Жұмыс бағдарламасы 20 ж. № хаттамамен бекітілген жұмыс оқу жоспарының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленген



жүктеу 313,5 Kb.
бет1/2
Дата19.11.2018
өлшемі313,5 Kb.
#20979
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2

Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік универститеті
Психология және педагогика кафедрасы

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Педагогикалық психология пәні бойынша
5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы үшін

Павлодар




Мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленген пәннің жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/34



БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_____________Н.Э. Пфейфер

20 __ ж. «_____» _________

.
Құрастырушы: п.ғ.к., психология және педагогика кафедрасының доценті Галиева Б.Х.
Психология және педагогика кафедрасы

Оқу жұмыс бағдарламасы

«Педагогикалық психология» пәні бойынша 5В010300 – Педагогика және психология мамандығының студенттеріне арналған


Жұмыс бағдарламасы «___» _______20 ж. № ____ хаттамамен бекітілген жұмыс оқу жоспарының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленген.

20 _ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________ Е.И. Бурдина «_____»____________20 ж.
Гуманитарлы-педагогикалық факультеттің оқу әдістемелік кеңесімен құпталған
«_____» ________________ 20 ж. Хаттама № ____
ОӘК төрайымы ____________ Е.Н.Жуманкулова «_____»____________20 ж.

КЕЛІСІЛДІ

ГПФ деканы ____________ Ж.Т.Сарбалаев «_____»____________20 ж.


МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ________________А.А.Варакута «_____»_____________20 ж.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталды

«_____»______________20_ж. №____ хаттама


1 Пәннің мақсаты - студенттердің педагогикалық психология пәнін меңгеруі негізінде ғылыми білімдерін дамыту, семинар мен практикалық сабақтар үдерісінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдау біліктері мен дағдыларын қалыптасыру.

Пәннің міндеттері:

  • педагогикалық-психологиялық феномендер мен фактілерді оқыту;

  • дамудың әр түрлі теорияларын талдау үдерісінде студенттердің танымдық іс-әрекетінің біліктері мен дағдыларын дамыту, осы білімдерді, біліктер мен дағдыларды оқу және кәсіби әрекетте пайдалануды үйрету;

  • әлемдік және отандық педагогикалық психологияның теориялық бағыттарымен және практикалық жетістіктерімен таныстыру;

  • студенттерді жеке кәсіби іс-әрекеттегі педагогикалық психологияның білімін қолдануға ынталандыру.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер:

  • психикалық дамудың жас ерекшеліктерін, дамыта оқыту ерекшеліктерін, білімді қалыптастырудың заңдылықтарын білу;

  • оқыту мен тәрбие үдерістерінде туындайтын практикалық мәселелерді шешуде теориялық білімді қолдану;

  • окыту және тәрбиелеудің жаңа технологияларын тәжірибеде пайдалану тәрізді практикалық машықтарды иемдену қажет.


2 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: «Жалпы психология», «Педагогика».


3 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: мектептегі педагогикалық практика.



4 Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары

(күндізгі оқу)





п/п

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

Дәр.

Тәж.

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Кіріспе

1







2

Педагогикалық психологияның негізгі мәселелері.

Педагогикалық психологияның пәні мен міндеттері



1

1


2

3

Педагогикалық психологияның әдістері

1

2

2




Әдіснама, әдістер мен әдістемелер, олардың педагогикалық зерттеудегі өзара байланысы







2




Бақылау әдісі, оны педагогикалық практикада қолдану ерекшелігі







2




Сауалнама мен тест әдістерін қолдану







2




Іс-әрекет нәтижелерін зерттеу әдісі







2

4

Психикалық даму мен оқыту

1

1

2




Психологиядағы тұлға мен психиканың құрылуы мен даму мәселесі







1

5

Білім алушы тұлғасының қалыптасуы мен психикалық дамуының динамикасы және заңдылықтары

1

1

2




Білім алушы тұлғасының қазіргі даму ерекшеліктері







1




Білім алушының ойлау қабілетін анықтау







2

6

Әлеуметтік тәжірибені меңгерудің жас ерекшеліктері

1

1

2




Бастауыш мектеп білім алушысының психикалық дамуы мен құрылуы







2




Жеткіншектердің мінез-құлқындағы жеке, жыныстық, жастық ерекшеліктер







2

7

Қазіргі кезеңдегі білім беру үдерісі

2

1

2

8

Педагог және білім алушылар – білім беру үдерісінің субъектілері

1




2




Оқытушы тұлғасы мен педагогикалық іс-әрекет психологиясы







2




Білім алушылар қарым-қатынасының ерекшеліктері




1

2

9

Оқыту психологиясы

1

1

2

10

Білім алушылардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын анықтау әдістері

1

1

2




Балалардың оқуға дайындығын анықтау







2

11

Оқыту стратегиясы

1

1

2




Сабақтың психологиялық-педагогикалық зерттеу бағдарламасы. Сабақты психологиялық-педагогикалық талдау







2

12

Тәрбие психологиясы.

Тұлғаны қалыптастыру мақсатқа бағытталған үдеріс ретінде



1

1


2




Білім алушының ұйымдастырушылық қабілетін зерттеу







2

13

Тәрбиелеу психологиясы мен өзін-өзі тәрбиелеу

1

1

2




Кәсіби бағдар мен кәсіби таңдау мақсатымен баланы зерттеу







2

14

Білім беру үдерісіндегі оқу-педагогикалық бірлестік және қарым-қатынас

1

1



2




Мектеп ұжымының психологиялық сипаттамасы







2

15

Педагогикалық іс-әрекет стилі







2

16

Педагогикалық шеберлікті меңгерудің психологиялық мәселелері




1

2

Барлығы сағат

15

15

60

(сырттай оқу)



п/п

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

Дәр.

Тәж.

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Кіріспе

1




3

2

Педагогикалық психологияның негізгі мәселелері.

Педагогикалық психологияның пәні мен міндеттері



5

3

Педагогикалық психологияның әдістері

5




Әдіснама, әдістер мен әдістемелер, олардың педагогикалық зерттеудегі өзара байланысы

5




Бақылау әдісі, оны педагогикалық практикада қолдану ерекшелігі

5




Сауалнама мен тест әдістерін қолдану

5




Іс-әрекет нәтижелерін зерттеу әдісі

5

4

Психикалық даму мен оқыту

1

1

5




Психологиядағы тұлға мен психиканың құрылуы мен даму мәселесі

5

5

Білім алушы тұлғасының қалыптасуы мен психикалық дамуының динамикасы және заңдылықтары

5




Білім алушы тұлғасының қазіргі даму ерекшеліктері

5




Білім алушының ойлау қабілетін анықтау

5

6

Әлеуметтік тәжірибені меңгерудің жас ерекшеліктері

1

1

5




Бастауыш мектеп білім алушысының психикалық дамуы мен құрылуы

5




Жеткіншектердің мінез-құлқындағы жеке, жыныстық, жастық ерекшеліктер

5

7

Қазіргі кезеңдегі білім беру үдерісі

1

1

5

8

Педагог және білім алушылар – білім беру үдерісінің субъектілері

5




Оқытушы тұлғасы мен педагогикалық іс-әрекет психологиясы

5




Білім алушылар қарым-қатынасының ерекшеліктері

5

9

Оқыту психологиясы

5

10

Білім алушылардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын анықтау әдістері

5




Балалардың оқуға дайындығын анықтау

5

11

Оқыту стратегиясы

5




Сабақтың психологиялық-педагогикалық зерттеу бағдарламасы. Сабақты психологиялық-педагогикалық талдау

5

12

Тәрбие психологиясы.

Тұлғаны қалыптастыру мақсатқа бағытталған үдеріс ретінде



1

1

5




Білім алушының ұйымдастырушылық қабілетін зерттеу

5

13

Тәрбиелеу психологиясы мен өзін-өзі тәрбиелеу

5




Кәсіби бағдар мен кәсіби таңдау мақсатымен баланы зерттеу

5

14

Білім беру үдерісіндегі оқу-педагогикалық бірлестік және қарым-қатынас

1

1

5




Мектеп ұжымының психологиялық сипаттамасы

5

15

Педагогикалық іс-әрекет стилі

5

16

Педагогикалық шеберлікті меңгерудің психологиялық мәселелері

5

Барлығы сағат

6

6

78


4.2 Пән тақырыптарының мазмұны

1-тақырып Кіріспе

Педагогикалық психология мен педагогикалық іс-әрекеттегі психологиялық аспектілер. Білім беру үдерісіндегі баланың жеке дамуы. Сензитивтік кезең мәселесі. Педагогикалық психология ғылымындағы оқыту процесінің құрылымы, сондай-ақ білім алушыларды тәрбиелеу және қабілеттерін дамыту мәселелері.



2-тақырып Педагогикалық психологияның негізгі мәселелері. Педагогикалық психологияның пәні мен міндеттері

Педагогикалық психологияның пәні мен міндеттері. Педагогикалық психологияның жас ерекшелік психологиясымен тығыз байланысуы. Педагогикалық психологияның ғылым ретінде қалыптасуының тарихы. Педагогикалық психологияның негізгі бағыттары. Онтогенезде адамның психикалық дамуының жас ерекшеліктері. Оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтары. Білім алушылардың танымдық іс-әрекеті мен ақыл-ойының дамуы, олардың танымның, қарым-қатынастың және еңбектің саналы субъектілері ретінде қалыптасуы. Оқыту мен тәрбиелеу процесінде студенттердің ақыл-ой іс-әрекетін басқарудың әдістері мен формалары, танымдық процестердің ерік белсенділігі мен оқу және қоғамдық пайдалы іс-әрекеттегі дербестіктің қалыптасу заңдылықтары. Мұғалімнің еңбек психологиясы, білім алушы мен педагогтың, білім алушылардың мектеп ұжымымен өзара қарым-қатынасы.



3-тақырып Педагогикалық психологияның әдістері.

Баланың, әр түрлі жас кезеңдердегі білім алушылардың психикасын зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі. Оқу-тәрбие міндеттерін педагогикалық-психологиялық зерттеудің әдіснамалық принциптері. Детерминизм принципі. Іс-әрекет пен психиканың бірлігі принципі. Даму принципі. Педагогикалық психологиядағы зерттеулерді ұйымдастыру әдістері. Деректер жинаудың әдістері мен әдістемелері.



4-тақырып Психикалық даму мен оқыту.

Даму туралы түсінік. Психикалық дамудың көздері мен қозғаушы күштері. Дамудың табиғи алғышарттары. Психикалық дамудағы оқыту мен тәрбиенің жетекші іс-әрекеті мен сензитивті кезең түсініктері.



5-тақырып Білім алушы тұлғасының қалыптасуы мен психикалық дамуының динамикасы және заңдылықтары.

Дамудың әлеуметтік жағдайлары. Оқыту мен дамудың өзара мәселесін шешуге концептуалды тұрғыдан келу.

Оқыту мен дамудың өзара мәселесін шешуге Л.С.Выготскийдің, Ж.Пиаженің, Б.Скиннердің, Дж. Бруненің, С.Пейперттің, П.Я.Гальпериннің, Д.Б.Элькониннің, В.В.Давыдовтың қосқан үлестері. Психикалық дамудың негізгі жолдары. Тұлғаның дамуы индивидтің әлеуметтену процесі ретінде. Тұлға дамуының жас ерекшеліктері. Л.С.Выготский, Ж.Пиаже, С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, Е.Ю.Артемьев, В.Ф.Петренко және басқалардың зерттеулеріндегі интеллекттің дамуы.Ақыл-ой дамуының деңгейлері. Баланың мектепке келгенге дейінгі психикалық дамуы. Бастауыш сынып білім алушысының тұлғалық қалыптасуы мен психикалық дамуы. Жасөспірім шақтағы тұлғаның қалыптасуы мен психикалық дамуы. Ересек жастағы тұлғаның қалыптасуы мен психикалық дамуы.

6-тақырып Әлеуметтік тәжірибені меңгерудің жас ерекшеліктері.

Әр түрлі жас сатыларындағы әлеуметтік тәжірибені меңгеру тұлғаның психологиялық жаңа құрылымдарының дамуы мен қалыптасуының шарты ретінде. Меңгерудің құрылымдық ұйымдасуы, сатылары мен кезеңдері. Мектепке дейінгі баланың, бастауыш сынып білім алушысының, жасөспірімнің, жеткіншектің, ересек адамның психикалық дамуы мақсатында оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың ерекшелігі. Түрлі жас кезеңдерінде әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі оқу іс-әрекетінің құрылуы мен дамуы. Оқу іс-әрекетінің адам іс-әрекетінің басқа түрлері жүйесіндегі қызметі мен орны (ойын, еңбек, қарым-қатынас, заттық-тұрмыстық, эстетикалық іс-әрекет). Психикалық дамудың түрлі жас кезеңдеріндегі әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесіндегі іс-әрекет түрлерінің көптүрлілігі мен өзара байланысы.



7-тақырып Қазіргі кезеңдегі білім беру үдерісі.

Білім беру көпаспектілі феномен ретінде. Білім беру жалпымәдени контекстте. Білім беру әлеуметтік институт ретінде. Білім берудің функционалды дамуы. Білім беру мен мәдениеттің байланысы. Балаларды оқытудың постфигуративті, префигуративті және конфигуративті мәдениеті мен әдістері. Түрлі қоғамдық құрылым типтеріндегі адамдардың қоғамдық ұйымдағы өзара әрекеті мен жалпы өркениетті мәдениет, оның дәстүрлерінің, нормаларының, стереотиптерінің ішкі байланыстары мәселесі. Оқытудың дәстүрлі және гуманистік парадигмаларының принциптері. “Білім беру” түсінігінің жалпыәдіснамалық мәні. Білім беру білім беру жүйесі, процесі және нәтижесі ретінде. Қазіргі кездегі білім берудің негізгі тенденциялары. Қазіргі оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары. Тұлғалық іс-әрекеттік ықпал білім беру процесін ұйымдастырудың негізі ретінде.



8-тақырып Педагог және білім алушылар – білім беру үдерісінің субъектілері.

Білім беру процесінің субъектісі. Субъект категориясының жалпы сипаттамасы. Субъект және тұлға. Субъекттік сипаттың психологиялық-педагогикалық көрінісі. Білім беру процесі субъектісінің спецификалық ерекшеліктері. Білім беру іс-әрекетіндегі субъекттің мотивациялық сферасы. Білім беру процесіндегі субъект іс-әрекетінің пәні. Педагог педагогикалық іс-әрекеттегі субъект ретінде. Педагогикалық кәсіп. Педагогтың субъект қасиеттерінің құрылымы. Педагог іс-әрекетінің психофизиологиялық алғышарттары. Педагогикалық қабілеттілік құрылымы. Педагогикалық іс-әрекеттегі субъект құрылымындағы тұлғалық сапалар. Жас ерекшелік кезеңі оқу іс-әрекеті субъектісінің дифференциациясының негізі ретінде. Білім алушы оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде.



9-тақырып Оқыту психологиясы.

Оқу іс-әрекетінің құрылымы мен қалыптасуы. Оқу іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы. Оқу іс-әрекеті - іс-әрекеттің ерекше түрі. Оқудың жалпы теориясындағы оқу іс-әрекеті теориясы. Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмұны. Оқу іс-әрекетінің тәсілдері, құралдары, пәні. Оқу іс-әрекетінің өнімі, оның нәтижесі. Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымы. Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымының компоненттік құрамы. Мотивация оқу іс-әрекеті құрылымының бірінші компоненті ретінде. Мотивациялық бағдар мен іс-әрекеттің тиімділігі. Мотивациялық сферадағы оқуға деген қатынас. Ақыл-ой дамуы мен мотивацияның байланысы. Мақсат қою мен мотивация. Мәселелеік жағдайдағы оқу мотивациясының тұрақтылығы. Оқу іс-әрекеті құрылымындағы оқу міндеттері. Оқу міндетінің жалпы сипаттамасы. Міндеттерді шешу тәсілдері. Оқу міндеттерінің ерекшеліктері. Оқу міндетіне қойылатын психологиялық талаптар. Оқу міндеті мен мәселелік жағдай. Міндет пен мәселелік жағдайды шешудің кезеңдері. Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекет. Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекет пен операциялар. Оқу әрекетінің түрлері. Оқу іс-әрекеті құрылымындағы бақылау (өзін-өзі бақылау), баға (өзін-өзі бағалау).



10-тақырып Білім алушылардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын анықтау әдістері.

Білім алушы жетістіктерін бағалаудың объективті әдістері мәселесі. Білім алушылардың білімдерінің, біліктерінің және дағдыларының қалыптасуы деңгейін бағалауды субъективизмді меңгерудің стратегиясы мен тактикасы. Жетістікті объективті анықтау жүйесіндегі тестілеудің рөлі. Жетістік деңгейін оқыту жүйесінің көпдеңгейлі жағдайында рейтингтік бағалаудағы тестілеудің мәні. Жүйелілік (кешендік) білім алушының жетістік деңгейін бағалаудың объективті парадигмасының негізгі сипаттамасы ретінде.



11-тақырып Оқыту стратегиясы.

Оқыту процесін психологиялық талдау. Оқыту мәселесі. Оқыту стратегиясы интериоризация және экстериоризация ретінде.Л.С.Выготский мектебіндегі оқыту құрылымы мен баяндалуы. Білімді меңгеру, білімдердін, біліктердің және дағдылардың қалыптасуы. Білімді меңгеруді бақылау. Білімді жоғалту мен ұмыту.



12-тақырып Тәрбие психологиясы. Тұлғаны қалыптастыру мақсатқа бағытталған үдеріс ретінде.

Тәрбие психологиясының ғылым ретіндегі өзекті мәселелері. Тұлғаның тұтастай құрылуы мен дамуындағы ішкі психологиялық механизмдер. Тұлғаның жеке қасиеттері. Тұлғалық қалыптасу мен даму факторлары. Тұлғалық қасиеттер қалыптасуының психологиялық механизмдері. Бала тұлғасының қалыптасуындағы сандық және сапалық теңсіздіктер.



13-тақырып Тәрбие психологиясы мен өзін-өзі тәрбиелеу Тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі реттеуі. Тұлғаның тұрақтылығы мәселесі, адам өзінің тұлғалық позициясын сақтауы мен оның жеке нұсқауына қарсы тұру қабілеті. Білім алушылардың моральдық және дүниетанымдық тәрбиесі олардың тұлғалық қалыптасуының психологиялық алғышарты ретінде. Тұлғаның адамгершілік дамуы. Білім алушылардың кәсіби өзіндік анықталуы, өмірлік жолын таңдау.

14-тақырып Білім беру үдерісіндегі оқу-педагогикалық бірлестік және қарым-қатынас.

Білім беру процесі субъектілерінің өзара қарым-қатынасы. Оқу-педагогикалық бірлестік. Білім беру процесіндегі қарым-қатынастың табысты оқу жағдайын басқарудағы әлеуметтік-психологиялық құралдары: бірлесен оқу іс-әрекетінің көптүрлі формалары, білім алушы мен мұғалімнің, білім алушылардың бір-бірімен бірлестігі, когнитивті күрделі жағдайлардың табысты және шығармашылық міндеттер жүйесі және олардың шешіміндегі табыстың әлеуметтік мәні. Кешірімнің түрлі формалары, көмек, эмоционалдық резонанстар, шағын мәселелік топтардағы бірлескен іс-әрекет темпі мен ритмінің синхронизациясы тұлғаның мотивациялық-мәндік және когнитивтік сфераларының даму шарты ретінде. Педагогикалық әрекеттестік. Педагогикалық әрекеттестіктегі кедергілер, қиындықтардың негізгі аудандары.




жүктеу 313,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау