Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


 Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерін оқыту



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет97/145
Дата26.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#37639
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   145
Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі

2.6 Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерін оқыту
Сөйлем   ішіне   қойылатын   тыныс   белгілеріді   дұрыс   қою   оқушылар   үшін
қиындық тудыртып жатады. Оны қою үшін дауыс ырғағы жеткіліксіз, себебі бір
сөйлемнің өзін әркім әр түрлі оқиды, ендеше дауыс ырғағы барлық уақытта сөйлем
ішіне   қойылатын   тыныс   белгілерінің   көрсеткіші   бола   алмайды.   Мұнда
грамматикадан   білім   қажет   екендігі   көрінеді,   себебі   оқушы   бастауыш   пен
баяндауыштың қай сөз табынан жасалып, қандай сұраққа жауап беріп тұрғанын
білмей тұрып сызықша қоя алмайды, сол сияқты сөйлем мүшелерін білмесе, оның
бірыңғай   екенін   танымайды.   Осындай   қиындықтарды   ескере   отырып,   сабақ
алдымен сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері туралы түсініктен басталады. 
Сөйлем ішіне койылатын тыныс белгілері: үтір (, ), сызықша (–), нүктелі
үтір   (;),   қос   нүкте   (:),   тырнақша   ("").   Бұл   тыныс   белгілерді   үйретуде
осылардың   бәрін   қамтитын   мәтін   арқылы   көрсетіліп,   олардың   қызметін,
мағынасын, қойылу себебін сұрақ-жауап арқылы түсіндіруге болады. Мысалы,
оқулықтағы   "Естелік"   үзіндісін   оқытып,   осындағы   сөйлем   ішіне   койылған
тыныс белгілеріне оқушы назары аударылады. 
... – Мен мұны неге айтып келемін, – деді Әбутәліп Едігенің күдігіне
жауап   қатқандай.   –   Сәбилерге   үлкендер   ұдайы-ақ   ақылды,   беделді   болып
көрінеді. Өсе келе қараса, сол кешегі ұстаздары, яғни біздер, соншама ақылды
да, білімді де емес екен. Уақыт дөңгелегі зырылдап, зымырай түседі. Ал бірақ
та біз өзіміз туралы соңғы сөзімізді өзіміз айтып кетуіміз керек-ті. Біздің
бабаларымыз   өздері   туралы   сөзді   ертегі,   аңыздар   айтып   қалдыруға
тырысқан   ғой.   Өздерінің   қаншалықты   ұлы   болғанын   кейінгі   ұрпақтарға
дәлелдегісі   келген.   Енді  біз   оларды  сол  рухынан   танимыз.  Міне,   мен  де   өз
жеткіншектерім   үшін   қолдан   келгенше   өз   білгенімді   жазып
қалдырмақшымын. Менінң әңгімем–менің соғыста көргендерім. Балақайларға
128


арнап   партизан   дәптерін   жазып   жүрмін.   Еш   қоспасыз,   көрген-білгенімді
ғана жазамын. Балалар өскенде бір қажетіне жарар. Бұдан басқа тағы бір
ойларым да бар. Енді бұл балалар осы Сарыөзекте өседі ғой. Өсе келе, "Е, біз
тап-тақыр жерде өсіппіз ғой" деп ойламасын. Сондықтан осы елдің өлең-
әндерін жазып алып жүрмін, кейін оларды күндіз қолыңа шырақ алып жүріп
іздесең   де,   таппайсың.   Менің   пайым-дауымша,   ән   деген   –   өткен   заман
хабаршысы. Сенің Үкібалаң көп ән біледі екен ғой өзі! Тағы басқаларын еске
түскенде айтып беремін деді. 

Енді қалай деп едің! Аралдың кызы ғой ол! – деп Едіге бірден
қоқилана   қалды.   –   Теңіз   жағасындагы   Арал   қазақтары.   Теңізде   ән   салу
рақат   қой,   шіркін!   Теңіз   бәрін   де   түсінеді.   Шын   жүректен   шыққан   сөз
теңізбен үндес, сарындас келеді. Сенің айтқаның рас. Жуырда жазып алған
әндерді   Зәрипа   екеуміз   қайтадан   қарап   шығып,   көзімізге   жас   алғанша
тебірендік.   Шіркін,   бұрынғының   әндері-ай!   Неткен   ғажап!   Әрбір   ән   –
тұтас тарих. Әнді тыңдап отырып, сол әнді шығарған адамдарды көріп
отырғандай боласың. Соларша қайғырып, соларша сүйе білер ме еді, шіркін!
Әне,   өздеріне   шын   ескерткіш   орнатқан   –   сол   бұрынғылар   ғой.    (Ш.
Айтматов. )
Мәтіннен   алдымен   үтір   қойылатын   орындар   табылады,   олардың
бірнешеу екені талданады:
1)
үтір бірыңғай мүшелердің арасына қойылады;
2)
үтір қаратпа сөздерге байланысты қойылады;
3)
үтір–оңашаланған айқындауышты ерекшелеуші таңба;
4)
үтір – айтушының көзқарасын білдіруші таңба;
5)
үтір одағайларды ерекшелеуші ретінде де койылады;
6)
сызықша – бастауыш пен баяндауышты ажырататын белгі;
7)
бірыңғай мүшеге байланысты қос нүкте мен сызықша да сөйлем
ішіне қойылатын белгі қатарына жатады. 
Осындай   талдау   нәтижесінде   оқушылардың   қабілетін   жетілдіруге
болады,   ойлана   отырып,   өткенді   еске   түсіру   арқылы   өздерінің   тіл
ғылымының морфология, синтаксис салаларынан білімдерін жинақтайды әрі
сөйлем ішіне қойылатын белгілердің сөйлем соңына қойылатын белгілерге
қарағанда   күрделі   екенін   байқайды.   Сөйлем   ішінде   тыныс   белгісін   қажет
ететін   лингвистикалық   мәселелер:   бастауыш   пен   баяндауыш;   сөйлем
мүшелерінің   сан   жағынан   екі,   одан   да   көп   болып   қолданылуы;   сөйлемде
белгілі ой бөлігінің ерекше дәлелденіп, нақтыланып тұруы; айтушының өз
көзқарасы. Бірінші сабақта бұларды топтап айтудан қандай пайда болатыны
жоғарыда айтылды. Және де оқушы тыныс белгісін қою не қоймау туралы
ойланған кезде аталған белгілердің, мағыналық бөліктердің қайсысы екенін
ажыратуға   тырысады,   сол   бойынша   қандай   тыныс   белгісі   керек   екенін
таңдайды. 
Оқулықтағы   жаттығуларды   орындатып,   жалпы   тілдік   материалдарды
еске түсіріп  алған соң, енді тыныс белгілеріне жеке тоқталамыз. 
Үтір.  
Үтір қойылатын орындарды жеке-жеке өтуге сағат саны аздық
етеді,   сондықтан   бірыңғай   мүше   мен   оңашаланған   айқындауышқа
129


байланысты қойылатын үтір тақырыбын бірге өтуге болады, себебі оқушы
бірыңғай мүше мен айқындауышты ажырата білуге тиіс. 

жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   145




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау