Жоба қазақстан республикасының заңЫ



жүктеу 398,23 Kb.
Pdf просмотр
бет2/12
Дата13.01.2020
өлшемі398,23 Kb.
#26528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: 



«2-1) үміткерлер мен жұмыскерлердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді 

еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен алуға»; 

2-тармақ  мынадай  мазмұндағы  26),  27),  28)  және  29)

 

тармақшалармен 



толықтырылсын: 

 «26)  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорындарға, 

ұлттық  басқарушы  холдингтерге,  ұлттық  даму  институттарына,  ұлттық 

холдингтерге  және  ұлттық  компанияларға,  сондай-ақ  олардың  еншілес 

ұйымдарына,  акцияларының  елу  және  одан  да  көп  пайызы  Ұлттық  Банкке 

тиесілі  ұйымдарға  басқарушылық  функцияларды  орындауға  байланысты 

лауазымға жұмысқа қабылдау кезінде құқықтық статистика және арнайы есепке 

алу  органдарының  есептері  бойынша  тиісті  қызмет  салаларының  уәкілетті 

мемлекеттік органдары арқылы адамдарды тексеруді жүзеге асырады.»; 

 «27)  жұмыскерлерге  тең  еңбегі  үшін  қандай  да  бір  кемсітушіліксіз  тең 

еңбек жағдайларын жасауға.»; 

«28) осы Кодексте белгіленген тәртіппен жеке еңбек дауларын қарау үшін 

жұмыскерлер мен жұмыс беруші өкілдерінің тең санының қатысуымен келісім 

комиссиясын құруға.»; 

 «29)  осы  Кодекстің  28-бабы  1-тармағының  1),  2),  3),  4),  5)  және  13) 

тармақшаларында  көзделген  мәліметтерді  қамтитын  жұмыскермен  жасалған 

еңбек  шарты  туралы  ақпаратты,  олар  бойынша  енгізілетін  өзгерістер  мен 

толықтыруларды,  сондай-ақ  еңбек  шартын  тоқтату  және  оның  еңбек  қызметі 

туралы  мәліметтер  еңбек  жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  орган  белгілеген 

тәртіппен  еңбек  шарттарын  есепке  алудың  бірыңғай  жүйесіне  жіберуге 

міндетті.»; 

 9) мынадай мазмұндағы 23-1 баппен толықтырылсын: 

«23-1-бап Өтпелі ережелер  

Жұмыс  беруші  осы  Кодекстің  23-баптың  2-тармағының  13)  тармақшасы 

қолданысқа  енгізілген  күннен  бастап  екі  жыл  ішінде  жұмыскердің  оның 

басталу  сәтінен  бастап  бүкіл  еңбек  қызметі  туралы  мәліметтерді  еңбек 

шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті.  

2022  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қағаз  тасымалдағышта  еңбек 

кітапшаларын жүргізу жүзеге асырылмайды.»; 

10) 26-баптың 2-тармағының: 

2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

 «2)  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорындарға, 

ұлттық  басқарушы  холдингтерге,  ұлттық  даму  институттарына,  ұлттық 

холдингтерге  және  ұлттық  компанияларға,  сондай-ақ  олардың  еншілес 

ұйымдарына бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды.»; 

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 

«5)  он  сегіз  жасқа  толмаған  жұмыскерлерді  қоса  атқаратын  жұмысқа 

орналастыруға жол берілмейді.»; 

11) 30-бапта: 



 

1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 



«2)  осы  тармақтың  3),  4),  5)  және  6)  тармақшаларында  белгіленген 

жағдайлардан басқа, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін. 

Еңбек шартының мерзімі өткен кезде тараптар оны белгіленбеген немесе 

бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге ұзартуға құқылы. 

 Егер  еңбек  шартының  қолданылу  мерзімі  өткен  жағдайда  тараптардың 

ешқайсысы  соңғы  жұмыс  күні  (ауысым)  ішінде  еңбек  қатынастарын  тоқтату 

туралы 

жазбаша 


хабардар 

етпесе, 


осы 

Кодекстің 

51-бабының                                                   

2-тармағында  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  ол  бұрын  жасалған  дәл  сол 

мерзімге ұзартылған деп есептеледі. 

Белгілі  бір  мерзімге  жасалған  еңбек  шарты  екі  реттен  артық  емес 

ұзартыла алады. 

Еңбек  қатынастары  жалғастырылған  кезде  еңбек  шарты  белгіленбеген 

мерзімге жасалған деп есептеледі; 

Осы  тармақшаның  төртінші  және  бесінші  бөліктерінің  ережелері  дербес 

білім  беру  ұйымдары  мен  олардың  ұйымдарының  шетелдік  жұмыскерлеріне 

қолданылмайды.»; 

5-тармақ алып тасталсын; 

12) 31-баптың 3 тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

«3.  Осы  баптың  2-тармағында  айқындалған  жағдайларда  еңбек  шартына 

он  сегізге  толмаған  адаммен  қатар  оның  ата-анасының  біреуі,  қорғаншысы, 

қамқоршысы,  патронат  тәрбиешісі,  асырып  алған  ата-анасы  немесе  асырап 

алушысы қол қоюға тиіс. 

13) 32-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

 «6. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де 

нормативтік  құқықтық  актілерінде  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  осы 

бапта көзделмеген құжаттарды талап етуге құқылы емес.»; 

14) 

33-баптың 



1-тармағын 

мынадай 


мазмұндағы 

абзацпен 

толықтырылсын: 

«Еңбек  шарты  электрондық  цифрлық  қолтаңбаны  пайдалана  отырып, 

электрондық құжат нысанында жасалуы мүмкін.»; 

15) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын: 

«35-бап. Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттар 

Мына құжаттардың кез келгені: 

1) еңбек кітапшасы 2020 жылға дейін; 

2) еңбек шарты; 

3)  еңбек  шартының  жасалуы  және  (немесе)  тоқтатылуы  негізінде  еңбек 

қатынастарының  туындауын  және  тоқтатылуын  растайтын  жұмыс  беруші 

актілерінен үзінді көшірмелер; 

4) жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер; 

5)  жұмыс  беруші  қол  қойған  және  мөрімен  расталған  қызметтік  тізім 

(жұмыскердің  жұмысы,  еңбек  қызметі  туралы  мәліметтер  тізбесі)  (болған 

кезде); 



 

6)  аударылған  міндетті  зейнетақы  жарналары  туралы  бірыңғай 



жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер; 

7)  жүргізілген  әлеуметтік  аударымдар  туралы  Мемлекеттік  әлеуметтік 

сақтандыру қорынан мәліметтер; 

8)  жұмыскердің  еңбек  қызметі  туралы  мәліметтер  қамтылған  архивтік 

анықтама; 

9)  заңды  күшіне  енген  еңбек  қатынастарының  болуын  растайтын  заңды 

фактіні белгілеу туралы соттың шешімі жұмыскердің еңбек қызметін растайтын 

құжат болып табылады.»; 

16) 39-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

 «2.  Жұмыскер  жұмыс  берушімен  бірге  басқа  жерге  ауысудан  жазбаша 

түрде  бас  тартқан  жағдайда  немесе  жұмыс  берушімен  бірге  басқа  жерге 

ауысудан  жазбаша  түрде  бас  тартуды  ұсынудан  жұмыскер  бас  тартуды 

куәландыратын  акті  болған  кезде  жұмыскермен  еңбек  шарты  осы  Кодекстің               

58-бабы 1-тармағының 1) 

тармақшасында 

көзделген 

негіз 

бойынша 


тоқтатылады.»; 

17) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын: 

 «40-бап. Жұмыскерді басқа заңды тұлғаға іссапарға жіберу 

1. 


Іссапарға  жіберу  –  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 

көзделген  шектеулерді  қоспағанда,  жұмыскердің  (іссапарға  жіберілгеннің) 

еңбек  шартына  байланысты  белгілі  бір  мамандық,  біліктілік  немесе  лауазым 

(еңбек 


функциясы) 

бойынша 


не 

басқа 


заңды 

тұлғадағы 

(оның 

филиалдарындағы  және  (немесе)  өкілдіктеріндегі)  басқа  лауазым,  мамандық, 



біліктілік бойынша жұмысты орындауы. 

Белгілі  бір  міндеттерді  орындауды  қамтамасыз  ету  мақсатында  мына 

қабылдайтын тараптарға жұмыскерлерді: 

1)  Жұмыс  берушінің  құрылтайшысы,  қатысушысы  немесе  акционері 

болып табылатын, сондай-ақ жұмыс беруші болып табылатын заңды тұлғаның 

(оның  филиалының  және  (немесе)  өкілдігінің)  акциялары  (қатысу  үлестері) 

жанама  түрде  тиесілі  заңды  тұлғаға  (оның  филиалдарына  және  (немесе) 

өкілдіктеріне); 

2)  өзіне  қатысты  жұмыс  беруші  заңды  тұлға  (оның  филиалы  және 

(немесе) өкілдігі) акционер, қатысушы немесе құрылтайшы болып табылатын, 

сондай  -  ақ  акциялары  (қатысу  үлестері)  жұмыс  беруші  заңды  тұлғаға  (оның 

филиалына және (немесе) өкілдігіне) жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға (оның 

филиалдарына және (немесе) өкілдігіне); 

3)  құрылтайшылары,  акционерлері  немесе  қатысушылары  заңды 

тұлғаның  (оның  филиалының  және/немесе  өкілдігінің)  құрылтайшылары, 

қатысушылары  немесе  акционерлері  болып  табылатын  не  жұмыс  берушінің 

заңды  тұлғасының  (оның  филиалының  және/немесе  өкілдігінің)  акциялары 

(қатысу  үлестері)  жанама  түрде  тиесілі  заңды  тұлғаға  (оның  филиалына 

және/немесе өкілдігіне); 



жүктеу 398,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау