9) осы Заңның
19-бабының 1-тармағында
көзделген сақтандыру төлемдерiн уақтылы жүзеге асырмаған кезде пайда алушыға
аннуитет төлемi бойынша əрбір мерзiмi өткен күн үшiн төленбеген соманың 1,5 процентi мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге мiндеттi.
Аннуитет сыныбы бойынша «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар
сақтандырушы қызметкердiң немесе осы Заңда көзделген жағдайларда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды
өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкердi жазатайым оқиғадан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру
сомасы шегiнде аннуитет шартын жасасуға мiндеттi.
3. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
10-бап. Пайда алушының құқықтары
Пайда алушының:
1) осы Заңда жəне қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген тəртiппен жəне
талаптармен сақтандыру төлемдерiн алуға;
2) сақтанушы мен сақтандырушыдан қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру талаптары туралы ақпаратты
тегiн алуға;
3) сақтандыру жағдайын тексеру мəселелерi жөніндегі шешiмге уəкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға;
4) уəкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне медициналық-əлеуметтiк сараптама мəселелерi бойынша жүгiнуге;
5) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР
Заңымен
6) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
6) сақтандыру жағдайын тексеруге қатысуға, оның iшiнде қызметкерлер өкiлдерiнiң не өзi сенім бiлдiрген адамның
қатысуымен қатысуға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР
Заңымен
7) тармақшамен толықтырылды
7) қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мəселелерді реттеу үшін осы Заңның
24-
1-бабында
көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР
Заңымен
8) тармақшамен толықтырылды
8) өтінішті жəне қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде
оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге құқығы бар.
11-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты
1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексiне
сəйкес еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуi мүмкiн
қызметкердiң пайдасына сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР
Заңымен
2-тармақ жаңа редакцияда (ресми
жарияланғаннан
кейiн алты ай өткен соң қолданысқа
енгiзiлдi) (
бұр.ред.қара
)
2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты аннуитеттiк сақтандыру сыныбы жəне мiндеттi
сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана
жасалуға тиiс.
2007.07.05.
№ 244-III
ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.
ред
.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР
Заңымен
3-тармақ жаңа
редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (
бұр.ред.қара
)
3. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады.
Сақтанушының өтiнiшi қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.
Сақтанушының осы Заңның
8-бабы 2-тармағының 1-2) тармақшасына
сəйкес электронды түрде берген өтінішінде:
1) еңбекақының жылдық қорының болжанатын мөлшері жəне жұмыскерлердің жалпы саны;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған экономикалық қызмет түрлерін кəсіптік тəуекел сыныптарына жатқызу
тəртібіне сəйкес экономикалық қызмет түрі мен кəсіптік тəуекел сыныбы қамтылуға тиіс.
Электрондық өтініш беру жолымен жасалған қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартына сақтанушы
мен сақтандырушының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қойылады.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына
алып келеді.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық еместiгi үшiн
жауапкершiлiктi сақтандырушы өз мойнына алады. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша
оның жекелеген талаптарының толық еместiгi салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi.
2007.07.05.
№ 244-III
ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.
ред
.қара)
4. Сақтандыру шарты жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң
телнұсқасын беруге мiндеттi.
Сақтандыру шартының телнұсқасын ресімдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы өтейдi, бұл ретте өтелетiн шығыстардың
жалпы сомасы өтiнiш берген күнгi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының
заңымен белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.
5. Егер қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының немесе пайда алушының жағдайын
осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандырушы сақтандыру жағдайы
басталған кезде сақтанушы мен пайда алушының алдындағы мiндеттеменi осы Заңда белгiленген талаптар бойынша өз мойнына
алады.
6. қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты:
1) сақтандырушының атауын, орналасқан жерiн жəне банктiк реквизиттерiн;
2) сақтанушының (егер ол жеке тұлға болса) фамилиясын, атын, əкесiнiң атын (ол болған кезде) жəне тұрғылықты жерiн
5
Источник: Информационная система "ПАРАГРАФ"
Документ: 2005 Ж. 7 АҚПАНДАҒЫ № 30-III ҚР ЗАҢЫ
Статус: Действующий 28.10.2019 11:05:46