Оқу мақсаты:
Сабақтың тақырыбы:
Жарықтың түзу сызықты таралу заңы.
Жарық дегеніміз не?
Жарықтыӊ вакуумдағы таралу жылдамдығы
300000 км/с. Санамызға тәуелсіз өмір сүреді.
Жарық - бұл жиілігі 7,5·1014 Гц – 4·1014 Гц (толқын ұзындығы ≈400 нм - ≈760 нм) интервалдағы адамда көру сезімін пайда ететін электромагниттік толқындар (көрінетін жарық)
Жарықтың әсері
Қоршаған дүниені көреміз;
Фотосинтез процесі жүреді;
Тұмысты,медицинада, әскери техникада қолданылады;
Хлорофилл түзіледі;
Жарық сезгеш рецептрлер тітіркенеді;
Химиялық реакция тудырады;
Сәулелену;
Оптикалық аспаптарды жасауға мүмкіндік береді
Жарық көздеріне мысалдар:
Табиғи жарық көздері: Күн, жұлдыздар, найзағай, өзінен
жарық шығарушы жәндіктер т.б.
Жасанды жарық көздері екіге бөлінеді:
жылулық және люминесценцияланатын
(салқын жарық көздері).
Жылулық жарық көздері:
Люминесценцияланатын жарық көздері
Жарықтың таралуы. (Топпен жұмыс) Жарық сәулесі – жарық энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық. Жарық сәулесі толқын шебіне перпендикуляр жүргізілген және толқын ұйытқуының таралу бағытын көрсетеді. Нүктелік жарық көздері (физикалық модель) – қарастырылып жатырған жағдайда өлшемдері еленбейтіндей жарық көздері. Жарықтың түзусызықты таралу заңы: жарық біртекті мөлдір ортада түзу сызық бойымен таралады (көленкенің пайда болуы). Жарықтың түзу сызықты таралу заӊын Евклид (б.э.д 325-265 ж.) тапқан.
Көлеӊкеніӊ пайда болуы жарықтыӊ түзу сызықты таралуыныӊ дәлелі болып табылды
Жарық шоқтарының тәуелсіздік заңы: жарық шоқтары ортада бір-бірінен тәуелсіз таралады. Көлеӊке және жарты көлеӊке Көлеӊке – жарық сәулесі жетіп бармайтын аймақ. Егер нәрсеге нүктелік жарық көзінен шыққан жарықты бағыттасақ, онда экранда шекаралары анық болған көлеӊке пайда болады. Жартылай көлеӊкеніӊ пайда болуы Егер нәрсеге нүктелік емес жарық көзінен шыққан жарықты бағыттасақ, онда экранда көлеӊке және жарты көлеӊке пайда болады. Күнніӊ тұтылуы: Ай Күнмен Жердіӊ ортасында орналасқан кезінде Айдыӊ көлеӊкесініӊ Жерге түсу құбылысы. Айдыӊ тұтылуы: Ай Жердіӊ көлеӊкесінде қалу құбылысы. Рефлексия Рефлексия - нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |