Зертханалық құрылғының сипаттамасы:
Жарық көзі ретінде жартылай өткізгішті (GaAs) лазер қолданылады. Параллель жарық шоқтары МОЛ-1 немесе МОЛ-2 объектісін жарықтандырады. Ол объект жұқа шыны дискіден тұрады. Оның бетіне шеңбер бойымен радиусқа параллель арақашықтықтары әртүрлі саңылау жұптары салынған. Жарық саңылау жұптарын интерференциялап, экранға түседі. Сол кезде экраннан интерференциялық суреттің периоды () өлшенеді. Суретте зертханалық қондырғының сыртқы түрі көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |