Жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы



жүктеу 1,29 Mb.
Pdf просмотр
бет5/39
Дата16.01.2020
өлшемі1,29 Mb.
#26855
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

10 

 

0,6  %-дан  23,8%-ға  дейін  өсті,  басқа  бейметалл  минералды  өнім  үлесі                                 



21,2 % құрайды. 

Тауарларды  шығару  номенклатурасының  кеңеюі  нәтижесінде  2014  жылы 

кәсіпорындарда  жұмыспен  қамтылғандардың  саны  20  мың  адамға  артты  немесе 

жұмыспен  қамтылғандардың  жалпы  санының  7,5%  құрады  (17,1  мың  адам  –                  

2012  жылы  және  19  мың  адам  -  2013  жылы).  Жалпы,  республикалық  көлемде 

Астана  қаласы үлесінің 2012  жылғы  1,3%-дан 2014  жылы  1,9%-ға  дейін ұлғаюы 

байқалады. 

Талданып  жатқан  кезеңде  өнеркәсіп  өндірісінің  көлемі  2013  жылғы  276,2 

млрд. теңгеден 2015 жылы 389,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Өндіріс көлемінің 

өсімі  катод  алтынын  шығару  жөнінде  жаңа  кәсіпорынның  іске  қосылуымен 

байланысты болды. 

 

1-диаграмма 

Өнеркәсіп өндірісі өсімінің серпіні, млрд. теңге, % 

 

 

 

 

2013-2015 



жылдары 

өңдеуші 


өнеркәсіпке 

72,2 


млрд. 

теңге 


инвестицияланды, оның ішінде 2013 жылы  – 22,0 млрд. теңге (НКИ 108%), 2014 

жылы – 24,8 млрд. теңге (108%), 2015 жылы – 25,3 млрд. теңге (98,2%). 

ҮИИДМБ  бойынша  шамамен  3  мың  жұмыс  орнын  құрумен  232,6  млрд. 

теңге сомасына 24 жоба пайдалануға берілді, оның ішінде 2013 жылы  – 9 жоба, 

2014 жылы – 3, 2015 жылы – 2 жоба. Үш жылдың ішінде осы кәсіпорындар 153,7 

млрд.  теңге  сомасына  (2012  жылы  –  9,0  млрд.  теңге,  2013  жылы  –  54,7  млрд. 

теңге, 2014 жылы – 90 млрд. теңге) өнім өндірілді.  

2014  жылы  еңбек  өнімділігі  1  адамға  шаққанда  45,0  мың  АҚШ  долларын, 

2015 жылы – 32,8 мың АҚШ долларын құрады. 

Жергілікті  мазмұн.  Жергілікті  мазмұнды  дамыту  мақсатында  тұрақты 

негізде  отандық  тауарларды,  жұмыстарды  және  қызметтерді  мемлекеттік  сатып 

алуды ұлғайтуға бағытталған іс-шаралар өткізілуде. 

Тауарларды,  жұмыстарды  және  қызметтерді  сатып  алу  бойынша  6  жүйе 

құрайтын  кәсіпорын  бойынша  ("Стройконструкция"  ЖШС,  "Экотон  +"  ЖШС, 

"Фирма  "Алкон+"  ЖШС,  "Цесна-Астық"  концерні»  ЖШС,  «Қазақстан  құбыр 

зауыты»  ЖШС,  "Стальцинк"  ЖШС)  2014  жыл  бойынша  сатып  алудың  жалпы 



11 

 

көлемі 18,0 млрд. теңгені құрады, қазақстандық мазмұнның үлесі 66,2% құрайды 



(оның  ішінде  15,4  млрд.  теңгеге  (үлесі  –  61,4%)  тауар  сатып  алынды;  2,6  млрд. 

теңгеге (үлес – 95,1%) қызмет көрсетілді. 

Астана қаласының әкмідігі (бұдан әрі – әкімдік) мен 9 ұлттық компаниялар 

арасында  («Қазақстан  теміржолы»  ҰК  АҚ,  «Астана  ЭКСПО  –  2017»  ҰК»  АҚ, 

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» ҰК» АҚ, 

«Транстелеком»  АҚ,  «КазтрансОйл»  АҚ,  «KEGOC»  АҚ,  «Казатомпром»  ҰҰК» 

АҚ) 10 меморандум жасалды. 

Электрововздар, темір бетон заттары үшін металдан жасалған бұйымдарды, 

бетон,  газоблок,  шыны  пакеттерін,  мамандандырылған  аяқ  киім  және  басқа  да 

өнім  сатып  алуға  бағытталған  жалпы  сомасы  89,9  млрд.  теңгеге  120  шартқа  қол 

қойылды (90%). 

Жергілікті  тауар  өндірушілерін  тарту  үшін  ЕХРО-2017  халықаралық 

мамандандырылған  көрме  (бұдан  әрі  –  ЭКСПО-2017)  шеңберінде  «Астана 

ЭКСПО  –  2017»  ҰК»  АҚ  өзара  ынтымақтастық  туралы  меморандум  жасалды 

(жалпы сомасы 50 млрд. теңге), барлығы жалпы сомасы 9 млрд. теңгеге 67 шартқа 

қол қойылды. 

ҮИИДМБ  іске  асырудың  бірінші  бесжылдығының  қорытындылары 

бойынша  жергілікті  (қазақстандық)  мазмұн  үлесінің  2010  жылғы  22,7%-дан                

2014  жылы  66,2%-ға  дейін  ұлғаюының  жыл  сайынғы  оң  серпінін  айтып  өтуге 

болады. 


Инновациялар  мен  инвестициялар.  Инновациялық–белсенді  кәсіпорын-

дар саны жыл сайын артуда: 2013 жылы  – 179, 2014 жылы – 214 (өсім – 16,3 %) 

және  2015  жылы  –  541  (өсім  –  60,4  %)  бірлік  кәсіпорын.  2013-2015  жылдар 

кезеңінде  Астана  қаласында  өндірілген  инновациялық  өнімнің  жалпы  көлемі 

356,7  млрд.  теңгені  құрды,  оның  ішінде  2015  жылы  –  111,2  млрд.  теңге 

(республикалық  көлемнен  29,5  %)6  бұл  2012  жылдың  көрсеткішінен  (4,8  млрд. 

теңге) 23 есеге артық. Инновациялық белсенділік деңгейі 2013 жылы 11,1%, 2014 

жылы  –  10,7%  және  2015  жылы  –  13,2%  құрды.  2015  жылдың  қорытындысы 

бойынша елорда 2 орынға ие. 

Ernst&Young  халықаралық  консалтингтік  компаниясының  қатысуымен  әрі 

қарай  инновациялық  дамыту  мақсатында  Астана  қаласының  «ақылды  қалалар» 

рейтингіне  енуі  бойынша  іс-шаралар  жоспары  әзірленді.  Бағалаудың  әр  түрлі 

рейтингтері  зерделенді,  олардың  ішінен  барынша  теңгерімді  және  әлеуметтік  – 

экономикалық  дамудың  барлық  аспектілерін  қозғайтын  Intelligent  Communities 

Forum  (бұдан  әрі  -  ICF)  «ақылды»  бірлестіктердің  халықаралық  рейтингтері 

ұсынылды.  ICF  мәліметтеріне  сәйкес,  Астана  қаласы  әлемнің  21  зияткерлік 

қалаларының тізіміне енді. 

2014  жылы  PricewaterhouseCoopers  компаниясы  Астана  қаласы  әкімдігінің 

2014  жылғы  15  қыркүйектегі  №  180-1526  қаулысымен  бекітілген  әлемнің  50 

«ақылды қаласы» рейтингіне Астана қаласының енуі үшін жағдайлар жасау және 

инфрақұрылымдар құру бойынша іс-шаралардың жол картасын әзірледі. 

Smart  City  жобасының  негізіне  6  бағыттың  өзара  әрекетіне  негізделген 

еуропалық  ақылды  қалаларды  дамыту  үлгісі  жатты.  «Ақылды»  қаланы  құрудың 

негізгі  мақсаты  елорда  тұрғындары  мен  қонақтарының  қажеттіліктерін 




жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау