Жаттықтырушыларға арналған жобалық тапсырма «БізАлматымыз» жобасы



жүктеу 52,06 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.01.2018
өлшемі52,06 Kb.
#7774


Жаттықтырушыларға арналған жобалық тапсырма 

«

БізАлматымыз» жобасы  

«Әлеуетті арттыру және құзыреттіліктерді дамыту» құрамдасы 

 

British  Council,  Алматы  қалалық  әкімдігі,  Қазақстан-Британ  техникалық  университеті 



және  «Алматы  қаласын  дамыту  орталығы»  АҚ  «ақылды  қаланы»  дамытуға 

азаматтардың  белсенді  қатысуын  қамтамасыз  ету  бойынша  жобаны  іске  асыру  үшін 

қоғамдық  ұйымдардың,  жергілікті  басқару  органдарының,  әлеуметтік  кәсіпкерлік 

секторының  және  жекеменшік  сектор  өкілдерінің  қатарынан  Алматыда  тұратын  алты 

жаттықтырушыны тартуды  жоспарлап  отыр.  Жаттықтырушылар оқу  дәрістерін  алады, 

оған Ұлыбританияға таныстыру сапары да кіреді. Содан кейін олар семинарлар өткізіп, 

адамдардың  үлкен  тобының  машықтары  мен  біліктілігін  дамыту  мақсатында  оларға 

қолдау көрсететін болады. 

Жобаның арқасында жаттықтырушылар өздерінің де машықтарын дамытып, тәжірибе 

жинақтауға және жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік алады. Оларға сондай-ақ оқу 

барысында да қолдау көрсетіледі. 

 

Жоба туралы

 

«

БізАлматымыз» жобасын Еуропалық Одақ қаржыландырады 



және British Council, Алматы қалалық әкімдігі, Қазақстан-Британ 

техникалық университеті және «Алматы қаласын дамыту 

орталығы» АҚ іске асырады. 

 

Қазақстан сияқты Алматы да ілгерінді, әділетті әрі «ақылды» 

экономикаға өту кезеңінде тұр. «Алматы – 2020» дамыту 

бағдарламасы арқылы мегаполисті «қала тұрғындарының 

тұрмысы мен жұмысына ыңғайлы», халықаралық деңгейдегі 

заманауи қала ретінде одан әрі дамыту, соның ішінде негізгі 

қағидат ретінде азаматтық қоғамды «белсенді азаматтардың 

қаласын» құруға барынша мол тарту міндеті қойылған. 



 

«

БізАлматымыз» жобасының мақсаты – Алматы қаласын 



мәдениет, бизнес саласында 2020 жылға дейін дамыту 

тұжырымын іске асыруда және азаматтық қоғамды белгілі бір 

бағытта дамыту арқылы қала тұрғындарының белсенді қатысуын 

қамтамасыз етуде жәрдемдесу. 



 

Әлеуетті арттыру және құзыреттіліктерді дамыту – жобаның төрт 

құрамдас бөлігінің бірі. Оның мақсаты – азаматтық қоғамның, 

жергілікті басқару органдарының, сондай-ақ әлеуметтік және 

жасампаздық кәсіпкерлік секторының өкілдерін оқыту, соның 

ішінде олардың ынтасын арттыру, түсінігі мен білімін тереңдету 

және машықтарын дамыту. Осы мақсатта алты семинар өткізу 

көзделеді. Оқуды бітіретін сәтте қатысушылар төмендегілерді 

жасай алады: 

1) 


саясатты әзірлеу мен шешім қабылдау үрдісіне белсенді 

түрде қатысу; 




2) 

Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық өмірін 

жақсартуды мақсат ететін азаматтық әлеуметтік 

бастамаларды дайындау бойынша бірлесіп жұмыс істеу; 

3) 

мақсаты әлеуметтік экономикалық өмірді жақсарту болып 



табылатын азаматтық әлеуметтік бастамаларды іске 

асыру үшін қаржы-қаражат пен ресурстарды (соның 

ішінде осы жобаның гранттары арқылы) бірлесіп тарту. 

 

Жаттықтырушы-

лардың 

міндеттері

 

Жаттықтырушылардың міндеттеріне қатысушыларды оқыту және 



оларға жаңа машықтарды меңгеріп, жұмыста және азаматтармен 

өзара әрекеттесу барысында қолдануда жәрдем беру. 

Жаттықтырушылардың әлеуметтік және экологиялық 

факторларды ескере отырып экономикалық дамудың қалай 

қамтамасыз етілетіні туралы түсінігі болу керек. Олар сондай-ақ 

адамдардың түрлі топтарымен жұмыс істей білуге және 

семинарларға қатысушылардың тәжірибесі мен дайындық 

деңгейіне қарамастан, олардың оқып-үйренуіне көмектесуге тиіс. 

Жаттықтырушылардың жұмыс тәжірибесі және Алматы 

қаласында жергілікті мемлекеттік басқару, цифрлық және басқа 

да технологиялар, бизнес-стартаптарға қолдау көрсету, 

әлеуметтік кәсіпкерлік және тұрғындармен өзара әрекеттесу, 

сондай-ақ жергілікті билік органдарының есептілігі сияқты 

бағыттар бойынша Алматы қаласында кәсіптік байланыстары 

болуға тиіс. Олар сондай-ақ оқып-үйренуге әрі басқа 

жаттықтырушылармен және жоба тобымен тәжірибесін бөлісуге 

дайын болуы керек. 

Семинарларға 

қатысушылар 

және күтілетін 

нәтижелер 

 

«Әлеуетті арттыру және құзыреттіліктерді дамыту» 

бағдарламасына қатысушылар қоғамдық жетекшілер, жауапты 

тұлғалар (қалалық және аудандық әкімдіктердің қызметкерлері), 

әлеуметтік, жасампаздық және цифрлық кәсіпкерлік секторының 

өкілдері, сондай-ақ Алматының мүдделі тұрғындары болмақ.  

 

Қатысушылардың барлығы әлеуетті арттыру және 



құзыреттіліктерді дамыту бойынша іс-шараларға бірлесіп 

қатысатын болады. 

 

Аталған іс-шаралар оларға бірлесіп жұмыс істеу үшін, соның 



ішінде түрлі секторлардың өкілдерімен тиімді ынтымақтастық 

құру үшін қажетті машықтарды меңгеруге, сондай-ақ қоғамдық 

игіліктерді жасаудың бірлескен жаңа тәсілдемелерін әзірлеуге 

көмектеседі. 

 

Семинарлардың 

алдын ала 

тақырыптары мен 

  1-



семинар «Сен екеуміз: өзінің кім екенін білу, мәдениет 

және сұхбат». Нәтижелері: (a) өз мәдениетін және өзінің 

кім екенін айқын түсіну; (b) өзінің кім екенін және 

мәдениетін сезінудің қалай қалыптасатынын тереңірек 




міндеттері 

 

түсіну; (c) танымпаздық және айырмашылықтарды 

бағалай білу; (d) айқынырақ ынта, басқалармен тәжірибе 

бөлісу және олардан үйрене білу қабілеті.  

  2-



семинар «Біз біргеміз». Нәтижелері: (a) тұрғындарды 

тарту үрдісі мен тәсілдерін анығырақ түсіну; (b) 

тұрғындармен өзара әрекеттесу тәсілдерін түсіну және 

ортақ мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін 

азаматтардың бірігуіне жәрдемдесу; (c) жергілікті басқару 

органдарымен өзара әрекеттесу және мемлекеттік – 

жекеменшік серіктестіктердегі мүдделер теңгерімін 

қамтамасыз ету; (d) әлеуметтік мұқтаждықтарды пәрменді 

қанағаттандыру мақсатында қызметкерлер мен еріктілерді 

ынталандыра білу және олардың ұзақ мерзімді қарқынды 

жұмысқа дайын болуын қамтамасыз ету.  

  3-



семинар «Басым жобаларды әзірлеу мен таңдау». 

Нәтижелері: (a) жобаның қалай құрылатынын айқынырақ 

түсіну; (b) жобаның қолданылу мерзімі; (c) орнықтылық 

тұжырымының мәні және оның халықтың қатысуын 

қамтамасыз етумен байланысы; (d) пайдаланушыларды 

тарту және олармен әрі қарай жұмыс істеу үдерісін түсіну.  

  4-



семинар «Жобаларды жоспарлау: Жобаларды 

жоспарлау машықтары». Нәтижесі: Тиімді әрі қаржылық 

тұрғыдан орнықты қызметті іске асыру, іс-әрекеттерді 

тиімді жоспарлау, сондай-ақ «ақылды», ұтқыр және 

цифрлық технологияларды пайдалану арқылы әлеуметтік 

мәселелерді шешудің пәрменділігін арттыру. 

  5-



семинар «Мемлекеттік – жекеменшік қарым-

қатынастар». Нәтижесі: төмендегілер арқылы әлдеқайда 

орнықты әрі пәрменді азаматтық қоғамды қалыптастыру: 

(a) жергілікті басқару органдарының күшті және осал 

жақтарын тану; (b) қоғамдық ұйымдардың алдындағы 

жауапкершілікті арттыру үшін мүмкіндіктер мен жағдайлар 

жасау; (c) жобаның немесе көрсетілетін қызметтің 

бастапқы кезеңдерінде өсуге қозғау салу және қолдау 

көрсету; (d) кепілдіктер мен қаржылық міндеттемелер 

беру.   


  6-



семинар «Жоба бойынша пайдаланушылардың жалпы 

дерекқорын қалыптастыру». Нәтижесі: жобаның 

құндылығы неден құралатынын және артатынын түсіну, 

адамдардың екінші қайтара қатысуын қамтамасыз ету 

және жаңа адамдарды тарту, көшбасылықты дамыту және 

табиғи «вирустық» өсуді қамтамасыз ету. 

 

Аталған алдын ала тақырыптар тізімі өзгеруі мүмкін. 



Әдістеме

 

Жаттықтырушылар оқу материалдарын өздерінің оқып-үйренуі 



барысында сынап көреді де, оларды өздерінің оқу топтарының 


мұқтаждықтарына бейімдей алатын болады. 

Бұл орайда сыни ойлауды дамытуға, идеяларды ойлап табуға, 

саяси мәтінмәнді түсінуге ықпалдасатын түрлі әдістер 

қолданылатын болады (мысалы, оң мәнді сауалдама жүргізу, 

басымдықтарды белгілеу, бірлесіп жұмыс жасау, Алматыда 

кәсіпкерлікпен айналысу, жергілікті мұқтаждықтарды түсіну үшін 

тұрғындармен кездесу, жекеменшік сектордың компанияларын 

тарту және қаладағы бұрыннан бар әлеуметтік кәсіпкерлік пен 

жасампаздық индустриялар секторын дамыту). 

 

Жаттықтырушыла

р-ға қойылатын 

талаптар:

 

Іріктеуден өткен үміткерлер мынаған дайын болуға тиіс: 

 

жаттықтырушыларға арналған тренингке қатысу;  



 

Ұлыбританияға таныстыру сапарына аттану; 



 

семинарларға арналған мазмұнды, әдістемелер мен оқу 



материалдарын әзірлеу, сондай-ақ оқудың күтілетін 

нәтижелерін тұжырымдау мақсатында жоба тобымен 

дайындық кездесулеріне қатысу; 

  2017-2020 



жылдар ішінде 4-5 күндік алты семинар өткізу 

(жоғарыдан қараңыз);  

 

жобаны қадағалау мен бақылау тұжырымына сәйкес жоба 



тобының сұратуы бойынша есепхаттар дайындау; 

 



«Сұхбаттық платформаның» іс-шараларына (Алматыда 

өтетін тоқсан сайынғы бір күндік форумдар) қатысу. 

 

Мерзімдер 

(күндер алдын 

ала белгіленеді 

және өзгеруі 

мүмкін)

 



 

Жаттықтырушыларға арналған тренинг: 2017 

жылғы 4-8 қыркүйек 

 



Ұлыбританияға таныстыру сапары: 2017 жылғы 22-

27 қазан 

  1-


семинар: 2017 жылғы 13-17 қараша 

  2-



семинар: 2018 жылғы 12-16 наурыз 

  3-6-



семинарлар: Нақтыланады 

Қажетті машықтар 

мен тәжірибе

 

Төмендегілерге ие үміткерлерге артықшылық беріледі: 



 

тренингілер әзірлеу мен өткізу және фасилитация 



бойынша айтарлықтай тәжірибесі; 

 



адамдармен араласу бойынша тамаша машықтары, 

сондай-ақ аралас топтармен жұмыс істеу тәжірибесі; 

 

жергілікті басқару органдарымен және (немесе) 



Қазақстандағы азаматтық қоғаммен жұмыс істеу 

тәжірибесі; 

 

қала құрылысы, әлеуметтік және жасампаздық кәсіпкерлік 



және (немесе) азаматтық қоғамды дамыту саласындағы 

жұмыс тәжірибесі мен мүдделілігі; 

 

Үміткер орыс тілін еркін меңгеруі тиіс; қазақ және 



ағылшын тілдерінде сөйлей білуі және ауызша тілді 

түсінуі артықшылығы болмақ. 




Жобаға 

қатысуының 

пайдасы 

Іріктеуден  өткен  үміткерлер  Алматы  қаласын  дамытуға  өз 

үлестерін  қосып,  оны  қала  тұрғындарына  тең  мүмкіндіктер 

беретін «ақылды қала» болып түрленуіне қолдау көрсете алады. 

Сонымен  қатар,  үміткерлер  төмендегідей  мүмкіндіктерге  ие 

болады:  

азаматтық қатысу мен жергілікті экономикалық дамуды 



қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесімен, соның 

ішінде алдыңғы қатарлы британдық/еуропалық іс-

тәжірибемен танысу; 

олар өз ұйымдарында ендіре алатын жаңа құралдар мен 



үлгілерді меңгеру; 

Алматыда түрлі секторлардың өкілдерімен арадағы 



байланысты кеңейту; 

жеке басы мен кәсіптік жағынан даму; 



Өткізген семинарлар үшін жаттықтышуларға бір күнде 

10000 

теңге ақы төленеді. 



Байланыс 

деректері

 

Анна Гураевская: 



anna.gurayevskaya@kz.britishcouncil.org

 

 



 

жүктеу 52,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау