Жылдың басты оқИҒалары


«Дауыстап оқу» жастар ақциясы



жүктеу 6,02 Mb.
бет26/40
Дата14.05.2018
өлшемі6,02 Mb.
#13231
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
«Дауыстап оқу» жастар ақциясы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы игі бастамаларды негізге ала отырып, 18 қазанда Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК ұйымдастыруымен қарағандылық ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, көптеген жүлделердің лауреаты Серік Ақсұңқарұлының шығармаларын тікелей эфирде «Дауыстап оқу» жастар ақциясы болып өтті. Жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, қазіргі заманғы қазақстандық ақын-жазушылар шығармаларымен таныстыру, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханасы да қатысты. Аталмыш акцияға кітапханаға қарасты «Кәусар» әдеби-жастар клубының мүшелері - №15 мектеп-лицейінен А.Камеридина, А.Қошанова, Д.Жұма, Абай атындағы №2 лицейден М.Алғамжанов, Н,Мамырлан, А.Алтай, А.Кенжеханова мен Балқаш медициналық колледжінің студенттері Ә.Бахытжанқызы, С.Әбден, Б.Тұрғанова қатысты. Қатысушылар ақын өлеңдерін нақышына келтіріп, асқан тебіреніспен мәнерлеп оқыды.


«Кітапханаға кітап сыйла» науқан

2017 жылдың 20 маусым - 20 шілде аралықтарында С. Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Кітапханаға кітап сыйла» атты науқан өткізілді. Бұл науқанның басты мақсаты адамдардың бір-біріне кітап сыйлау сезімдерін ояту, оқу мен кітаптың құндылықтарын еске түсіру. Барлығы 87 адам қатысты. Олардың арасында кітапхананың тұрақты оқырмандары, сонымен қатар кітапханаға алғаш келгендерде болды. Науқанға адамдар бір-бірлеп келсе, кейбірі отбасыларымен, ал кейбір кітап сыйға тартушы адамдар кітапханаға бірнеше мәрте қайта келді. Кітапханаға ең көп кітап сыйлағандар Л. Есимбекова, Л.Шаповалова, О.Гетерле, М.Есенжол, Г.Морозов және т.б.. Мазмұны жағынан кітаптар әр түрлі болды: ғылыми және балалар әдебиеті, орыс және әлем классикасы, қазіргі заман прозасы және детективтер.


Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармашылығын дәріптеу
Абайдың асыл мұралары адамның рухани әлемін жандандырып, байыта түсері хақ. Кемеңгер ақынымыздың әрбір сөзі қазақ халқы үшін жарық сәуле, жанына етене жақын бөлінбес қазынасы іспетті. Абай шығармаларының дені халықты ғылым-білімге, өркениетке шақыра отырып, жастарға ерекше рух береді. Міне, осы ұлы тұлғамызды ұлықтап, бүгін, яғни Абай ақынымыздың туылған күнінде «Мен Абайды оқимын» акциясы аясында С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен Абай атындағы №2 лицей ауласында орналасқан Абай ескерткішінің жанында «Абай - дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында поэзия оқулары өткізілді. Аталмыш шараға қатысушылар: №2 лицей оқушылары Абай А., Қайыржан Д., Жақсыбаева А., Абдуразахова Ж., Мейрманова А., Советова Э., Мұратәлі М., Бақдәулет А. және Қуанышбекова А. (№16 ОМ), Мағаз А.

Ұлы Абайдың шығармашылығына құрметпен қарайтын және болашақ ұрпақтың сабақтастығы үшін сенімді көпір болып табылатын осындай оқиғалар жастарды еңбекқорлыққа, адамгершілікке және рухани тәрбиелеу құралы ретінде жалғасын таба бермек.





жүктеу 6,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау