ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
21
2.5 Тәрбие жұмысын жаңарту мен жүйелі жетілдіру
Стратегиялық бағыттың дамуының негізгі параметрлері
Тәрбие жұмысының жүйесі адамның кәсіби, әлеуметтік, зияткерлік,
адамгершілік қасиеттері мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға
бағытталған.
Университетте студенттік өзін-өзі басқару жұмыс істейді, жастардың
бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетіледі. Студенттер университетті
басқаруға белсенді қатысады, «Студенттік өзін-өзі басқару күндері» өткізіледі.
Университеттің студент жастары жастар бірлестіктерінің мүшесі бола
отырып, Қазақстанның мемлекеттік жастар саясаты үдерістеріне белсенді
қатысып келеді.
Тәрбиелеудің маңызды бағыттарының бірі студенттердің салауатты өмір
салты дағдылары мен икемділіктерін меңгеру болып табылады. Осы міндеттерді
жүзеге асыру үшін, университеттің спорт базасын қалпына келтіру мен нығайту
бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды, бұл кешендер сабақ өткізу,
халықаралық, республикалық және аймақтық спорт іс-шараларын өткізу,
сонымен қатар ҚР ұлттық және олимпиадалық құрама командаларын
жаттықтыру үшін белсенді пайдаланылып келеді. Ресейде өткен белбеу
күресінен әлем чемпионатында екі студент, фристайл спорт түрінен әлемдік
деңгейде және Қазақстан чемпионатында 1 студент, каратэ-до спорт түрінен
әлемдік деңгейде 1 студент чемпион атанғандары осы жұмыстардың
қортындысы болып келеді. Сонымен қатар өнер саласында облыстық “Арай” ән
байқау конкурсында 1 орын алып, ХГТУ студенттері республикалық
конкурстарға жолдама алды.
Жастардың әлеуметтік құқықтары мен мемлекеттік кепілдіктерін жүзеге
асыру бойынша стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін, студенттердің
әлеуметтік өмір жағдайларын жақсарту, сонымен қатар студенттердің әлеуметтік
қорғалуын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп келеді. 2 студент - ҚР
Президентінің мемлекеттік стипендияларының иегерлері. 3 студент - талантты
спортшылар, шығармашыл жастар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан
студеттерге университет жүз пайыздық жеңілдік берді. Жетім балалар қатарына
жататын 12 студентке ерекше мән беріледі.
Негізгі мәселелерді талдау
Қазіргі жағдайда дәстүрлі тәрбие формалары, әдістері мен технологиялары
әлемдік өркениет үдерістерінің серпінділігі аясында еліміздің қазіргі және
перспективалық дамуына сай келетін Қазақстан Республикасының азаматы
тұлғасын қалыптастыруды толық шамада қамтамасыз етеді.
Маманның кәсіби өсуі мен құзіреттілігіне бағытталған білім беру үдерісінің
құзіретті парадигмасы өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің тағдырына
жауапты екенін түсіуге дайын, бағалы әлеуметтік қасиеттерді тасымалдаушыны
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
22
тәрбиелеуге бағдар тұта отырып, әлеуметтік құзіреттіліктерді қалыптастыруға
мүмкіндік беретін тәрбие үдерісін ұйымдастырудың инновациялық әдістерін
қажет етеді.
Мұның өзі университетте тәрбие жұмысын одан әрі жетілдіруді және оны
оқу және ғылыми үдерістермен үйлестіруді талап етеді. Тәрбиені Қазақстанның
студент жастары негіз болып табылатын зияткерлік ұлт құруға бағдарлау қажет.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Сыртқы факторлар – қызметкерлер мен тәдімгерлерді кәсіби оқытуға
мүмкіндік беретін оқу-әдістемелік орталықтардың жоқтығы; радикал-
деструктивтік діни ағымдардың студент жастар тәрбиесіне теріс әсері, порно-
сайттар, зорлықты, зұлымдықты, шовинизм мен ұлтаралық араздықты
насихаттайтын сайттар. Бірінші курсқа түсетін орта және кәсіптік-техникалық
мектеп, колледж бітірушілерінің саяси, құқықтық сауаттылығы мен жүріс-тұрыс
мәдениетінің төмен деңгейі.
Ішкі факторлар – студенттерге қолдау көрсететін әлеуметтік
бағдарламалардың жеткіліксіз дамуы.
2.6 Материалдық-техникалық базаны және ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды нығайту және ресурстармен
қамтамасыз ету
Стратегиялық бағыттың дамуының негізгі параметрлері
Негізгі мақсатты жүзеге асыру үшін – жоғары кәсіби білімді мамандар
дайындау үшін, университет жоо-ның миссиясына, мақсаттары мен
міндеттеріне, сонымен қатар санитарлық норма талаптарына, өрт қауіпсіздігі
талаптарына және мамандықтардың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт
талаптарына сай келетін материалды-техникалық базаға ие:
- 3 оқу корпусы;
- 1 жатақхана;
- 3 спорт залы.
Университетте 1- кітапхана, 4-оқу залы бар, жалпы кітапхана қорында –
272120 кітап бар .
Оқу ғимараттарының жалпы ауданы – 11 108,7 шаршы метр. Оқу үрдісін
қамтамасыз ететін 7 905,9 шаршы метр ауданын оқу сабақтарын екі кезеңде
оқытылуын есептегенде әр студентке шаққанда 6,605 шаршы метр келеді.
Университеттің оқу ғимаратында білім алушылар мен оқытушыларды және
басқа да қызметкерлерді аспен қамтамасыз ету үшін 3 асхана, ауданы 112,8
шаршы метр, алғашқы дәрігерлік көмек көрсететін 3 медициналық пункт қызмет
етеді.
Дәрісханалар заманауи жабдықпен және құрал-саймандармен қамтылған,
Құрылыс нормалары мен ережелері. Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар