«Сәулет-1» пәнін оқып - үйрену мына пәндерден алынған білімдерге негізделеді: «Жоғарғы математика», «Инженерлік графика», «Компьютерлік графика», «Материалтану».
Бұл пәнді үйрену және дағдылану «Құрылыс өндірісінің технологиясы І», «Сәулеттік жобалау», «Сәулеттік конструкциялар» курстық пәндерін оқып зерттеу үшін қажет.
4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыптар атауы
|
Дәріс-тер
|
Тәжі-рибе
|
Зерт.
|
CӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Сәулет және қалақұрылысы туралы жалпы деректер
|
1
|
|
|
6
|
2
|
Сәулеттік - құрылыстық жобалаудың негіздері
|
2
|
2
|
|
6
|
3
|
Ғимараттарды және имараттарды жобалаудың жалпы ережелері
|
2
|
2
|
|
14
|
4
|
Ғимараттардың конструктивтік элементгері және олардың көлемдік - жайғастыру шешімдерімен өзара байланысы
|
4
|
4
|
|
14
|
5
|
Азқабатты азаматтық ғимараттардың конструктивтік шешімдері
|
4
|
6
|
|
14
|
6
|
Қалақұрылыстық жобалаудың және ғимараттарды реконструкциялаудың экономикалық негіздері
|
2
|
1
|
|
6
|
ЖИНАҒЫ:
|
15
|
15
|
|
60
|
4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
Тақырып 1. Сәулет және қалақұрылысы туралы жалпы деректер (сағат).
Сәулет және қалақұрылысы туралы жалпы деректер. Пайда болатын қала құрылымдарының өмір - іс әрекеттік циклдерін өзіне біріктіретін сәулет және қалақұрылысының даму тенденциясы. Сәулеттің қайнар - көзі. Қалалардың пайда болуына және өсуіне ықпал ететін факторлар.
Қалаларды топтастыру. Урбанизацияның бүкіл әлемдік процесстері. Қалалар агломерациясы. Аудандық жобалаудың схемалары және жобалары. Қаланың Бас жобасы. Қала Бас жобасының селитебсырттық зоналары.
Өнеркәсіпті орналастыруға қойылатын қалақұрылыстық талаптар. Қала көлігі және оның қала құрылымын жайғастыруға ықпалы. Халық тұратын жерлерде пайда болатын тұрғын нысандарын жобалауға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар. Экстремальдық жағдайлардағы құрылыс. Жеке тұрғын ғимараттары учаскелерінің (телімдерінің) Бас жобалары.
Өнеркәсіптік ауданын жайластырушылық мәселелері. Көгалдәндіру. Су құрылғылары және оларды орналастыру. Жабындар. Кіші сәулет қалыптар (құрылғылар). Өнеркәсіп көліктері. Түрлері. Сыртқы көліктер. Цехтердің ішінде пайдаланатын көліктер.
Тақырып 2. Сәулеттік - құрылыстық жобалаудың негіздері (сағат).
Пәннің міндеттері. Тектоника, сәулеттегі форманың пайда болуы және түс.
Сәулеттің даму кезендері. Сәулет - құрылыстық жобалаудың негізгі принциптері
Ғимараттарды жобалаудың қайнар - көз деректері. (жобалау алдындық шаралар):
- жобалауға берілетін тапсырмалар;
- аумақтың табиғи жағдайларға байланысты жарамдылық сипаты;
- аумақтың инженерлік жабдықталуын сараптау;
- жобалау аяқталғаннан кейінгі әкімшілік - бақылаушы органдармен (әкімшілік, сәулет және қалақұрылысы Департаменті және т. б) өзара әрекеттенісу. Ғимараттар және имараттар және оларға қойылатын талаптар туралы жалпы деректер. Ғимараттардың және имараттардың негізгі конструктивтік элементтері және бөліктерінің көлемдік - жайғастырушылық шешімдермен өзара байланысы. Ғимараттардың сәулеттік - композициондық және көркемдік шешімдері.
Құрылыстағы индустриализация, типизация және унификация. Бірегей модульдік жүйе. Негізгі ережелер. Өлшемдер түрлері. Разбивкалау жүйеде және оларға ғимараттың конструктивтік элементтерін привязкалау. Сәулет құрылыс жобасы және оны дайындаудың әдістері. Жобалау кезеңдері: Жоба және жұмыс жобасы.
Тақырып 3 Ғимараттарды және имараттарды жобалаудың жалпы ережелері (сағат).
Ғимараттар. Ғимараттарды топтапстыру және оларға қойылатын талаптар Азаматтық, қоғамдық ғимарттар. Қоғамдық ғимараттардың түрлері. Өндірістік ғимараттар. Бір қабатты және көпқабатты өндірістік ғимараттар Ғимараттардың көлемдік - жайғастырушылық схемалары. Ғимараттың құрылымы. Ғимараттарға және олардың элементтеріне қойылатын негізгі талаптар. Құрылыстағы типизациялау және стандартизациялау. Өлшемдерді модульдік үйлестіру, негізгі ережелер. Азқабатты және көпқабатты көп пәтерлі үйлер. Тұрғын ғимараттарынның сәулеттік - композициондық шешу. Тұрғын ғимараттарының көлемдік - жайғастырушылық шешімдеріне технико -экономикалық баға беру.
Тақырып 4. Ғимараттардың конструктивтік элементгері және олардың көлемдік - жайғастыру шешімдерімен өзара байланысы (сағат).
Ғимараттардың көлемдік - жайғастырушылық шешімдерінің конструктивтік элементтермен өзара байланысы. Ғимараттардың көлемдік - жайғастырушылық шешімдерін, олардың фрагменттерін және конструктивтік элементтерін типизациялау. Ғимараттың конструкциясын жобалаудың негіздері. Күш түсетін конструкциялар. Тірек-арқалық конструкция. Қаңқалы конструктивтік жүйе. Қиылыстық - стержендік жүйелер. Жазықтық - арқалы конструкция-лар. Тұрғын ғимараттар. Тұрғын ғимараттарын топтастыру. Тұрғын жайға қойылатын функциональдық және әлеуметтік талаптар. Тұрғын - жайды жобалауға қойылатын санитарлық - гигиеналық талаптар. Азқабатты тұрғын ғимараттарының элементтері және оларға қойылатын талаптар. Құрылыс жылу-техникасының талаптарына сәйкес сыртқы қоршау конструкцияларын таңдау. Сыртқы қоршауды жылутехникалық есептеу.
Тақырып 5. Азқабатты азаматтық ғимараттардың конструктивтік шешімдері (сағат).
Жалпы деректер. Негізгі көтерме қаңқа және азқабатты ғимараттардың конструктивтік элеметтері. Сыртқы қабырғалар, Жалпы талаптар және конструкцияларды топтастыру, Тас, майда және ірі блоктіқ қабырғалар. Панельді, монолитті, жинақы - монолитті бетон қабырғалары. Ағаш көтерме қаңқалары көлемдік-блоктық конструкциялар. Конструктивтік шешімдер.
Қаңқалар. Жалпы ережелер. Қаңқалардың құрамдық және конструктивтік схемалары. Жинақы қаңқалардың элементтері, регелилері, горизонтальды және вертикальды диафрагмалары.
Азаматтық ғимараттардың жабындылары және едендері топтастыру. Қабатаралық жабындылар. Тұрғын ғимараттарының шатырлық, жертөлелін, цокольдіқ жабындылары. Конструктивтік шешімдердің мысалдары. Шатыр жабындылары және төбеден суды аластату.
Жарықмөлдірлі вертикальді конструкциялар. Қоршау түрлері, оларға қойылатын талаптар. Металл және ағаш есіктері.
Ішкі қабырғалар және таслаулар. Баспалдақтар, пандустар, олардың түрлері және оларға қойылатын жалпы талаптар.
Тақырып 6. Қалақұрылыстық жобалаудың және ғимараттарды реконструкциялаудың экономикалық негіздері (сағат).
Қалақұрылыс экономикасы. Қаланың бас жобасы кезеңіндегі қала кұрылыстық технико-экономикалық есептеу. Қала тұрғындары-ның санын және қалаға қажетті аумақты есептеу. Қаланың Бас жобасының технико-экономикалық көрсеткіштері.
Ғимараттарды реконструкциялауға қойылатын экономикалық талаптар. Ғимараттарды модернизациялау стратегиясы және олардың тиімділігі. Көпқабатты тұрғын ғимараттарын жобалауға қойылатын экономикалық талаптар. Қалалық және усадьбалық (оқшау үйлер) азқабатты тұрғын үйлерді жобалауға қойылатын экономикалық талаптар.
4.3 Практикалық (семинарлық) жұмыстардың тақырыптар тізімдері
1 тақырып Сәулет-құрылыстық жоба. Жобалау кезеңдері СНиП- термен таныстыру. «Құрылыстық климатология және геофизика», «Қалақұрылысы. Қалалық және ауылдық мекенжайларды жайғастыру және құрылыстау». Астана 2004ж.
2 тақырып Ғимараттар және олардың негізгі элементтері.
Ғимараттардың негізгі сәулеттік және конструктивтік элементтері. Ғимаратқа түсетін күштін және күштін емес ықпал- әрекеттерді қабылдау. Тұрғын жайларды жобалауға қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар. Инсоляция. Табиғи жарықтандыру. Шудан қорғау. Тұрғын ғимараттарына қойылатын өртке қарсы шаралар. Қауіпсіздік шаралары.
3 тақырып Азқабатты ғимаратарды жобалау. Қазіргі кездегі азқабатты құрылыс. Коттеджді және мансардты азқабатты бір пәтерлік тұрғын үйді жобалау.
Оқшауланған типті азқабатты тұрғын үйлер: 1-2 пәтерлік және блокталған үйлер.
4 тақырып Тұрғын ғимараттың күш түсетін қаңқасын жобалау.
Азқабатты тұрғын үйдің конструктивтік қимасы. Бір жанұяға арналған жеке тұрғын үйдің қабаттарын жоспарлауды Дайындау. Тұрғын бөлмелер қүрамын жанұя мүшелерін орналастыру нормасы бойынша m = n+1 формуласына сәйкес қабылдау қажет.
Азқабатты тұрғын үйдің фасадын дайындау. Ғимараттың Бас фасады, артқы және қапталдық фасадтары.
Азқабатты ғимараттардың пәтер ішіндегі баспалдақтары, 2-3 деңгейлі пәтерлері бар үйдің пәтерлер ішіндегі баспалдақтар. Баспалдақ түрлері.
Ғимараттың чертежіндегі планындағы және қимасындағы разбивкалау осьтерін маркировкалау.
Тұрғын ғимараттарын орналастыруға қойылатын санитарлы -гигиеналық талаптар.
5 тақырып Азқабатты ғимараттардың құрылымдық шешімі.
6 тақырып Ғимараттарды реконструкциялау. Реконструкциялаудың негізгі түрлері
4.4 Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны
4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі
№ п/п
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру формасы
|
Бақылау түрі
|
Көлемі сағатпен
|
1
|
Дәріс сабақтарына дайындық
|
-
|
Сабақта қатысу
|
9
|
2
|
Тәжірибелік сабақтарға дайындық,
|
Жұмыс дәптері
|
Сабақта қатысу
|
9
|
3
|
Курстық жұмыстың орындауы
|
КЖ
|
КЖ қорғау
|
34
|
4
|
Бақылау шараларына дайындық
|
-
|
1МБ мен 2МБ
|
8
|
Барлығы
|
60
|
4.4.2 Студенттерге өздік зерделеу үшін ұсынылатын тақырыптар
1 тақырып. Сәулет- құрылыстық жоба және оның орындау әдістері. Жобалау кезеңдері: жоба, типтік және жұмыс жобалары.
Ұсынылатын әдебиеттер: [2, б. 8 – 16].
2 тақырып. Сәулет құрылымдары және аз, орташа қабатты тұрғын ғимараттардың көтеруші қаңқасы.
Ұсынылатын әдебиеттер: [3, б. 5-41].
3 тақырып. Негіздіктер және іргетастар жобалаудың жалпы принциптері. Гидроқшаулағыш түрлері
Ұсынылатын әдебиеттер: [3, б. 321 – 334].
4 тақырып. Азқабатты азаматтық ғимараттардың құрылымдық шешімдері. Жабындар және жабыннан су әкету. Шатырда қорғаулау жасау. Құрылымдық түйіндер. Ұсынылатын әдебиеттер: [3, б. 93 – 110].
4.4.3 Курстық жұмыстың тақырыбы
Азқабатты тұрғын үй.
Жұмыстың мақсаты: сәулеттік -құрылыстық жобалауға дағдылану.
Жобаның қүрамына кіретіндер: Тұрғын үйдің фасадын, планын қималарын дайындау; фундамент планын, жабындыны дайындау; тораптар және сәулеттік бөлшектер көрсетілген баспалдақтың конструктивтік қимасың дайындау; ғимаратты рельефке привязкалау (қондыру) арқылы учаскенің Бас жобасын дайындау.
Түсініктеме жазбада тұрғын үйдің көлемдік-жайғастыру және конструктивтік шешімдерін және сыртқы қабырғаның жылутехникалык есептерін келтіру қажет.
5 Әдебиет тізімі
Негізгі
1. Маклакова Т. Г. и др. «Архитектура» М. : Издательство Ассоциации строительных вузов, 2004, стр. 464
2. Кашкина Л. В. «Основы градостроительства» М. : Владос, 2005, стр. 246
3. А. Казбек - Казиев и др. «Архитектурные конструкции» Учебник, М. : «Архитектура -С», 2006, стр. 344
Қосымша
4. «Конструирование гражданских зданий» уч. пос. Шерешевский И.А. Архитектура - С. 2005
5. Избасар М. Р. , Каймолдин А. С. «ІІроектирование малоэтажных жилых зданий» Методическое указание. Алматы, КазГАСА, 1998, стр. 28
6. СНиП РК 3. 02-03-2003 Жилые здания, Астана 2003
7. Шепелев Н. П. , Шумилов М. С. «Реконструкция городской застройки» М. : Высшая школа, 2000, стр. 271
8. Строительная климатология, СНиП РК 2. 04-01-2001, Астана, 2002
9. Строительная теплотехника, СНиП. РК 2. 04-03-2002, Астана, 2002
10. Периодическая литература по архитектуре. Журнал «Кумбез» и др.
Мамандықтың(тардың) жұмыс оқу жоспарынан үзінді көшірме
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/32
|
Достарыңызбен бөлісу: |