«Адамға бәрі керек, солардың ішінен үшеуін ғана таңда
десе, менің таңдайтыным: денсаулық, айнымас жолдас, су-
ымас махаббат», – деген екен Ғабиден Мұстафин. Ол ары
қарай: «көңіл шіркін дәмдіден дәмді, қызықтан қызықты
іздейді. Егер оны ақыл, сабыр, ұят тежемесе, адамды хай-
уан қатарына алып бармай тыңбайды», – депті.
Жаһандану деген тажал адамның ең қастерлі қасиетін
жұтты. Енді ақылға ерік бермей, сабырға жүгінбей, ұятты
қастер тұтпаймыз. Сонда кім болдық? Міне, Батыстың
идеологиялық-технологиясының жемісі осыған алып
келді. Заманның көзі, құлағы һәм миына айналған көгілдір
экран дәстүрлі мәдениеттерді жеңіп, рухы асқақ ұлттарды
топырға (тобыр?) айналдырды, әлі де айналдыруда. Бұл
жайлы сәл кейінірек сөз етсек...
Ұлт ұcтазы Ахмет Байтұрсынов: «Адамнан туып, адам
ісін етпей, ұялмай не бетіммен көрге барам?!» – деп өзіне-
өзі серт беріпті. Тиын сұраған тілектінің өзіне «осы шыны-
мен қайыршы ма, әлде?...» – деп күмәнмен қарайтын бұл
заманда жақсылық жасауға дайын тұратын жаны жайсаң
жандардың баяғы алып динозаврларша құрып біткеніне
көз жеткізуге болады. Оның мәнісі неде? Сұрақ көп, жа-
уап мардымсыз. Алайда, сансыз сұрақтарға АҚШ Орталық
барлау қызметінің басшысы Эллен Даллестің сұрқия ісінен
жауап таптым.
Ол 1945 жылы адамзатқа қарсы доктрина қабылдайды.
Аса құпия түрде дайындалған құжатта: «Ерте ме, кеш-
пе екінші дүниежүзілік соғыс аяқталады. Барлығы
реттеледі, етек жеңін жинайды. Біз қолда бар бүкіл ал-
тынымызды, материалдық қуатымызды адамдарды
дүбәра етуге жұмсаймыз. Хаостың ұрығын сеуіп, олардың
құндылықтарының орнына жалған жасанды құндылықтар
жасап, соған сенуге мәжбүр қыламыз. Біз олардың ара-
сынан өз жасақтары мен көмекшілерді табамыз. Жер
бетіндегі тұғыры биік халықтарды бірінен соң бірін ұлы
трагедияға ұшыратып, санасын біржолата өшіреміз.
Әдебиет пен өнердің әлеуметтік мәніне баса назар ауда-
рып, әдебиетшілер мен суретшілерді халықтың жүрегінің
түбінде болып жатқан процестерді зерделеу мүмкіндігінен
айырамыз», – деп жоспарлайды.
Адамзаттың азғындық жолға түсуін қалайтын техно-
гендер:
– Әдебиет, театр, кино, – барлығы адамның бойындағы
алдамшы сезімдерді мадақтап жарнамалайтын болады. Біз
секс, зорлық-зомбылық, садизм сияқты арсыз дүниелерді
мәдениетке сіңіретін және енгізетін суретке қолдау
көрсетіп, оларды дәріптейміз. Ұятсыздық пен арсыздықты,
өтірік пен екіжүзділікті, алкоголизм мен нашақорлықты
аса шеберлікпен, еппен насихаттаймыз, – деп мақсатты
жұмысқа кіріседі.
«Тек ғана азғантай адамдар, өте азғантай адамдар
ғана айналасында болып жатқан бассыздықтардың шығу
себебі мен төркінін түсініп ұғады. Алайда, ондай адам-
дарды дәрменсіздікке ұшыратып, күлкіге айналдыра-
мыз, оларды өсекке қалдырудың және қоғамның қоқыс
жәшігіне лақтырудың әдіс-тәсілдерін табамыз...
Біз осылайша ұрпақтарды бірінен соң бірін аздыра-
мыз... Балалар мен жасөспірімдерді өз жағымызға тар-
ту үшін күресеміз. Жастарды баса назарда ұстап, олар-
ды бұзықтыққа, азғындыққа жетелейміз. Олардан
космополиттерді жасап шығарамыз», – деп адамзатты шай-
тани жолмен бағындырудың ұзақ мерзімді стратегиялық
бағдарламасын қабылдапты. 71 жыл бұрын дайындалған
құжат мазмұнды түрде әлемге өз індетін жұқтырды. Оны
көріп те, біліп те жүрміз. Енді 71 жылдан кейін кім бола-
мыз?
Бір сөзбен айтқанда, аш екені де, тоқ екені де белгісіз,
қабатыны я қаппайтыны да, несінің бар жоғы да мәлімсіз,
не ұры, не ақ екені түсініксіз, құйрығын селқос шиырып
бос тастап жүретін, тазыға да, төбетке де ұқсамайтын,
жүні барақы да емес, тақырға да жатпайтын бір иттерден
бөлек, адамдар да көбейді.
***
Э.Дальлестің арамза ойы жүзеге асуда. Оған
материалдық құндылыққа мейлінше мән беретін адамдар
да жоспардың жүзеге асуына септігін тигізуде. Осындайда
дүние – көздің құрты, сол құрт көзіне ғана емес, көкейіне де
түсіп кеткен адамдар аз емес-ау деп ойлайсың. Айтпағым,
кешегі рухы кемел алаштың ұлдары құрт дүние, боқ дүние
үшін бір-біріне мылтық кезеуде, бір кіндіктен шыққан бау-
ырлар бір-бірінің көзіне қарап, сөйлеуден қалды, әке мен
баланың арасына қорған қойылды. Әттең, заман-ай.
Біреулер, өмірді көмірге теңеу әбестік, бірақ бәрібір жа-
нып кетеді десе, енді бірі: «адам өмірі кеседегі су секілді,
көпірге тасып төгіледі, көпірмен бу болып ұшып кетеді»
дейді. Менің білетінім, жақсы адамдар жаман адамдар-
ды ешқашан жеңе алмайды. Содан болар «Жақсылар
жақсымын деп айта алмайды, Жамандар жақсымын деп
айқайлайды» дегенді мойындауға тура келеді. Әттең,
заман-ай.
Қытайда «проблема» деген сөз «мүмкіндік» деген
ұғымды білдіреді екен. Мәселен «жолаушы, жол жоқ, жол-
ды сен өзің жасайсың. Саған сондай мүмкіндік беріліп тұр» –
деп қабалдайды екен. Ал, бізде барды жоқ деуге әуес жан-
дар көбейді. Тіптен, битті «паразит» десе «ар-намысына
тидің» – деп сотқа сүйрейтіндер бар. Бір сөзбен айтқанда,
заңды білгіштердің саны артып, үлкенді сыйлайтындардың
саны азайды. Осының салдарынан әлеуметтік, отбасылық
мәселелер туындауда. Әттең, заман-ай.
Бесік пен көрдің, есік пен төрдің арасында пен-
де шіркін нені көрмейді!? Басып кеткен ізінен сәуле ша-
шып тұратын адамдар да болады. Саяси сылдырмақтарды
айтпай-ақ қояйын. Әттең аз күнгі қызығы үшін доңыздың
тұмсығынан, сасық қоңыздың құйрығынан сүюге арлан-
байтындармен де қатар тірлік кешеміз-ау, амал не?! Солай
Абайдың қазағынан қара үзіп кеткен қазақ бүгінде жоқтың
қасы. Абайда ашу шақырар орам көп. Кейіс шақырар бір
ғана орамы бар. Ол «...қазақ та адам баласы ғой?!» дейміз.
Әттең, заман-ай.
Бұрынғы қазақ қандай болып еді? Жесірін жылатпаған,
жетімін қаңғыртпаған, сөзге тоқтаған, рухы асқақ, жігері
кемел, ойы айқын халық-тұғын. Қазіргісі белгілі. Ал, ертеңі
қандай болмақ? Бәлкім тілі бар, бірақ, сөйлей алмайтын,
көзі бар, бірақ көре алмайтын тобыр болар. Жә, жоқ-жоқ
Елбасы айтқандай «Мәңгілік Елді» жасаушы жасампаз ұлт
ретінде Еуразияға билік етер...
P.S.: Оймен кешегіге де, бүгінгіге де, ертеңгіге
де барладық. Адамдық, адалдық жолын ұсынушы
ғұламаларды да, адамзатқа қас пиғылдылардың да ойын
кестеледік. Осылайша пайым-парасат жеткенше ой түйдік,
ой ұсындық. Қайсысы дұрыс немесе теріс екенін уақыт та-
разылайды. Қалай болғанда да, адамзаттың бір-ақ жолы
бар. Ол әлемдерді жаратушы Алланың діні, адамзатқа
шамшырақ болатын Мұхаммед (с.ғ.у) жолы. Басқаның бәрі
адасу...
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
22 маусым, 2016 жыл
4
Меншік иесі:
жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі
Бас директор
Аманжол ОҢҒАРБАЕВ
Жаңақорған аудандық
«Жаңақорған тынысы» газетінің редакциясы
Бас редактор
Қаныбек ӘБДУОВ
Телефондар:
Бас директор -8(7242) 70-00-36
Бас редактор -21-4-35
Бас редактордық орынбасары -21-9-71
Жауапты хатшы -79-1-35
Тілшілер -22-2-44
Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агентігінде
19.06.2014 ж. қайта тіркеліп, №14411-Г куәлігі берілген.
«Жаңақорған тынысы» аудандық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009
«Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған.
Газет әр аптаның сәрсенбі, сенбі күндері шығады. Қолжазбалар өңделеді
және кері қайтарылмайды. Жеке авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті
көзқарасын білдірмейді.
Газет редакцияның компьютер орталығында
теріліп, беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС баспаханасында
басылды. Қызылорда қаласы,
Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4.
Тел: (8(7242) 40-06-68
Таралымы 5901 Тапсырыс №702
Мекен-жайымыз: 120300 Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, Аманкелді көшесі, №58 үй. Е-mail: janakorgangazeta@mail.ru
ӨНЕГЕ ӨРІМІ
ҚШАУ
О
Й
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
Қала шетіндегі мөлтек ауданның тұрғындары
Сезімді түгелдей таниды. Отызға енді ғана жет-
кен жас әйел дәрігерлердің қателігінен болып
екі көзінен бірдей айырылса да күнде ертемен
аяладамалардың бірінен қалаға қатынайтын
автобустарға өзі мініп қызметіне барып-келіп
жүреді.
Оның екі көзі су қараңғы болған алғашқы
кездерде бұл әлемдегі сенері мен сүйенері бір
Алладан кейін күйеуі ғана болды. Күйеуі әскери
адам. Бағына қарай жолдасы Жандос иман-
ды, таза жан еді. Әйелінің екі көзі зағип болып
қалғанда ішінен қан жылап тұрса да, әйелінің
алдағы уақыттарда өз басын алып жүруіне, адам
ретінде ешкімге және ешнәрсеге тәуелді болмай
өмір сүруіне барынша қолдау көрсетуім қажет
деп шешіпті.
Сезім де қап-қараңғы болған жаңа өміріне
күн өткен сайын аздап-аздап үйрене бастай-
ды. Үйде отырған кезінде жеңіл-желпі үй ша-
руаларын ақырындап істеп үйренеді. Тіптен
екі көзі көрмей қалуы соншалықты ауыр еме-
стей сезілетін кездері де болыпты. Жандостың
қамқорлығы да барынша артады. Бастарына күн
туған осы сәттерде олардың өзара сыйластығы
мен бір-біріне деген сүйіспеншілігі де арта түскен
болатын.
Күн артынан күн өтіп Сезімнің ем алатын
мерзімі де аяқталып өз жұмысына қайта кіретін
уақыты да жетіпті. Дені сау кезде үй мен жұмыс
арасы алыс болса да автобуспен емін-еркін жүре
беретін Сезім үшін қазіргі су қараңғы болған
кезінде жұмысына барып-келу әлбетте, қиямет-
қайыммен бірдей. Сондықтан да бастапқы кез-
де Жандос такси жалдап әйелін жұмысына дейін
жеткіздіріп, алдырып тұрды және өзі үнемі бірге
ертіп апарып, келер сағатында тосып алатын.
Сондықтан Сезімнің көңілі орнықты болды.
Бірақ осылайша үнемі асты-үстіне түсіп,
қорғап-қолпаштау ешбір нәтиже бермейді, әрі
басқаларға тәуелділігі арта береді деген ой
Жандостың көңіліне келеді де бір кеште әйеліне
осы ойын айтқанда Сезім: «Немене? Сен не айтып
тұрсың, мен көрмейтін соқыр адам емеспін бе,
қайда бара жатқанымды қалай ажыратпақпын?
Ұзамай сен мені тастап кететін шығарсың, мен
сонда қалайша тірі жүремін?», – деп еңіреп
бұлқан-талқан болғанда «шын жыласа соқыр
көзден жас шығатынының» керін келтіріп еді.
Әйелінің осылай күйінгеніне Жандостың жаны
шығарда бөлек болғандықтан «Мен сені өзің
жұмысыңа барып-келіп үйренгеніңше автобу-
спен бірге жүретін боламын» деп келіседі. Осы-
лайша екі апта бойы Жандос әскери киімін киіп
алып әйелімен бірге оны жұмысына жеткізіп са-
лып жүрді. Осы уақытта олар көруден басқа
сезім мүшелері арқылы маңайындағы заттарды
қалай ажырату, қандай нәрселерден сақтанып
жүру туралы біршама тәжірибелер жасап
үйренеді. Сонымен қатар Сезімнің жұмысына ба-
рар бағыттағы автобус жүргізушілерімен де та-
нысып, Сезімге үнемі бір бос орын сақтап қоюды
тапсырыпты.
Әлбетте, адамдар өздері талаптанып әрекет
етсе қандай да қиыншылықты жеңетіні белгілі.
Сонымен күндердің бір күні Сезім ерте тұрып,
жұмысына жалғыз өзі бара бастайды. Алғашқы
кездері оған жалғыз жүру өте қиын болса да күн
өткен сайын жеңілдеп, жүріс-тұрысы еркіндеп
қалыпты әдеттерге төселіп үйреніп кетеді. Соны-
мен не керек, үш ай бойы осылайша жалғыз өзі
жұмысына барып келіп жүрді.
Бір күні әдеттегідей жұмысына бару
үшін автобусқа отырып жатқанында автобус
жүргізушісі оған: «Сіз өте бақытты адам екенсіз!»,
– деді. «Соқыр адам қалайша бақытты болмақ?»
деп жауап қатқанында көлік жүргізуші: «Мен
үнемі байқап жүремін. Күн сайын сіз автобусқа
отырғалы келгеніңізде әскери киімі бар әдемі
еркек соңыңыздан ере келеді де сіз автобу-
стан түсіп көше бойымен жұмысыңызға жеткен-
ше сыртыңыздан қарауылдап, жұмыс орныңызға
кірген кезде сізге алыстан қол бұлғап, сүю иша-
расын жасайды да бұрылып кетеді. Өтірік айтсам
жер жұтсын, оның осылай жүргеніне үш ай уақыт
болды» депті.
Жүргізуші осылай дегенде Сезімнің көзіне
қуаныш жасы мөлтілдеді. Өйткені ол әйел
бақытты еді, Алла тағала оның көретін көзін алса
да оған көңіл көзі ашық өмірлік адал жарды нәсіп
еткен болатын...
Амантай ТОЙШЫБАЙ.
ҚИЯЛҒА
ҚИЯЛҒА
АДАМЗАТТЫҢ ЖҰМБАҚ ТҰСЫ
КӨП. БАЙЫБЫНА БАРЫП ЗЕРТ-
ТЕСЕ ҮЛКЕН ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕККЕ
АРҚАУ БОЛАРЫ СӨЗСІЗ. СОНДАЙ
ҚАСИЕТТІҢ БІРІ – АДАМНЫҢ ОЙ
ЕРКІНДІГІ, ОЙЛАУ ШЕКСІЗДІГІ.
ШЫНДЫҒЫНДА ОЙ МЕН
ОЙЛАУДЫҢ ӨРІСІНДЕ ҚИСАП
ЖОҚ. ЕҢ ЖҮЙРІК ДЕГЕННІҢ ӨЗІ
ОЙ ШАПШАҢДЫҒЫНА ІЛЕСЕ АЛ-
МАЙДЫ. СОНЫМЕН, АҚЫЛДЫЛАР
МЕН АҚЫМАҚТАРДЫҢ ОЙ
ӨРМЕГІНЕ ӨРМЕК САЛЫП, АЛ-
ТЫН ҚАНАТТЫ ПЫРАҚҚА ЖАЙДАҚ
МІНІП, ҚЫР МЕН СЫРДЫҢ, АҚШ
ПЕН ҚЫТАЙДЫҢ, ЖЕР МЕН
КӨКТІҢ АРАСЫНА БОЙЛАП, ОЙ
ҚУАЛАП КӨРДІК...
қанат қақтырып...
Адал жар
Адал жар
Бұл тәмсілдің шығуына мынандай оқиға себеп болыпты. Бір салт атты
жолаушы қалаға келе жатып, жолда таяғымен әр жерді бір түртіп, қалаға
жаяу келе жатқан соқыр кісіні кездестіреді. Оны аяп, «сауабын алармын»
деп, атына мінгестіріп алады. Қалаға келген соң атынан түсірейін десе,
соқыр кісі түспей, «бұл – менің атым, түссең өзің түс» деп атына жабысып,
бәле салады. Атқа таласқан айқайға адамдар жиналып, қайсысының шын
айтып тұрғанын білмей дал болады. Жиналғандардың бірі екеуіне патшаға
баруға кеңес береді. «Біздің патшамыз әрі ақылды, әрі әділ адам, аттың
кімдікі екенін сол айта алады», – дейді. Екеуі патшаға келген соң соқыр кісі:
«Мынау – менің атым, мені соқыр деп басынып, тартып алғысы келіп отыр»,
– дейді. Атты кісі: «Бұл – өз атым, мына кісіні аяп атыма мінгестіріп едім,
бұл кісінікі – жала», – деп шыр-шыр етеді. Патша оларға: «Бүгін екеуіңіз де
менің қонағым болыңыздар, дем алыңыздар. Ертең ертеңгісін аттың кімдікі
екенін айтамын», – деп тамақ беріп, сыйлап, екеуін екі бөлмеге жатқызып,
екі бөлмеге де тыңшы қояды. Соқыр кісі бөлмеге кіріп: «Соқыр бір істі ба-
стады, Құдай оны қос көрсе», – деп қояды дейді. Ал атты кісі бөлмеге кіріп,
басына түскен жағдайға қапаланып:
«Мүсәпіршілік басымда,
Құдайым тұр қасымда.
Енді соқыр көрінсе,
Жоламаспын қасына», – депті. Тыңшылардың айтқанын естіп, патша
ертесіне атты өз иесіне қайтарып, соқыр кісіге өзі бір ат мінгізіп жіберіпті
деседі. Тәмсіл біреуге нақақтан жала жапқанда айтылады. Тәмсілдің «Тазша
бір істі бастады, Құдай оны қос көрсе; Істеп салдым бір істі, Алла оңғарсын
бұл істі» деген нұсқалары да кездеседі.
«СОҚЫР БІР ІСТІ
БАСТАДЫ, ҚҰДАЙ
ОНЫ ҚОС КӨРСЕ…»
«Жақсы келін – келін, жаман келін – келсап».
Ойланған адамға бұл сөздің мән-мазмұны терең. Себебі,
келіні жақсы үйде қонақ үзілмейді, ал, жаман болса, кел-
ген кісі қайтқанша асығады. Яғни, үйдің берекесі келіннің
«аяғынан» екені мәлім.
Қазақ қызды қонақ деп құрметтеп, тәлімді тәрбие
беріп, тұрмысқа шыққан жеріне сіңісіп кетуіне үлкен
мән берген. Содан болар, ертенің деректерінде ел ты-
ныш, жұрт аманда жастардың шаңырағы құлапты дегенді
кезіктірмейміз. Тіптен, жесірін жылатпаған, жетімін
қаңғыртпаған халықпыз. Алайда, кер заманға тап болдық
па, ажырасу көбейді. Статистикалық мәліметке сүйенсек,
бүгінде үйленген жас отаудың үштен бірі жыл сайын ажы-
расады екен. Яғни, 10 000 отау құрылса, соның 3300-і
неке жүзігін шешуге мәжбүр. Жаңақорған ауданында
көрсеткіш мәз емес. Мәселен, сәуір айынның өзінде 10-
нан астам шаңырақ некесін бұзуға арыз тастапты.
Мұндай жағдайға жетуде неден қателестік? Нені ша-
лыс бастық? Бұл сұраққа әлеуметтанушылар мен психо-
логтар жауап іздеуде. Ата-аналарды да ойлантуда. Біз өз
пайымымыз жеткенше саралап көрдік.
Біріншіден, қыз тәрбиесіне салғырт қарайтын болдық.
Шаңырақтың тұтқасын ұстайтын уақытқа жетсе де ас
әзірлей алмайтын арулар көп. Ең жаманы, ұйқышыл нәзік
жандар аз емес. Олар қалайша өзге шаңыраққа сіңісіп,
әулеттің берекесін арттырмақ.
Екіншіден, жатып ішер жалқау жігіттер арамызда жүр.
Он жеті жасында атқа тоқымсыз отырып, жауға шап-
ты дейтін заман келмеске кетті. Қазір орда бұзар отыз
жастағы ерлер «жұмыс тауып бер» деп әкесінің аузына
қарап отыр. Ондай жандар отбасына қалай еге болады?
Үшіншіден, келінінен кінәрат іздейтін ата-ананы да
ақтап ала алмаймыз.
Міне, осылай саралай беруге болады. Әрі кінәлілерді
санап біту де қиын. Жә, өткеннің өнегісіне үңілсек. XVI
ғасырда өмір сүрген Тәттібике шымыр руына келін бо-
лып түсіп, елдегі дау-дамайға қазылық етіп, әділ төрелік
шығарып, есімі алашқа мәшһүр болыпты. Төле бидің
келіні Данагүл бірде Мойынқұмдағы дауды шешіп келе
жатқан атасының жау қолына түсіп, жіберген жұмбақтың
шешімін тауып, биді құтқарып алған екен. Абайға тәлім
берген Зеренің өнегесі қандай?! Айта берсек таусылмас.
Міне, қазақ келінінің нағыз бір бейнесі.
ТҮЙІН. Шыны керек, кінәліні іздейтін болсақ,
жаһандануға жаба саламыз, Батысқа сілтеуге құмармыз.
Бірақ, шет елдік мәдениетті дым көрмегендей талғамай,
таңдамай қабылдап жатқан өзіміз емес пе? Бір сөзбен
айтқанда, кінәні өзімізден іздейік. Сөйтіп, қызды,
келінді тәрбиелейік. Себебі, «Қызды тәрбиелеу – ұлтты
тәрбиелеу» екенін ұмытпайық...
Бағзы замандарда бір патша өз са-
райына әкелетін жолға үлкен бір жартас
қойдырыпты да, өзі терезенің алдына оты-
рып алыпты. Енді не боларын көрейік депті.
Қараса,
сол
өлкенің
ең
үлкен
саудагерлері, ең күшті керуеншілері, са-
рай қызметкерлері келіп таңнан түске дейін
әуре болады. Бірақ жартасты әрі айналып,
бері айналып жүріп сарайға кіреді. Бірталай
адам патша халықтан сонша салық жинай-
ды, алайда бір жолын реттеп, таза ұстай ал-
майды деп дауыстап айтып кетіпті.
Ақырында бұл жерге сол елдің бір кедейі
келеді. Сарайға көкөніс, жеміс-жидек алып
келе жатыр екен. Қолындағы ыдыстар-
ды жерге қоя салып, екі қолдап, әлгі жар-
тасты бар күшімен итере бастайды. Терін
төгіп, жанын салып, өле-тіріле, ақыры әлгі
тасты жолдың шетіне шығарады. Ыдыстарын
енді қолына алайын деп бұрыла бергенде,
жартастың орнында бір кесе алтын тұрғанын
көреді. Кесенің ішінде патшаның жазған
хаты да бар екен: «Бұл алтын жартасты
жолдан алып тастаған адамға арналады».
Сөйтсе, бұл патшаның өмірлік кедергілерге
қарсы кімнің қалай тұратынын байқау үшін
жасаған кішігірім сынағы екен.
Бұл сынақтан сүрінбей өткен кедей тек
сол дәуірге ғана емес, бүгінгі заманға да
өзіндік дәрісін ұқтырды:
«Өмірдегі
әр
бөгет
тіршілігімізді
жеңілдету үшін жіберілетін мүмкіндік».
ӨМІРЛІК БӨГЕТТЕРДІҢ
БІР СЫРЫ
КЕЛІН