Жел қуаты мен жел генераторы қуатының өзара байланысы өлшемсіз параметрмен ,яғни қуат коэффициентімен анықталады: = P · (4) - қуат коэффициенті. Теориялық тұрғыдан алғанда, қуат коэффициентінің максималды мәні Бетц заңымен анықталады ,және 0,59 ге тең. Іс жүзінде жел генераторлары ең тиімді жағдайда 0,4 мәніне әрең жетеді. Коэффициенттің мәні желдің жылдамдығына, ротордың жылдамдығына және қалақшалардың айналу бұрышына байланысты. Қалақшалардың бұралуы қалақшаның хордасы мен ауа ағынының арасындағы бұрышты өзгертеді. Бұл бұрыш «атқылау бұрышы" деп аталады және қалақшалардың аэродинамикасы оған толықтай байланысты. Бұл өте тиімді басқару әдісі және атқылау бұрышты бұру арқылы жел генераторының қуатын айтарлықтай төмендетеді, ал қалақша айналуы ротордың айналуын іс жүзінде тоқтатады. Сонымен қатар, ротор қалақтарын бұру қуатты аэродинамикалық тежегіш ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |