БЕССЕЛЬ ӘДІСІ
Жинағыш линзаның бір жағына жарық көзін, ал екінші жағына нақты кескінді алу үшін экранды орналастырамыз. Жарық көзі мен экранның L қашықтығын анықтаймыз. Егер арақашықтық үлкен болса, линза арқылы экранда нәрсенің үлкейтілген және кішірейтілген екі анық кескінін алуға болады (6-сурет).
6-сурет. Бессель әдісімен кескін алу.
Бұл күйлерді (1а) теңдеуден және (2) шарттан табамыз:
(1а)
(2)
(2) формулада линзаның бас жазықтықтарының арақашықтығын L-мен салыстырғанда ескермеуге болады. s′ қашықтықты (2) шарттан және L арқылы өрнектеп, оны (1а) формулаға қойсақ, квадраттық теңдеу аламыз:
(3)
Егер бұл теңдеудің дискриминанты нольден үлкен болса,
(4)
онда s қашықтығының екі мәнін аламыз:
Достарыңызбен бөлісу: |