Қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет24/46
Дата04.02.2020
өлшемі1,13 Mb.
#28117
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46

 
 
77 
сараптық-техникалық комиссияның қорытындылары бар материалдар хаттамада 
ресімделеді.  
2.4  Комиссия зардап шеккен адамдардан, куәлерден және лауазымды тұлғалардан 
апаттар мен жазатайым оқиғалардың мән-жайлары мен себептерін айқындау үшін қажетті 
жауаптарды алуға және жазбаша түсініктемелерді талап етуге құқылы.    
2.5  Техникалық  тергеу  міндеті  –  апаттар  мен  жазатайым  оқиғаның  себептерін 
айқындау.  Бұл  үшін  жазатайым  оқиғаның  сипаты  мен  салдары  орнатылуы  тиіс,  оның 
алдында болған жағдай анықталуы тиіс.  
Апат орнын қарау кезінде:  
1)  оқиғаға дейін жағдайдың барлық өзгерістерін тіркеу қажет; 
2)  газ  аппаратурасы  мен  жабдығының  түрін,  үлгісін,  маркасын,  олардың 
орналасуын және техникалық жай-күйін орнату қажет; 
3)  түтіндіктің  және  желдету  арналарының  жай-күйін  және  олардың  орнатылған 
газ аспаптарына сәйкестігін бағалау керек; 
4)  апат  не  жазатайым  оқиға  болған  кезде  орындалған  жұмыстар  мен 
операциялардың,  сондай-ақ  зардап  шеккен  адамдардың  әрекеттерінің,  нормативтік  және 
пайдалану құжаттамасының талаптарын бұзудың түрлерін анықтау керек.  
Тергеу кезінде: 
- апаттың және жазатайым оқиғаның техникалық әрі ұйымдастырушылық себептері; 
- газдандыруға жобаны кім және қашан әзірлегені және оның МСН талаптарына 
сәйкестігі; 
- газ жабдығының орындалған монтажының сапасы, атқарушылық-техникалық 
құжаттаманы ресімдеу толықтығы мен дұрыстығы; 
- газ аспаптары мен аппараттарының, түтіндіктер мен желдету арналарының техникалық 
жай-күйі туралы мәліметтер орнатылады.  
Сонымен бір уақытта газ шаруашылығының кәсіпорнында апат немесе жазатайым оқиға 
болған объектіден газ жабдығының ақаулықтары туралы өтінімдердің болуы және оларды 
жою бойынша қандай шаралар қабылданғаны тексеріледі. Мүмкіндігінше апаттық 
жағдайдың пайда болуының ұсынылатын себептерінің негізділігі іс жүзінде тексеріледі. 
Қажет болған жағдайда бақылау сынақтар, техникалық есептер және зертханалық 
зерттеулер жүргізіледі. Сондай-ақ комиссия: 
1)  зардап шеккен адамдардың әрекеттерін; 
2)  көзбен көрген адамдардың айғақтарын; 
3)  қауіпсіздік  ережелерінің  қандай  талаптары  бұзылғаны,  ережелерді,  нормалар 
мен нұсқаулықтарды бұзуға ықпал еткен шарттар; 
4)  болған  жағдайдың  мән-жайлары  мен  себептерін  сипаттайтын  тәртіп 
бұзушылықтардың заттай дәлелдемелері; 
5)  нормативтік 
құжаттардан 
жазатайым 
оқиғаға 
әкеп 
соққан 
нақты 
ауытқушылықтардың  мәні  және  жіберілген  бұзушылықтар  үшін  жауапты  лауазымды 
тұлғаны анықтайды.  
2.6  Комиссия күнтізбелік он күннен кешіктірмей қоса берілетін 26-нысан бойынша 
техникалық  тергеу  актісін  жасауға  міндетті.  Комиссияның  барлық  мүшелері  актіге  қол 
қояды.  
2.7  Техникалық тергеу актісіне: 
1)  апаттың не жазатайым оқиғаның себептерін тергеу үшін комиссия құру туралы 
өкім; 
2)  апат  не  жазатайым  оқиға  орнын  тексеру  хаттамасы,  оған  комиссияның 
мүшелері қол қояды; 
3)  газ жабдығын көрсете отырып жазатайым оқиға орнының нобайын жасау, оған 
комиссия мүшелері және оны жасаған адам қол қояды; 


 
 
78 
4)  куәлердің  және  газ  шаруашылығы  кәсіпорны  қызметкерлерінің,  тұрғын  үй 
пайдалану  ұйымы  қызметкерлерінің  және  түтіндіктерді,  желдету  арналарын  тексеру 
бойынша  жұмыстарды  орындаған  адамдардың  жазбаша  түсініктемелері  мен  жауап  алу 
хаттамалары; 
5)  пәтер  иелерінің  газ  жабдығын  пайдалану  ережелері  бойынша  нұсқау  беруден 
өтуі туралы абоненттің карточкасынан үзінді; 
6)  нұсқау  беруден  өтуді  және  түтіндіктерді  өздері  тексерген  үй  иелерінің 
тіркелуін растайтын құжаттар;  
7)  желдету  арналарында  түтіндіктерді  тексеру  және  тазарту  журналынан  үзінді 
немесе газ жабдығына техникалық қызмет көрсету жүргізу туралы анықтамалар, тексеру 
актілері,  газ  құбырларына,  тұрмыстық  газ  аспаптары  мен  аппараттарына  техникалық 
қызмет  көрсету  мен  жөндеуді  жүргізу  кезеңділігі  мен  тәртібін  реттейтін  құжаттың 
көшірмесі; 
8)  зардап шеккен адамдардың зақымдану сипаты және олардың ауырлық дәрежесі 
туралы медициналық қорытынды немесе қайтыс болу себептері туралы сот-медициналық 
сараптаманың қорытындысы; 
9)  апатпен  келтірілген  материалдық  шығын  немесе  басқа  да  шығыстар  мөлшері 
туралы анықтама; 
10)  оқиға  орнының  фотосуреттері  (комиссия  шешімі  бойынша),  салдарды  жою 
және орындаушыларды көрсете отырып ұқсас жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар 
тізілімі; 
11)  сарапшылар  комиссияның  қорытындысы,  зертханалық  және  басқа  да 
зерттеулердің нәтижелері, жазатайым оқиғаның сипаты мен ерекшеліктеріне байланысты 
сараптамалар мен талдаулардың деректері қоса беріледі.  
2.8  Техникалық  тергеу  нәтижелері  бойынша  апат  немесе  жазатайым  оқиға 
себептері туралы қорытынды жасалады, олардың салдарын жою және болашақта осындай 
жағдайларды  болдырмау  бойынша  шаралар  әзірленеді,  оларды  жүзеге  асыру  үшін 
ұйымдар (кәсіпорындар) және лауазымды тұлғалар, мерзімдер айқындалады.  
2.9  Тергеу  материалдары  апат  және  жазатайым  оқиға  орны  бойынша  жергілікті 
атқарушы  органға,  мемлекеттік  қадағалау  органына,  прокуратураға  және  техникалық 
тергеу  материалдарына  қоса  берілетін,  іс-шаралардың  орындалуы  үшін  бақылау 
жүктелетін ұйымдарға жіберіледі.  
 

Тіркеу және есепке алу тәртібі 
 
3.1  Осы  Нұсқаулықтың  1.2.-тармағында  тізбектелген  апаттар  мен  жазатайым 
оқиғалар  газ  шаруашылығы  кәсіпорнында  және  мемлекеттік  қадағалау  органдарында 
апаттар мен жазатайым оқиғаларды тіркеу журналында тіркелуі тиіс (17-нысан).  
3.2  Есепке алынбайды:  
1)  психикалық,  алкогольдік  немесе  есірткі  мас  күйіндегі  адамдармен  болған 
жазатайым оқиғалар; 
2)  қасақана  қауіпті  іс-әрекеттер  үшін  газ  бен  газ  аспаптарын  қолданған 
абоненттердің кінәсі бойынша орын алған апаттар не жазатайым оқиғалар.   
3.3  Іске  қосу-ретке  келтіру  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  орын  алған  апаттар  мен 
жазатайым оқиғаларды мемлекеттік қадағалау органдары есептемейді.  


жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау