Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрығы



жүктеу 241,77 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.11.2018
өлшемі241,77 Kb.
#21817


Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 

желтоқсандағы № 211 бұйрығы 

(2016.31.05. берілген 

өзгерістер мен толықтырулармен

)

 



 

 

«Электр  энергетикасы  туралы»  2004  жылғы  9  шілдедегі  Қазақстан 



Республикасы Заңының 

5-бабы 22) тармақшасына

 сәйкес БҰЙЫРАМЫН

1.  Қоса  беріліп  отырған  Жылу  энергиясын  пайдалану 

қағидалары

 

бекітілсін. 



2.  Қазақстан  Республикасы  Энергетика  министрлігінің  Электр 

энергетикасы  департаменті  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 

белгіленген тәртіппен:  

1)  осы  бұйрықтың  Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігінде 

мемлекеттік 

тіркелуін

2)  осы  бұйрықтың  Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігінде 



мемлекеттік  тіркелгенінен  кейін  оны  күнтізбелік  он  күн  ішінде  бұқаралық 

ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми 

жариялауға жіберуді; 

3)  осы  бұйрықтың  Қазақстан  Республикасы  Энергетика  министрлігінің 

ресми  интернет-ресурсында  және  мемлекеттік  органдардың  интранет-

порталында жариялануын қамтамасыз етсін. 

3.  Осы  бұйрықтың  орындалуын  бақылау  жетекшілік  ететін  Қазақстан 

Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. 

4. Осы бұйрық алғашқы ресми 

жарияланған

 күнінен кейін күнтізбелік он 

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

  

  

Министр  

В. Школьник 

  

«КЕЛІСІЛГЕН» 

Қазақстан Республикасының 

Ұлттық экономика министрі 

Е. Досаев 

2015 жылғы 9 қаңтар 

  

Қазақстан Республикасы 



Энергетика министрінің 

2014 жылғы 18 желтоқсандағы 

№ 211 

бұйрығымен



 бекітілген 

  

  



Жылу энергиясын пайдалану  

қағидалары 

  



1. Жалпы ережелер 

  

1.  Осы Жылу  энергиясын пайдалану  қағидалары  (бұдан  әрі  -  Қағидалар) 



Қазақстан  Республикасы  «Электр  энергетикасы  туралы»  2004  жылғы  9 

шілдедегі  Заңының  (бұдан  әрі  -  Заң) 

5-бабы 22)  тармақшасына

  сәйкес 

әзірленді. 

Энергия  өндіруші,  энергия  беруші,  энергиямен  жабдықтаушы  ұйымдар 

мен  жылу  энергиясын  тұтынушылар  арасындағы  бөлшек  сауда  нарығында 

туындайтын 

қатынастар 

Қазақстан 

Республикасының 

азаматтық 

заңнамасымен,  Қазақстан  Республикасының  электр  энергиясы  саласындағы 

заңнамасымен және осы Қағидалармен анықталады. 

Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардың 

жылу энергиясын пайдалану тәртібін анықтайды. 

ҚР  Энергетика  министрінің  2016.31.05.  №  228 

бұйрығымен

  2-тармақ 

өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 



2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:  

1) есепке алу торабы - жылу энергиясын есепке алуды қамтамасыз ететін 

аспаптар мен құрылғылар жүйесі;  

2)  есептік  жылулық  жүктемесі  -  сыртқы  ауаның  есептік  температурасы 

кезінде  бір  сағат  ішінде  ғимараттағы  микроклиматтың  мөлшерленген 

параметрлерін ұстап тұру үшін талап етілетін жылу энергиясының мөлшері.  

3)  есептік  кезең  -  тұтынылған  жылу  энергиясы  есепке  алынатын  және 

тұтынушыға ақы төлеу үшін ұсынылатын уақыт кезеңі;  

4) жылу желісі - жылуды беруге, бөлуге арналған құрылғылар жиынтығы;  

5)  жылу  жүктемесі  -  уақыт  бірлігі  ішінде  жылу  тұтынатын  қондырғысы 

қабылдайтын жылу энергиясының мөлшері;  

6)  жылу  жеткізгіш  -  жылу  энергиясын  беруге  арналған  жылумен 

жабдықтау жүйесінде пайдаланылатын зат (су, бу);  

7)  жылу  жеткізгіш  шығысы  -  уақыт  бірлігі  ішінде  құбырдың  көлденең 

қиылысы арқылы өткен жылу жеткізгіш салмағы (көлемі);  

8)  жылу  тұтынатын  қондырғы  -  жылу  энергиясын  қабылдауға  және 

пайдалануға арналған техникалық құрылғы;  

9)  жылу  тұтыну  жүйесі  -  бір  немесе  бірнеше  жылу  жүктемесі  түрлерін 

тұтынуға арналған жылу тұтынатын қондырғылар кешені;  

10)  жылу 

энергиясы 

тұтыну 



кезінде 

жылу 


жеткізгіштің 

термодинамикалық  параметрлері  (температура,  қысым)  өзгеретін  жылу 

жеткізгіш беретін энергия;  

11)  жылу  энергиясы  үшін  есептесу  -  тұтынылған  жылу  энергиясы  үшін 

тұтынушының ақы төлеуі;  

12) жылу энергиясына арналған тариф - тұтынылған жылу энергиясы үшін 

ақы  алынатын  табиғи  монополиялар  салаларындағы  бақылауды  жүзеге 

асыратын  мемлекеттік  орган  бекіткен  жылу  энергиясының  бірлігі  құнының 

ақшалай мәні; 

13) жылу энергиясының шығындалуын есепке алу нүктесі - коммерциялық 

есепке  алу  құралдарының  көмегімен  немесе  есеп  айырысу  әдісімен,  ол 



болмаған  кезде  жылу  энергиясының  шығындалуы  анықталатын  жылумен 

жабдықтау схемасының нүктесі;  

14)  жылумен  жабдықтау  -  жылу  энергиясын  және  (немесе)  жылу 

жеткізгішті өндіру, беру, бөлу және тұтынушыларға сату бойынша қызметі; 

15) жылумен жабдықтау жүйесі - жылу өндіретін, жылу беретін және жылу 

тұтынатын қондырғылардан тұратын кешен;  

16)  қосалқы  тұтынушы  -  жылу  желілері  және  (немесе)  жылу  тұтынатын 

қондырғылары тұтынушының жылу желілеріне қосылған тұтынушы;  

17)  өлшеу  құралдарын  тексеру  -  өлшеу  құралдарының  белгіленген 

метрологиялық  талаптарға  сәйкестігін  анықтау  және  растау  мақсатында 

мемлекеттік  метрологиялық  қызмет  немесе  басқа  да  аккредиттелген  заңды 

тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;  

18)  реттеуші  орган  -  табиғи  монополиялар  салаларындағы  басшылықты 

жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы; 

19) сарапшы ұйым - энергетикалық сараптаманы өткізуге аккредиттелген 

ұйым;  


20)  теңгерімдік  тиесілік  -  энергия  өндіруші,  энергия  беруші  ұйымдарға 

немесе тұтынушыға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде жабдық 

және (немесе) жылу желісінің тиесілігі;  

21)  теңгерімдік  тиесілік  және  пайдалану  жауапкершілігінің  шекарасы  - 

энергия  өндіруші,  энергия  беруші  ұйымдар  мен  тұтынушылар  арасындағы, 

сондай-ақ  тұтынушылар  мен  қосалқы  тұтынушылар  арасындағы  жылу 

желісінің  теңгерімдік  тиесілігі  бойынша  анықталатын  және  тараптардың 

пайдалану жауапкершілігін белгілейтін жылу желісін бөлу нүктесі;  

22)  техникалық  шарттар  -  орындау  және  жылу  желілеріне  қосылу  үшін 

қажетті техникалық талаптар;  

23)  төлем  құжаты  -  соның  негізінде  тұтынылған  жылу  энергиясы  үшін 

тұтынушылар төлем жүргізетін құжат (есеп, хабарландыру, түбіртек, ескерту 

шот). 

Осы  Қағидаларда  пайдаланылатын  өзге  де  ұғымдар  мен  анықтамалар 



Қазақстан  Республикасының  электр  энергетикасы  саласының  заңнамасына 

сәйкес қолданылады. 

  

  

2. Жылумен жабдықтауды ұйымдастыру тәртібі 



  

3.  Жылу  энергиясын  алу-сату  энергия  беруші  немесе  энергия  өндіруші 

ұйымдардың  жылу  желілеріне  қосылған  тұтынушы  мен  энергиямен 

жабдықтаушы ұйым арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.  

Жылу  желілеріне  қосылу  және  жылумен  жабдықтауға  шарт  жасасу 

техникалық шарттар талаптары орындалғаннан кейін жүзеге асырылады. 

Егер  шартта  өзгеше  қарастырылмаса  тұтынушыларға  жылу  энергиясын 

беруді энергиямен жабдықтаушы ұйым үздіксіз жүргізеді. 




Шартқа жылу желілерінің теңгерімдік тиесілігін шектеу және тараптардың 

пайдалану  жауапкершілігі  актісі  және  осы  Қағидалардың 

20-тармағының 3) 

және 4) тармақшаларында

 көрсетілген құжаттар қоса беріледі. 

Шартта  тұтынушы  туралы,  жылу  жүктемесі,  жылу  тұтынатын 

қондырғылардың  жылуды  тұтынуы,  жылу  желісіне  қайтарылатын 

конденсаттың,  есепке  алу  торабының  деректері,  тараптардың  пайдалану 

жауапкершілігі, жылу энергиясына ақы төлеу шарттары көрсетіледі. 

4.  Қосалқы  тұтынушы  тұтынушы  келісімімен  энергиямен  жабдықтаушы 

ұйыммен шартты тікелей жасайды.  

Тұтынушы, қосалқы тұтынушыны жылу энергиясымен қамтамасыз етуге 

техникалық  мүмкіндік  бар  жағдайда,  қосалқы  тұтынушының  жылумен 

жабдықтау  жүйесіне  қосылуына  және  қосалқы  тұтынушының  энергиямен 

жабдықтаушы  ұйыммен  жылумен  жабдықтау  шартын  жасасуына  кедергі 

келтірмейді.  

5.  Жылу  энергиясының  будағы  және  ыстық  судағы  ең  жоғары  сағаттық 

босатылуы, сондай-ақ жылу жеткізгіштің тиісті ең көп сағаттық шығыны мен 

оны  қайтару  шарты  Қазақстан  Республикасының  электр  энергетикасы 

саласындағы 

заңнаманы

  ескере  отырып,  жылумен  жабдықтау  шартында 

белгіленеді.  

Тұтынушының  шартта  көрсетілген  жүктеме  мен  тұтынылатын  жылу 

энергия  санынан  артық,  бірақ  алынған  техникалық  шарттарда  мәлімделген 

және  тіркелген  жүктемеден  артпайтындай  етіп  арттыру  энергиямен 

жабдықтаушы  ұйымның  келісімімен  шартқа  Қазақстан  Республикасының 

азаматтық заңнамасының талаптарын ескере отырып өзгерістер енгізу арқылы 

жол беріледі.  

6. 


Энергия 

беруші 


(энергия 

өндіруші) 

ұйымның 

Қазақстан 

Республикасының электр энергиясы саласындағы заңнамасына сәйкес сапалы 

жылу  энергиясымен  жабдықтау  техникалық  мүмкін  емес  жағдайда 

тұтынушыларды жылумен жабдықтау жүйелеріне қосу жүргізілмейді.  

7. Жылу энергиясын қолдану барысында энергия өндіруші, энергия беруші, 

энергиямен  жабдықтаушы  ұйымдар  және  тұтынушылар  арасындағы 

туындайтын  даулар  Қазақстан  Республикасының 

азаматтық  заңнамасында

 

белгіленген тәртіппен шешіледі.  



  

  

3. Тұтынушыларды жылу энергиясына қосуға арналған техникалық шарттар 



  

8.  Тұтынушылардың  объектілерін  энергия  беруші  (энергия  өндіруші) 

ұйымның жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар: 

1) жаңадан қолданысқа берілетін объектілерді жылу желілеріне қосу; 

2)  тұтынушының  жылуды  тұтынатын  құрылғыларының  жаңғыртылуына 

және кеңеюіне байланысты тұтынылатын жылу энергия мөлшерінің (немесе 

жылу  жеткізгіш  параметрлерінің)  өзгеру  және  қолданыстағы  техникалық 

шарттармен сәйкес келмеу;  

3) бұрын қосылмаған объектілерді жылу желілеріне қосу;  



4)  сыртқы  жылумен  жабдықтаушы  схемасының  өзгеру  жағдайларында 

беріледі.  

9. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан 

кейін бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде жылу желілеріне жаңадан салынған 

кәсіпорындарды,  ғимараттарды,  құрылыстарды,  олардың  кезектерін  немесе 

жекелеген  өндірістерді,  қолданыстағы  кәсіпорындарды,  ғимараттарды, 

құрылыстарды,  жылуды  тұтынатын  қондырғылар  мен  жылу  желілеріне 

қосылуға арналған техникалық шарттарды береді. 

10. Тұтынушы техникалық шарттарды алу үшін энергия беруші (энергия 

өндіруші) ұйымға өтінім береді. Өтінімде:  

1) объектінің атауы;  

2) объектінің орналасқан жері;  

3) тапсырыс беруші ұйымның толық атауы, мекенжайы және телефоны;  

4)  жоба  болған  жағдайда:  жобаланатын  объектіні  салуды  сипаттайтын 

деректер,  оны  салу  ұзақтығының  нормативтік  мерзімдері  және  объектіні 

пайдалануға  берудің  белгіленген  мерзімдері,  технологиялық  қажеттіліктер, 

жылыту және желдету, ыстық сумен қамтамасыз ету;  

5)  тұтыну  түрлері  бойынша  жүктемесінің  сипаттамасы  (тұрмыстық 

тұтынуға  арналған  жылу  энергиясын  пайдаланатын  тұтынушылар  үшін 

техникалық паспорт) көрсетіледі.  

Қажеттілік туындаған жағдайда, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым 

осы  Қағидалардың 

13-тармағында

 

көрсетілген  жылумен  жабдықтау 



мәселелеріне қатысты тұтынушының қосымша деректерін талап етеді. 

11.  Тұтынатын  жылу  энергиясын  немесе  жылу  жеткізгіштің  мөлшерін 

өзгертуді  қажет  ететін  тұтынушының  жылу  тұтыну  қондырғыларын  қайта 

құру немесе кеңейту кезінде тұтынушы қосуға арналған техникалық шарттар 

алғанға  дейін  енгізілген  өзгерістерді  ескере  отырып,  оны  энергия  беруші 

(энергия өндіруші) ұйымға жаңа техникалық шарттар ресімдеуге ұсыну үшін 

жылумен жабдықтау жобасын әзірлейді.  

ҚР  Энергетика  министрінің  2015.30.11.  №  678 

бұйрығымен

  11-1-тармақпен 

толықтырылды 

 

11-1.  «Қазақстан  Республикасындағы  сәулет,  қала  құрылысы  және 



құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 

20-бабының 23-14) 

тармақшасына

  сәйкес  бекітілетін  Құрылыс  саласындағы  құрылыс  салуды 

ұйымдастыру  және  рұқсат  беру  рәсімдерінен  өту  қағидаларында  көзделген 

жағдайларда  техникалық  шарттарды  беру  тәртібі  көрсетілген  Қағидалармен 

анықталады. 

12. Қосалқы тұтынушылар, тұтынушылардың жылу желілеріне қосылатын 

жылу  тұтыну  қондырғылары,  техникалық  шарттарды  тұтынушыдан  алады 

және  тұтынушыға  техникалық  шарттарды  берген  энергия  беруші  (энергия 

өндіруші) ұйыммен келісіледі. 

Энергия  беруші  (энергия  өндіруші)  ұйымның  қосалқы  тұтынушыларға 

техникалық шарттарды тұтынушының келісімімен беруіне жол беріледі. 

13. Жылу желілеріне объектіні қосуға арналған техникалық шарттарда:  




1)  жылумен  жабдықтау  көзі,  жылу  желілеріне  қосу  нүктесі,  жіберілетін 

жылу энергиясының мөлшерін реттеу тәсілі;  

2)  басқа  тұтынушылардағы  жүктемелерді  ескере  отырып,  негізгі  және 

резервтік енгізуді қосу нүктелеріндегі жылу жеткізгіштің параметрлері және 

гидравликалық режимі;  

3)  басқа  тұтынушылардың  жүктемелерін  қосу  перспективасын  ескере 

отырып, негізгі тұтынушының жүктемесі (қажеттілігі бойынша);  

4)  қолданыстағы  жылу  желісіндегі  өткізгіштік  мүмкіншілікті  арттыру 

қажеттілігі бойынша негіздеме;  

5) қайтарылатын өндірістік конденсаттың мөлшері, сапасы және қайтару 

режимі, конденсатты жинау және қайтару схемасы (қажеттілігі бойынша);  

6)  жылу  энергиясын  коммерциялық  есепке  алу  құралдарын  орнату 

бойынша талаптар;  

7) жылыту-желдету және технологиялық жүктемені қосудың және ыстық 

сумен жабдықтау жүктемесінің жылу схемасы көрсетіледі.  

14.  Тұтынушылардың  жылу  тұтыну  қондырғыларын  қосу  мақсатында 

энергия  беруші  (энергия  өндіруші)  ұйым  берген  техникалық  шарттарды 

орындау  тұтынушылар  үшін  де,  сондай-ақ  олардың  жобалау  және  құрылыс 

ұйымдарына да қажет.  

Жылумен  жабдықтау  және  жылуды  тұтыну  жүйелерінің  құрылысы  мен 

қайта  құру  жөніндегі  жұмыстарды  қызметтің  тек  осы  түріне  рұқсаты  бар 

ұйымдар,  жобаны  келіскен  барлық  мүдделі  ұйымдардың  келісімі  бойынша 

ғана орындайды. 

Техникалық  шарттардың  әрекет  ету  мерзімі  тұтынушылардың  жылу 

желілерін  және  жылу  тұтыну  қондырғылары  құрылысы  мен  жобалау 

нормативтік мерзімдерін ескере отырып, бірақ бір жылдан кем емес мерзімге 

белгіленеді. 

15.  Кәсіпорынның,  ғимараттың,  құрылыстардың,  олардың  кезектерінің 

немесе  жекелеген  өндірістерінің  құрылыс  жобалары  энергия  беруші  немесе 

энергия  өндіруші  ұйымдармен  құрылыс  алаңын  таңдау  және  жобалау 

тапсырмасын дайындау сатысында келісіледі және жылу желілеріне объектіні 

қосуға арналған техникалық шарттарда көрсетіледі. 

Сарапшы  ұйымдар  он  күн  күнтізбелік  мерзімге  дейін  техникалық 

шарттарда,  нормативтік  құжаттарда  берілген  қабылданған  жобалау 

шешімдерінің сәйкестігін тексереді және өз қорытындысын береді. 

Кәсіпорынды,  ғимаратты,  құрылысты,  оның  кезегін  немесе  жекелеген 

өндірісін  жобалау  кезінде  техникалық  шарттардан  ауытқу  қажеттілігі 

туындаған жағдайда, осы ауытқулар энергия беруші немесе энергия өндіруші 

ұйыммен келісіледі.  

16.  Техникалық  шарттарда  көрсетілген  талаптардың  негізділігіне  күдік 

туындаған  жағдайда,  тұтынушы  энергетикалық  сараптама  жүргізу  үшін 

сарапшы ұйымына жүгінеді. Тұтынушының сауалы негізінде энергия беруші 

(энергия өндіруші) ұйымға сарапшы ұйым сауал жолдағанда энергия беруші 

(энергия өндіруші) ұйым барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады. 




Тұтынушы  техникалық  шарттарда  көрсетілген  талаптардың  негізсіздігі 

туралы энергетика сараптамасының қорытындысы негізінде қайтадан энергия 

беруші (энергия өндіруші) ұйымға техникалық шарттарды алуға өтінім береді. 

Техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды өзгертуге қайта бас тартқан 

жағдайда, тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның әрекетіне 

Қазақстан  Республикасының 

азаматтық  заңнамасында

  орнатылған  тәртіпке 

сәйкес шағым түсіреді.  

Техникалық шарттарды беру мен қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.  

ҚР  Энергетика  министрінің  2015.30.11.  №  678 

бұйрығымен

  17-тармақ  жаңа 

редакцияда (

бұр.ред.қара

 



17.  Тұтынушы  энергия  беруші  (энергия  өндіруші)  ұйымға  сыртқы  жылу 

желілерінің,  жылу  торабының,  есепке  алу  құралдарының»  жылытудың  ішкі 

жүйесінің жобаларын келісуге жібереді. 

Энергия  беруші  (энергия  өндіруші)  ұйым  жобаны  ұсынғаннан  кейін  бес 

жұмыс күні ішінде келіседі немесе дәлелді бас тарту жауабын береді. 

Жоба объектіні жылу желілілеріне қосуға арналған техникалық шарттарға 

және  электр  энергетикасы  саласындағы  нормативтік  құқықтық  актілерге 

сәйкес келмеген жағдайда дәлелді бас тарту беріледі. 

Осы  тармақтың  талаптары  «Қазақстан  Республикасындағы  сәулет,  қала 

құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 

20-

бабының  23-14)  тармақшасына



  сәйкес  бекітілген  Құрылыс  саласындағы 

құрылыс  салуды  ұйымдастыру  және  рұқсат  беру  рәсімдерінен  өту 

қағидаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды. 

18.  Объектінің  иесі  өзгерген  жағдайда,  жаңа  жеке  меншік  иесі  меншік 

құқығы  тіркелген  сәттен  бастап  он  жұмыс  күні  ішінде  жазбаша  нысанда 

энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымды 

иесінің өзгергені туралы хабарлайды. Иесі өзгергенде, меншік иесі ауысқанда 

бұрын берілген техникалық шарттарды қайта ресімдеу жүргізілмейді. 

Энергиямен жабдықтау шарты және теңгерімдік тиесілік және пайдалану 

жауапкершілігі шекараларын бөлу актісі қайта ресімдеуге жатады. 

ҚР  Энергетика  министрінің  2016.31.05.  №  228 

бұйрығымен

  19-тармақ  жаңа 

редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 



19. Жылу желілеріне нақты қосылу тұтынушының аталған жұмыс (қосылу 

бойынша)  ақысын  Қазақстан  Республикасының  табиғи  монополиялар 

саласындағы заңнамасына сәйкес төлегеннен кейін, жазбаша өтініші бойынша 

энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жүзеге асырады. 

20.  Энергия  беруші  (энергия  өндіруші)  ұйымның  жылу  желілеріне 

қосылғанына дейін тұтынушы мына әрекеттерді жүзеге асырады:  

1)  жылу  торабын  салған  соң,  есепке  алу  құралдары  мен  жылумен 

жабдықтаудың  ішкі  жүйесін  монтаждаған  соң  энергия  беруші  (энергия 

өндіруші)  ұйымының  өкілін  ары  қарай  акт  ресімдеу  үшін  қайта  жөнделген 

жабдықты  жуу  және  тығыздау  жөніндегі  жұмыстардың  орындалуын 

қабылдауға шақырады;  



2)  энергия  беруші  (энергия  өндіруші)  ұйымның  өкілдерімен  бірге 

теңгерімдік  тиесілік  пен  пайдалану  жауапкершілігінің  шекараларын  бөлу 

актілерін ресімдейді;  

3)  паспортты  ресімдеп,  дроссель  құрылғыларының  (шүмек,  тығын) 

өлшемін алады. Дроссель құрылғыларын дайындау нормативтік-техникалық 

құжаттамаға  және  алынған  есептерге  сәйкес  жүргізіледі.  Дроссель 

құрылғыларын орнату кезінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымының 

өкілін пломбалау үшін шақырады;  

4)  энергия  беруші  (энергия  өндіруші)  ұйымға  алдағы  жылыту 

маусымдарына  жылу  тұтынатын  құрылғылардың  және  жылу  желілерінің 

техникалық дайындығына акті алу үшін жуу, сығымдау және жөндеу актілерін 

ұсынады.  

  

  

4. Тұтынушылардың жылу тұтынатын қондырғыларын пайдалануға рұқсат 



беру 

  

21. Барлық қайта қосылатын және қайта құрылатын жылу тұтыну жүйелері 



энергия  беруші  немесе  энергия  өндіруші  ұйымдармен  келісілген  жобалау 

құжаттамасына сәйкес орындалады.  

22. Пайдалануға берілгенге дейін жылу тұтынатын қондырғылар қабылдап 

алу-тапсыру  (техникалық,  техникалық  дайындық  актісімен  қарастырылған) 

сынақтарынан өтеді.  

Жылу тұтыну жүйелерін пайдалануға жіберу, жылу энергиясын тұрмыстық 

қажеттік  үшін  пайдаланатын  тұтынушыларды  есептемегенде,  Заңнын 

5-

бабының 17)-тармағына



 

сәйкес 


бекітілген 

Электр 


қондырғыларды 

пайдалануда  қауіпсіздік  қағидаларына  сәйкес  тұтынушыда  жылу  тұтынушы 

қондырғылардың  сенімді  және  қауіпсіз  жұмысына  жауапты  сәйкес 

қызметкерлер  мен  тұлға  болғанда  немесе  жылу  тұтыну  мен  жылу 

тұтынушылар  жүйесін  пайдалануға  рұқсаты  бар  мамандары  бар 

мамандандырылған  ұйыммен  қызмет  көрсету  шартын  жасау  арқылы  жүзеге 

асырылады.  

23. Жылумен жабдықтау шартын жасасқан соң, энергия беруші (энергия 

өндіруші) ұйымға жылумен жабдықтау жүйесіне қосуға өтінім беріледі. 

Қосу энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның өкілі мен тұтынушының 

қатысуымен, қосуға ресімделген актіні ары қарай энергиямен жабдықтаушы 

ұйымға бір жұмыс күні мерзімінде тапсыру арқылы жүргізіледі. 

24. Техникалық-экономикалық негіздемелер және жылына 500 және одан 

да  жоғары  тонна  шартты  отынның  отын-энергетикалық  ресурстарын 

тұтынатын  жаңа  объектілер  мен  кәсіпорындардың  құрылыс  жобалары  мен 

жұмыс  істеп  тұрған  объектілер  мен  кәсіпорындарды  кеңейту  жобалары 

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 

қаңтардағы  Қазақстан  Республикасы  Заңының 

15-бабына

  сәйкес  энергия 

үнемдеу сараптамасына жатады.  

  



  

5. Коммерциялық есепке алу құралдарын орнату және пайдалану 

  

25.  Тұтынушылардың  жылу  тұтыну  қондырғылары  энергиямен 



жабдықтаушы  ұйыммен  жылу  энергиясы  үшін  есеп  айырысуға  қажетті 

коммерциялық есепке алу құралдарымен қамтамасыз етіледі.  

Жылу энергиясын есепке алу үшін Өлшем бірліктерін қамтамасыз ететін 

мемлекеттік  тізілімге  енгізілген  және  алғашқы  немесе  кезеңдік  өлшем 

құралдарын  тексеруі  туралы  құжаттары  бар  коммерциялық  есепке  алу 

құралдар пайдаланылады.  

Жылу  энергиясының  коммерциялық  есептеу  құралын  күту,  техникалық 

қызмет көрсету және тексеру теңгерімдік тиесілікке сәйкес жүзеге асырылады. 

Коммерциялық есепке алу құралдарын тексеру (кезектен тыс тексеру): 

1) аралық тексеру интервалы мерзімі өткен;  

2)  тұтынушының  немесе  энергия  беруші  (энергия  өндіруші)  ұйымның 

өтініші бойынша олардың көрсеткіштерінің дұрыстығына күмәндану;  

3)  өндірілетін  өлшемдер  дәлдігіне  әсер  ететін  коммерциялық  есепке  алу 

құралдарының бұзылғандығын тұтынушының немесе энергия беруші (энергия 

өндіруші) ұйымның айқындауы жағдайларында жүзеге асырылады.  

Коммерциялық  есепке  алу  құралдарын  тексеруді  негізгі  қызмет  түріне 

рұқсаты бар мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.  

ҚР  Энергетика  министрінің  2016.31.05.  №  228 

бұйрығымен

  26-тармақ 

өгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

26. Жылу энергиясын жіберуді есепке алу, егер шартта өзгеше көзделмесе, 



жылу  желілерінің  теңгерімдік  тиесілік  және  пайдалану  жауапкершілігінің 

шекарасында  жылу  энергиясының  шығындалуын  есепке  алу  нүктесінде 

жүргізіледі.  

Жылу  энергиясын  коммерциялық  есептеу  құралын  жылу  желісінің 

теңгерімдік  тиесілік  шекарасынан  тыс  орнатқан  жағдайда,  жылу  желісінің 

теңгерімдік тиесілік шекарасынан жылу энергиясының коммерциялық есептеу 

құралдарын  орнатқан  жерге  дейінгі  аумақтағы  жылу  энергиясының 

шығындары,  шарттық  негізде,  теңгерімінде  жылу  желісінің  көрсетілген 

аумағы тұрған иегердің меншігіне жатқызылады. Шығындар энергия беруші 

(энергия 

өндіруші) 

ұйымдармен 

есептеу 

жолымен 


Қазақстан 

Республикасының  табиғи  монополиялар  саласындағы 

заңнамасына

  сәйкес 

анықталады. 

Тұтынушы  қосылатын  жылу  желілеріне  жылу  шығындарын  есептеуді 

энергия  беруші  (энергия  өндіруші)  ұйым  жүргізеді  және  тұтынушының 

сұрауы бойынша береді. 

Тұтынушы  қосылатын  жылу  желілеріне  жылу  шығындарына  сынақты 

энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушының немесе оның өкілінің 

қатысуымен жүргізеді. 

27. Коммерциялық есепке алу құралдарын тексеру, құралға аралық тексеру 

интервалына  сәйкес,  тексеру  әдістемесінде  белгіленген  мерзімде,  сондай-ақ 



мүдделі  тараптардың  бірінің  өтініші  бойынша  олардың  көрсеткіштерінің 

дұрыстығына күмән келтірілген жағдайда жүргізіледі. 

Жоспардан  тыс  тексеру  жүргізілген  жағдайда,  тексеру  жөніндегі 

шығындарды жоспардан тыс тексеруді талап еткен тарап көтереді. 

28.  Егер  жоспардан  тыс  тексеру  кезінде  коммерциялық  есепке  алу 

құралдарының  көрсеткіштері  олардың  дәлдік  сыныбы  рұқсат  етілген 

кінаратынан асып кетсе, онда жоспардан тыс тексеру жөніндегі шығындарды 

құралдардың  иесі  төлейді.  Басқа  жағдайда,  тексеру  жөніндегі  шығындарды 

тексеруді талап еткен тарап көтереді.  

29.  Тұтынушымен коммерциялық  есепке  алу  құралдарының  ақаулылығы 

табылған  жағдайда  тұтынушы  тез  арада  энергиямен  жабдықтаушы  ұйымды 

хабардар етеді.  

Энергиямен 

жабдықтаушы 

ұйым 

өз 


кезегінде 

тұтынушының 

коммерциялық есепке алу құралдарының ақаулығын энергия беруші (энергия 

өндіруші) ұйымға хабарлайды. 

30.  Коммерциялық  есепке  алу  құралдарын  тексеруге  алған  жағдайда, 

тұтынушымен  тұтынған  жылу  энергиясын  төлеу  ақысы  алдыңғы  кезеңдегі 

жылу энергиясының орташа тәуліктік шығынымен есептеледі.  

ҚР  Энергетика  министрінің  2016.31.05.  №  228 

бұйрығымен

  31-тармақ 

өзгертілді (

бұр.ред.қара

)

 

31.  Коммерциялық  есепке  алу  құралдарының  көрсеткіштерін  алуды 



тұтынушының  немесе  оның  өкілінің  қатысуымен  энергия  беруші  (энергия 

өндіруші)  ұйым  өкілі  жүргізеді,  қашықтықтан  деректерді  беру  құралдары 

орнатылған  жағдайларда,  егер  шартта  өзгеше  көзделмесе,  тұтынушының 

қатысуынсыз жүргізеді. 

Жылу  энергиясының  коммерциялық  есепке  алу  құралдарының 

көрсеткіштерін  алу  мүмкіндігі  болмаған  жағдайда,  бұған  қоса  тұтынушы 

өздігінен пайдаланған жылу энергиясының көлемі жөнінде мәлімет бермесе, 

энергия 


беруші 

(энергия 

өндіруші) 

ұйым 


коммерциялық 

есеп 


құрылғыларының  нақты  көрсеткіштері  бойынша  келесі  қайта  есептеумен 

алдыңғы кезеңдегі жылу энергиясының орташа тәуліктік шығыны бойынша 

есептейді. 

Есептеулерді  салыстыру  үшін  шартта  белгіленген  мерзімде  тұтынушы 

энергиямен жабдықтаушы ұйымға жылу энергиясын және жылу жеткізгішті 

есепке  алу  журналының  көшірмесін  немесе  коммерциялық  есепке  алу 

құралдарының тәуліктік мұрағаттық көрсеткіштерін ұсынады. 

  

  



6. Тұтынушылардың жылуды тұтыну жүйелерін пайдалануы 

  

32.  Жылуды  тұтыну  жүйелерінің  жай-күйіне  және  қызмет  көрсетуіне 



тұтынушылар  мен  энергия  беруші  немесе  энергия  өндіруші  ұйымдар 

арасындағы жауапкершілік шекарасы олардың теңгерімдік тиесілігінде немесе 

тараптардың келісімі бойынша анықталады.  



33.  Сенімді  жылумен  жабдықтауды  қамтамасыз  ету  мақсатында 

тұтынушы:  

1) тұтынылған жылу энергиясы үшін уақытылы ақы төлейді;  

2) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдардың қызметкерлерін түсіру 

крандарын,  арматураларды,  жылу  энергиясын  есептеу  желісіне  дейін 

орналасқан бақылау-өлшеу құралдарын пломбалауды жүргізуі үшін жібереді 

және қойылған пломбалардың сақталуын қамтамасыз етеді, ал оларды алып 

тастауды энергиямен жабдықтаушы ұйымды хабарландыру арқылы жүргізеді;  

3) жылу тұтынудың тапсырылған режимдерін сақтайды;  

4)  жергілікті  атқарушы  органдардың  қызметкерлерін,  энергия  беруші 

(немесе энергиямен жабдықтаушы) және (немесе) энергиямен жабдықтаушы 

ұйымдардың қызметкерлерін жылу желілерінің, жылу тұтыну қондырғылары 

мен коммерциялық есепке алу құралдарының техникалық жай-күйін тексеруге 

жібереді;  

5) әр жылыту маусымының алдында жылуды тұтынатын қондырғыларды 

қабылдау-тапсыру (техникалық дайындығы техникалық актіде қарастырылған 

техникалық) сынау және жылу тұтыну қондырғыларының жөндеуін өткізеді.  

  

  



7. Тұтынушыларға жылу энергиясын беруді шектеу және тоқтату шарттары 

  

ҚР  Энергетика  министрінің  2015.30.11.  №  678 



бұйрығымен

  34-тармақ  жаңа 

редакцияда (

бұр.ред.қара

 

34.  Энергиямен  жабдықтаушы  және  (немесе)  энергия  беруші  ұйым 



мынадай жағдайларда: 

1) жылумен жабдықтау шартында белгіленген мерзімдерде пайдаланылған 

жылу  энергиясы  үшін  төлем  жүргізілмегенде,  сондай-ақ  толық  төленбеген 

жағдайда; 

2)  жылу  желісіне  жаңа  қуаттар  мен  қосалқы  тұтынушыларды  өз  бетімен 

қосқанда; 

3) жылу тұтыну жүйелерін коммерциялық есепке алу құралдарына дейін 

қосқанда; 

4)  энергиямен  жабдықтаушы  ұйымның  келісімінсіз  шартта  көрсетілген 

есептік жылу жүктемелері мен шарттық режимнен асыра қолданғанда; 

5)  егер  тараптардың  келісімінде  өзгеше  көзделмесе,  шартта  көзделген 

конденсат көлемінің 30 %-ынан кемін қайтарғанда;  

6)  жылу  тұтыну  жүйесіне  қызмет  көрсету  үшін  тиісті  біліктілігімен 

персонал  болмағанда  (жылу  энергиясын  тұрмыстық  қажеттіліктер  үшін 

пайдаланатын тұтынушыларды есептемегенде); 

7)  жергілікті  атқарушы  органдардың  ұйғарымдарын  белгіленген 

мерзімдерде орындамағанда; 

8) осы Қағидалардың техникалық талаптарын бұзғанда; 

9)  жылу  тұтынатын  жүйелерге  және  (немесе)  жылу  энергиясын 

коммерциялық  есепке  алу  құралдарына  жергілікті  атқарушы  органдар  мен 




энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші (энергия өндіруші) 

ұйымның өкілдерін жібермегенде; 

10) апаттық жағдайда; 

11) күзгі-қысқы кезең жұмысына тұтынушыны жылу желілері мен жылу 

тұтынушы қондырғыларға техникалық дайындығы актісі болмағанда энергия 

беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосқанда тұтынушыға 

жылу энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатады. 

Бұл  ретте  энергия  беруші  ұйым  жылу  энергиясын  беруді  толық  немесе 

ішінара: 

осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 11) тармақшаларында көрсетілгендей 

бұзушылық  анықталған  жағдайда,  егер  шартпен  өзгеше  көзделмесе,  жылу 

энергиясын  беруді  тоқтатқанға  немесе  шектегенге  дейін  кемінде  үш  тәулік 

бұрын энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға жазбаша хабарлағаннан 

кейін  (хабарлама  ұсыну  арқылы)  немесе  жылу  энергиясын  тұрмыстық 

қажеттілікке  пайдаланбайтын  тұтынушыларға  электрондық  почтаға,  факсқа 

хаттама жолдау арқылы тоқтатады; 

осы  тармақтың  2),  3),  10)  тармақшалары  бойынша  -  ескертусіз  дереу 

тоқтатады. 

35.  Қағидалардың 

34-тармағында

  көрсетілген  жылу  энергиясын  тұтыну 

кезінде  тұтынушы  жіберген  бұзушылықтар  орын  алғанда  энергия  беруші 

(энергия  өндіруші)  немесе  энергиямен  жабдықтаушы  ұйымдардың  өкілдері 

мен тұтынушы екі дана екіжақты акт ресімдейді, олардың біреуі тұтынушыға 

беріледі.  

Акт тұтынушы актке қол қоюдан бас тартқан кезде де, бірақ оны құрамы 

кемінде  үш  адамнан  тұратын  энергия  беруші  (энергия  өндіруші)  немесе 

энергиямен  жабдықтаушы  ұйымның  комиссиясы  ресімдеген  жағдайда 

жасалады. Көп қабатты ғимараттарды комиссия құрамына комиссия құрамына 

кондоминиумды басқару органының өкілі кіреді.  

36. Бұзушылық актісі негізінде энергиямен жабдықтаушы немесе энергия 

беруші (энергия өндіруші) ұйым есепке алынбай қалған жылу энергиясының 

мөлшерін  анықтайды  және  қайта  есептеу  сомасын  негіздей  отырып, 

тұтынушыға жібереді.  

37.  Тұтынушы  қайта  есептеумен  келіспеген  жағдайда,  тараптардың 

қатынасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында орнатылған 

тәртіппен реттеледі.  

38.  Тұтынушы  желі  суын  рұқсатсыз  алған,  жылу  тұтыну  жүйесіне  өз 

бетімен  қосылған,  тұтынушы  коммерциялық  есепке  алу  құралдарын 

бүлдірген,  есептеу  торабында  орнатылған  пломбалар  бұзылған  немесе 

болмаған  жағдайда  энергия  беруші  (энергия  өндіруші)  және  (немесе) 

энергиямен  жабдықтаушы  ұйым  акт  жасайды,  оның  негізінде  тұтынушы 

пайдаланған жылу энергиясының көлемінде қайта есептеу жүргізіледі.  

Ыстық  су  бойынша  қайта  есептеу  жылдан  аспайтын  кезеңде,  ал  жылу 

жүйесі  үшін  жылыту  маусымының  басынан  бастап  осы  тармақтың  бірінші 

абзацында көрсетілген жағдайлар байқалған сәтке дейін жүргізіледі. 




Акт  энергия  беруші  (энергия  өндіруші)  және  (немесе)  энергиямен 

жабдықтаушы  ұйым  өкілдерінің  және  тұтынушының  немесе  оның  өкілінің 

қолы  қойылған  жағдайда  жарамды.  Акт  тұтынушы  немесе  оның  өкілі  қол 

қоюдан  бас  тартқан  жағдайда  да,  бірақ  энергия  беруші  (энергия  өндіруші) 

және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың құрамында кемінде үш 

адам  бар  комиссиясы  ресімдеген  жағдайда  жасалады.  Көп  қабатты 

ғимараттарды  комиссия  құрамына  кондоминиум  басқару  органының  өкілі 

кіреді. 


39.  Өз  желісіндегі  апаттың  алдын  алу  немесе  оны  жою  жөнінде  шұғыл 

шаралар қолдану үшін энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым, апатты 

алдын  алу  және  жою  бойынша  шұғыл  шараларды  қабылдауға,  тұтынушыға 

энергиямен жабдықтаушы ұйым толық бермеген жылу үшін қайта есептеумен, 

оны  міндетті  ескертумен  тұтынушының  жылу  тұтыну  жүйесін  уақытша 

ажыратады.  

Жаңа  тұтынушыларды  қосу  және  жабдықты  жөндеу  бойынша  энергия 

беруші ұйым жоспарлы жұмысын өткізу үшін резервті қоректің болмауында 

жылумен жабдықтау шартында осы мақсаттар үшін тұтынушыларды ажырату 

тәртібі көзделеді.  

  

  

8. Тұтынушыларға жіберілетін будағы жылу энергиясының мөлшерін 



анықтау 

  

41.  Тұтынушыға  жіберілген  будағы  жылу  энергиясының  мөлшері  жылу 



желілерінің теңгерімдік тиесілігі шекарасында есептеледі. Желілердің бөліну 

шекарасынан  кейінгі  жылу  энергиясының  шығындары  тұтынушымен 

төленеді. 

42. Тұтынушыға келіп түсетін будағы жылу энергиясының мөлшері, оның 

жылу ұстауына бу мөлшерінің туындысы ретінде анықталады.  

43. Қайтарылатын конденсат үшін тұтынушыға төлем мөлшері оның жылу 

ұстауын ескеру арқылы шартта анықталады.  

44.  Жылумен  жабдықтау  шарттарында  жылу  жеткізгіштің  әр  өлшемі 

бойынша есептік жылу жүктемелер, сондай-ақ тұтынушыға жылу энергиясын 

жіберудің жалпы көлемі белгіленеді.  

45. Тұтынушыға шартпен көзделген өткір, кемітілген немесе іріктелген бу 

жіберілген кезде тұтынушымен есеп айырысу тұтынушы іс жүзінде алған бу 

үшін тариф бойынша жүргізіледі.  

46. Будағы жылу энергиясын тұтыну режимінің ауытқуы шарттық шамадан 

+/-10 %-дан аспауы керек.  

Будағы  жылу  энергиясын  тұтыну  шарттық  шамадан  +/-10  %-дан  аса 

ауытқыған  жағдайда,  тараптар  шарттың  талаптарына  сәйкес  жауапқа 

тартылады. 

  

  



9. Тұтынушыларға жіберілетін ыстық судағы жылу энергиясының 

мөлшерін анықтау және тұтынушылар қайтаратын конденсаттың 

мөлшерін анықтау 

  

ҚР  Энергетика  министрінің  2016.31.05.  №  228 



бұйрығымен

  47-тармақ  жаңа 

редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

47. Тұтынушының жылу тұтынатын қондырғыларын коммерциялық есепке 



алу  құралдарысыз  қосқан  жағдайда,  жылумен  жабдықтаушы  ұйыммен 

жіберілетін жылу энергиясының көлемі Қазақстан Республикасының табиғи 

монополиялар саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен есептеу арқылы 

анықталады.  

48. Берілетін жылу жеткізгіштің температурасы тұтынушының есепке алу 

торабында  температуралық  кестесіне  сәйкес  энергия беруші немесе  энергия 

өндіруші ұйыммен беріледі.  

ҚР  Энергетика  министрінің  2016.31.05.  №  228 

бұйрығымен

  49-тармақ  жаңа 

редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

49.  Ыстық  суда  жылу  энергиясын  пайдалану  және  тұтынушының  есепке 



алу  торабында  температуралық  кестені  сақтау  кезінде  тұтынушы  кейін 

қайтатын  желілік  суды  кесте  бойынша  оның  мәнінен  аспайтын 

температурамен  қайтарады.  Есепке  алу  құралдары  жоқ  тұтынушыларда 

шарттық  көлемнен  артық  жіберілген  жылу  мөлшерін  есептеу  Қазақстан 

Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамада белгіленген 

тәртіпке сәйкес жүргізіледі.  

50.  Ыстық  сумен  жабдықтаудың  ашық  жүйесінде,  тұтынушы  шарттың 

талаптарында  айтылғандай,  шығатын  судың  құнын,  оны  тазалау  және 

химиялық дайындау бойынша шығындарды төлейді.  

51.  Тұтынушының  меншігіндегі  орналасқан  жылу  желілеріндегі  жылу 

жеткізгіштің нормадан артық кеміп қалуын энергия беруші (энергия өндіруші) 

ұйыммен  анықталады  және  тұтынушының  қатысуымен  актіде  белгіленеді. 

Тұтынушы  актімен  келіспеген  жағдайда,  тараптар  жергілікті  атқаушы 

органдарға немесе сотқа жүгінеді.  

52. Тұтынушының жылу желілеріндегі жылу энергиясының шығындары, 

егер  тараптардың  келісімімен  өзгеше  белгіленбесе,  олар  мен  қосалқы 

тұтынушылардың  арасында  жылу  энергиясын  тұтыну  үлесіне  қарай  жылу 

желісінің ұзақтығына және техникалық сипаттамасына қарай бөлінеді.  

53. Тұтынушылар жылыту, желдету және ыстық сумен жабдықтау үшін бу 

түріндегі жылу энергиясын пайдалану кезінде энергия беруші немесе энергия 

өндіруші ұйымға қайтарады, ал ол өз кезегінде конденсаттың кем дегенде 95 

%  (егер  тараптардың  келісімімен  өзгеше  белгіленбесе)  қабылдайды,  ал  бу 

технологиялық  мақсаттар  үшін  пайдаланылған  кезде,  конденсатты  қайтару 

шартында келісілген көлем мен сапада жүзеге асырылады. 

54. Тұтынушымен қайтарылатын конденсат шартта келісілген көлем мен 

сапаға сәйкес болуы тиіс.  

  

  



10. Төлем құжаттарын ұсыну және ақы төлеу тәртібі 

  

ҚР  Энергетика  министрінің  2016.31.05.  №  228 



бұйрығымен

  55-тармақ 

өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

55. Тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жылу энергиясы үшін 



өтінім  берілген  шарт  көлемінің,  коммерциялық  есепке  алу  құралдары 

көрсеткіштерінің негіздерінде энергиямен жабдықтаушы ұйым жазып берген 

төлем  құжаттары  бойынша,  ал  олар  болмаған  жағдайда  -  Қазақстан 

Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамада белгіленген 

тәртіппен есеп айырысу жолымен есеп айырысады. 

Есеп  айырысу  шарттары  мен  нысандары  жылумен  жабдықтау  шартына 

сәйкес анықталады.  

ҚР  Энергетика  министрінің  2016.31.05.  №  228 

бұйрығымен

  56-тармақ  жаңа 

редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

56.  Тұтынушыларға  берілген  жылу  энергиясы  үшін  есеп  айырысулар 



Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы 

заңнамасына

 

сәйкес белгіленген тарифтер бойынша жүргізіледі. 



57. Энергиямен жабдықтаушы ұйым мерзімі өткізілген ақы төлеу сомасына 

жылумен жабдықтау шартына сәйкес өсімді есептейді.  

58.  Егер  тұтынушы  белгіленген  тәртіппен  пайдаланған  жылу  энергиясы 

үшін ақы төлемегендігі үшін ажыратылса, онда оны қосу қарызды төлегеннен 

кейін бір жұмыс күні ішінде және энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның 

оны қосу бойынша шығындарын өтегеннен кейін, жүргізіледі. 

59.  Жылу  энергиясын  беруді  тоқтату  уақыты  (күні,  сағаты,  минуты), 

сондай-ақ оның сапасының нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына 

сәйкес  болмауы  энергия  беруші  (энергия  өндіруші)  ұйымның  диспетчерлік 

қызметі  журналында  белгіленеді,  кейіннен  тиісті  (тиесілі)  сападағы  жылу 

энергиясын беруді жаңғыртудың уақыты (күні, сағаты, минуты) туралы белгі 

қойылады.  

60.  Егер  жылу  энергиясын  беруде  үзілістер  болған  немесе  тиісті  емес 

сапада  берілгені  туралы  энергия  беруші  (энергия  өндіруші)  ұйымның 

журналында  тіркелмеген  жағдайда  тұтынушының  жылуды  пайдалану 

қондырғысының  пайдаланылуына  жауапты  тұлға  (кондоминимум,  пәтерлер 

меншік  иелері  кооперативі  (бұдан  әрі  -  ПМИК)  объектілері  бойынша)  бұл 

туралы  энергия  беруші  (энергия  өндіруші)  және  энергиямен  жабдықтаушы 

ұйымға  жазбаша  өтінішпен  немесе  телефонограммамен  уақытын,  беру  күні 

және тапсырған адамның тегін, жылу энергиясының сапасы төмендей бастаған 

(болмаған)  уақытты,  нашарлау  сипаты  және  энергиямен  жабықтау  және 

энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдардың өкілдерінің қатысу қажеттігін 

көрсетіп хабарлайды.  

Жазбаша  өтініш  немесе  телефонограмма  энергия  беруші  (энергия 

өндіруші)  немесе  энергиямен  жабдықтаушы  ұйыммен  тіркеу  нөмірін 

белгілеумен  тіркеледі.  Жылумен  жабдықтау  тоқтатылған  жағдайда,  өтініш 

немесе  телефонограмма  тез  арада,  параметрлері  нашарлаған  жағдайда  - 

ауытқушылық басталған сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірілмей беріледі. 




Энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйым 

жылу энергиясы сапасының ауытқулары туралы немесе жылумен жабдықтау 

үзілісі 

туралы 


журналында, 

тұтынушы 

өтінішінде 

немесе 


телефонограммасында  белгіленген  белгілерді  салыстырып  тексереді  және 

келіспеушіліктер болмаған жағдайда оның нақты тұтынылуына сәйкес есептік 

параметрлерден орта тәуліктік ауытқуынан шығара отырып жылу энергиясы 

құнын қайта есептеуді орындайды. 

61. Энергия беруші (энергия өндіруші) немесе энергиямен жабдықтаушы 

ұйым  жылу  энергиясының  берілмеуінің  немесе  сапасы  төмен  жылу 

энергиясының  берілу  фактісін  растаудан  бас  тартқан  жағдайда,  тұтынушы 

жазбаша өтініш жасайды, онда:  

жылу  энергиясын  беруден  (ажыратудан)  немесе  оны  сапасыз  жеткізуден 

бас тартудың басталған уақыты; 

жылу энергиясы сапасының нашарлау сипаты;  

өтінішті (телефонограмма) беру уақыты және оның тіркеу нөмірі; 

жылу энергиясын беруді қалпына келтіру (оның сапасын қалыпқа келтіру) 

уақыты; 


жылу энергиясының болмау (сапасының нашарлау) кезеңі көрсетіледі.  

Өтінішке тұтынушы, тұтынушының уәкілетті тұлғасы қол қояды және ол 

энергия  беруші  (энергия  өндіруші)  және  энергиямен  жабдықтаушы  ұйымға 

жіберіледі. 

Дау 

реттелмеген 



жағдайда, 

тұтынушы 

Қазақстан 

Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес әрекет етеді. 

  

  

11. Тұрмыстық қажеттілік үшін жылу энергиясын пайдаланатын 



тұтынушылардың жылу энергиясын пайдалануы туралы қосымша 

ережелер 

  

ҚР  Энергетика  министрінің  2015.30.11.  №  678 



бұйрығымен

  (


бұр.ред.қара

); 


2016.31.05.  №  228 

бұйрығымен

  (2017  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

) 62-тармақ өзгертілді

 

62. Тұтынушының уәкілетті тұлғалары (кондоминиум объектісін басқару 



органы,  ПМИК)  тиісті  техникалық  жай-күйді  сақтайды  және  жалпы  үйдің 

(үйдің ішіндегі) жылыту жүйесі мен ыстық сумен жабдықтаудың қауіпсіздігін 

қамтамасыз етеді, коммерциялық есепке алу құралдарының (үйге ортақ) және 

үйге  ортақ  меншікті  құрайтын  басқа  жылу  тұтынатын  құрылғылардың 

сақталуын қамтамасыз етеді.  

Жылыту  және  ыстық  сумен  жабдықтау  мақсатында  тұрмыстық 

тұтынушыларға  жылу  энергиясын  беруді  энергиямен  жабдықтаушы  ұйым 

жылумен жабдықтауға арналған жария шартқа сәйкес жүзеге асырады.  

Кондоминиум  объектісін  басқаруды  жүзеге  асыратын  заңды  тұлғалар 

жылу  тұтынатын  қондырғыларға  қызмет  көрсетуді  дербес  немесе  шарт 

бойынша мамандандырылған ұйыммен жүргізеді. 

Тұтынушы  жылу  энергиясы  үшін  энергиямен  жабдықтаушы  ұйыммен 

тараптардың  пайдалану  жауапкершілігінің  шекарасында  орнатылған 



коммерциялық  есепке  алу  құралдары  бойынша  белгіленген  тәртіппен 

бекітілген тариф бойынша есеп айырысады.  

Тұрмыстық  қажеттіліктерге  арналған  жылу  энергиясын  пайдаланатын 

тұтынушыларда  ұсынылған  қызметтің  көлемін  коммерциялық  есепке  алу 

құралдары  болмаған  жағдайда,  Қазақстан  Республикасының  табиғи 

монополиялар  саласындағы  заңнамада  белгіленген  тәртіппен  есептеу 

жолымен анықталады. 

ПМИК  немесе  кондоминиум  объектісін  басқару  органы  басқаруындағы 

көп  пәтерлі  тұрғын  үйлердегі  тұтынушы  мен  энергия  беруші  (энергия 

өндіруші) ұйымның арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы жылу 

энергиясы көзі тарапынан басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші 

бөлу ернемегі немесе дәнекерлі тігіс бойынша анықталады. 

63.  Жылумен  жабдықтау  жүйесінің  тұрақты  жұмысын  қамтамасыз  ету 

мақсатында тұтынушыға:  

1)  пәтер  ішіндегі  желілерді,  инженерлік  жабдықты  және  қондырғыны 

желісіне  тұтынушы  қосылған  ұйымның  және  сәулет  пен  қала  құрылысы 

саласындағы  қызметтерді  жүзеге  асыратын  тиісті  жергілікті  атқарушы 

органдардың құрылымдық бөлімшелерінің келісімінсіз қайта жабдықтауға;  

2) жылыту аспаптарының қосымша секцияларын, реттеуші және бекітуші 

арматураны орнатуға және бөлшектеуге;  

3)  жылыту  жүйелерінде  жылу  жеткізгішті  тікелей  мақсаттан  тыс  (жылу 

жүйесінен және аспаптардан суды ағызу) пайдалануға жол берілмейді.  

64. Тұтынушы жылу энергиясын тұрмыстық мақсатта пайдаланатын болса, 

шарт  желіге  белгісіз  мерзімге  қосылған  тұтынушының  алғашқы  нақты 

қосылған  сәтінен  бастап  жасалған  деп  есептеледі  (егер  тараптардың 

келісімінде өзгеше көзделмесе) және Қазақстан Республикасының азаматтық 

заңнамасында  қарастырылған  негіздер  бойынша  өзгертілуі  немесе  бұзылуы 

мүмкін. 


65.  Пәтерде  тұратын  адамдар  (бір  немесе  бірнеше)  бір  айдан  артық 

мерзімге уақытша кетіп қалған жағдайда, коммерциялық есепке алу құралдары 

болмаған кезде тұтынылған бір адамға есептелетін ыстық су ақысы олар жоқ 

кезде  алынбайды.  Қайта  есептеуге  өтініш  берген  кезде  және  растаушы 

құжатты (емдеу мекемесінен немесе жұмыс орнынан анықтама, санаторийге 

жолдаманың  түбіршегі,  уақытша  тұратын  орны  бойынша  тіркеу  туралы 

анықтама  және  сол  сияқтылар)  тапсырғанда  есептік  кезеңге  қайта  есептеу 

орындалады және төлем құжатында көрсетеледі. 

66.  Жылу  энергиясының  коммерциялық  есепке  алу  құралдарының 

көрсеткіштерін алуды, егер шартта өзгеше көзделмесе, энергия беруші ұйым 

мен кондоминимум объектісінің (тұтынушының) өкілі жүргізеді.  

67. Шартта белгіленген мерзімде пайдаланған жылу энергиясы үшін ақы 

төленбесе,  энергия  беруші  немесе  энергиямен  жабдықтаушы  ұйым 

тұтынушыны  жылу  энергиясынан  беруді  шектегенге  дейін  отыз  күнтізбелік 

күннен кешіктірмей ескертеді.  

68.  Жылу  энергиясын  тұрмыстық  қажеттілік  үшін  пайдаланатын 

тұтынушыларға  энергиямен  жабдықтаушы  және  (немесе)  энергия  беруші 



(энергия  өндіруші)  ұйымдар  жылу  энергиясын  тұтынған  электр  энергиясы, 

немесе  басқа  да  коммуналдық  қызметтерді  төлемегені  үшін  толық  немесе 

ішінара беруді тоқтатуға жол бермейді. 

  

  



  

  

  



  

  

  



  

  

  



  

 

 



жүктеу 241,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау