Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) Ғылыми кеңесте бекітілген оқу бағдарламасы негізінде жасалған (Хаттама № 5 « 23 » 12 2021 ж.).
Курс саясаты. Академиялық кезеңде «Психология негіздері» пәні дәстүрлі 1 - 15 апталарда оқытылады. Пән бойынша 47 сабақ өткізу қарастырылған, соның ішінде: 15 лекция, 22 практикалық және 15 оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОСӨЖ).
Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімді және ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек. Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау – бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі. 4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл – 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 – 100% шамасымен бағаланады. Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (АБ1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (АБ2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12 және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Лекция тақырыптары бойынша коллоквиум өткізіледі. Практикалық сабақтар кезінде практикалық тапсырмалар беріледі. Пән бойынша студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі – СӨЖ) қарастырылған. СӨЖ бойынша тапсырмалар академиялық кезеңнің 3-ші аптасынан бастап беріледі.
Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми LMS – Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.
Пәнді оқу теориялық материалдан басталады: әрбір лекцияның оқу материалы «Лекция №_» тарауында орналасқан. Содан кейін студент практикалық сабаққа кіріседі. Оның материалы «Практикалық сабақ №_» тарауында орналасқан. Теориялық немесе практикалық сабақтарды игеру бойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, студент оқытушыға жүгініп, ОСӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады. Пән бойынша тапсырмаларды студент міндетті түрде «№ Тапсырманы орындау» тарауында университеттегі ресми (оқытуды басқару жүйесі) LMS – Сириусқа мерзімі көрсетілген уақытта жүктеуі қажет.
1
|
Пәннің мақсаты мен міндеттері
|
Пәннің мақсаты-студенттердің психологиялық құзіреттілігінің деңгейін арттыру, адамның жеке ерекшеліктері туралы олардың оқу және кәсіби іс-әрекеттерді игеруі мен жүзеге асыруының жетістік факторы ретінде тұтас көзқарастарын қалыптастыру, оқу дағдыларын, ақыл-ой еңбегінің мәдениетін, өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндіктерін дамыту; адам мен қоғамның психологиялық табиғатына сүйенуді негізге ала отырып тиімді шешім қабылдау мүмкіндіктерін жетілдіру.
Пәннің міндеттері:
- психологиялық ғылымның дамуының негізгі бағыттарымен танысу;
- тұлғаның, іс-әрекеттің психикалық мәселелерінің танымдық, эмоционалды-еріктік, мотивациялық және реттеуші салаларын сипаттайтын тұжырымдамалық аппаратты игеру;
- кәсіби және оқу мәселелік жағдайларды талдау, жеке және бірлескен шешімдер шығаруды жетілдіру, рефлексия және іс-әрекетті дамыту;
- адамдардың жеке психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерін, олардың танымдық және кәсіби іс-әрекетінің стильдерін есепке алу тәжірибесін меңгеру;
- танымдық процестерді дамыту әдістерімен танысу.
|
2
|
Сағат саны
|
Лекция –15 (22,5 сағат)
Практикалық сабақтар– 22 (33 сағат)
Білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі – СӨЖ) –94,5 сағат (соның ішінде ОСӨЖ 15– сағат
Барлығы - 150 сағат
|
3
|
Оқыту нәтижесі
|
Оқу нәтижелері:
-заманауи психология ғылымының теориялық-әдіснамалық негіздерін білу; тұлғаның дамуының негізгі теорияларының міндеттері мен мәселелерін білу; психикалық процестерді танудың бірыңғай жүйесін, білім алушылардың іс-әрекетін реттеу және түзету механизмдерін білу.
- білім алушылар мен сынып ұжымының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу мақсатында зерттеудің ең оңтайлы заманауи әдістері мен технологияларын таңдай білу; білім алушылардың психикалық құбылыстарының дамуын болжау; тиімді ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін инновациялық технологияларды қолдану.
-білім беру үрдісінің, адам жасының, балалардың жеке қасиеттерінің, өзіндік кәсіби қызметінің және өзін-өзі дамытудың кәсіби психологиялық диагностикасын ұйымдастырудың заманауи технологияларын меңгеру.
|
4
|
Білімін бағалау
|
Коллоквиум 2*6=12 балл
Презентация 3*3=9 балл
Глоссарий 3*3=9 балл
Эссе 4*6=24 балл
Студенттің белсенділігі: 1*6=6 балл
|
5
|
Қорытынды бақылау
|
Тест
|
6
|
Техникалық талаптар (қажет болса)
|
Ерекше талаптар жоқ
|
7
|
Ресурстар мен дереккөздер / негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |