364. Темір және тас жолдардың бойындағы жолаққа масақ себуге жол берілмейді. Осы жолақта жиналған шөп шөмелелерін астық алқабынан 30 м қашықтықта орналастыру қажет.
365. Масақты астық алқабының пісуі алдында оның торпақты және орманды алқаптарына, далалық жолақтарда, автокөліктік және темір жолдарға жалғасқан жерлерінде ені кемінде 4 м болатын жер жырту жұмыстары жүргізілуі тиіс.
366. Астық жинау жұмысы оларды 50 га аспайтын алқаптарға бөліп-бөліп жасалуы тиіс. Осындай әрбір участок арасы кеңдігі 8 метрден кем болмайтын етіп, орылып алынады. Бұл белдеулерден орылып алынған астық тездетіп әкетіледі. Орылған белдеулер ортасы 4 м етіп айдалады.
367. Дала қостары егін алқаптарынан, қырмандардан кемінде 100 м қашықтықта болуы қажет. Дала қостары мен қырмандар айналасы, кеңдігі кемінде 4 м етіп жыртылады.
368. Аумағы 25 га асатын егін алқабы маңында өрт шыға қалған жағдайда қолдану үшін соқа тіркелген трактор дайын тұруы қажет.
369. Қырмандар егін алқабынан кемінде 100 м, үйлер мен құрылымдардан кемінде 50 м қашықтықта орналасуы тиіс.
370. Егістікте мұнай өнімдерін құю және сақтау құрғақ шөптен, жанғыш қоқыстардан тазартылған арнайы алаңдарда жүзеге асырылуы және ені 4 м кем емес жер жырту жолағы жүргізілген немесе тоқтан, шөп пен сабан маясынан, егіс алқаптарынан 100 м, ал құрылыстан 50 м кем емес қашықтықта болуы тиіс.
371. Астық жинау мен жем-шөп дайындау кезінде:
1) тракторларға, самоходтарға және автокөліктерге капотсыз немесе ашық капотпен жұмыс істеуге;
2) қозғалтқыштың радиаторындағы шаңдарды тазалау үшін дәнекер лампасын қолдануға;
3) егістік басында түнгі уақытта автокөліктерге жанармай құюға жол берілмейді.
372. Қозғалтқыштың радиаторлары, битерлердің, сұрыптағыштардың, тасымалдағыштардың және сабан толтырғыштардың белдіктері, шнектер және астық жинайтын машиналардың басқа да буындары мен бөліктері уақытылы шаңнан, сабандардан және дәндерден тазартылып тұруы тиіс.
17-тарау. Витаминдік шөп ұнын дайындау және сақтау
373. Шөп ұндарын дайындайтын агрегаттар бөлме ішінде немесе бастырманың астына орнатылуы тиіс. Жанғыш материалдардан болған ғимараттар мен бастырмалардың құрылысы өртке қарсы құраммен өңделуі тиіс.
374. Шөп ұнын дайындау орны мен ғимаратқа, құрылысқа, жанар-жағармай материалдар цистернасына дейінгі өртке қарсы арақашықтық 50 м, ал ашық азық қоймасына дейін 150 м кем болмауы тиіс.
375. Отынның шығындық багын агрегат орнынан тыс орналастыру қажет. Отын құбырларында кем дегенде екі бұрамадан болуы (біреуі - агрегатта, екіншісі - отын багында) тиіс.
376. Агрегаттар мен бөлмелердің (алаңдардың) электржабдықтары мен электрсымдары орналасқан жерлерінде ЭҚЕ бойынша П- ІІа кластағы өрт қауіпті аумағы үшін орындалуы тиіс.
377. Кептіру барабанында өнімнің күйгені байқалған кезде өртке дейінгі дайындалған 150 кг кемінде өнімді және өрт тоқтатылғаннан кейінгі кемінде 200 кг алғашқы өнімді жалпы сақтау орнына қоймай, жеке қауіпсіз жерге орналастырып, кемінде 48 сағат бақылауда ұстау қажет.
378. Дайындалған және тартылған қаптағы ұнды температурасын төмендету үшін бастырма астында кемінде 48 сағат ұстау қажет.
379. Ұндарды сақтау өртке қарсы қабырғалармен және мықты желдеткіші бар жабындармен бөлінген жеке тұрған қоймаларда немесе бөліктерде жүзеге асырылуы тиіс. Басқа заттар мен материалдардан бөлек тұруы қажет.
Қоймада ылғал болмауы тиіс. Ұнды көп етіп сақтауға рұқсат берілмейді.
380. Ұн салынған қаптар қатарға биіктігі 2 метрден аспай, 2 қаптан қойылуы тиіс. Қатарлар арасының ені 1 м, ал қабырға ені - 0,8 м аспауы тиіс.
381. Ұндардың өздігінен жануын болдырмас үшін оның температурасы мерзімді бақыланып тұруы тиіс.
18-тарау. Зығыр, масақ және басқа да техникалық
дақылдардың алғаш өңделуі
382. Зығыр, масақ және басқа да техникалық дақылдарды өңдеуге арналған орындар (бұдан әрі - масақ) машина бөлімдерінен оқшауда болуы тиіс.
Іштей жану қозғалтқыштарының шығару құбырларын ұшқын өшіргішпен жабдықтау тиіс.
383. Зығыр шикізатын (сабан, трест) сақтау кебендерінде, үйінділерде (бастырма астында), ал талшықтар мен оның қалдықтары тек қана жабық қоймада жүзеге асырылуы тиіс.
384. Техникалық дақылдарды алғаш рет өңдеуде:
1) ферма аумағында, жөндеу шеберханаларында, гараждарда сақтауға және майдалауға;
2) өндірістік ғимараттарға, дайын өнімді қоймаларға автокөліктер мен тракторлардың кіруіне. Олар мая мен ғимараттардан кемінде 5 м қашықтықта, ал тракторлар - кемінде 10 м қашықтықта тоқтауы тиіс;
3) мыжып-жұлмалау цехында пештік жылу жүйесін орнатуға жол берілмейді.
385. Зығыр өңдейтін орын аумағына шығатын автокөліктер, тракторлар жарамды ұшқын өшіргішпен жабдықталуы тиіс.
386. Зығыр маяларына (үйінділеріне) жақындау кезінде көліктер оларға түтін шықпайтын бүйірімен жақындауы тиіс.
387. Зығыр өңдейтін орын аумағында темекі шегетін орын өндірістік ғимараттан және дайын өнімді сақтау орындарынан 30 м қашықтықта орналастыру қажет.
388. Зығырды алғашқы өңдеу ғимаратының шатыры жанбайтын болуы тиіс.
389. Трестерді табиғи кептіру арнайы бөлінген учаскелерде жүргізілуі тиіс.
Трестерді жасанды кептіру тек арнайы кептіргіштерде іске асуы тиіс.
390. Өндірістік ғимараттарда орналасқан кептіргіштер басқа ғимараттардан 1 тұрпатты өртке қарсы бөгеттермен бөлініп тұруы тиіс.
Жеке тұрған кептіргіш және кептіретін камералардың жанғыш құрылысы екі жағынан да сылануы тиіс.
391. Стационарлық кептіргіштер трестерді кептіру үшін мынадай жағдайларда:
1) жағатын пештің және циклонның ішкі қабырғасы күйген кірпіштен, ал сырты сыланған және әктелген болса;
2) ауа кептіруші құбыр ішінен 50 мм жанбайтын жылу оқшаулаумен қабатталған, ал қосылған жерлерде асбестік төсемдер орнатылса;
3) желдеткіш корпусындағы жылу бергіштің температурасын бақылау шынысы металдан жасалған термометрмен өлшенеді;
4) жер асты үйлестіруші каналының бас жағында ұшқын өшіргіш орнатылған;
5) каналдар қабырғалары кірпіштен, үсті темір бетонды плиталармен немесе жанбайтын құрылыстармен жабылғанда;
6) шатыр қабырғасы арқылы өткен түтін құбырларының орнына көлемі 50 см кем болмайтын бөлік орнатылғанда ғана пайдаланылады.
392. Трестерді кептіру үшін ригада орнатылған пештердің құрылысы ұшқынның бөлмеге түсу мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
Ригалар мен кептіргіштерде масақ қондырғысын зығыр төсеу үшін пештің үстіне қоюға рұқсат берілмейді. Пеш пен жанғыш құрылыстың арасы 1 метрден кем болмауы тиіс. Пеш жақтағы желтартқыштар биіктігі үстіңгі жабынға жететіндей етіп қоршалуы тиіс.
393. Кептіргіштер мен ригаларда мынадай талаптар сақталуы тиіс:
1) трестерді кептіру кезінде жылу бергіштің температурасы 80 градустан, ал бөлшектерді кептірген кезде 50 градустан аспауы тиіс;
2) пештерде салынған отынның түгел жануы қамтамасыз етілуі, ал газ түтіндерінде ұшқын және отынның жанбай қалған бөлшегі болмауы тиіс;
3) желдеткішті отын жағу басталғаннан кейін бір сағаттан соң қосу қажет. Жылу бергіштің кептіру камераларында түтіннің пайда болуына жол берілмеуі тиіс;
4) кептіргіштің бір ауысымдық жұмысынан кейін отын кеңістігі, шөкпе камералары, циклонды - ұшқын өшіргіш және ығысу камералары күлден тазартылуы тиіс. Түтін құбырларын кептіргіш жұмысынан кейін 10 күннен кейін тазарту қажет;
5) кептіру камералары мен науаларды түскен трестерден және әр түрлі қалдықтардан тазарту әрдайым жаңа трестерді кептіруге дайындау алдында жүргізу қажет;
6) ригаларға трестерді салып болғаннан кейін түскен оттық сабақтарын алып тастау және пештерді, қабырғаларды, едендерді мұқият тазалау қажет.
394. Мыжып-жұлмалау агрегаты орналасқан орындарда желдеткіш, ал әрбір жұлмалау агрегатында қолшатыр орналастырылуы тиіс. Станоктар жан-жағынан шаңның бөлмеде таралуына жол бермейтін алмалы-салмалы қалқандармен жабылуы қажет.
395. Желдеткіш құбырлар желдеткіштің алдында және соңында орнатылатын ысырмалармен (шиберлермен) жабдықталады.
396. Өндірістік ғимараттардағы трестер саны ауысымдық қажеттілікті арттырмауы және қатарға қаланғанда машиналардан 3 метр қашықта болуы тиіс. Дайын болған өнімді қоймаға ауысымда екі рет апару қажет.
397. Күн сайын жұмыс соңында мыжып-жұлмалау цехының бөлмелері талшықтардан, шаңдардан мұқият тазартылуы тиіс. Станоктар, цехтың жабынының ішкі үстіңгі қабаттары мен қабырғалары сыпырылған және таза болуы тиіс.
398. Темекі кептіргіштің сөрелері, қатарлары жанбайтын материалдардан болуы тиіс. Отты кептіргіштердегі құбырлар астында темекі түсіп кетуден қорғайтын металл қағарлар орнатылуы тиіс.
Темекі сарайлары мен кептіргіштердің ішкі жарықтандыру прожекторларының тіреулері ғимараттың сыртында орнатылуы тиіс.
19-тарау. Мақта талшығын жинау, тасымалдау, кептіру,
сақтау және алғаш өңдеу
399. Мақта жинау науқаны басталғанға дейін оған қатысты барлық тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықтан өтуі керек, ал мақта жинау машиналары, тракторлар, мақта таситын автокөліктер өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен (мақта жинау машинасы - бір өрт сөндіргіш пен 2х2 көлемдегі киіз, тракторлар мен автокөліктер - бір өрт сөндіргішпен), жарамды ұшқын өшіргішпен жабдықталып, тұтандыру мен майлаудың және азық-түліктің реттелген жүйесі болуы қажет.
Гидрожүйеден жанармай немесе эмульсия ағып тұрса, сондай-ақ ұшқын өшіргіші жоқ болса, ауылшаруашылық көліктері егін жинауға және тасымалдауға жіберілмейді.
400. Өртке қарсы нұсқауды өткізу өрт қауіпсіздігіне жауап беретін тұлғаларға жүктеледі.
401. Мақтаның пісуі алдында орман, дала, тоғай алқаптарына іргелес жатқан жерлері мен автокөлік және темір жолдар шеті айдалып, ені 4 м кем болмауы керек.
402. Мақта жинау кезінде:
1) мақта егістігінде темекі тартуға және от жағуға;
2) мақта жинау көлігін жанармаймен, ал шанағын өңделмеген мақтамен толтырып, егістікте қалдыруға;
3) гидрожүйесі мен электр жабдықтары жарамсыз көліктерді пайдалануға;
4) мақта кептіруге арналған алаңда мақта жинайтын машиналар тұрағын салуға жол берілмейді.
403. Өңделмеген бос мақтаны тасу кезінде төбесі брезентпен жабылып, көлік қорабында саңлау болмауы керек.
404. Тракторлар, автокөліктер, мақта жинайтын көліктер мен жөндеу, майлау және май құю бекеттері өңделмеген мақтаны табиғи кептіру алаңынан 50 м қашықтықта болуы қажет.
405. Өңделмеген мақтаны табиғи кептіру алаңы тұрғын үйлерден, қоғамдық ғимараттардан, жөндеу шеберханаларынан кемінде 150 м, ал жоғары және төменгі электр тасымалдау жүйесінің биіктігі 1,5 болуы керек.
406. Өңделмеген мақтаны табиғи кептіру алаңы сыртқы өртті сөндіру үшін кемінде 50 текше м есептік су мөлшерімен қамтамасыз етілуі қажет.
407. Өңделмеген мақтаны табиғи кептіру алаңы асфальтталған немесе кемінде 5 см қалыңдықта сазды топырақпен тегістелген болу керек. Мақтаны жолдың жүргіншілер бөлігінде кептіруге тыйым салынады.
408. Техникалық жабдықтардан шаңның бөлінуін қақпайлауды қамтамасыз ету қалыпты жағдайда болуы керек.
409. Жабдықтар мен құрылысты және жиналған өңделмеген мақтаны қонған шаңнан міндетті түрде ауысымына бір рет тазалап тұру керек.
410. Тастарды, металды және басқа да заттардың сезілуін қамтамасыз ету қалыпты жағдайда болуы қажет.
411. Транспортердың клиноремендік тасымалы шамадан тыс қызу мен батып қалуды болдырмау мақсатында есептік нормативтік күшпен реттелуі қажет.
Апаттан кейін агрегаттарды іске қосу тек жөнделгеннен кейін жүзеге асу керек.
412. Таспалы транспортердың иінді белдігі мен клиноременді тасымалы жарамды, бүтін затпен жабылуы керек.
413. Мақта жинау машинасы белдігінің мойны мен қозғалмалы бөлшектерін мақта шаңы мен талшықтарынан үнемі тазартып тұру қажет. Тазалаудың реті ауылшаруашылық кәсіпорын басшылығымен бекітілген нұсқауға сәйкес болу керек.
414. Элеваторлардың сатылы тұрақты алаңдары болуы керек. Алаң төменнен жоғары қарай 0,1 м тегіс жапсырмалы биіктігі кемінде 0,9 м болатын сүйенішпен қоршалу керек.
415. Таспа үзілетіндей жағдай болса, элеватордың жетегі автоматты қорғаныста болу қажет. Жұмыс органдары элеватордың қабырғаларына тиіп тұрмауы керек.
416. Элеватордың қаптамасы мықты ілмекті жеңіл ашылатын люктермен және барлық периметр бойынша қымтаудың тығыздығын қамтамасыз ететін созылмалы төсеммен жабдықталуы қажет.
417. Транспортерлар төменгі таспадан мақтаны түсіруге арналған жарамды арнайы қондырғымен жабдықталуы керек.
418. Таспалы транспортерларды ауыстыру электр жүйелерін өшіргеннен кейін жүзеге асырылуы керек.
419. Пневмокөлік жүйесіне кіретін аппараттар мен машиналардың жерге қосылуы жарамды жағдайда болуы қажет. Шикі мақтаны желдеткіш арқылы механикалық түрде қайта өңдеуге жол берілмейді.
420. Топта бунт саны 65х14 м көлемді екі, 25х14 м көлемді төрт, 25х11 м көлемді алты бунттан аспауы керек. Бунттың биіктігі 8 м аспауы қажет.
421. Топта бунт арасындағы өртке қарсы ажырау кемінде 15 м, ал бунт топтарының арасында кемінде 30 м болуы керек.
422. Бунтта немесе одан 5 м қашықтықта мақта талшығынан тұруға тыйым салынады.
423. Машиналарды, механизмдер мен автопоезд-мақта тасушы машиналарды бунтты бөлшектегенде 30 м қашықтықта орнату керек.
424. Бунт бөлшектеу кезінде ток өткізгіш кабель арқылы өтуге болмайды.
425. Машиналар мен агрегаттарда болған ақауды жөндеуді тек оларды өшіріп, бунттан кемінде 5 м алыстатылған кезде ғана жүзеге асыруға болады.
426. Кескіш құралдардың ұштары ұшқыннан қауіпсіз болуы тиіс.
427. Кескіш құралдардың ұштарын жабық қойманың металл (бетон) құрылысына тигізбес үшін жебенің төмен, жоғары түсіп тұруын шектейтін қондырғы орнатылуы керек.
428. Құрғататын қондырғыны пайдалану кезінде:
1) жылумен қамтамасыз ету (жылу генераторлары) құралдарының жарамды болуы;
2) бақылап-өлшейтін құралдардың үзіліссіз жұмыс істеуін және жылу шығаратын қондырғыда қауіпсіздік автоматикасының болуы;
3) шнекті тоқтатқан кезде барабан жетегінің өшірілуін қамтамасыз ететін барабан мен шнек электр қозғалтқышы жұмысының тосқауылы;
4) құрғату мен қоректендіру камерасы есігінің саңылаусыздығымен;
5) барабан мен шнек секциясының шикі мақтадан жүйелі тазартылуы қамтамасыз етілуі тиіс.
429. Шикі мақтаны кептіру үшін қолданылатын жылу өндіргіш қондырғылар жанбайтын құрылысты жекеленген ғимараттарда орнатылуы тиіс.
430. Кептіретін қондырғының жұмысы үнемі бақылау үстінде болуы тиіс. Кептіру барабанынан шикі мақта сарғайып шыққанда, шұғыл түрде мақта беру мен жылытқышты сөндіріп, механизмдер жұмысын тоқтату тиіс, ал мақта жанған жағдайда, кептіргіш шұғыл тоқтатылып, жанған мақта сөндіріліп, алынып тасталуы тиіс.
Кептіргіштің жұмысын қайта бастау тек мақтаның қызуы мен жану себептерін анықтап, мұқият тексеруден кейін барып жүзеге асырылады.
431. Шикі мақта тазалағышты орнынан аустырған кезде шыбықтар арасындағы саңылаулар ауысып кетпес үшін және перфорилдік тордың үсті арам қосындылармен толып қалмас үшін желтартқыш тордың жағдайын қадағалау қажет.
Желтартқышты тазалау мен тіреуіш камерадағы забойды жоюды, талшық тазалауды тек ағаш заттармен (таяқша) ғана орындау керек.
432. Талшық мақтаны сақтау кипте ғана рұқсат етіледі. Барлық сынған киптер әр ауысым соңында қайта өңделуі тиіс.
433. Талшық мақтаны кипте сақтау кезінде ашық алаңдағы қатарда стандартты мақта қатары мынадай көлемде: ұзындығы - 22 м, ені - 11 м, биіктігі - 8 м болуы тиіс.
Қатарлардың көлемі қысқарғанда көршілес қатарлар арақашықтығы қарама-қарсы жатқан қатарлардың жартысынан кем болмауы тиіс.
434. Ашық алаңдағы барлық талшықты мақталар қатары брезентпен жабылуы тиіс.
435. Кип шатырының астында талшықты мақталар көлденеңінен ені кемінде 2 м қалдырылып бірдей қашықтық арқылы, бір өткел алаңы еденнен - 300-ден - 600 м 2 ; екі өткел - еденнен 1200 м 2 ; төрт өткел - 1800 м 2 көлемінде жиналуы тиіс. Талшықты мақтаның биіктігі мен шатырдың арасы 1 метрден кем болмауы тиіс.
436. Талшықты мақтаның кипін жабық қоймаларда орналастыруда әрбір есікке қарсы ені 2 м кем емес өткел қалдырылуы тиіс. Периметр бойынша қабырға жағалай ені 1 м кем емес өткел қалдырылуы тиіс.
Қоймада бөлмелік және кеңселік орындар орналастыруға болмайды.
437. Жабық қоймалар мен бастырмалардың едендері, сондай-ақ ашық алаңдардағы қатарлардың негізі жанбайтын материалдардан болуы тиіс.
438. Автокөліктер және тракторлар жабық қоймаларға, бастырмаға және мақта талшық қатарына бәсеңдеткіштің пайдалынылған газды шығару құбырына қарама-қарсы жағымен кіруі тиіс, пайдаланылған газды шығару құбыры ұшқын өшіргішпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Барлық жағдайда автокөліктер, мотовоздар, автодерзиндер, автокөтергіш пен мотоциклдер бастырмалар мен мақта-талшық қатарына 3 м жақын тұрмауы тиіс.
439. Мақта зауыттары мен мақта бекеттерінде мақта шикізатын 2400 тоннадан артық сақтау кезінде жоғары қысымдағы өртке қарсы су құбыры қарастырылуы қажет.
440. Мақта зауыттары мен мақта бекеттерінде мақта шикізаты 2400 тоннаға дейін сақталса өрт сөндіру жұмыстары суаттар арқылы жүзеге асырылады.
441. Мақта тазалайтын зауыттар, мақта дайындаушы бекеттер өрт сөндіру бөлімдерімен қамтамасыз етілген жақын маңдағы қаламен немесе аудан орталығымен телефон байланысы болуы қажет.
11-бөлім. Көлік объектілері
20-тарау. Автомобиль көліктері
442. 10 және одан да көп техникалық көмек көрсету (бұдан әрі - ТК) мен ағымдық жөндеу жұмыстары (бұдан әрі - АЖ) бекеті немесе 50 және одан көп автокөліктер тұратын кәсіпорын аумағының қоршауында екі кіру (шығу) қақпасы болуы тиіс. Бекеті немесе автокөліктер сақтау орны аз кәсіпорындар үшін бір қақпа жетеді. Қоршаудағы қақпалық ойық 4,5х4,5 метрден кем болмауы тиіс.
443. 10 және одан да көп ТК мен АЖ бекеті немесе 25 және одан көп автокөліктер тұратын кәсіпорындар аумағының қоршауында кемінде екі шығу қақпасы болуы тиіс.
444. Саны 25 асатын көлік түрлерін қоятын көліктер тұрағында өрт болған жағдайда оларды құтқару тәртібі мен орналастыру кезегі көрсетілген орналастыру жоспары болуы тиіс.
445. Жанар-жағармай материалдарын таситын автокөліктерді 600 м 3 көп емес аталған материалдарды тасымалдауға арналған жалпы сыйымдылықты топтарға бөліп қарастыру қажет, бірақ 50 автокөліктен көп болмауы керек. Жанар-жағармай материалдарын тасуға арналған автокөліктердің, сондай-ақ басқа автокөліктерді сақтауға арналған алаң арасындағы қашықтық 12 м кем болмауы тиіс.
446. Жылжымалы құрамды сақтау бөлмелері 2 тұрпатты өртке қарсы қабырғалы және 3 үлгідегі қалқалы басқа бөлмелерден бөлек орналасуы қажет.
447. Өнеркәсіптік және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда қызмет көрсететін жылжымалы құрамның ТК және АЖЖ өндірістік-қоймалық және сақтау бөлмелерінің отқа төзімділігі II дәрежелік өндірістік ғимараттарда, В, Г, және Д санатты кәсіпорындар мен мекемелердің 2 тұрпатты өртке қарсы қабырғалы және 3 тұрпатты қалқалы аталған үй-жайлар бөлігінен жеке тұрған жағдайда орналастыруға болады.
448. Сұйытылған мұнай газдарымен (СМГ) және сығыстырылған табиғи газдармен жұмыс істейтін қозғалтқышты автокөліктерден басқа жылжымалы құрамның сақтау бөлмелерін, жалпы білім беретін мектептерді, мектепке дейінгі мекемелерді және стационарлы емдеу мекемелерін қоспағанда, қоғамдық ғимараттарда орнатуға болады. Көп қабатты құрылыстың отқа төзімділігі II дәрежеден төмен болмауы тиіс.
449. Тұрғызылған жылжымалы құрамды сақтау бөлмелері ғимараттың қалған бөліктерінен 1 тұрпатты өртке қарсы бітеу қабырғалар арқылы бөлініп тұруы тиіс.
450. Тұрғызылған және тұрғызылып жатқан жылжымалы құрамды сақтау бөлмелері арқылы инженерлік коммуникацияның транзитті түрде төсеу (су құбырлары және жылумен қамтамасыз ету желілерінен басқа) кезінде олардың отқа төзімділік мөлшері 2,5 сағат болуы тиіс.
451. Құрылған және құрылып жатқан жылжымалы құрамды сақтау бөлмелерінің қақпасы ойығының отқа төзімділігі 0,75 сағаттан, ені кемінде 1 м болатын көлемдегі күн қағарлар қарастырылуы тиіс, күн қағар шетінен қоғамдық ғимарат терезелері ойығының шетіне дейінгі ара қашықтық 4 м, құрылған және құрылып жатқан жылжымалы құрамды сақтау ғимаратының үстіңгі терезесінен қоғамдық ғимаратының астыңғы терезелері ойығының шетіне дейінгі арақашықтық 4 м кем болмауы тиіс.
452. Сыртқы қақпа эвакуациялық шығу жолдары ретінде:
1) босағасы жоқ кішкене есігі бар немесе биіктігі 0,1 м аспайтын босағасы бар кез келген үлгідегі қақпаларды орналастырған жағдайда пайдаланылуы мүмкін. Кішкене есіктердің көлемі және оның орналастырылуы эвакуациялық шығу жолдарына қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс;
2) қақпалар сақтау, ТК және ТАЖ бекеттерінің (қақпа саны бірліктен көп болғанда) бөлмелерінде орналасқан жағдайда пайдаланылуы мүмкін.
453. Майлауға арналған материалдарды сақтау бөлмелерінде таза және пайдаланылған майларға арналған ыдыстар және оларды тасымалдауға арналған сорғыш жабдықтар бөлменің сыртқы қабырғасында орналастырылуы және тікелей сыртқа шығатын есігі болуы тиіс.
Жылжымалы құрамның ТҚК және ТЖ бекеттерінің бөлмелерінде егер көлемі 5 м 3 аспаса таза және пайдаланылған майларды сақтауға, сондай-ақ, майлау материалдарын тасымалдауға арналған сорғыш жабдықтарды орнатуға рұқсат етіледі.
454. 10 автокөлікке дейін және жалпы сыйымдылығы 30 м 3 дейін болатын автоцистернаның жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды сақтау бөлмелерінде негізгі қондырғылар тоқтап тұрған кезде автоматты түрде іске қосылатын үш қайтара ауа алмастыру көлемінде жарылыстан қорғағыш механикалық ауа сорғыш желдеткішінің қондырғысын орнату қажет.
455. Бояу және аккумуляторлық бөлімшелерді орналастыруға арналған бөлмелердің сорғыш желдеткішті жүйесін бір-бірімен және басқа бөлмелердің сорғыш желдеткішті жүйесімен біріктіруге болмайды.
456. Газ баллонды автокөліктерді жер асты тұрақ-гараждарда сақтауға болмайды.
457. Автокөліктер сақталатын үй-жайлардың үстінде 50 астам адам жиналатын бөлмелерді орналастыруға болмайды.
458. Көлік құралдарын (жеке көлік түрлерінен басқа) сақтайтын ашық алаңдар мен тұрақтарға арналған ғимараттар әрбір 10 көлікке біреуден келетін сүйреткіш арқандармен (штангтермен) жабдықталуы қажет.
459. Көлік тұратын тұрақтар мен бастырмаларда, ашық алаңдарда:
1) нормадан артық көлік түрлерін орналастыруға, орналастыру жоспарын бұзуға, әрбір автокөліктің арақашықтығын қысқартуға;
2) шығу қақпалары мен жолдарына бөгет болатын заттардың қойылуына, ұсталық, термикалық, дәнекерлеу, сырлау және ағаш өңдеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ бөлшектерді ТТ және ТЖС жууға;
3) көліктердегі жанармай бактарының аузын ашық күйде ұстауға және олардан май ағып немесе тамшылап тұруына;
4) көліктерге жанар май құюға және құйып алуға, жанар май ыдыстары мен жағар майлар түрлерін сақтауға (жеке меншік гараждардан басқа);
5) аккумуляторларды көліктің өзінде тұрғанда зарядтауға;
6) қозғалтқыштарды ашық отпен жылытуға (от жағу, факельдер, дәнекерлеу шамдарын пайдалануға), жарық түсіру үшін ашық отты пайдалануға;
7) жалпы көлік құралдары тұрағына ТТ және ТЖС, ЖГ тасымалдайтын көліктерді қоюға жол берілмейді.
460. Жеке қолданыстағы гараждарда 459-тармақшаның талаптарына қосымша жиһаздарды, жанғыш материалдардан жасалған үй тұрмысындағы заттарды, сондай-ақ 20 литрден астам жанармай мен 5 литрден астам май қорларын сақтауға жол берілмейді.
461. Автокөліктерді жөндеуге арналған бөлмелерде (газды автокөліктерде баллондар газбен толтырулы болғанда) жанармай толтырылған багы бар автокөліктерге және май толтырылған картерлерге (N№1 ТҚК бойынша жұмыстарды қосқанда) жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |