5.Дәріс кешені
Дәріс №1
Тақырыбы: Дүниежүзі елдерінің экологиялық-экономикалық типологиясы.
1. Ғаламдық экологиялық жүйе және макроэконмикалық саясат
Б.Н. Зимин ұсынған экологиялық-экономикалық типологиясы бойынша әртүрлі елдердің экологиялық-экономикалық мүмкіндігі әртүрлі. Эконмикалық даму деңгейі өте төмен елдерде «экологизация» түсінігі- шетелдік инвесторлардың есебінен жүргізілген табиғатты қорғау шаралары ретінде қарастырылады. Экономикалық даму көрсеткіші жоғары елдерде экологиялық шараларды қаржыландыру 1,3%-дан асады.
2. Экологиялық зиянды нысандар мәселесі- қазіргі кезде үлкен экологиялық проблемаға айналып отыр. Ірі қалаларда ірі өнеркәсіп орындары мен транспорттан шығатын улы газдар атмосфераны ластап, адамның денсаулығына кері әсерін тигізуде. Қазақстандағы экологиялық зиянды нысандарға мысал ретінде: Арал мәселесі, Семей полигоны т.б. алуға болады.
3. Өндірісті ұйымдастыру және оның халық арасындағы географиялық байланысы.
Өндірісті ұйымдастыруда ең алдымен экологиялық мәселелерді шешіп алу керек.Батыс елдеріндегідей қалдықсыз өндіріске немесе аз қалдық шығаратын өндіріске көшу экологиялық мәселелердің шешілуіне жол ашады.
Дәріс №2
Тақырыбы: Үшінші әлем: Дамудың альтернативті және имитациялық жолдары.
Тұрақты даму концепциясы.
БҰҰ ұйымы өткізген 1972 жылғы Стокгольм конференциясы. Бұнда қоршаған ортаны қорғау мәселелері қаралды. 1992 жылы БҰҰ өткізген Рио-де-Жанейро конференциясында 5 негізгі құжат қабылданып, қоршаған ортаны қорғау даму процесінің біртұтас компонентіне айналуы тиіс деген мәселені талқылады.
Тұрғын халық және кемелдену.
Дамушы елдерде туу көрсеткіші бұрынғысынша жоғары. Жылына 80-90 млн. адамға өседі. Әлемде 145 млн. бала туылса, соның 125 млн-ы. дамушы елдердің үлесінде.
Альтернативті жолдармен даму.
Көптеген ғалымдар батыс елдерінің 3-әлем елдеріне деген ықпалын өздерінің альтернативті даму жолы арқылы көрсетеді деп есептейді. Р.Киплинг былай деп жазды: «Батыс-бұл батыс, Шығыс-бұл шығыс,екеуі ешқашан тоғыспайды» Имитациялық жолмен табысқа жетпеген дамушы елдер, соңында одан бас тартып, альтернативалы жолды таңдап, өзінің дәстүрлі даму жолына түседі.
Дәріс №3
Тақырыбы: Дағдарысқа қарсы геоэкологиялық стратегия.
Нарықтық қатынастар дамуының ресурс үнемдеуге қатысты мәселелері.
Бұрынғы индустриалды мемлекеттердің тәжірибесі ресурс үнемдеуші технологияға көшуге қажеттілік туғанын көрсетеді, бірақ бұл өз кезегінде бүкіл шаруашылықтың территориялық және салалық құрылымдарына өзгеріс енгізуді талап етеді.Соңғы 10 жыл ішіндегі тәжірибе тұрақты дамуға жетудің жалғыз жолы- әлемдік халық шаруашылығының барлық салаларына ресурс үнемдеуші және қалдықсыз технология енгізу керек екенін көрсетті.
Ресурс үнемдеу салалары және оның өткір әлеуметтік проблемаларға әсері.
Экономикалық дамудың экстенсивті әдістерінің басымдылығы қоршаған ортаның нашарлауы мен халық шаруашылығын ресурспен қамтамасыз етудің шиеленіскен проблемаларына алып келді. Қоршаған ортаның ластануы мен табиғат ресурстарын орынсыз пайдаланудың салдарынан экономикалық бағалауды белгілеуге деген қажеттілік туындады.
Табиғатты пайдалану барысындағы қоғам мен орта.
Табиғатты ұқыпты пайдалануда қоғам мен ортаның рөлі ерекше. Экологиялық тазалықты сақтай отырып, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қоғам меншігіндегі жас ұрпақтың басты міндеті.
Дәріс №4
Тақырыбы: Өнеркәсіп және қоршаған орта.
Энергетиканың қоршаған ортағ ықпалы
Өнеркәсіп- географиялық қабықтың бүкіл сферасына әсер ететін қоршаған ортаны ластаушылардың ең бастысы. Атмосфераның ластануына жылу энергетикасы, металлургия, кокс химиясы, мұнай өңдеу, цемент өндірісі әсер етсе, гидросфераға- химия, мұнай химиясы, ағаш өңдеу, ет-сүт өндірісі кері әсерін тигізеді. Жердің ластануына- тау-кен өндірісі, құрылыс материалдарын өңдеу кері әсер етеді.
Тау-кен өндірісі және өңдеу өнеркәсібінің қоршаған ортаға ықпалы.
Тау-кен өндірісі- Жер ресурстарына кері әсер етеді. Жер астындағы шахталық әдіс жердің беткі бөлігінің шөгуіне әсер етсе, ашық әдіспен өндіру- су режимінің өзгеруіне, батпақтануға, көшкіндердң пайда болуына, ауаның ластануына әкеледі.
Қоршаған ортаны қорғау шаралары.
Өнеркәсіптік ластанудан қоршаған ортаны қорғау шаралары бірнеше топқа бөлінеді. 1-ден, бұл шаралар қалдықтарды шектен шығармай бақылау мониторингі бойынша өткізілетін шаралар. 2-ден, бұл шаралар қалдықтарды қайта өңдеу , жердің рекультивациясын қалыпқа келтіру бойынша өткізіледі.
Дәріс №5
Тақырыбы: Атмосфераның антрополгендік ластануы.
Атмосфераның табиғи ластануы.
Атмосфера ауасы- Жер бетіндегі тіршілік иелерін маңызды өмірмен қамтамасыз етуші орта.Табиғи ластану- вулкандардың атқылауы, жел эрозиясы, шаңды борандар нәтижесінде пайда болады. Маңызды рөлді бұнда Жердің вулкандық және флюидті белсенділігі атқарады.
Атмосфераның антропогендік ластануы.
Антропогендік ластану- атмосфераға жылу энергетикасы, металлургия, химия, мұнай химиясы, қағаз өңдеу өндірісі, құрылыс индустриясы, автомобиль транспорты іс-қимылдарының нәтижесінде келіп түсетін қалдықтар, шаң-тозаңдар.
Газ тәрізді заттар және қышқыл жаңбырлар.
Аэрозольді ластану- атмосфераның тұрақты құрамы емес ұсақ және ірі, қатты, сұйық бөлшектермен ластануы. Газ тәрізді заттардың атмосфераға түсуі бүкіл тірі ағзаға қауіпті. Қышқыл жаңбырлар- күкірт диоксиді мен азот оксидінің ауада су буы арқылы бірігіп, бұлттарда концентрацияланып пайда болады.
Көміртегі қосылыстары және радиоактивті ластану.
Көмііртегі диоксиді немесе көмірқышқыл газы.
Чернобыль апаты
Радиоактивті ластану- уран өндіру және өңдеу кезінде, әртүрлі атомдық обьектімен жұмыстанғанда болады.
Дәріс №6
Тақырыбы: Құрлық суларының антропогендік ластануы.
1. Сулардың ластану көздерін- табиғи және антропогендік деп 2-ге бөледі.
Табиғи ластану көздері- Жердің вулкандық және флюидті белсенділігіне байланысты болады.
Антропогендік ластану- адам іс-әрекеті нәтижесінде пайда болады. Негізгі судың ластану көздері- өнеркәсіп, транспорт, ауыл шаруашылығы, өндірістік емес сфера.
2. Гидросфераның ластану түрлері.
Гидросфераға түсетін заттарға байланысты ластанудың 3 түрі бар: физикалық, химиялық, биологиялық.
- физикалық ластану- қатты қалдықтарға байланысты.
- химиялық ластану- химиялық заттар мен қосындылардың суға түсуіне байланысты.
- биологиялық ластану- микрооргонизмдерге байланысты.
Дәріс №7
Тақырыбы: Дүниежүзілік мұхиттың антропогендік ластануы және оны қорғау.
1 Дүниежүзілік мұхит пен оның теңіздерінің ластануы- мұхит ортасына тікелкй және жанама түрде әртүрлі лас заттардың түсуі нәтижесінде пайда болады. Ең басты ластаушылар –мұнай, ауыр металдар, пестицидтер, радиоактивті заттар.
2. Дүниежүзілік мұхиттың ластануының географиясына сипаттама беру қиындау. Құрлықтан келетін қалдық өнімдер мұхиттық акваторияның жағалауларын ластайды. Мұхит ағыстары лас қалдықтарды ашық мұхитқа тасиды.
3. Мұхит суының мұнаймен ластануы. Мұхит ортасына түсетін мұнайдың көмірсутектері оған жағымсыз әсер етеді. Мұхиттағы тіршіліктің өміріне қауіп төндіріп, олардың санының азаюына әкеледі. Жыл сайын 3-5 млн.т-дан 10-15 млн.т-ға дейін мұнай өнімдері мұхитқа түседі.
4. Мұхиттың радиоактивті ластануы. Мұхит түбіне радиоактивті қалдықтарды жерлеу- алғашында атом энергетикасының дамуы кезеңінде тәжірибеден өтті. Алғаш рет АҚШ-1946 жылы, 1949 жылы- Англия, Франция, Бельгия, Швейцария, Германия радиоактивті қалдықтарды мұхит түбіне төкті
Дәріс №8
Тақырыбы: Жер ресурстарының құнарсыздануы және шөлдену проблемасы.
Топырақтың құнарсыздану процесі және оның себептері. Жердің, топырақ қабатының деградациясы- адам іс-әрекетінің келеңсіз нәтижелерінен пайда болады. Жер ресурстарын басты бұзушы күші- су эрозиясы, жел эрозиясы. Деградация себептері- ормандардың азаюы, ауыл шаруашылығының жұмыстары, тыңайған жерлерді дұрыс игермеу, ауыр ауыл шаруашылық техникаларын пайдалану.
Топырақтың құнарсыздану деңгейі және таралуы әртүрлі болуы мүмкін. Классификациясы: әлсіз, қалыпты, жоғары, өте жоғары деңгей. Өте жоғары деңгейде топырақ жамылғысы түгелдей бұзылады, бүкіл әлем бойынша бұндай жер көлемі- 13 млн.га.
Шөлдену проблемасы және оның географиялық таралуы. Соңғы он жыл ішінде планетаның жер қорының жағдайына аридизация процесі- шөлдің және жартылай шөлдің таралуы кері әсерін тигізеді. Қазіргі кезде 36-дан 48 млн.шаршы шақырым жерді аридтік белдеу алып жатыр. Солтүстік Африка мен Азияның шөлдері тұтас зонаны алуда, оның тең жартысы- Сахараның үлесінде. Шөлдердің географиялық таралуы- Азия-32%, Африка-32%, Оңтүстік Америка-8%, Солтүстік Америка-12%, Европа-5%, Австралия-11%
Дәріс №9
Тақырыбы: Литосфераға антропогендік әсер ету және оны қорғау.
Жердің беткі қабатына шығарылатын қалдық түрлері.Қатты қалдықтар- тұрмыстық, өндірістік, пуыл шаруашылықтық болып бөлінеді. Қатты тұрмыстық қалдықтар- тұрмыстық жағдайда қалыптасады. Әлемдік рекордта АҚШ бұндай қалдық лақтырудан алда. Өндірістік қалдықтар- энергетика, металлургия, химия өндірісіндегі қалдықтар.
Қалдықтарды өңдеу проблемасы. АҚШ, Канада, Европа елдерінде қатты қалдықтарды арнайы учаскелерде бөліп сақтайды.Осындай жолмен олар 70 %, Англия-90 %қаттықалдықтардан құтылады. Тұрмыстық қалдықтарды өртейді, компрестейді, қайта өңдеу заводына жөнелтеді. АҚШ-та бұндай заводтардың саны-300.
Дәріс №10
Тақырыбы: Тірі табиғат геноқорының азаюы және оларды қорғау.
Биологиялық әралуандылық және геноқордың қысқаруы. Жер бетінде геноқорлардың азаюы мен биоәралуандылықтың азаю процесі жүруде, бұл бойынша өсімдік және жануарлар әлемі сарқылатындар категориясына кіреді. Олар жер бетіндегі тіршілікке кері әсерін тигізеді. Американдық эколог Т.Миллер б.э.д. 8000 жыл мен 1975 жылдар аралығында түрлердің жоғалу жылдамдығы 1000 есеге өскен.
Жойылу себептері- әржақты зерттелген. Олар тура және жанама болып бөлінеді. Адамның планетадағы геноқорға тікелей әсері және оның әртүрлілігі өсімдік және жануарлар әлемін құртудан көрінеді. Жанама әсері- адам іс-әрекетінің биологиялық түрлер мен өсімдік әлеміне әкелетін өзгерісінен көрінеді.
Геноқорды сақтау және қайта қалпына келтіру шаралары әртүрлі болуы мүмкін. Олардың экономикалық, әкімшілік, құқықтық т.б. Ең белгілісі- Қызыл кітап, бұған жойылу қаупінде тұрған өсімдіктер мен жануарлар кіреді. Үлкен маңызды рөлді Рио-де-Жанейродағы Бүкіләлемдік конференция ие, бұнда биологиялық әралуандылық туралы арнайы конвенция қабылданды.
Дәріс №11
Тақырыбы: Орман алқаптарының қысқаруы.
Антропогендік ормансыздану процесі- 10 мың жыл бұрын, неолит революциясы дәуірінде басталып осы күнге дейін жалғасуда. Қазіргі сараптау бойынша осы революция кезінде 62 млрд.га жер құрлығын орман жапқан. Ормансыздану процесі адамның іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асуда.
Ормансызданудың географиялық таралуы- соңғы онжылдықта өзгеріске ұшырады. Оның эпицентрі солтүстіктен оңтүстік орман белдеулерін алып жатыр.Қазіргі кезде жасанды ормандандыру солтүстік орман бедеуінде жылына 4 млн.га құрайды. Тропиктік ормандардың жалпы көлемі- 1980 жылдан бастап 2 млрд.га құрады. Америкада бүкіл жер көлемінің 53%-ын, Азияда-36%-ын, Африкада-32%-ын құрады.
Дәріс №12
Тақырыбы: Ауыл шаруашылығының экологиялық аспектілері.
Мал шаруашылығының ауыл шаруашылығына ықпалы.
Мал шаруашылығы өнімдері- ет, сүт, май, ірімшік, жұмыртқа, жүн. Әлемдік ет өндірісі жайлап өсуде, 1990 жылы 175 млн.т құрады, 1990 жылдың соңында 220 млн.т дейін көтерілді. Ет өндіруден алдыңғы қатарлы мемлекеттер: Қытай, АҚШ, Бразилия, Германия. Мал шаруашылығы- әлемдік ауыл шаруашылығының 2-басты саласы.
Минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттар әсері.Минералды тыңайтқыштарды кең қолдану «жасыл революцияның» негізгі принциптері. Осының көмегімен жыл сайын топырақ құнарлы заттарға қанығады. Бұның кері жағы да бар. Калий тыңайтқыштарымен бірге топырақтың құрамының өзгеруі мүмкін. Улы химикаттарды қолдану әртүрлі зиянкестердің көзін құртып, мол өнім алуға көмектеседі, адамның малерия, энцефалитпен ауруына қарсы тұрады.
Дәріс №13
Тақырыбы: Қауіпсіз және ядросыз әлем жолында.
Соғыстан кейінгі жылдардағы негізгі проблемалар.20-ғасырдың 2-жартысында ядролық қарудың пайда болуы, тұтас мемлекеттерді жою мақсатында бүкіл өркениет тәжірибесіне енді. Мысал ретінде Кариб дағдарысын алуға болады. 1980 жылдың 2-жартысында әлемдік әскери-саяси жағдай жақсара түсті, халықаралық қатынастың көпполюстік жүйесі қалыптасты.
Ядролық қаруды бақылауға алуда халықаралық келісімдердің маңызы зор. 1963 жылы Кеңес Одағы, АҚШ, Ұлыбритания арасындағы «ядролық қаруды атмосферада, суда, космоста таратпау » жөніндегі келісімге Москвада қол қойылды. БҰҰ 1996 жылы ядролық сынақты тоқтату туралы жалпыға бірдей келісім жасады.
Қарапайым қаруды және әскери шығындарды қысқарту. 1987 жылы қарапайым қару саудасы- 40,6 млрд. долларға жеткен, 1990 жылы бұл көрсеткіш 2 есеге азайған. Негізгі қару тасушылар- АҚШ және Кеңес Одағы. Әскери шығынды қысқарту- 1988 жылдан басталды, 10 жылда шығындар 1/3-ге қысқарды. 1997 жылы- 470 млрд., ал 2000 жылы- 800 млрд .доллар құрады. Әлемде Қарулы күштерде 21 млн. адам қызмет істеуде.
Дәріс №14
Тақырыбы: Транспорт және қоршаған орта.
1. Автомобиль транспорты. АҚШ-та автомобиль көлігі басым. Дүниежүзінде автомобиль көлігі қауырт дамуда. 90-жылдардың басында автомобиль паркінде шамамен 0,5 млрд. автомобиль болды, 80%-і Батыстың дамыған елдерінде болды.Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы жөнінен АҚШ алда, автомобиль жолдарының жиілігі жөнінен- Батыс Европа елдері мен Жапония алда.
2. Әуе, су, құбыр және т.б. транспорттар.
Теңіз көлігі елдер арасындағы тасымалдардың 80%-ын қамтамасыз етеді. Дүниежүзілік сауданың ұлы жолы- Атлант мұхиты арқылы аса маңызды сауда жолдары өтеді.
Әуе көлігі- өте жас әрі шапшаң дамып келе жатыр. Артықшылығы- әуемен қатынасудың жылдамдығы.Құбыр көлігі- мұнай, газ тасымалдауда кең қолданылады.
Дәріс №15
Тақырыбы: Киото хаттамасы.
Хаттаманың негізгі мазмұны
Сауданың икемді механизмдері
а ) Лақтырындыларды орналастыруға қойылатын сауда
б ) Таза даму механизмі
в ) Жеңілдіктердің есебімен жасалатын біріккен жобалар
с ) Көпіршік
Дәріс №16
Тақырыбы: Жаһандану- қарама-қайшы процесс.
Жаһандану 20 ғасырдағы жаңа ұғым. Бұл –тарихи процесс.Оның 3 түрі бар.
1. Экономикалық
2. Саяси
3. Мәдени
Батыс Европада және Азияда жаһандануға қарсы топ құрылып, жұмыс жасады. Экономикалық жаһандану- жаһанданудың басты формасы.Саяси жаһандану- саяси ойларды негізгі бағытқа алады.Мәдени жаһандану - әлеуметтік, саяси ойларды біріктіреді.
Дәріс №17
Тақырыбы: Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Адамзаттың ғаламдық проблемалары қазіргі кезде маңызды орынға ие. Ғаламдық проблемаларға адамзатқа қатысты барлық мәселелер кіреді. Олар әлеуметтік шығын әкеліп, экономикаға зардап туғызуда.Ғаламдық проблемаға жататындар: экологиялық, энергетикалық, шикізат, денсаулық сақтау, терроризм, бюрократия, урбандалу, демографиялық, азық-түлік, сауатсыздық,бейбітшілікті сақтау;
Дәріс №18
Тақырыбы: Қауіпсіз және ядросыз әлем жолында
Соңғы 10 жылда ядросыз қару жолындағы күрес қатаң қолға алынған. Ядролық қаруды бақылауға алуда халықаралық келісімдердің маңызы зор. 1963 жылы Кеңес Одағы, АҚШ, Ұлыбритания арасындағы «ядролық қаруды атмосферада, суда, космоста таратпау » жөніндегі келісімге Москвада қол қойылды. БҰҰ 1996 жылы ядролық сынақты тоқтату туралы жалпыға бірдей келісім жасады.
Қарапайым қаруды және әскери шығындарды қысқарту. 1987 жылы қарапайым қару саудасы- 40,6 млрд. долларға жеткен, 1990 жылы бұл көрсеткіш 2 есеге азайған. Негізгі қару тасушылар- АҚШ және Кеңес Одағы. Әскери шығынды қысқарту- 1988 жылдан басталды, 10 жылда шығындар 1/3-ге қысқарды. 1997 жылы- 470 млрд., ал 2000 жылы- 800 млрд .доллар құрады. Әлемде Қарулы күштерде 21 млн. адам қызмет істеуде.
Дәріс №19
Тақырыбы: Әлемнің экологиялық проблемаларына территориялық сараптау
Дәріс мазмұны: 1. Табиғи экожүйелердің территориялық бұзылу деңгейі
2. Әртүрлі континенттегі экожүйе деңгейінің бұзылу деңгейі
Антропогендік ластану- адам іс-әрекеті нәтижесінде пайда болады. Негізгі судың ластану көздері- өнеркәсіп, транспорт, ауыл шаруашылығы, өндірістік емес сфера.
2. Гидросфераның ластану түрлері.
Гидросфераға түсетін заттарға байланысты ластанудың 3 түрі бар: физикалық, химиялық, биологиялық.
- физикалық ластану- қатты қалдықтарға байланысты.
Дәріс №20
Тақырыбы: Ғаламдық энергетикалық проблема және оның шешілу жолдары
Дәріс мазмұны: 1. Ғаламдық энергетикалық проблемалардың қалыптасқан ошақтары
2. Оның шешілу жолдары
Энергетикалық проблеманы шешуде экономикалық жағдайдың алатын орны ерекше. Энергетикалық проблемалар 20 ғасырдың басынан басталды. Оған өнеркәсіптің дамуы мен өндіргіш күштердің өсуі әсер етті. Дамыған мемлекеттерде энергетикаға қатысты проблемалар экологияға кері әсерін тигізеді.
Дәріс №21
Тақырыбы: Басқа да ғаламдық проблемалар және олардың шешілу жолдары
Дәріс мазмұны: 1.Басқа басты ғаламдық проблемалар
2.Олардың шешілу жолдары
. Экологиялық зиянды нысандар мәселесі- қазіргі кезде үлкен экологиялық проблемаға айналып отыр. Ірі қалаларда ірі өнеркәсіп орындары мен транспорттан шығатын улы газдар атмосфераны ластап, адамның денсаулығына кері әсерін тигізуде. Қазақстандағы экологиялық зиянды нысандарға мысал ретінде: Арал мәселесі, Семей полигоны т.б. алуға болады.
3. Өндірісті ұйымдастыру және оның халық арасындағы географиялық байланысы.
Өндірісті ұйымдастыруда ең алдымен экологиялық мәселелерді шешіп алу керек.Батыс елдеріндегідей қалдықсыз өндіріске немесе аз қалдық шығаратын өндіріске көшу экологиялық мәселелердің шешілуіне жол ашады
Дәріс №22
Тақырыбы: : Ғаламдық урбандалудың даму деңгейі
Дәріс мазмұны: 1. Ғаламдық урбандалу мәселесі
2. Урбандалу процесінің негізгі себептері
Урбандалуға әсер етуші факторларға сипаттама бере отырып, урбандалған территорияның негізгі ерекшеліктеріне тоқталған жөн.Неғұрлым тығыз орналасқан урбандалған территорияға дамыған елдер, АҚШ, Батыс Европа, Азия елдері кіреді.
Дәріс №23
Тақырыбы: Ресей мен ТМД территориясындағы өткір экологиялық жағдай қалыптасқан аудандар
Дәріс мазмұны: 1. Ресейдегі экологиялық жағдайға сипаттама
2. ТМД территориясындағы экологиялық апатты аймақтарға сипаттама
Ресейдегі негізгі экологиялық жағдай қазіргі кезде ушығып отыр. ТМД территориясындағы экологиялық апатты аймақтарға Балқаш маңы, Арал теңізі, Каспий теңізі, Чернобыль аймағы т.б.
Дәріс №24
Тақырыбы: Әлем халқының денсаулығын сақтауға қатысты проблемалар
Дәріс мазмұны: 1. Халықтың денсаулығы- қоғам алдындағы 1-міндет
2. Халық денсаулығын сақтауға қатысты проблемалар
Денсаулық сақтауға қатысты проблемалар дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарда болып отыр. Африка, Азия елдерінде жұқпалы аурулардың ошағы қалыптасқан.Бұл проблеманы шешу барлық елдердің бірігіп шешетін міндеті.
Дәріс №25
Тақырыбы: Транспорт және қоршаған орта.
Мазмұны: 1. Автомобиль транспорты
2. Әуе, су, құбыр және т.б. транспорттар
Транспорт қоршаған ортаға кері әсер ете отырып, экологиялық жағдайды шиеленістіреді. Транспорттың әртүрі қоршаған ортаға әсер етеді.Автокөлік қала ауасын ластап, атмосфераға кері әсер етеді.
Дәріс №26
Тақырыбы: Ғаламдық шикізат проблемасы және оның шешілу жолдары
Дәріс мазмұны: 1. Ғаламдық шикізат көздеріне сипаттама
2. Ғаламдық шикізатты сақтап қалу жолдары
Шикізат проблемасын шешу үшін табиғи ресурстарды үнемдеу қажет. Табиғи ресурстар қоры азаюына байланысты шикізат проблемасы орын алып отыр.Қазақстандағы шикізат қоры мол болғанымен, мұнай, газ қоры азаюда.Қалдықсыз технология қолдану шикізат қорын сақтауғасептігін тигізеді.
Дәріс №27
Тақырыбы: Космостық кеңістікті бейбіт мақсатта пайдалану
Дәріс мазмұны: 1. Космостық кеңістіктің адам өміріндегі маңызы
2. Космос кеңістігін сақтау шаралары
Космос кеңістігін кеңінен қолдану соңғы кезде космос кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану кезінде жүзеге асуда. Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстанның бірден-бір космос кеңістігі.Ол Ресей мемлекетіне 40 жылға жалға берілді.
Дәріс №28
Тақырыбы: Табиғи және техногендік апаттардың ғаламдық экологиялық жағдайларға әсері
Дәріс мазмұны: 1. Табиғи апаттардың зардаптары
2. Техногендік апаттардың пайда болу себептері
Табиғи апаттар табиғаттағы кездейсоқ болатын құбылыстар.Олардың кесірінен мыңдаған адамдар зардап шегеді. Олардың алдын-алу үшін негізінен сейсмологиялық болжамдар жасалап, қорғалу шаралары жасалады.
Дәріс №29
Тақырыбы: Ауыл шаруашылығының экологиялық аспектілері.
Мазмұны: 1. Минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттар әсері.
2. Мал шаруашылығының ауыл шаруашылығына ықпалы.
Жойылу себептері- әржақты зерттелген. Олар тура және жанама болып бөлінеді. Адамның планетадағы геноқорға тікелей әсері және оның әртүрлілігі өсімдік және жануарлар әлемін құртудан көрінеді. Жанама әсері- адам іс-әрекетінің биологиялық түрлер мен өсімдік әлеміне әкелетін өзгерісінен көрінеді.
Геноқорды сақтау және қайта қалпына келтіру шаралары әртүрлі болуы мүмкін. Олардың экономикалық, әкімшілік, құқықтық т.б. Ең белгілісі- Қызыл кітап, бұған жойылу қаупінде тұрған өсімдіктер мен жануарлар кіреді
Дәріс №30
Тақырыбы: Демографиялық жарылыстың болашағы
Дәріс мазмұны: 1.Демографиялық жарылыс түсінігі
2. Демографиялық жарылыстың пайда болу себептері
Демографиялық жарылыс Қытай,Үндістан,Африка елдерінде болып отыр. Демографиялық жарылысты алдын-алу үшін арнайы демографиялық саясат жүргізілуі керек. Бұндай саясат Қытайда жолға қойылып, қатаң қадағалануда.Қазақстанда халық санының аз болуына байланысты халықты көбейту мақсатында әртүрлі шарала жасалуда.
Достарыңызбен бөлісу: |