IV. Еңбек даулары жөніндегі комиссия шешімдерінің орындалу тәртібі
24. Еңбек даулары жөніндегі комиссияның шешімдерін ұйым әкімшілігі онда белгіленген мерзімде орындауға тиіс. Жұмысқа қайта алу туралы шешім дереу орындалуға тиіс.
25. Бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыз бос жүрген (жұмыстан шеттетілген) барлық уақыты үшін орташа жалақысы немесе басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылуы кезінде төмен ақы төленетін жұмысты орындағаны үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа жалақыдағы айырма төленеді.
26. Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуын кешіктірген жағдайда, келісу комиссиясы қызметкерге шешімнің орындалуы кешіктірілген уақыт үшін орташа жалақысын немесе жалақысының айырмасын төлеу туралы шешім шығарады.
V. Жеке даулар бойынша шешімдерді шығару мен олардың
орындалу тәртібі
27. Заңсыз ауыстыру, көшіру, еңбек жағдайларын елеулі өзгерту немесе жұмыстан шеттету жағдайында қызметкер бұрынғы жұмысына, бұрынғы жұмыс орнына қайта алынып, оған бұрынғы елеулі жұмыс жағдайлары қайта беріледі.
Көшіруге өндірістік, ұйымдастырушылық немесе экономикалық себептер негіз болуы тиіс.
Қызметкерді ауыстыру және көшіру, соның ішінде ол қызметкердің келісімімен жасалса, егер бұл оған медициналық қорытындыға немесе заңнама талаптарына сәйкес (қызметкерлердің жеке санаттарының, соның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандардың еңбегін қолдануға тыйым салу) денсаулық жағдайына байланысты қарсылық тудыратын болса, заңсыз болып есептеледі.
Қызметкер заң бұзушылықпен ауыстырылған жұмысына шығудан бас тартса, ол дәлелсіз жұмыстан қалған болып есептелмейді.
Негізделген өндірістік, ұйымдастырушылық немесе экономикалық себептерді растайтын дәлелдер болмаған жағдайда, еңбек жағдайын елеулі өзгерту заңсыз болып табылады.
28. Еңбек даулары жөніндегі комиссия жұмысқа қайта алу туралы шешім шығарған кезде, қызметкерге амалсыз бос жүрген уақытына орташа жалақы немесе төмен ақы төленетін жұмысты орындаған уақытына жалақысының айырмасын төлеу туралы шешімді де қатар қабылдайды.
29. Қызметкерге тәртіптік жаза шарасын қолдану туралы дауды шеше отырып, еңбек даулары жөніндегі комиссия заңсыз салынған немесе теріс қылықтың қатаңдығына сәйкес келмейтін жазаны жоя алады.
Дегенмен комиссия бір жазаны екінші жазалау шарасымен алмастыра алмайды, өйткені ҚР ЕК 65-бабына сәйкес тәртіптік жаза шараларын таңдау құқығы Жұмыс берушіге тиесілі.
30. Басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған қызметкерді жұмысқа қайта алу туралы шешім дереу орындалуға тиіс.
31. Ақшалай соманы өтеу туралы дауды қарау кезінде еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы қызметкерге келісу комиссиясына жүгінбеген кезге дейінгі үш жылдан аспайтын мерзімге төленбеген және заңсыз ұсталынған сомаларды қайтару туралы шешім қабылдай алады.
32. Жұмыс берушіден өндірілген сомалар қызметкерге комиссия шешім шығарғаннан кейінгі жалақы төлеу үшін белгіленген мерзімге жақын уақытта төленеді.
VI. Еңбек даулары жөніндегі комиссия мүшелері жұмысының кепілдіктері
33. Еңбек даулары жөніндегі комиссияның құрамына сайланған қызметкерлерге комиссия жұмысының уақытында орташа жалақылары сақталады.
34. Еңбек даулары жөніндегі комиссия мүшелерін (егер олар кәсіподақ мүшелері болса) жалдаушының бастамасымен жұмыстан шығаруға және тәртіптік жаза қолдануға тек кәсіподақ комитетінің алдын ала келісімімен ғана жол беріледі.
35. Еңбек даулары жөніндегі комиссия мүшелерімен еңбек шарттарын жасасу (ұзарту) олардың өкілеттік мерзімінен кем болмайтын мерзімге жасалады.
48. Осы Келісім «Оқыту келісім оқыту шартының жобалық үлгісі» №14 Қосымшамен толықтырылсын.
Үлігілік оқыту шарты № _______
____________ қ-сы « ___ » ________ 20__ ж.
______________________________________________________________,
(жұмыс берушінің толық атауы)
Жарғы негізінде әрекет ететін жұмыс берушіні танытатын директор (меңгеруші) ары қарай «Жұмыс беруші» бірінші тараптан және екінші тараптан, Қазақстан Республикасы ІІМ «____» ___________20___ж. берілген №___________________ жеке төлқұжат, ЖСН____________________________,
_____________________________________________________________________ мекен жайда тұратын қызметкер ары ары қарай «Тараптар» деп аталып, Жұмыс беруші мен Жұмысшы арасында «____» ___________20___ж. жасалған №_______ еңбек шартын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 9 тарауынна сәйкес осы Оқыту шартын (ары қарай – Шарт) жасады.
1. Шарттың мәні
1.1. Осы шарт Жұмысшы оқудан және біліктілік арттырудан өткенде Жұмыс беруші мен Жұмысшы арасындағы қатынастарды реттейді.
1.2. Осы шартқа сәйкес Жұмысшы ___________________________________ __________________________________________________________________,
(оқыту түрі)
«____» __________ 20___ ж. «___» ___________ 20____ ж. арасында
_________________________________________________________ өткізетін,
(білім беру ұйымының атауы)
_______________________________________________________ қатысады.
(білім беру бағдарламасының атауы)
Оқыту нәтижесінде Жұмысшы __________________________________ _____________________________________________________біліктілік алады.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Жұмыс берушінің міндеттері:
2.1.1. Жұмысшыны оқуға жолдағанда оқудан өту мерзіміне оның жұмыс орны мен еңбек ақысын сақтайды;
2.1.2. Жұмысшыға оқыту ақысын, сондай-ақ осы Шарттың 1.2. тармағымен көзделген бүкіл оқыту кезеңіне іс сапар шығындарын төлеуді жүргізеді;
2.1.3. Жұмыс берушімен осы Шартты дер кезінде жасайды.
2.2. Жұмыс берушінің құқықтары:
2.2.1. Жұмысшыдан осы Шартпен белгіленген міндеттемелерін тиісті түрде орындауды талап етеді;
2.2.2. Жұмысшы, осы Шарттың 2 тарауының 2.3. тармағының 2.3.1. тармақшасымен көзделген, шарттарды орындамаған жағдайда одан оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алады;
2.2.3. Жұмысшы сертификацияның кәсіби бағдарламалары бойынша оқудан өткенде емтихандарды сәтті тапсырғандығы туралы құжатты ұсынуды талап етеді.
2.3. Жұмысшының міндеттері:
2.3.1. Жұмыс берушінің қаржысы есебінен өткен оқу аяқталған соң, егер оқу бағасы, Қазақстан Республикасының тіисті қаржы жылындағы «Республикалық бюджет туралы» Заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштен 120 (жүз жиырма) еселенген мөлшерінен артық болса, Жұмыс берушіде осы Шартпен белгіленген оқудан өту құнына сәйкес өтелімді жұмыс атқаруы тиіс, ал ондағы 120 (жүз жиырма) айлық есептік көрсеткіш 12 (оны екі) ай өтелетін жұмысқа тең болады.
Егер оқу бағасы шетел валютасымен есептелген болса, жұмыспен өтеу мерзімінің есебі оқу бағасын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі осы Шарт жасалған күнге сәйкес курс бойынша (ұлттық ваоютаға) теңгеге ауыстырылады.
2.3.2. Еңбек шарты Жұмысшының бастамасымен немесе Жұмысшының кінәсына байланысты Жұмыс берушінің бастамасымен, осы Шартпен көзделген мерзімге дейін, бұзылған жағдайда, Жұмыс берушіге оқу шығындарын жұмыс өтелмеген мерзімге пропорционалды түрде өтеуі тиіс.
2.3.3. Жұмыс берушінің тарапынан оқу бағасы үшін төлем жасалып қойғаннан кейін Жұмысшы оқуды жалғастырудан біржақты бас тартқан жағдайда, сондай-ақ Жұмысшы оқытумен байланысты шараларған себепіз қатыспаған жағдайда, осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Жұмыс берушінің нақты жұмсаған қаражатын өтеуі тиіс;
2.3.4. сертификацияның кәсіби бағдарламалары бойынша оқу мерзімі аяқталған соң емтихандарды сәтті тапсырғандығын растайтын құжатты ұсынады.
2.2. тармақтың 2.2.3. тармақшасында көзделген шарттар орындалмаған жағдайда Жұмыс берушіге, осы Шартқа қол қойылған күннен бастап, 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Жұмыс берушінің нақты жұмсаған қаражатын өтеуі тиіс;
2.3.5. Жұмыс берушіге осы Шартты жасауға қажетті барлық құжаттарды дер кезінде ұсынуы тиіс.
2.4. Жұмысшы, осы Шартпен көзделген жағдайлар бойынша, Жұмыс берушіден оқу бағасын талап етуге құқылы.
Оқытуға жұмсалған шығындар және жұмыспен өтеу мерзімдері
3.1. Жұмыс берушінің Жұмысшыны оқытуға жұмсаған жалпы қаржысы (________________________________________________________________)
(сомасы жазумен)
________________________________________________________________.
3.2. Жұмыспен өтеу мерзімі_________________________________.
Кепілдіктер мен өтемақылық төлемдер
4.1. Жұмысшы оқудан өту мерзімінде Жұмыс беруші оның жұмыс орнын (лауазымын), сондай-ақ еңбек ақысын сақтайды.
4.2. Жұмысшыны оқытуға жолдағанда Жұмыс беруші, ҚР нормативтік-құқықтық актілермен және Жұмыс берушінің локальды актілерімен белгіленген мөлшерде, оның жол сапар, пәтерде тұру (егер пәтерде тұру оқу бағасына кірмеген болса), сөткелік және оқумен байланысты өзге де шығындарын төлейді.
Тараптардың жауапкершілігі
5.1. Жұмысшы оқыту шараларына себепсіз қатыспаған жағдайда Жұмыс беруші оған қатысты ҚР Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жаза қолданады. Бұл ретте Жұмысшы оқытумен байланысты шығындарды қайтаруға міндетті.
5.2. Жұмысшы мен Жұмыс беруші арасында Жұмысшының оқуды ары қарай жалғастырудан бас тартуы туралы, Жұмыс берушінің бұйрығымен рәсімделген өзара келісімі жасалса, Жұмысшы осы Шарттың 5.1. тармағымен көзделген жауапкершіліктен босатылады.
5.3. Осы шартпен көзделмеген өзге жағдайларда Тараптар, осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайларда, ҚР заңнамаларына сәйкес жауапкершілік артады.
6. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
6.1. Тараптар, жазатайым жағдай, зілзала, әскери іс қимылдар, ереуілдер, мемлекеттік органдардың актілері және т.с.с. еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан, осы Шарт бойынша міндеттемелерді жартылай немесе толығымен орындай алмаған жағдайда, сондай-ақ аталған жағдайлар осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына тікелей ықпал етсе, ешқандай жауапкершілік артпайды.
6.2. Еңсерілмейтін күш мән-жайларына сілтеме жасаушы Тарап екінші Тарапты жедел түрде мән-жайдың басталуы және/немесе аяқталу күні туралы, оның басталуы және/немесе аяқталуынан 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша хабарландыруы, сондай-ақ осындай мән-жайдың басталуын және/немесе тоқтауын растайтын, құзырлы органмен берілген құжатты ұсынуы тиіс.
6.3. Тараптар, жоғарыда көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда, ешқандай мән-жайлар еңсерілмейтін күш мән-жайлары деп қарастырылмайтындығымен келісті. Тараптардың Шарт бойынша қабылданған міндеттемелері қандай-да бір түрде алынып тасталмайды немесе шектелмейді.
6.4. Егер міндеттемелерді толық немесе ішінара орындай алмау жағдайы 20 (жиырма) күнтізбелік күннен артық жалғасса, Тараптардың кез-келгені екінші тарапты шарттың бұзылу күнінен 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын алдын-ала жазбаша ескерте отырып, осы Шартты бұзуға құқылы.
7. Қорытынды ережелер
7.1. Осы Шарт оған тараптар қол қойған күннен бастап Тараптардың өзара міндеттемелерін толық орындаған мезгілге дейін күшінде болады.
7.2. Осы Шартқа енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалып әрі Тараптардың қолы қойылған жағдайда ғана қабылданады.
Осы Шартқа тиісті түрде рәсімделіп енгізілген өзгертулер мен толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
7.3. Тараптардың осы Шарт бойынша қабылданған құқықтары мен міндеттемелері Тараптардың бірінің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға беріле алмайды.
7.4. Осы Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңналамарына сәйкес түсіндіріледі (тұжырымдалады) және реттеледі.
7.5. Тараптардың осы Шарттан туындайтын барлық даулары мен келіспеушілігі өзара келіссөздер арқылы шешеліде. Шешілмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жұмыс берушінің тұрғылықты мекен жайы бойынша сотта шешіледі.
7.6. Осы шарт мемлекеттік тілде, әр тарапқа 1(бір) данадан, бірдей заң күші бар 2 (екі) дана жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |