  кіші  топтар жиынтығы; 

кәсіби  стандарт  (КС)  –  кәсіптік  қызметтің  нақты  саласында  біліктілік 

деңгейіне,  құзыретке,  мазмұнына,  сапасына  және  еңбек  жағдайына 

қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт; 



 

кәсіп  –  арнайы  даярлық  нәтижесінде  алынған  және  білім  беру  туралы 



тиісті құжаттармен расталатын белгілік бір білімді, білікті және практикалық 

дағдыны талап ететін  адамның еңбек қызметінің негізгі түрі; 

еңбек  функциясы  –  еңбек  процесінің  бір  немесе  бірнеше  міндеттер ін 

шешуге бағытталған іс-қимылдардың өзара байланысының жинағы; 

білім  –  еңбек  функцияларын  орындау  кезінде  белгілі  бір  міндеттерді 

шешуге мүмкіндік беретін тексерілген ақпарат жиынтығын игеру; 

аурулардың халықаралық жіктемесі  10-қайта  қарау  (АХЖ-10)  –  бұл 

Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымдарына  мүше  елдердегі  халықтың 

денсаулығын  зерделеу  кезіндегі  10-қайта  қараудың  негізгі  нормативтік 

құжаты  болып  табылатын  медициналық  ғылымды  дамытудың  заманауи 

кезеңін бейнелейтін  аурулар мен патологиялық жағдайлар тобының жүйесі; 

дағды  –  бірнеше  қайтара  қайталау  жолымен  автоматтандыруға  дейін 

жеткізілген  іс-қимыл; 

нормативтік  құқықтық  акт  –  референдумда  қабылданған  не  уәкiлеттi 

орган  немесе  мемлекеттiң  лауазымды  адамы  қабылдаған,  құқықтық 

нормаларды  белгiлейтiн,  олардың  қолданылуын  өзгертетiн,  тоқтататын 

немесе  тоқтата  тұратын  белгiленген  нысандағы  жазбаша  ресми  құжат, 

сондай-ақ  жазбаша  ресми  құжатпен  бірдей  және  электрондық  цифрлық 

қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжат; 

іскерлік  –  алынған  білімнің  жиынтығымен  қамтамасыз  етілетін  және 

жаттығулар  арқылы  қалыптастырылған  іс-қимылдарды  орындаудың 

игерілген тәсілі; 

бейінді  маман  –  белгілі  бір  мамандық  бойынша  сертификаты  бар 

жоғары медициналық білімді  медицина қызметкері; 

денсаулық  -  аурулар  мен  дене  кемістіктерінің  болмауы  ғана  емес, 

тұтастай тәни, рухани (психикалық) және әлеуметтік  салауаттылық жағдайы; 

денсаулық  сақтау  ұйымы  –  денсаулық  сақтау  саласында  қызметті 

жүзеге асыратын заңды тұлға; 

инновациялық  медициналық  технологиялар  -  медицина  (биомедицина) 

саласына, фармацияға және денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруға 

енгізілуі  экономикалық  тұрғыдан  тиімді  және  (немесе)  әлеуметтік  мәні  бар 

болып  табылатын ғылыми  және  ғылыми-техникалық  қызметтің  әдістері  мен 

құралдарының жиынтығы;  

медицина  қызметкерлері  –  кәсіптік  медициналық  білімі  бар  және 

медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар; 

медициналық  көмек  –  халықтың  денсаулығын  сақтауға  және  қалпына 

келтіруге  бағытталған  медициналық  қызметтер  көрсетудің  дәрілік  көмекті 

қамтитын жиынтығы; 

медициналық  көмектің  сапасы  -  көрсетілетін  медициналық  көмектің 

уәкілетті  орган  бекіткен  және  медициналық  ғылым  мен  технологияның 

қазіргі  заманғы  даму  деңгейі  негізінде  белгіленген стандарттарға  сәйкестік 

деңгейі;  




 

денсаулық  сақтау  саласындағы  медициналық  сараптама  (денсаулық 



сақтау  саласындағы  сараптама)  -  денсаулық  сақтау  қызметінің  әртүрлі 

аяларындағы  құралдардың,  әдістердің,  технологиялардың,  көрсетілетін 

қызметтердің 

деңгейі 


мен 

сапасын 


анықтауға 

бағытталған 

ұйымдастырушылық,  талдамалық  және  практикалық  іс-шаралардың 

жиынтығы; 

денсаулық  сақтау  саласындағы  стандарт  (стандарт)  -  медициналық, 

фармацевтикалық  қызмет,  медициналық  және  фармацевтикалық  білім  беру 

саласындағы  қағидаларды,  жалпы  қағидаттар  мен  сипаттамаларды 

белгілейтін  нормативтік құқықтық акт; 

медициналық қызмет – жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім 

алған  жеке  тұлғалардың,  сондай-ақ  заңды  тұлғалардың  азаматтардың 

денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіптік  қызметі; 

медициналық  қызметтер  көрсету  -  денсаулық  сақтау  субъектілерінің 

нақты  адамға  қатысты  профилактикалық,  диагностикалық,  емдеу  немесе 

оңалту бағыты бар іс-қимылы;  

медициналық  ұйым  –    негізгі  қызметі  медициналық  көмек  көрсету 

болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы; 

пациент  –    медициналық  қызметтерді  тұтынушы  болып  табылатын 

жеке тұлға; 

диагностика  –  аурудың  болуы  немесе  болмауы  фактісін  белгілеуге 

бағытталған медициналық қызметтердің жиынтығы; 

динамикалық  байқау  -  халық  денсаулығының  жай-күйін  жүйелі  түрде 

байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық 

көмек көрсету;  

донор  –  диагностика  –  аурудың  бар  болуы  және  болмауы  фактісін 

белгілеуге  бағытталған медициналық қызметтердің кешені;   

емдеу  -  ауыруды  жоюға,  оның бетін  қайтаруға  және  (немесе)  барысын 

жеңілдетуге,  сондай-ақ  оның  асқынуының  алдын  алуға  бағытталған 

медициналық қызметтер көрсету кешені;   

консилиум  -  кемінде  үш  дәрігердің  қатысуымен  диагноз  қою,  емдеу 

тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;  

инвазиялық  әдістер  -  адам  организмнің  ішкі  ортасына  ену  жолымен 

жүзеге асырылатын диагностикалау мен емдеу әдістері;   

клиникаға  дейінгі  (клиникалық  емес)  зерттеу  -  адамның денсаулығына 

ерекше  әсер  етуін  және  (немесе)  қауіпсіздігін  зерделеу  мақсатында 

сыналатын  затты  немесе  физикалық  әсерді,  аурулар  профилактикасының, 

оларды  диагностикалау  мен  емдеудің  құралдарын,  әдістері  мен 

технологияларын  зерделеу  жөніндегі  химиялық,  физикалық,  биологиялық, 

микробиологиялық,  фармакологиялық,  токсикологиялық  және  басқа  да 

эксперименттік ғылыми зерттеулер немесе зерттеулер сериясы;  

клиникалық  зерттеу  -  субъект  ретінде  адамды  қатыстыра  отырып, 

аурулардың 

профилактикасы, 

оларды  диагностикалау 

мен 


емдеу 


жүктеу 465,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау