10 – дәріс.
тақырыбы: Магнит өрісі.
Дәрістің мазмұны:
1. Магнит өрісінің заңдары
2. Зарядталған бөлшектердің магнит өрісінде қозғалысы
Мақсат: Магнит өрісінің негізгі заңдарын меңгеру.
Тірек сөздер: ток, магнит өрісі, магнит өрісінің кернеулігі, магнит өрісінің индукциясы, магнит өтімділік
Негізгі сұрақтары және мазмұны:
Магнит өрісінің заңдары
Электр тогының маңында магнит өрісінің болатындығын Эрстед анықтаған болатын. Ампер токтардың әсерлесу заңын тапты. Магнит өрісінің сипаттамалары: - магнит өрісінің кернеулігі. – магнит индукция векторы. Осы шамаларды әр жеке жағдайда Био-Савар – Лаплас заңының көмегімен анықтайды.
Магнит өрісінің негізгі қасиеттері екеу:
1. Кернеулік векторының тұйық контур бойымен циркуляциясы осы контурды тесіп өтетін токтардың алгебралық қосындысына тең.
Бұл қасиет толық ток заңы деп аталады. Ол магнит өрісінің құйынды сипатын білдіреді.
2. Екіншісі: тұйық бет арқылы индукция векторының ағыны нольге тең . Магнит өрісінің күш сызықтарының өзіне- өзі тұйықталатындығын білдіреді.
Магнит өрісінің токтарға күштік әсері Ампер заңымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |