Дін тек мойынсҧнуды тҥсінген адамдар тарапынан танытылады
Ақиқаттың жүректерден орын алуы үшін әрбір мүмін ӛзін жауапты сезінуі
керек. Ӛйткені, аят пен хадистерде осы жағдай кӛп бұйырылады. Пайғамбарымыздың
кӛрсеткен кӛкжиегі бүкіл адамзат баласына ақиқат діннің жеткізілуі болып табылады.
Бүкіл адамзат баласына діннің әсемдіктерінің түсіндірілуі бір адамның емес,
тұтас бір қоғамның жасайтын ісі. Олай болса осы қоғамның кейбір ерекшеліктері
болуы тиіс. Осы ерекшеліктерінің ең маңыздыларының бірі - мойынсұну.
Иә, міндет Аллаһты түсіндіру болса және міндетті алушы да, беруші де тек
Аллаһ ризалығы үшін әрекет етсе, әрине қуана-қуана мойынсұнуы керек және міндетін
атқаруы керек. Осы қасиетті міндетте барша мұсылмандарға ең жақсы үлгі сахабалар
болған. Сахабалар пайғамбарымызға неліктен мойынсұнды, қысқаша түсіндіруге
тырысайық:
1.
Пайғамбарымыздың адам ретінде олардан айырмашылығы болмағанына
қарамастан қызметіне байланысты жер бетінде Аллаһтың ӛкілі болғандықтан
және Аллаһ үшін міндет тапсыратындықтан барлық сахабалар тапсырылған
міндетті құштарлықпен атқаратын.
Пайғамбарымыз және одан кейін келген халифалар ешқашан ӛздері үшін
ешқандай нәрсе сұрамағандықтан адамдар олардың Аллаһ үшін бір нәрселер
қалайтынын жақсы біледі және Аллаһ үшін жасалатын істердің ақыретте қайтарымын
кӛретінін білгендіктен міндеттерін құштарлықпен атқаратын.
2. Билеушісіз мемлекет, әкімсіз аймақ, қолбасшысыз әскер болмайды. Иә, белгілі
мақсаттар үшін топтасқан түрде әрекет етілетін барлық істерде міндетті түрде бір
тапсырма беруші болуы керек. Бұл кейде пайғамбар, кейде пайғамбар атынан міндет
тапсыратын оның мұрагерлері болуы мүмкін. Бірақ, әркім ӛз бетінше әрекет жасап,
мүшелері бағынбай әрекет жасаған қоғам жетістікке жете алмаған. Бағынбайтын
әскерлердің кесірінен жеңіліске ұшыраған әскерлер ӛте кӛп. Осылай болғандықтан
жеңіске жету үшін әркім ӛз міндетін атқаруы керек.
ХазіретМусаб Бин Умейр - Меккенің ең байларының бірінің баласы. Он тӛрт
жасында Аллаһ расулын мойындаған. Және Аллаһ расулы Исламның алғашқы мұғалімі
болатын сахабаны Мәдинаға жіберген кезде тек қана «Бар!» деген. Иә, он тӛрт жастағы
бала 500 км жолды жүріп, қауіпті болып саналатын Мәдинаға тек «Бар!» деген
бұйрықты алғандықтан барған.
Бір шабуылда Сасанид империясын құлатқан және Византияны қимылсыз
жағдайға жеткізген ХазіретХалид Бин Уәлид жеңіске қол жеткізген сәтінде
ХазіретОмар тарапынан қызметтен алынып, ӛз қарамағында болған ХазіретӘбу
Убайдадың қарамағына кірген. Иә, ол нәпсіні, менмендікті, атақты, даңқты қолының
сыртымен кері ысырып, толық бағынушылықпен Аллаһ расулының халифасының
сӛздерін бұйрық деп қабылдаған.
Иә, Меккеде басталып, дүниенің тӛрт бұрышына тараған Аллаһтың діні тек
мойынсұнуды түсінген адамдар тарапынан уағыздалуы мүмкін.
Қазіргі кезде Сібірден Қытайға, Австралиядан Тайландқа және тӛрткүл дүниеге
таралған ақиқат ғашықтарына тек «Бар!» деген бұйрық берілген. Иә «Бар!» Аллаһты
және расулын уағыздайтын болсаң «Бар!».
Осы мойынсұну түсінігі арқылы адамдар ӛз елін, отбасы, жолдасарын тастап
жолға шыққан. Аллаһқа мойынсұнған адам расулына да мойынсұнады. Расулына
мойынсұнған адам Аллаһ атынан сӛз сӛйлеген расулуллаһтың ӛкілдеріне
мойынсұнады. Аллаһ осындай сипаттағы адамдарға Аллаһ расулының сахабаларына
жасатқан істерін жасатады.
Достарыңызбен бөлісу: |