Жұмыс бағдарламасы бекітілген жұмыс оқу жоспарларының (бекіту күні)



жүктеу 257,5 Kb.
бет3/3
Дата20.11.2018
өлшемі257,5 Kb.
#22602
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3

ОӘК төрайымы _____________ Темиргалиева А.Б. 20__ж. « __» __________



КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы __________ Эрназаров Т.Я. 20__ж. « __» __________

Мақұлданды

ОӘБ бастығы____________ Жуманкулова Е.Н. 20__ж. « __» __________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20 __ ж. «___» №_ Хаттама.



1 Пәннің мақсаты

Курстың мақсаты – студенттерде менеджменттің теориялық негізінің құрама бөлігі ретінде ұйымдастыру теориясының негізгі түсініктері мен ережелерін зерттеу жолымен ұйымды басқару туралы жүйелі түсінігін қалыптастыру, студенттермен қызметтің таңдаған түріне халықаралық стандарттармен сәйкес және қоғамның индустриялыдан кейінгі даму жағдайында басқару міндеттерін шешудің тәжірибелік дағдылары мен ептілігін және құзыреттерін алуы.



Пәннің міндеттері

- «ұйым» мен «жүйе» түсініктерінің мәнін және олардың байланысын, ұйымдастыру қағидалары мен ұйымдық құрылымдарды құру ережелерінің мазмұнын анықтау;

- өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі басқару қағидаларын және ұйымдық құрылымдардың қызмет етуіндегі олардың рөлін; динамикалық аспектіде ұйымдық құрылымдардың бүтіндігін сақтау, қызмет ету мен реттеу бойынша ұйымдық қағидалар мен әрекеттерді түсіндіру;

- ұйымдық жүйелерді ұйымдық жобалау мен модельдеудің негізін; ұйымдық мәдениеттің мәні мен ұйымдық құрылымдардың қызмет етуіндегі оның рөлін анықтау;

- корпоративтік басқарудың негізгі тәсілдерін зерттеу, корпоративтік басқарудың негізгі тиімді әдістемелерін меңгеру, шағын кәсіпкерлік субъектілерін басқару ерекшеліктерін білу, өндірістік менеджментке, бизнес-үрдістер инжинирингіне заманауи тәсілдерді анықтау.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

- тәуекелдік менеджмент негіздері;

- корпоративтік басқарудың заманауи тәсілдері

- әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысанындағы ұйымдарды басқару ерекшеліктері жөнінде түсініктері болуы;

- ұйымдастыру теориясының заманауи тәсілдерін;

- ұйымның әртүрлі нысандары мен оларды басқару сипаттамасын;

- инновациялық менеджмент негіздерін;

- сапа менеджменті негіздерін;

- стратегиялық менеджмент негіздерін білуі;

- ұйымды басқару жүйесін құрудың әртүрлі тәсілдерін қолдануға;

- әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысанындағы кәсіпорындарды басқару жүйесін қалыптастыруға;

- ұйымның ішкі және сыртқы орта факторларын талдауға;

- миссияны тұжырымдау мен мақсаттар ағашын құруға;

- ұйым стратегиясын таңдау мен бағалауға;

- инновациялық қызметтің тиімділігін бағалау мен кәсіпорынның инновациялық дамуының стратегиялық бағыттарын анықтауға;

- кәсіпорынның инновациялық даму сферасын таңдауға;

- тәуекелдіктерді анықтау, басқару мен сақтандыру әдістемесін білуге икемді болуы;

- инвестициялық қызметтің тиімділігін бағалауға;

- ұйымдық өзгерістерді жүзеге асыруға;

- ұйымда бизнес-үрдістерді басқаруға;

- ұйымды корпоративтік басқарудың тиімділігін бағалаға практикалық машықтарды иемденуі қажет.


2 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: әлеуметтану, мәдениеттану, экономикалық теория, менеджмент.


3 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: кәсіпкерлік, кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі, кәсіпорын қызметін жоспарлау.



4 Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары

5В050600 «Экономика» мамандығының пән тақырыптық жоспары, сырттай оқу түрі, кәсіби орта білім, жоғары кәсіби білім негізінде, түскен жылы 2012


№ р/с

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

дәріс

тер


практикалық (сем)

зертханалық

студия лық

жеке

СӨЖ

1 бөлім Ұйымдастыру теориясы

1

Ұйымдастыру теориясы және ғылыми білімдер жүйесінде оның орны

1

-

-

-

-

10

2

Ұйымдық теорияның негізгі түрлері және олардың қағидалары

1

1

-

-

-

9

3

Әлеуметтік ұйым

1

1

-

-

-

10

4

Ұйымның қызмет етуін реттейтін заңдар

-

1

-

-

-

10

5

Ұйымдастыру және басқару

-

1

-

-

-

10

6

Ұйымның қызмет етуі

1

-

-

-

-

10

7

Ұйымдық мәдениет

1

1

-

-

-

9

8

Ұйымдық жүйені жобалау

-

1

-

-

-

10

9

Болашақ кезеңдегі ұйым: өзіндік сипаттары

1

-

-

-

-

10

2 бөлім Кадрлық менеджмент

10

Ұйым құрылымын жобалау

1

-

-

-

-

10

11

Персоналдағы қажеттілікті бағалау

1

1

-

-

-

10

12

Қызметкерлердің қызметін талдау. Лауазымдық нұсқаулықтар

-

1

-

-

-

10

13

Ұйымға жұмысқа кандидаттарды тарту

1

1










9

14

Жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттарды бағалау

1

1










10

15

Жұмысқа персоналдың конкурстық қабылдау

1

1










10

16

Персоналдың бейімделуі

1

1










9

Барлығы

12

12

-

-

-

156


4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
1 бөлім Ұйымдастыру теориясы
Тақырып 1 Ұйымдастыру теориясы және ғылыми білімдер жүйесінде оның орны

Ұйымдастыру теориясының пәні мен міндеттері. Ұйымдастыру теориясының басқа ғылымдармен байланысы.


Тақырып 2 Ұйымдық теорияның негізгі түрлері және олардың қағидалары

Ұйымның мәні мен түсінігі. Ұйымдарды құрудың теориялық негіздері. Ұйымдық теориялардың түрлері.


Тақырып 3 Әлеуметтік ұйым

«Әлеуметтік ұйым» түсінігі. Ұйымды құру себептері. Әлеуметтік ұйымдардың түрлері. Ұйым жүйе ретінде. Статикалық және динамикалық ұйымдардың қызмет ету қағидалары.



Тақырып 4 Ұйымның қызмет етуін реттейтін заңдар

Әлеуметтік заңдардың ерекшеліктері. Ұйымдардың қызмет етуін реттейтін заңдар. Синергия заңы. Өзін-өзі сақтау заңы және өмір сүру үшін күрес. Іскерлік ұйымдардың даму заңы.

Композиция және пропорционалдылық заңы. Ақпаратпен қамтылу және тәртіптілік заңы. Талдау мен синтездің бірлестік заңы. Әлеуметтік ұйымның ерекше заңдары.
Тақырып 5 Ұйымдастыру және басқару

Ұйымды басқару жүйесі. Заманауи іскерлік ұйымды басқарудың міндеттері. Басқарудың ұйымдық құрылымдары.


Тақырып 6 Ұйымның қызмет етуі

Ұйымдық қызметтің субъектілері мен объектілері. Ұйымдасытыру және шешімдерді қабылдау әдістері. Ұйымдастырудағы үйлестіру. Ұйымдағы коммуникация. Ақпараттық қамтамасыз ету.


Тақырып 7 Ұйымдық мәдениет

Ұйымдық мәдениеттің мәні мен түсінігі. Ұйымдық мәдениеттің элементтері. Ұйымдық мәдениеттің түрлері.


Тақырып 8 Ұйымдық жүйені жобалау

Ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру. Ұйымдық жүйелерді жобалау кезеңдері мен әдістері. Ұйымдық жобалардың тиімділігін бағалау.

Ұйымдық құрылымдарға түзетулер енгізу.
Тақырып 9 Болашақ кезеңдегі ұйым: өзіндік сипаттары

Болашақ кезеңдегі ұйым: өзіндік сипаттары. Болашақ кезеңдегі ұйымдарды қалыптастырудың негізгі қағидалары. Ұйымдар дамуының перспективті бағыттары. Көлденең ұйымдар. Көп өлшемді ұйымдар. Желілік ұйымдар. Желілік ұйымдық құрылымдар. Виртуалдық ұйым.


2 бөлім Кадрлық менеджмент
Тақырып 10 Ұйым құрылымын жобалау

Басқарудың ұйымдық құрылымның жалпы сипаттамасы. Басқарудың ұйымдық құрылымның түрлері. Сызықтық ұйымдық құрылым. Функционалдық ұйымдық құрылым. Ұйымды жобалау кезеңдері. Басқарудың ұйымдық құрылымның дамуының қазіргі тенденциялары.


Тақырып 11 Персоналдағы қажеттілікті бағалау

Персоналдағы қажеттілікті жоспарлау. Персоналдағы қажеттілікті бағалау түрлері. Персоналдағы қажеттілікті есептеу. Аймақтағы кадрлық жағдайды талдау.


Тақырып 12 Қызметкерлердің қызметін талдау. Лауазымдық нұсқаулықтар

Қызметкердің қызметін талдау мақсаты мен сатылары. Профессиограмманың типтік құрылымы. Персонал бойынша менеджердің қызметінде профессиографиялық талдау.


Тақырып 13 Ұйымға жұмысқа кандидаттарды тарту

Персоналды қабылдауға әсер ететін факторлар. Кандидатпен шешім қабылдау және персонал бойынша менеджердің міндеттері. Персоналды тарту көздері. Персоналды тартуға шығындар.


Тақырып 14 Жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттарды бағалау

Персоналды бағалау проблемлары мен кезеңдері. Бағалау бойынша шаралардан болатын пайда мен шығындарды талдау.


Тақырып 15 Жұмысқа персоналдың конкурстық қабылдау

Кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстың мақсаты мен элементтері. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізудің тәсілдері. Кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстың кезеңдері. Конкурс бағдарламасын қалыптастыру әдістері.


Тақырып 16 Персоналдың бейімделуі

Персоналдың бейімделуінің мақсаты мен кезеңдері. Бағдарлау бағдарламасы. Әсерлі бейімделу.



4.3 Тәжірибиелік сабақтардың тізімі және мазмұны
1 бөлім Ұйымдастыру теориясы
Тақырып 1 Ұйымдастыру теориясы және ғылыми білімдер жүйесінде оның орны

Негізгі сұрақтар:

1Ұйымдастыру теориясы нені зерттейді?

2 Ұйымдастыру теориясы дербес пән ретінде қалай қалыптасты?

3 Ғылыми білімдер жүйесінде ұйымдастыру теориясы қандай орын алады?

4 Ұйым мен қоғам арасындағы қандай байланыс бар?

5 Қазақстанда жаңа нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында ұйымдастыру жұмысының ерекшеліктері қандай?
Тақырып 2 Ұйымдық теорияның негізгі түрлері және олардың қағидалары

Негізгі сұрақтар:

1 Ұйым дегеніміз не?

2 Объект ретінде және үрдіс ретінде ұйым түсініктерінің негізгі ерекшеліктері қандай?

3 Ұйымның ішкі ортасының компонеттерін қалай жіктеуге болады?

4 Ұйымның сыртқы ортасы дегеніміз не?

5 Ұйымның классикалық және неоклассикалық теориясының басты белгілері қандай?
Тақырып 3 Әлеуметтік ұйым

Негізгі сұрақтар:

1 Әлеуметтік ұйым дегеніміз не?

2 «Ұйым» терминіне анықтама беріңіз.

3 Ұйымды құру үшін бастапқы жағдай болып табылатын мотивтерді сипаттаңыз.

4 Ұйымның ашық және жабық жүйелері дегеніміз не?

5 Шаруашылық жүргізуші субъектілерін ұйымдастырудың қандай нысандары бар?

6 Іскерлік ұйымдардың төрт мәртебесін атаңыз.

7 Жүйе жұмысының статикалық және динамикалық тәртіптері немен сипатталады?

Тақырып 4 Ұйымның қызмет етуін реттейтін заңдар

Негізгі сұрақтар:

1 Әлеуметтік заңдардың ерекшеліктері неде?

2 Әлеуметтік ұйымдардың қызмет етуін реттейтін негізін салушы заңдарды атаңыз.

3 Синергия заңын тұжырымдаңыз.

4 Синергия заңының әрекет етуінің нақты мысалдарын келтіріңіз.

5 Ұйымның аман қалуына қандай факторлар мүмкіндік береді?

6 Іскерлік ұйымдардың даму заңы қалай тұжырымдалады, ол қандай қағидаларға сүйенеді?

7 Заманауи жағдайларда композиция және пропорционалдылық заңы қалай көрінеді?

8 Ұйымның ақпараттық ресурсын қандай көрсеткіштер анықтайды?

9 Замануи ақпараттық технологиялар туралы не білесіздер?

10 Талдау мен синтездің бірлестік заңы туралы не білесіздер?

11 Электрондық коммерция дегеніміз не?

12 Ұйымда ақпараттық тәртіп немен анықталады?

13 Басқарушылық еңбектің тиімділігін жоғарлатуға қандай ерекше заңдар көмектеседі?
Тақырып 5 Ұйымдастыру және басқару

Негізгі сұрақтар:

1 Іскерлік ұйымның басқарылатын және басқаратын бөлімдеріне қандай бөлімшелер кіреді?

2 Ұйымның қызмет етуін қамтамасыз етуде басқару жүйесі қандай орын алады?

3 Басқару жүйесінің міндеттері.

4 Персоналдың өнімді еңбегіне түрткі болатын қағидаларды атаңыз.

5 Басшыларды іріктеу теориясының мәні неде?

6 Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдісі ретінде үміттену теориясының мәні қандай?

7 Қажеттіліктер теориясы неге негізделген?

8 Адамның өндірістік қызметін ынталандыру үшін әділеттілік теориясын қалай қолдануға болады?

9 Ұжым мүшелері жағынан басшының шешімдерін толық қолдау не туралы дәлелдейді?

10 Келіспеушіліктердің негізгі сатыларын атаңыз.

11 Келіспеушіліктерді қалай басқаруға болады?
Тақырып 6 Ұйымның қызмет етуі

Негізгі сұрақтар:

1 Ұйымдық қызмет дегеніміз не?

2 Ұйымды басқарудың нақты функцияларын атаңыз.

3 Ұйымды басқару жүйесінде ұйымдық қызмет қандай орын алады?

4 Басқару субъектісінің ұйымдық қызметінің негізгі құраушыларын атаңыз.

5 «Ұйымдық қызметтің объектісі» түсінігіне не кіреді?

6 Өндірістік қатынастар объектісі мен субъектісі ретінде қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері қандай?

7 Әлеуметтік өзін-өзі ұйымдастыру неге негізделген?

8 Ұйым басшысы ұйымдық жұмыстың қандай түрлерін орындау керек?

9 Басқарушылық шешімдерді қалай жіктеуге болады?

10 Басқарушылық шешімді қабылдауды талап ететін проблемалар қалай анықталады?


Тақырып 7 Ұйымдық мәдениет

Негізгі сұрақтар:

1 Қоғамдық мәнде мәдениет дегеніміз не?

2 Ұйымдық мәдениет дегеніміз не?

3 Ұйымдық тәртіпте ұйымдық мәдениет қандай орын алады?

4 Ұжымдағы ұйымдық қатынастар немен реттеледі?

5 Ұжымда қарым-қатынас мәдениетінің элементтерін атаңыз.

6 Іскерлік ұйымның ақпараттық ортасымен ұйымдық мәдениет қалай байланысты?

7 Ұйымдық мәдениеттің персоналдың кәсіби жарамдылығымен байланысын анықтаңыз.

8 Кәсіпорынның ұйымдық мәдениетінде орындаушылық тәртіпке қандай мән беріледі?

9 Кәсіпорында ұйымдық мәдениеттің қалыптасуына не мүмкіндік береді?

10 Ұйымның имиджі мен фирмалық стилі дегеніміз не?

11 Ұйымдық мәдениеттің негізгі түрлерін атаңыз.
Тақырып 8 Ұйымдық жүйені жобалау

Негізгі сұрақтар:

1 Ұйымдық құрылымдардың қалыптасуы қалай болады?

2 Ұйымдық жүйелерді қалыптастыруда жүйелік тәсілдің мәні неде?

3 Болашақ кезеңдегі ұйымның бейнесін құру үрдісі қалай жүзеге асырылады?

4 Әрекеттегі жүйелерді өзгерту және жаңаларды жобалау негізін не құрайды?

5 Ұйымдық жобалаудың негізгі кезеңдерін атаңыз.

6 Жобаланатын ұйымның болашақ жағдайының бастапқы үлгісі болып не саналады?

7 Іскерлік ұйымның мақсатын қалай анықтауға болады?

8 Мақсат-бағдарлар не үшін қажет?

9 Жобаланатын ұйымның жалпы стратегиялық концепциясын сипаттаңыз.

10 Ұйымдық жобалаудың қорытынды кезеңі қандай?

11 Ұйымның қызметін модельдеудің мәні неде?

12 Ұйымдық құрылымдарды жобалаудың әдістерін атаңыз.

13 Құрылымдарды түзету қажеттілігі немен байланысты?

14 Ұйымдық жүйелерді жобалау кезінде ұйымдық шешімдердің тиімділігін бағалау критерийлерін атаңыз.



Тақырып 9 Болашақ кезеңдегі ұйым: өзіндік сипаттары

Негізгі сұрақтар:

1 Ұйымдастыру теориясы бойынша жүйелі зерттеулер қашан өткізіле бастады?

2 Ұйымның қандай классикалық модельдерін білесіздер?

3 Ұйым дамуының қандай заманауи тенденцияларын білесіздер?

4 Болашақта ұйымның даму перспективалары қандай?

5 Ұйым дамуының перспективтік бағыттарын атаңыз және сипаттаңыз.
2 бөлім Кадрлық менеджмент
Тақырып 10 Ұйым құрылымын жобалау

Негізгі сұрақтар:

1 Басқарудың ұйымдық құрылымның жалпы сипаттамасы.

2 Басқарудың ұйымдық құрылымның түрлері.

3 Сызықтық ұйымдық құрылым.

4 Функционалдық ұйымдық құрылым.

5 Ұйымды жобалау кезеңдері.

6 Басқарудың ұйымдық құрылымның дамуының қазіргі тенденциялары.


Тақырып 11 Персоналдағы қажеттілікті бағалау

Негізгі сұрақтар:

1 Персоналдағы қажеттілікті жоспарлау.

2 Персоналдағы қажеттілікті бағалау түрлері.

3 Персоналдағы қажеттілікті есептеу.

4 Статистикалық жинақтар мәліметтеріне сәйкес Павлодар облысының кадрлық жағдайының талдауын өткізу.


Тақырып 12 Қызметкерлердің қызметін талдау. Лауазымдық нұсқаулықтар

Негізгі сұрақтар:

1 Қызметкердің қызметін талдау мақсаты мен сатылары.

2 Профессиограмманың типтік құрылымы.

3 Персонал бойынша менеджердің қызметінде профессиографиялық талдау.
Тақырып 13 Ұйымға жұмысқа кандидаттарды тарту

Негізгі сұрақтар:

1 Персоналды қабылдауға әсер ететін факторлар.

2 Кандидатпен шешім қабылдау және персонал бойынша менеджердің міндеттері.

3 Персоналды тарту көздері.

4 Персоналды тартуға шығындар.


Тақырып 14 Жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттарды бағалау

Негізгі сұрақтар:

1 Персоналды бағалау проблемлары мен кезеңдері.

2 Бағалау бойынша шаралардан болатын пайда мен шығындардың талдауын өткізу.


Тақырып 15 Жұмысқа персоналдың конкурстық қабылдау

Негізгі сұрақтар:

1 Кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстың мақсаты мен элементтері.

2 Конкурсты ұйымдастыру мен өткізудің тәсілдері.

3 Кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстың кезеңдері.

4 Конкурс бағдарламасын қалыптастыру әдістері.


Тақырып 16 Персоналдың бейімделуі

Негізгі сұрақтар:

1 Персоналдың бейімделуінің мақсаты мен кезеңдері.

2 Бағдарлау бағдарламасы.

3 Әсерлі бейімделу.

4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі




СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

31

2

Тәжірибе сабақтарына дайындалу

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу, тапсырмаларды орындау

31

3

Аудиториялық сабақтарға енбеген материалдарды дайындау

Дәрістер конспектісі

Сабаққа қатысу

47

4

Жеке тапсырманы орындау

ЖТ

ЖТ қорғау

39

5

Бақылау шараларына дайындалу




МБ 1, МБ 2

8

Барлығы

156


4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
1 бөлім Ұйымдастыру теориясы
Тақырып 1 Ұйымдастыру теориясы және ғылыми білімдер жүйесінде оның орны

Ұйымдастыру теориясының пәні мен міндеттері. Ұйымдастыру теориясының басқа ғылымдармен байланысы.

Бақылау нысаны: конспект.
Тақырып 2 Ұйымдық теорияның негізгі түрлері және олардың қағидалары

Ұйымның мәні мен түсінігі. Ұйымдарды құрудың теориялық негіздері. Ұйымдық теориялардың түрлері.

Бақылау нысаны: конспект.
Тақырып 3 Әлеуметтік ұйым

«Әлеуметтік ұйым» түсінігі. Ұйымды құру себептері. Әлеуметтік ұйымдардың түрлері. Ұйым жүйе ретінде. Статикалық және динамикалық ұйымдардың қызмет ету қағидалары.

Бақылау нысаны: конспект.

Тақырып 4 Ұйымның қызмет етуін реттейтін заңдар

Әлеуметтік заңдардың ерекшеліктері. Ұйымдардың қызмет етуін реттейтін заңдар. Синергия заңы. Өзін-өзі сақтау заңы және өмір сүру үшін күрес. Іскерлік ұйымдардың даму заңы.

Композиция және пропорционалдылық заңы. Ақпаратпен қамтылу және тәртіптілік заңы. Талдау мен синтездің бірлестік заңы. Әлеуметтік ұйымның ерекше заңдары.

Бақылау нысаны: конспект.


Тақырып 5 Ұйымдастыру және басқару

Ұйымды басқару жүйесі. Заманауи іскерлік ұйымды басқарудың міндеттері. Басқарудың ұйымдық құрылымдары.

Бақылау нысаны: конспект.
Тақырып 6 Ұйымның қызмет етуі

Ұйымдық қызметтің субъектілері мен объектілері. Ұйымдасытыру және шешімдерді қабылдау әдістері. Ұйымдастырудағы үйлестіру. Ұйымдағы коммуникация. Ақпараттық қамтамасыз ету.

Бақылау нысаны: конспект.
Тақырып 7 Ұйымдық мәдениет

Ұйымдық мәдениеттің мәні мен түсінігі. Ұйымдық мәдениеттің элементтері. Ұйымдық мәдениеттің түрлері.

Бақылау нысаны: конспект.
Тақырып 8 Ұйымдық жүйені жобалау

Ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру. Ұйымдық жүйелерді жобалау кезеңдері мен әдістері. Ұйымдық жобалардың тиімділігін бағалау.

Ұйымдық құрылымдарға түзетулер енгізу.

Бақылау нысаны: конспект.


Тақырып 9 Болашақ кезеңдегі ұйым: өзіндік сипаттары

Болашақ кезеңдегі ұйым: өзіндік сипаттары. Болашақ кезеңдегі ұйымдарды қалыптастырудың негізгі қағидалары. Ұйымдар дамуының перспективті бағыттары. Көлденең ұйымдар. Көп өлшемді ұйымдар. Желілік ұйымдар. Желілік ұйымдық құрылымдар. Виртуалдық ұйым.

Бақылау нысаны: конспект.
2 бөлім Кадрлық менеджмент
Тақырып 10 Ұйым құрылымын жобалау

Басқарудың ұйымдық құрылымның жалпы сипаттамасы. Басқарудың ұйымдық құрылымның түрлері. Сызықтық ұйымдық құрылым. Функционалдық ұйымдық құрылым. Ұйымды жобалау кезеңдері. Басқарудың ұйымдық құрылымның дамуының қазіргі тенденциялары.

Бақылау нысаны: конспект.
Тақырып 11 Персоналдағы қажеттілікті бағалау

Персоналдағы қажеттілікті жоспарлау. Персоналдағы қажеттілікті бағалау түрлері. Персоналдағы қажеттілікті есептеу. Аймақтағы кадрлық жағдайды талдау.

Бақылау нысаны: конспект.
Тақырып 12 Қызметкерлердің қызметін талдау. Лауазымдық нұсқаулықтар

Қызметкердің қызметін талдау мақсаты мен сатылары. Профессиограмманың типтік құрылымы. Персонал бойынша менеджердің қызметінде профессиографиялық талдау.

Бақылау нысаны: конспект.
Тақырып 13 Ұйымға жұмысқа кандидаттарды тарту

Персоналды қабылдауға әсер ететін факторлар. Кандидатпен шешім қабылдау және персонал бойынша менеджердің міндеттері. Персоналды тарту көздері. Персоналды тартуға шығындар.

Бақылау нысаны: конспект.

Тақырып 14 Жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттарды бағалау

Персоналды бағалау проблемлары мен кезеңдері. Бағалау бойынша шаралардан болатын пайда мен шығындарды талдау.

Бақылау нысаны: конспект.
Тақырып 15 Жұмысқа персоналдың конкурстық қабылдау

Кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстың мақсаты мен элементтері. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізудің тәсілдері. Кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстың кезеңдері. Конкурс бағдарламасын қалыптастыру әдістері.

Бақылау нысаны: конспект.
Тақырып 16 Персоналдың бейімделуі

Персоналдың бейімделуінің мақсаты мен кезеңдері. Бағдарлау бағдарламасы. Әсерлі бейімделу.

Бақылау нысаны: конспект.
5 Әдебиеттер тізімі
Негізгі

1 Жакенова Б. Менеджмент негіздері: оқулық [Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына ұсынылған] / Жакенова Б., Тәмпішева Қ., Мақсатова Л. - Астана: Фолиант, 2007. – 258 б. – (Кәсіптік білім).

2 Рахымбаев А.Б. Менеджмент [Электрондық ресурс]: оқу құралы / Рахымбаев А.Б., Сабатаева Б.О. - Алматы: Нұр-Пресс, 2009. – 1 CD; 124 Мб. – (Электронная книга)

3 Рахымбаев А.Б. Менеджмент: оқу құралы / Рахымбаев А.Б., Сабатаева Б.О., Белгібаев А.Қ. - Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 150 б.


Қосымша

4 Ниязбекова Р.Қ. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы / Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. - Алматы: Экономика, 2008. – 791 б.

5 Ахметов К.Ғ. [т.б.] Менеджмент негіздері: оқулық. - Ақтобе-Орал: А-Полиграфия, 2005. – 519 б.

6 Рахметов Б. А. Персоналды басқару: оқу құралы / Б. А. Рахметов. - Алматы: Экономика, 2005. - 287 б.



7 Силин А. Н. Персоналды басқару негiздерi: оқу құралы / А. Н. Силин, Н. Г. Хайруллина. - Павлодар: ПМПИ баспасы, 2005. - 336 б.



Мамандық (тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32





5В050600 «Экономика» мамандығының

жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Пән атауы Ұйымдастыру теориясы және кадрлық менеджмент


Оқу нысаны

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр бойынша бақылау түрлері

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі

кре-дит-тер

академиялық сағат

кре

дит


тер

аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. Сағат)



бар-лығы

ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖ-а

КЖ-с

бар-

лығы


дәр

пр.

зертх

бар

лы

ғы



ОСӨЖ

ЖКБ негізінде сырттай 2012 т.ж.

4

180

24

156

3










2

4

24

6

-




156

12

3

6

12

ОКБ негізінде сырттай 2012 т.ж.

4

180

24

156

3










2

4

24

6

-




156

12

3

6

12


Кафедра меңгерушісі ______ _Кунязова С.К. 20__ж. «___» ________
жүктеу 257,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау