1.
Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызмет субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары тең шарттармен
қатысуға құқылы.
2.
Жобаның ғылыми жетекшісінің ғылыми жұмыс өтілінің тәжірибесі кемінде 5 (бес) жыл, ғылыми
дәрежесі (ғылым докторы/ғылым кандидаты) немесе философия докторы (PhD) дәрежесі немесе бейіні
бойынша доктор дәрежесі болуы тиіс.
3.
Жетекшінің қорғаған диссертациясы бойынша ғылыми мамандығы, сондай-ақ, оның ғылыми жұмысының
тәжірибесі ғылыми жобаның бейініне сәйкес келуі тиіс.
4.
Жобаның жетекшісі 2012 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңнен өтінім берген сәтіне дейін:
1.
жаратылыстану, медициналық, нақты және техникалық ғылымдар салалары үшін:
-
іргелі зерттеулер үшін: Web of Science немесе Scopus деректер базасымен индекстелетін рецензияланған
шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1 (бір) жарияланым, және нөлдік емес импакт-факторы
баррецензияланған шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1 (бір) жарияланым, сондай-ақ шетелдік және
отандық басылымдардағы жарияланымдар;
-
қолданбалы зерттеулер үшін:Web of Science немесе Scopus деректер базасымен индекстелетін
рецензияланған шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1 (бір) жарияланым немесе кемінде 1 (бір) қорғау
құжаты, және нөлдік емес импакт-факторы баррецензияланған шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1
(бір) жарияланым, сондай-ақ шетелдік және отандық басылымдардағы жарияланымдар;
2) қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, ветеринарлық ғылымдар саласындағы
бағыттар үшін - нөлдік емес импакт-факторы баррецензияланған шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 2
(екі) жарияланым, сондай-ақ ҚР БҒМ Білім беру және ғылым саласын бақылау комитетімен ұсынылған
отандық журналдардағы жарияланымдары болуы тиіс.
5.
Жеке тұлға (зерттеу тобы мүшелерінің ішінен), оның ішінде ұйымның жетекшілері және осы жобаның іске
асырылу кезеңі мен осы конкурстың шеңберінде 1 (бірден) аспайтын жобаның ғылыми жетекшісі болуға және
1 (бірден) аспайтын жобада орындаушы болуға құқылы.
6.
Ғылыми жетекшісі болып табылмайтын жеке тұлға (зерттеу тобы мүшелерінің ішінен) 2 (екіден) аспайтын
жобаға орындаушы болуға құқылы.
7.
Зерттеу тобының құрамына шетелдік ғалымдар, оның ішінде жобаның қос жетекшісі ретінде, сондай-ақ
өндірістен инженерлер, коммерцияландыру бойынша мамандар/брокерлер тартылуы мүмкін.
8.
Жобаның кемінде 30% орындаушысы 35 жасқа дейінгі жас мамандар, оның ішінде PhD
докторлары, магистранттар болуы қажет.
9.
Жобаны жүзеге асыруға қажетті сұралатын қаржы сомасы келесі көрсетілген шамада болуы қажет:
1) әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін – жылына кемінде 5 млн. теңге және жылына 30
млн.теңгеден артық емес;
2.
) жаратылыстану, нақты және техникалық ғылымдар үшін:
3.
іргелі ғылыми зерттеулер бойынша – жылына кемінде 15 млн. теңге және 50 млн.теңгеден артық
емес;
4.
Зерттеулердің негізгі нәтижелері бөлінген қаржы көлемімен өлшемдес болуы қажет.
10.
Қаржыландыру үшін мақұлданған жобалар Қазақстан Республикасында іске асырылуы тиіс. Жобаның
жетекшісі Қазақстан Республикасының резиденті болуы қажет.
11.
Қаржыландыру көлемі сұралатын қаржыға сәйкес қатаң түрде анықталады.
12.
Гранттық қаржыландыру қаражатын гранттық қаржыландыруға арналған өтінімге сәйкес ғылыми,
ғылыми-техникалық жобаға тікелей басшылық жасау үшін өтінім беруші тағайындайтын жобаның ғылыми
жетекшісі бөледі.
13.
Гранттық қаржыландыру қаражаты ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға
конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты
шығындарға, өтінімнің мақсаттары мен міндеттеріне жетуге жұмсалады. Конкурстық өтінімде көрсетілген
шығын түрлері осы конкурсттық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес болуы тиіс.
14.
Гранттық қаржыландыруға бөлінген қаражатты тиімсіз және негізсіз пайдалану Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген жауапкершілікке жауапты болады.
15.
Жобаларды орындаушы-ұйымның жетекшілері гранттық қаржыландырудың қаражатын ұстап қалуға жол
бермейді.
16.
Бір жабдық құны 4000 АЕК-тен асқан жағдайда, оның мемлекеттік ұйымдар жанында жұмыс істейтін,
ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханаларда болмауын жазбаша растау, оны сатып алу қажеттілігінің
негіздемесі ұсынылады.
17.
Мемлекеттік емес ұйымдар болып табылатын өтінім берушілер гранттық қаржыландыру шеңберінде
сатып алынатын құны 4000 АЕК-тен асатын жабдықты жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін алты ай ішінде
мемлекеттік ұйым жанында жұмыс істейтін ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертхананың теңгеріміне
береді.
18.
Өтінім беруші заңнамаға сәйкес есеп беруді және есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді.
19.
Жоба шеңберінде мемлекеттік ұйымдар сатып алған жабдықтар, құралдар және (немесе) мүкәммалдар
олардың теңгеріміне тіркеледі.